Камералдық бақылау



жүктеу 31.87 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі31.87 Kb.




Камералдық бақылау

Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тiркеу есебiне қою және (немесе) Салық кодексінiң 587-бабына сәйкес салық есептілігiн ұсыну және (немесе) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу арқылы салық төлеушiге дербес жоюға құқық беру.

Камералдық бақылау - салықтық есептіліктен, салық төлеушiнiң қызметi бойынша әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi бір-бірiмен салыстыру арқылы және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтерiнен жүргiзiледi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресiмделедi.

Мемлекеттік кірістер органдарының автоматты камералдық бақылау аясында камералдық бақылау хабарламасы электронды салық төлеушіге электронндық тәсілмен веб-қосымшамен «Салық төлеушінің кабинетіне» жіберіледі.

Осы орайда Салық кодексінiң 608-бабына сәйкес осындай хабарламалар «Салық төлеушінің кабинетіне» жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледi.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін немесе анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені, салық органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына - анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме немесе салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымжіберіледі.

Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.



Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы Салық кодексінің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет