Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасын ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz

2023 жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды. 

7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады. Белгілі болғандай, қылмыстық топ Арман Жұмагелдиев ұйымдастыруымен құрылған.

  • "Дикий Арманды" өздері шақыртты": Экс-мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі билік өз кінәсін өзгелерге жауып жатқанын мәлімдеді

  • Алматыда Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған Калашников автоматы мен басқа да қарулардың қоймасы табылды

"2022 жылы Самат Әмірбаев Шымкентте кісі өлтіру және сол қаланың басқа тұрғынына жәбір көрсету бойынша күдікке ілінген. Айыпталушы Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталған. Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Қуандық Алпыс.

Еске салайық, Шекара академиясының бұрынғы қызметкері Қаңтар оқиғасы кезінде Көктөбе тауында шекарашылар мен ІІМ бөлімшелері арасында атыс болғанын мәлімдеді. Ол академиядағы тағы бір өлім оқиғасының ресми нұсқасын жоққа шығарғаны туралы жаздық.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.