Как стать праведной женой



жүктеу 311.14 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі311.14 Kb.



Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


Салиқалы әйел - адал жар болудың жолы

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Абдуллаһ И. Э.

Аударманың редакторы: Кулиев Э.Р.

ДЕРЕККӨЗ:

WAYTOQURAN.NET


Қазақ тіліне орыс тілінен аударған

«Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы


Алғысөз
Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын. Біз Оны ғана мадақтаймыз, Одан ғана көмек пен кешірім сұрап жалбарынамыз, әрі бізді тура жолға салуын тілейміз. Біз сондай-ақ өзіміздің нәпсіміздің жамандықтары мен жаман амалдарымыздың кесірінен Аллаһтан пана сұрап жалбарынамыз Аллаһ тура жолға салған ықыласты жанды ешкім адастыра алмайды, ал Ол тастап қойған адамды ешкім тура жолға сала алмайды. Серігі жоқ бір ғана Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік береміз, әрі Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз. Оның өзіне, отбасы мүшелеріне, әрі барша сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Бұл кітапша Аллаһқа және Ақырет өмірде құтылуға үмітін артатын әрбір мұсылман әйелге жолдау болып табылады. Бұл кітапшада Қасиетті Құраннан және сахих Сүннеттен алынған, салиқалы әйелге тән болуы қажет сипаттар суреттелген. Әрбір мұсылман әйел осы сипаттарды бойына сіңдіріп, осы үгіт-насихаттарға сәйкес амал етуі керек. Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ және Оның Елшісі бір іске үкім берсе, мүмин ер және мүмин әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Оның Елшісіне мойынсұнбаса сонда, рас, ашық адасқан болады» («әл-Әхзаб» сүресі, 36-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің үмметім, бас тартқандарынан басқасы, түгелімен Жәннатқа кіреді», - деді. Адамдар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Ал кім бас тартуы мүмкін?», - деп сұрады. Ол: «Кім маған мойынсұнса, сол Жәннатқа кіреді, ал кім маған мойынсұнбаса, сол бас тартады», - деді. Әл-Бухари. Қз.: «Фатх әл-Бари», 13/249.

Біз Аллаһтан осы еңбекті оқып шыққан әрбір адамға пайдалы әрі Оның Дидарының алдында ықыласты етуін сұраймыз.
ЕР КІСІНІҢ ӘЙЕЛ КІСІНІҢ ҮСТІНЕН БАСШЫЛЫҒЫ

 

Ұлы әрі Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ еркектер (әйелдерін асырауға) мал-мүліктерінен жұсайтындығы үшін» («ән-Ниса» сүресі, 34-аят).

Хафиз Ибн Кәсир осы аяттың тәпсірінде былай деді: «Еркектің билеушілігі ол әйелдің қожайыны әрі басқарушысы болып табылатындығында әрі оның мінезі қисая бастағанда оны тәрбиелетінінде көрініс табады» (Қз.: «Тафсирул-Қуръанил-’Азым» 1/741.)

Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі сөздерімен расталады: «Егер мен Аллаһтан бөлек біреуге сәжде жасауды бұйыра алғанымда, онда әйелге өзінің күйеуінің алдында иілуді бұйырар едім. Мухаммадтың жаны қолында болған (Аллаһпен) ант етемін! Әйел адам күйеуінің алдындағы өз міндеттіліктерін түгел орындамайынша, өз Раббысының алдындағы өзінің міндеттерін орындамаған болады. Ол тіпті босанып жатса да, оған «жоқ» деп айтпауы тиіс». Қз.: «Сахихул-Жәми’» 5295.

Аллаһ Тағала былай деді: «Салиқалы әйелдер – (Аллаһқа және өз ерлеріне) бойсұнушылар, Аллаһ қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар» («ән-Ниса» сүресі, 34-аят).

Шейхул-Ислам Ибн Таймия (Аллаһ оны рахым етсін) осы аятты келесідей тәпсірледі: «Салиқалы әйел деп әрқашан өзінің күйеуіне бағынатын әйел есептеледі. Әйел үшін Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдындағы міндеттерін орындағаннан кейін күйеуінің алдындағы өз міндеттерін орындаудан асқан маңызды ештеңе жоқ» (Қз.: «Мәжму’ул-фатауа» 32/275).

Қазіргі заман әйелдері осы үгіт-насихаттарға назар аударулары қажет. (Әсіресе,) бұл рұқсат етілгеннің шегінен шығатын, өздерін еркектер сияқты ұстайтын, әрі өз күйеулерін басқаруға тырысатын әйелдерге тіптен қатысты. Мұндай әйелдер өз білгендерін істейді. Олар қалай болса солай тұрмыс кешеді, әрі өздерін әйелдердің құқықтары мен еркіндіктері үшін күресушілерміз деп есептейді. Алайда шындығында олар тура жолдан тайған әйелдер болып табылады, және Ақырет өмірінен бұрын осы дүниелік өмірді артық көреді.

Әпке-қарындасымыз! Абай болғайсыз және ақиқат жолынан таймаңыз. Осындай әйелдердің соңына ілесе көрмеңіз, себебі сізді қорқыныштылық-үрейінен тіпті балалардың шашы ағарып кететін Қиямет Күні күтіп тұр.

Аллаһ Тағала еркектер мен әйелдерге тума бітті сипаттар берген, (сол сипаттар) еркектерге әйелдердің үстінен белгілі бір басшылықты қамтамасыз етеді.
САЛИҚАЛЫ ӘЙЕЛ ДҮНИЕ ИГІЛІКТЕРІНЕН АРТЫҚ
Муслимнің сахих хадистер жинағында Абдуллаһ ибн Амрдан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһты игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқандығы жеткізіледі: «Дүние игіліктері – уақытша (ғана) ләззат, ал олардың ішіндегі ең жақсысы салиқалы әйел болып табылады». Муслим.

Сондай-ақ Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шүкір етуші жүрек, Аллаһты зікір ететін тіл әрі саған өмірде де, дінде де көмектесетін салиқалы әйел адамдардың жинап жүрген нәрселерінен жақсырақ», - деп айтқан. Әл-Бәйһақи «Шуабул-Иманда», қ-з.: «Сахихул-Жәми’», 4409.

Әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарында сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқандығын баяндағаны жеткізіледі: «Әйелге төрт нәрсе үшін үйленеді: оның байлығы үшін, оның шыққан тегі үшін, оның сұлулығы үшін және оның діні үшін. Дін ұстанатынына қол жеткіз, әйтпесе ұтылып қаласың!»

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтқаны жеткізіледі: «Игілік-сәттілік төрт нәрседе қамтылған: салиқалы әйел, кең баспана, салиқалы көрші және ыңғайлы көлік құралы. Сорлылық-сәтсіздік те төрт нәрседе қамтылған: жаман әйел, жаман көрші, жаман көлік құралы және тар үй». Әл-Хаким. Қз.: «Сахихул-Жәми’» 887.

Сүннет салиқалы жар таңдаудың маңыздығын айқындай түсетін осы сияқты хабарларға лық толы. Бұл сондай-ақ мұсылман әйелдің Аллаһ разы болған адамдардың қатарынан болуы үшін асыл қасиеттерге ие болуы керектігін де білдіреді.

Уа, мұсылман әпке-қарындасымыз! Міне, (сіздің қолыңызда) Аллаһтың Кітабында әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде, сондай-ақ біздің салиқалы алғашқы ұрпақтарымыздың айтқан сөздерінде аталып кеткен күйінде бізге жеткізілген жақсы әйелдің сипаттары. Осыны оқып әрі осы сипаттарды өз (бойыңызға) сіңдіріп-тәрбиелей білгейсіз. Өйткені Аллаһ Тағала Өзінің ықыласты құлдарына олардың талпыныстарына жетулеріне көмектеседі, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Білім тек оқып-зерттеумен ғана алынады, ал ақыл-естілікке сабырлық арқылы ғана қол жеткізіледі. Әлденені алуға тырысушы адам соған қол жеткізеді». Әд-Дарақутни, хасан (жақсы) хадис. Қз.: «Сахихул-Жәми’», 2328.
САЛИҚАЛЫ ӘЙЕЛДІҢ СИПАТТАРЫ
«Ал енді жақсы әйелдер бойсұнушылар, Аллаһ қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар» («ән-Ниса» сүресі, 34-аят).

Ибн Кәсир осы аяттың түсіндірмесінде былай деді: «Ибн Аббас пен көптеген тәпсіршілер бұл жерде күйеулеріне мойынсұнғыш әйелдер туралы сөз болып тұр деп есептеген. Имам әс-Судди әрі басқа тәпсіршілер күйеулері жоқ кездерде олардың ар-намысы мен дүние-мүлкін қорғайтын әйелдер туралы сөз болып тұр деп есептеген» (Қз.: «Тафсирул-Кур’анил-’Азым» 1/743).

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: Егер әйел бес уақыт намазын орындаса, Рамазан (айында) ораза ұстаса, ар-ұятын сақтаса және өзінің күйеуін тыңдайтын болса, онда оған: «Жәннатқа қалаған қақпаң арқылы кіре бер!», - деп айтылатын болады” (Ибн Хиббан. Қз.: «Сахихул-Жәми’» 660).

Сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһты игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: Сендердің әйелдерің, егер олар сүйгіш, бала тапқыш болып табылса, әрі өз күйеулеріне күтіммен қараса, Жәннат тұрғындары қатарынан болады. Ал егер осындай әйел өзінің күйеуін ашуландырып қойса, оның қолына өзінің қолын қойып: «Сіз маған разы болмайыңызша мен көз қақпаймын», - деп айтады” (Ибн Асакир, қз.: «әс-Силсилә әс-Сахиха» 287).

