Үкіметтегі брифингте ауыл шаруашылығы мининстрі Ұлытау облысында мал қырылуына байланысты жылқы еті қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pofoto.club

Ол Ұлытау облысында болған жағдай жылқы етінің бағасына әсер етпейтінін жеткізді.

“Жылқы еті қымбаттамайды. Себебі, жылқы шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Елімізде 4 млн бас жылқы бар. Сондықтан болған жағдайға байланысты жылқы еті қымбаттамайды”, — деді Айдарбек Сапаров.

Министр өңірде комиссия жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, былтыр күзде барлық өңір 100% азық дайындап қойдық дп есеп берген. Сонымен қатар Ұлытау облысында мал азығын дайындауға 1,4 млрд теңге субсидия бөлінген. 

““Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылған. Олар есепте тұр. Ұлытау облысында жұмыс жүргізіліп жатыр. Вице-министр сол жақта жүр. Ол нақты санын (қырылған мал басын) анықтап жатыр. Мұнда жауапкершілік тек әкімдікте емес, малдың иесінде де болуға тиіс. Біріншіден, оларды мал бағуға, мал азығын дайындауға жауап беруі керек. Егер мал азығын дайындауда проблема болса, аудан әкімдігіне, ауыл әкімдігіне баруы керек еді. Шешім қабылдауы керек болған. Барлығы мал азығын 100 пайызға дайындадық деп есеп берген. Облыста осы мәселе шешілмесе, көрші өңірден (жем-шөпті) жеткізуші едік”, – деді министр. 

Ол мемлекет бұған дейін де көмектескен, көмектесе беретінін айтты. Бірақ мал иелерінің жауапкершілігін ұмытпауымыз керек екенін еске салды. 

Бұған дейін министр Қазақстанда мақта мен бидай алқабы қысқаратынын айтты.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.