Имам Ахмадтың және ән-Нәсаидің хадистер жинағында Абу Хурайрадан (адамдардың) Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай әйел ең жақсы болып табылады?» - деп сұрағаны туралы хабарланады. Ол: «Күйеуі оған қарағанда, оны қуантатын, ол оған әлденені бұйырғанда бағынатын, әрі егер күйеуіне оның өзінен немесе (күйеуінің) дүниесін қалай жарататынынан бірдеңе ұнамаса, қарсы шықпайтыны (әйел)», - деп жауап берді. Қз.: «Сахих Сунан ән-Нәсаи» 3030.

Мұсылман әпке-қарындасымыз! Өзіңізде осы қасиеттер бар ма – тексеріп көргейсіз, әрі егер жоқ болса, Аллаһтың разылығына жету үшін оларға ие болуға тырысыңыз. Бұны өзіңіз үшін, өзіңіздің күйеуіңіз үшін әрі балаларыңыз үшін, екі дүниеде тыныш әрі бақытты өмір сүру үшін жасаңыз.

Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлдебір әйелден: «Сенің күйеуің бар ма?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Ол: «Ал ол сенен разы ма?», - деп сұрады. Ол: «Ол тек менің әлденені жасай алмайтыным үшін ашуланады», - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онымен мұқияттау болғайсың, себебі ол сен үшін – Тозақ және Жәннат», - деді. Ахмад 4/341. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.
Айтылғандардан салиқалы әйел мынандай болуы керек дегені келіп шығады:

1 Діндар болуы, яғни игі амалдар істеуі әрі Раббысының алдындағы өз міндеттерін орындауы;

2. Өз күйеуіне Ұлы әрі Қасиетті Аллаһ тыйым салмаған нәрседе бойсұнғыш болуы;

3. Өз ар-ұятын, әсіресе, күйеуінің жоқтығында сақтап-қорғауы;

4. Өзінің күйеуінің және өзінің балаларының дүние-мүлкіне құнтты болуы;

5. Күйеуі оны әрқашан тек әдемі, сәнденген әрі күлімдеген кейіпте көруіне ұмтылатын болуы;

6. Күйеуі оған ренжіген кездерде оның көңілін табуға тырысатын болуы, себебі күйеу әйеліне әрі Жәннат, әрі Тозақ болып табылады.

7. Күйеуі оны қалаған кезде, оған қарсы келмеуі.

Егер әйел осы міндеттемелерді орындайтын болса, онда оған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз аузымен Жәннат уәде етілген: “Егер әйел бес уақыт намаз орындап, Рамазан айында ораза ұстаса, ар-намысын сақтаса және өз күйеуін тыңдайтын болса, оған: «Жәннатқа қалаған қақпаң арқылы кіре бер!», - деп айтылады”.
САЛИҚАЛЫ ӘЙЕЛДІҢ МЫСАЛЫ




Әш-Ша’бидің сөздерінен Шурейхтың оған: «Я, Ша’би! Саған Тамим тайпасынан шыққан әйелге үйлену керек. Олар өте ақылды», - деп айтқаны жеткізіледі. Ол: «Ал олардың ақылы неден көрініс табады екен?», - деп сұрады. Шурейх: «Бірде мен күндіз жаназадан қайтып бара жаттым да, әрі олардың елді-мекендерінің қасынан өттім. Ол жерде мен есіктің бағанасында тұрған кемпірді кездестірдім. Оның қасында мен өз өмірімде көргенімдерінің арасындағы ең әдемі қыз тұрған болатын. Мен жақындап келіп, су сұрадым, дегенмен, менің мүлде (су) ішкім келген жоқ еді. «Не ішкің келеді?», - деді кемпір. Мен: «Бірдеңе», - дедім. Ол: «Әй, қыз, тездет! Оған сүт әкеліп бер! Меніңше, бұл еркек бұл жердікі емес», - деді. Мен: «Бұл қыз кім?», - деп сұрадым. Ол: «Бұл – Жәрирдің қызы Зәйнаб. Ол Ханзали тайпасынан», - деді. Мен: «Ол басы бос па, әлде бос емес пе?», - деп сұрадым. Кемпір: «Басы бос», - деп жауап берді. Сонда мен: «Оны маған тұрмысқа беріңізші», - дедім. Кемпір Тамим тайпасының диалектінде: «Егер сендер бір-бірлеріңе тура келсеңдер», - деді. Мен үйге демалуға келдім де, бірақ менен ұйқы қашып кетті. Түскі намазды орындап болған соң мен өзімнің құрметті бауырларым болған – Құран қарилары ‘Алқаманың, әл-Әсуадтың, әл-Мусайабтың және Муса ибн ‘Арфатаның қолынан жетектеп алдым да, олармен бірге қыздың көкесімен кездесуге жол тарттым. Ол мені қарсы алды да: «Уа, Абу Умайя! Сіз не қалап (келдіңіз)?», - деді. Мен: «Сіздің бауырыңыздың қызы – Зәйнабқа үйленгім келеді», - дедім. Ол: «Ол да сізге тұрмысқа шығудан бас тартпас еді», - деді. Ал сосын ол мені онымен үйлендірді. Ал енді сол кезде мен Тамим тайпасының әйелдерінің қатігездігін есіме түсіріп, істегенімнен өкінсем болар ма! Мен өз-өзіме: «Тамим тайпасының әйелдерімен не істемекпін? Одан да онымен ажырасамын», - дедім. Бірақ сосын мен: «Жоқ, одан да мен оны өзіме құшайын. Мүмкін, мен разы болатын шығармын. Ал егер олай болмаса, онда қалағанымдай істермін», - дедім.

Уа, Ша’би, әйелдердің оны маған жеткізгенде оған қалай насихат айтқандарын көргеніңде ғой! Сүннет бойынша, егер әйелі күйеуіне кіріп келсе, ол орнынан тұрып, екі рәкағат намаз орындап, сосын Аллаһтан өз әйелінде қандай жақсылық бар болса, соны беруін сұрауы, әрі Аллаһтан оның бойында қандай жамандық болса, содан сақтауын сұрауы қажет. Мен де намаз оқыдым да, оны сәлем берумен аяқтадым. Сол кезде мен оның менің артымда намаз оқып тұрғанын көрдім, әрі мен намаз оқып болғанымда, күңдер кіріп, менің киімімді алып, маған сарғыш жейде-көйлек кигізді . Үй іші босағанда, мен оған жақындап келдім де, оның беліне қолымды создым. Ол болса: «Тоқтай тұрыңыз, Абу Умайя! Тұрған жеріңізде тұра тұрыңыз», - деді. Сосын ол: «Мен мадақтайтын әрі көмек сұрап-тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Мухаммадқа және оның отбасына игілік болсын! Мен сізбен таныс емеспін әрі сіздің мінезіңізді білмеймін. Өзіңізге не ұнайтынын мен соны ұстануым үшін маған айтып беріңізші, және өзіңізге не ұнамайтынын мен одан қашқақтауым үшін (айтып беріңізші)», - деді. Сондай-ақ да ол: «Сіз өз жұртыңызда үйленген болғансыз, мен де күйеуде болғанмын. Бірақ Аллаһтың тағдыр еткені болды. Енді мен сіздікпін, әрі сол себепті Аллаһ сізге қалай бұйырса солай жасаңыз: жақсылықпен (жаныңызда) ұстап-қалдырыңыз, немесе бейбітшілікпен қоя беріңіз. Менің айтқым келгені осы болатын. Әрі мен Аллаһтан өзім үшін және сіз үшін кешірім сұраймын!», - деді.

Шурейх (сөзін) былай жалғастырды: Я, Шаби! Ол мені оған келесідей сөздер айтуыма итермеледі: «Мен мадақтайтын әрі көмек сұрайтын Аллаһқа мақтаулар болсын! Пайғамбарымызға және оның жанұясына сәлем мен игілік болсын! Сен керемет сөздер айттың. Егер сен осыларды ұстанатын болсаң, жақсы несібе аласың. Бірақ егер сен олардан тайып кетсең, бұл саған қарсы болады. Мен осындай нәрселерді жақсы көремін және осындайын ұнатпаймын. Енді біз біргеміз, сондықтан біздің арамызды бөліп-жарудың қажеті жоқ. Егер жақсылық көрсең, жай. Ал егер жамандық көрсең, жасырып қой». Сонда ол бірдеңе деді, бірақ мен бұны енді есіме алар емеспін. Тағы ол: «Сіз туысқандардың келуін қалай қабылдайсыз?», - деді. Мен: Қайынжұртым мені мазалай бастағанын ұнатпаймын”, - дедім. Ол: «Ал өз көршілеріңізден кімді үйіңізге кіргізгіңіз келеді? Мен оларды кіргізетін боламын. Ал сіз кімді ұнатпасаңыз, мен де оны жақсы көрмейтін боламын», - деп сұрады. Мен: «Анау отбасы – адал, ал анау – нашар», - дедім. Я, Ша’би! Сол түні мен бақытты болып ұйықтадым. Осыдан кейін ол менімен бір жыл тұрды, әрі мен одан жаман ештеңе көрген жоқпын. Келесі жылдың басында мен шариғат сотының жиналысынан үйге оралған кезімде үйімізде басшылық жасап жүрген кемпірді көрдім. Мен: «Бұл кім?», - деп сұрадым. Маған: «Бұл – сіздің қайын енеңіз», - деді. Сол сәтте мен сезінгенімнің барлығын ұмытып қалдым. Сосын мен кемпірге бетпе-бет отырдым. Ол: «Әссәламу ’аләйка, уа, Абу Умайя!», - деді. Мен: «Уа ’әләйки-әссәлам! Сіз кім боласыз?», - деп жауап бердім. Ол: «Мен саған қайын енең болып келемін», - деді. Мен: «Аллаһ сізді тағы жақынырақ жақындатсын!», - дедім. Ол: «Қалай саған әйелің?», - деп сұрады. Мен: «Керемет әйел!», - деп жауап бердім. Ол: «О, Абу Умайя! Әйел екі себеппен болса, жаман болмайды: егер ол ұл туса, немесе өзінің күйеуінің сенім-көңілінен шықса. Егер сенің бойыңды күдік жайласа, қолыңа қамшы ал. Аллаһтың атымен ант етемін! Еркектің үйінде ерке әйелден жаман еш нәрсе жоқ», - деді. Мен: «Аллаһтың атымен ант етемін! Сіз оған жақсы тәрбие бергенсіз», - дедім. Ол: «Сен өзіңе қайын енеңнің келіп тұрғанына қалай қарайсың?», - деп сұрады. Мен: «Қалаған кезіңізде (келе беріңіз)», - деп жауап бердім. Ол маған әр жылдың басында келіп тұратын әрі жақсы кеңестер беретін. Мен өзімнің әйеліммен бірге жиырма жыл оны ештеңе үшін ұрыспастан тұрдым. Әрі тек бір рет қана оны ұрысқанмын, оның өзінде де өзім әділетсіздік жасап қана. Іс былай болды: біз екі рәкағат нәпіл намаз орындап болғасын, азаншы намаздың басталғаны туралы жариялады. Сонда мен тұтас қалашықтың имамы едім. Кенеттен, мен сары шаянның жыбырлап келіп қалғанын байқадым да, ыдыс алып, оны жауып қойдым, сосын: «Зәйнаб! Мен келгенімше, қозғалма», - дедім. Ша’би, егер сен көргеніңде ғой! Мен намаздан оралғанымда, сары шаян оны шағып үлгергеніне тап болдым. Мен барлығы тынышталуын сұрадым да, маған тұз әкелуін бұйырдым. Мен оның саусағынан бір-екі шертіп қойып1, сосын «әл-Фатиха», «әл-Фәләқ» және «ән-Нас» сүрелерін оқи бастадым». Қз.: «Табаи’ ән-Ниса» 44-46.
КҮЙЕУМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ САҚТАНУҒА ТИІСТІ ЖАҒДАЙЛАР
1. Күйеудің ашуын туғызу

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш адамның намазы құлақтарынан жоғары көтерілмейді: қашып кеткен (басыбайлы) құлдың, ол қайтып оралмайынша; күйеуі оған ашулан бола тұра ұйықтайтын әйелдің; әрі халқы оған наразы болған билеушінің», - деді (әт-Тирмизи, қз.: «Сахих Сунан әт-Тирмизи» 295).
2. Күйеуге азаптар шектіру

Имам Ахмад әрі басқа да хадис ғалымдары Муғаздың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізетін хадисін келтірген: “Бұл дүниеде әйелі өзінің күйеуіне азаптар шектіргенде, оның (Жәннаттық) хор қыздардан болған әйелдері: «Қинама оны! Аллаһ сені оңдырмасын! Ол небары сенің қонағың ғана, әрі өте жақын арада ол сенімен қош айтысып, бізбен бірге болады», - дейді” (Ахмад, қз.: «Сахихул-Жәми’» 7192).
3. Күйеуінің жақсылық-игіліктеріне қайырымсыздық таныту

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Маған Тозақ көрсетілді, әрі оның тұрғындарының көбісі қайырымсыздық танытқан әйелдер болып шықты». Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан қайырымсыздық сондай-ақ күпірлікті де білдіретін еді, әрі сахабалар: «Олар Аллаһқа күпірлік келтірді ме?», - деп сұрады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Олар өз күйеулеріне қатысты қайырымсыздық танытатын әрі оларға көрсетілген жақсылықтар үшін шүкіршілік етпейтін. Егер осындай әйелдердің әлдебіреуіне ұзақ жақсылық жасайтын болсаң, ал сосын ол сенен өзіне ұнамайтын бірдеңе көрсе, онда міндетті түрде: «Мен сенен ешқашан ешқандай жақсылық көрмедім», - деп айтады”, - деді (әл-Бухари және Муслим).


4. Орынды себепсіз талақ сұрау

Әт-Тирмизи және Абу Дауд Саубаннан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны баяндалатын хадисті жеткізген: «Егер әйел өз күйеуінен орынды себепсіз талақ сұрайтын болса, онда ол тіпті Жәннаттың иісін сезіну мүмкіндігінен құр қалады» (қз.: «Сахих әл-Жәми’» 2706).
5. Аллаһқа мойынсұнбаушылықта күйеуге бағыну

Ахмад және әл-Хаким Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисін жеткізген: «Жаратқанға мойынсұнбаушылықта жаратылғанға бағыну жоқ» (қз.: «Сахих әл-Жәми’» 7520).
Осы жерде шайтанның кейбір әйелдерді орындауларына міндетті нәрселерде өз күйеулерін тыңдамауға, әрі, керісінше, шариғатпен тыйым салынатын нәрседе бағынуға уәсуәстайтынын айтып өту жөн болады. Аллаһ Тағала осындай әйелдерді тура жолға салсын!

Күйеулері оларға бірдеңе жасауға бұйырғанда, олар: «Бұл – болмайды, ал бұл – харам», - деп айтып жатады. Осылайша, олар күйеулеріне бағынудан қашқақтауға тырысады. Бірақ олар Аллаһ Тағаланың келесі сөдерін есте сақтаулары қажет:

«(Мухаммад,) Қиямет Күні Аллаһқа өтірік жапсырғандардың беттері қап-қара болғанын көресің. Менменсінгендердің орны Тозақ емес пе?» («әз-Зүмәр» сүресі, 60-аят).

Хасан әл-Басри былай деді: «Харамды халал деп, ал халалды харам деп жариялай отырып, Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік жапсыру анық күпірлік болып табылатындығына күмән жоқ».
6. Күйеудің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстау

Абу Хурайраның сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелге өзінің күйеуі жанында жүргенде оның рұқсатынсыз ораза ұстауына рұқсат етілмейді, бұл тек Рамазан (айы) болмаса, немесе ол сапарда (жолда) болмаса ғана» (Абу Дауд, сахих хадис).
7. Күйеуімен жыныстық қатынастан бас тарту

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер күйеуі әйелін төсекке шақырса және ол келмесе, ал содан кейін ол оған ашулы күйінде ұйықтап шықса, періштелер оны таңға дейін лағнеттейтін болады» (Муслим. Қз.: «Шарх Сахих Муслим» 10/259).
8. Төсек қатынастарын сыртқа жаю

Асма бинт Язид бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндағаны жеткізіледі: «Мүмкін, еркектерден кейбіреуі кейде өзінің әйелімен не істейтінін айтатын шығар, және әйелдерден кейбіреуі өз күйеуімен не істейтінін айтатын шығар». Адамдар үнсіз қалды, сонда Асма: «Я, Аллаһтың Елшісі, сіз дұрыс (айтасыз)! Аллаһтың атымен ант етемін, әйелдер де, еркектер де осылайша істейді», - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұлай етпеңдер! Ақиқатында, бұл бейне екі шайтанның жол үстінде адамдардың көзінше жыныстық қатынасқа түскеніндей» (Ахмад. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Қиямет Күні Аллаһтың алдында ең нашар халде өз әйелімен қосылып, сосын оның құпияларын жайған адам болады» (Муслим).
9. Өзінің үйінің қабырғасынан басқа (жерде) өзінің киімін шешу

Имам Ахмад пен өзге де хадис ғалымдары Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқандығын жеткізген: «Егер әйел өз күйеуінің үйінен тыс (жерде) киімін шешсе, Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ оны масқаралап-әшкерелейді». Қз.: «Сахихул-Жәми’» 2708.
10. Күйеудің рұқсатынсыз үйіне біреу-міреуді шақыру

Әл-Бухаридің сахих хадистер жинағында Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқандығы жеткізіледі: «Әйелге күйеуінің барында оның рұқсатынсыз ораза ұстауға және оның рұқсатынсыз үйге бөтен адамдарды кіргізуіне рұқсат етілмейді» (Қз.: «Фатх әл-Бари» 9/295).
11. Күйеуінің рұқсатынсыз үйден шығу

Ұлы әрі Қасиетті Аллаһ: «Үйлеріңде отырыңдар...», - деп айтты («әл-Әхзаб» сүресі, 33-аят).

Ибн Кәсир (Аллаһ оны рахым етсін) осы аяттың тәпсірінде былай деді: «Бұл – үйден еш қажеттіліксіз шықпаңдар дегенді білдіреді» (Қз.: «Тафсирул-Қуранил-‘Азым» 3/768).

Егер әйел күйеуіне бағынуға міндетті болса, бұл дегеніміз – ол өз күйеуінің үйінен оның рұқсатынсыз кетуіне хақысы жоқ дегенді білдіреді.
КҮЙЕУГЕ КҮТІП ҚАРАУ
Мұсылман әпке-қарындасымыз! Біз сізге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйел-сахабалары өз күйеулеріне қалай күтіп қарағандықтарының айқын мысалын келтіреміз.

Муслим жеткізетін сахих хадисте Асма бинт Абу Бакр былай деп баяндаған: «Әз-Зубәйр маған үйленгенде тек жылқысы мен бір тілім жерінен басқа не мүлкі, не құлы болмайтын. Мен оның жылқысына шөп беретінмін, оны күтіп-бағатынмын. Әрі мен қамыр үшін сұлының дәндерін ұнтақтап, су әкеліп, нанға қамыр илейтінмін. Мен нанды жақсы пісіре алмайтынмын, әрі сол себепті бізге нанды ансарлардан болған көрші-әйелдер пісіріп беретін. Олар сенімге лайықты әйелдер болатын». Асма сондай-ақ былай деді: «Мен дәнді Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әз-Зубәйрға бөліп берген жерінен алатынмын. Бұл үштен екі фарсах көлеміндегі жер болатын» (Қз.: «Сахих Муслим 2182»).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер әйел күйеуінің алдындағы өз міндеттерін білсе еді – ол (күйеуі) түскі асын және кешкі асын ішіп-жеп бітпейінше тіпті отырмас та еді» (әт-Табарани «әл-Кәбирде». Қз.: «Сахихул-Жәми’» 5259).
АСМА БИНТ ХАРИЖАНЫҢ ӨЗ ҚЫЗЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТІ:
«Сен өскен ұяңды тастадың, әрі енді өзің білмейтін төсекте, өзің үйренбеген жарыңмен бірге (боласың). Ендеше, ол үшін жер бол, сонда ол сен үшін аспан болады, ол үшін төсек бол, сонда ол сен үшін тірек болады, ол үшін күң бол, сонда ол сен үшін құл болады. Оған жармасып мазалай берме, өйткені мұндайдан ол сені жек көріп кетеді, әрі одан алшақтама да, әйтпесе, ол сені ұмытады, бірақ егер ол саған жақындаса, сен де оған жақында, ал егер де алыстай бастаса, сен де алыста. Әрі оның иіс сезімін, есту мен көру түйсігін сақтап-қорға; ол сенен тек жағымды иіс сезінсін, әрі сенен тек жақсы сөздер естісін, әрі сені тек әдемі (түрде) көрсін».

Умм Ақил де өзінің қызына осындай үгіт-насихат берген болатын (Қз.: «Табаи’ ән-Ниса» 28).
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРҒА ЖОЛДАУ
Жоғарыда айтылғандардың барлығы мұсылман әпке-қарындастарымызға Ұлы әрі Қасиетті Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен орнатылған дұрыс жолды көрсету үшін айтылған етін. Бірақ бұл дегеніміз – күйеуі өзінің жұбайын егер ол өз міндеттерін орындамай жатса ренжітуге немесе оған бейнет шектіруге қақылы дегенді білдірмейді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мүмин еркек мүмин әйелді жек көруіне қақысы жоқ. Әрі егер ол оның мінез-құлқының бір жері ұнамаса, онда оның мінезінің басқа жерімен разы болып қалады» (Муслим. Қз.: «Шарх Сахих Муслим» 10/312).

Уа, мұсылман бауырымыз! Егер сізге өзіңіздің әйеліңіз өз міндеттерін бұзып жатқандай немесе жаман мінез-құлығы бар болып көрінсе, онда мүмкін бұның себебі күнәлар шығар?! Біздің әуелгі ізгі ұрпақтарымыз: «Ақиқатында, біз Аллаһқа бойсұнбаған кездерде бұл біздің әйелдерімізден, тіпті біздің мінетін жануар-көліктерімізден көрінетін», - дейтін.

Ал енді қисық мінезді қырсық-қыңыр әйелдерге келер болсақ, онда ең бірінші кезекте сіз оны кеңестермен және жақсы үгіт-насихаттармен түзеуге тырысуыңыз керек. Оған Аллаһты есіне салыңыз әрі оны Құдайдың жазасымен қорқытыңыз. Алайда ол бәрібір қырсығатын болса және әрі қарай күнә жасауын жалғастыра берсе, онымен бір төсекте бірге жатуды қойыңыз. Бірақ оны үйде жалғыз қалдырмаңыз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер онымен жақындасудан қашатын болсаң, онда мұны бір үйдің ішінде жаса». Егер ол түзелсе, онда бұл оның пайдасына болмақ, ал егер олай болмаса, онда алдағы уақытта да сен оған насихаттар беруің керек, әрі онымен жыныстық қатынастан тыйылуың қажет. Ұлы әрі Қасиетті АллаҺ: «Ал сондай-ақ әйелдердің мойынсұнбауын сезінсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бойсұнса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер», - деді («ән-Ниса» сүресі, 34-аят).

Ибн Кәсир: «Әйелдерді ұру үкімі күйеуі әйелін қатты емес ұруына хақысы бар дегенді білдіреді. Муслим Жәбирдің сөздерінен жеткізетін хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қоштасу қажылығының кезінде былай деп айтқаны хабарланады: «Аллаһтан қорқыңдар, әрі әйелдеріңді сақтап-қорғаңдар, өйткені олар сендердің көмекшілерің. Олар сендерді тыңдаулары қажет және үйлеріңе сендер ұнатпайтын адамдарды кіргізбеуі керек. Бірақ олар керісінше істейтін болса, оларды ұрыңдар, бірақ қатты емес. Алайда сендер оларды тамақтандырып әрі киіндіру керек екендеріңді ұмытпаңдар». Ибн Аббас және өзге де тәпсіршілер әйелдерді жай ғана ұру керек деп айтқан. Хасан әл-Басри әйелді із қалдырмай ұру қажет деген» (қз.: Тафсирул-Қуранил-’Азым» 1/743).

Күйеуі әйелінің бетінен ұрудан сақтануы қажет, тіпті ол бұны ақырын істесе де, себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны бетінен ұрма», - деп айтқан.
ӘЙЕЛДІҢ ҚАҚЫЛАРЫ
Күйеу әйелінің оның алдындағы міндеттіліктерін орындауын қалайтыны сияқты, өзінің де әйелінің алдындағы міндеттерін орындауы керек. Сол себепті ол оған зиян тигізбеуі керек және оның сезімін таптамауы керек. Имам Ахмад «әл-Муснад» жинағында Хаким ибн Му’ауия әл-Кушайридің сөздерінен оның әкесі бірде былай деп айтқанын баяндайтын хадисін жеткізген: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Күйеудің әйелі алдындағы міндеттері қандай?», - деп сұрады. Ол: «Егер сен өзің тамақтансаң, оны тамақтандыруың керек, егер өзің киінсең, оны киіндіруің керек. Оны бетінен ұрма және оған жаман сөздер айтпа, ал егер онымен жақындасудан қашатын болсаң, онда бұны бір үйдің ішінде істе», - деді (Қз.: «Ируаул-Ғалил» 7/98).

Ал әл-Бухари, Муслим және басқа да хадис ғалымдарынан Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астың сөздерінен жеткізілетін хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Уа, АбдуЛлаһ! Маған сенің күндіз ораза ұстайтының әрі түнде намаз оқитының туралы айтылды». Ол: «Иә, уа, Аллаһтың Елшісі!», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олай істеме. Ораза ұста, әрі аузыңды аш. Түндерде намаз оқы әрі ұйықта да. Ақиқатында, сен өзіңнің денеңнің, көздеріңнің және әйеліңнің алдындағы міндеттеріңді орындауға тиістісің», - деді (Қз.: «Фатхул-Бари» 9/299).

Сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кімнің екі әйелі болып, біреуіне қарай иіле беретін болса, сол Қиямет Күні өзімен денесінің (бір) бөлігін сүйреп жүретін болады» (Абу Дауд, әт-Тирмизи. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деп атады). Қз.: «Ируаул-Ғалил» 7/80).

Айтылғандардың барлығы дерлік талқыланып отырған тақырыптың өте қысқа мазмұны болып табылады, алайда бұл бізге ерлі-зайыптылар арасындағы негізгі қарым-қатынастарға тоқталып өтуге кедергі болмады.

Біз Ұлы әрі Қасиетті Аллаһтан Оның Көркем Есімдері мен Ұлы Сипаттары арқылы, Оның осы еңбекті біз үшін әрі өзге барша мұсылмандар үшін пайдалы етуін сұраймыз. Біз сондай-ақ Одан барлық күйеулер өз әйелдерінің басқа мақсаттарды көздеместен олардың алдындағы өз міндеттерін адалдықпен орындайтындарына куә болуын сұраймыз. Алайда бұл егер ерлі-зайыптылардың бірі басқасының бойынан кемшіліктер көретін болса, оған да сол таспен қайтаруы керек дегенді білдірмейді! Тіптен олай емес! Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы міндетті түрде Аллаһтың алдында өз өмірлік жарының алдындағы өз міндеттерінің орындалуы үшін жауап көтеретін болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ерлі-зайыптының әрбірі Аллаһ Тағала тарапынан оларға берген қақыларды орындаулары тиісті болғанындай, Аллаһ Тағала оларға жүктеген бір-бірінің алдындағы өз міндеттіліктерін де орындаулары қажет. Әйел күйеуден барлық мәселеде тепе-теңдікті талап етпеуі қажет, сол сияқты күйеуі де өз алдына үстемшілдік жағдайымен асыра пайдаланбауы керек.

Біз ерлерге Аллаһтан қорқуды, өз әйелдерімен әділетті болуды әрі оларға құрметпен қарауды кеңес етеміз. Дәл осыны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан кезде өсиет еткен болатын: «Әйелдерге жақсы қараңдар! Ақиқатында, әйел қабырғадан жаратылған, әрі қабырғаның ең қисық бөлігі – бұл жоғарғы жағы. Егер сен оны түзегің келсе, сындырып аласың, ал егер оны қоя салсаң, ол (сол) қисық күйі қалады. Ендеше, әйелдерге жақсы қараңдар» (әл-Бухари және Муслим).

Әйелдерге жақсы қарым-қатынас сыпайылықты, исламға оқытып-үйретуді және сабырлықты, Аллаһ бұйырған нәрсеге ынталандыруды, әрі барша тыйым салынған нәрседен сақтандырып-тосуды білдіреді. Ақиқатында, бұл оларға, егер Аллаһ қаласа, Жәннатқа кірулеріне көмектеседі.


1 Зәйнаб өзінің күйеуінің бұйрығын орындап, қозғалмай отырды, осы уақытта сарышаян ыдыстан шығып кетіп, оны шағады. Абу Умайя оралысымен, оның саусағынан шерткені ағат қылықты сөгу белгісі ретінде болатын. Мен Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ Тағаладан Оның Көркем Есімдері мен Ұлы Сипаттары арқылы маған және менің мұсылман бауырларыма осы керемет мұсылман әйелге ұқсас әйелдер сыйлауын сұраймын! Ақиқатында, Аллаһтың бұған құдіреті толық жетеді!


Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> -
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Исламдағы ерте жаста некелесуге қатысты тағылатын айыптауларға жауап
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Түркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Өтіріктің таралуына және адамдардың Өтірікті қабылдауына әкеп соғатын кейбір себептерді түсіндіру
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Өлген адамдар өЗ Қабірлерінде естімейді «Өлген адамдар өз қабірлерінде естиді»
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Қабірлерді әйелдердің зиярат етуі туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Серия статей


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет