Канонерка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы тезисі Ауыл шаруашылығы



жүктеу 105.31 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі105.31 Kb.

Канонерка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы тезисі
Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы Жолдауында 2022 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді 2,5 есе дамыту мақсатын қойды. Осыған байланысты есептік жыл ішінде ауылдық округ бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, округ бойынша агроөнеркәсіп секторын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы округ бойынша ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:

- ІҚМ бас саны 1867 құрап, 103%-ға өсті;

- ҰҚМ бас саны 1076 құрап, 101%-ға өсті;

- жылқылар саны 106%-ға артып, 474 басты құрады;

- шошқалар саны 275 басты құрап, 145%-ға өсті;

- құстар саны 3690 құрап, 115%-ға өсті.

Ет өндірісі 100%-ға орындалса, сүт өндірісі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 102% көрсеткіш көлемінде өскен. Жүн 100%, жұмыртқа 100% құрады.

Округте 28 фермерлік/шаруа қожалықтары тіркелген, негізгі жұмыс бағыты – аралас өндіріс. Егін өндірісімен айналысатын округтің ірі шаруа қожалықтарының бірі «Лана» шаруа қожалығы, басшысы Салима Саматовна Адильева, «Анна» шаруа қожалығы басшысы Александр Дмитриевич Голованев. 2018 жылы шаруа қожалықтарымен 2452 га аумағында дәнді дақылдар және 879 га аумағында майлы дақылдар егілді. Жалпы 32613 центнер дәнді дақылдар жиналып, өнімділігі 13,3 ц/га құрады. Майлы дақылдардың жалпы жиыны 10108,5 центнерді құрап, өнімділігі 11,5 ц/га құрады. 7800 центнер мал азығы дайындалып, жоспар 100%-ға орындалды.

2010 жылы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бастау алды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жолдауында бағдарламаның тиімділігіне қарап, бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзартуды дұрыс деп шешті. Аталған бағдарлама іске асырылу кезеңінен бастап, округ бойынша 8 адам қатысып, оның ішінде 2018 жылы 3 адам қатысты. Қатысушылар жұмысының негізгі бағыты мал шаруашылығы. Осы бағдарламаның нәтиже көрсетіп отырған қатысушыларының бірі "Еркежан" фермерлік шаруашылығы болып табылады. Бүгінгі таңда шаруашылықта 80-нен астам ірі қара мал өсіруде. Қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқалары сатып алынып, фермерлік қожалық асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табуда. Округ аумағында тіркелген мал шаруашылығы саласындағы ірі шаруашылықтардың бірі жылқы өсірумен айналысатын "Амад" шаруа қожалығы болып табылады. Мал басы 200-ден астам басты құрайды. Бизнес жоспарға сәйкес, шаруашылық қызметін кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Шаруа қожалығының базасында құс фермасын ашу жоспарлануда. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жетіспейтін инфрақұрылымды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздің округіміздің шаруалары жыл бойы ауданда, Семей қаласында және облыста өткізілетін ауылшаруашылық іс-шаралар мен жәрмеңкелерге қатысып, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұсынады. "Туған жерге тағзым" әлеуметтік жобаларына қатысып, округтің әлеуметтік осал топтарына материалдық көмек көрсетеді.

2018 жылы округ тұрғындарымен 60 га алқапқа картоп, 11 га алқапқа көкөністер егілді. Көкөністердің жалпы жиыны 3465 центнер, картоп 13200 центнерді құрады.
Кәсіпкерлік

Округте 65 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген оның ішінде, 2018 жылы 12 жеке кәсіпкерлер тіркелді. 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестер тіркелген. Округ кәсіпкерлерімен несиелеу бағдарламаларына және мемлекеттік қолдау шараларына қатыса отырып, бизнесті кеңейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының қатысушыларының бірі округ тұрғыны С. К. Қожегелдинова Канонерка ауылында қонақ үй-кафе ашу жобасын әзірлеп, 3 млн. теңге сомасында ақшалай ақысыз грант иегері болды. Канонерка ауылының Мәдениет үйінде округ кәсіпкерлерін қолдау мақсатында, ақпараттық қолдау көрсету үшін, онлайн-орталық ұйымдастырылып, жұмысын жасауда.


Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында қойылған маңызды міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес және қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің байланысын төмендету болып табылады. "Нұр Отан "партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл" республикалық бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік бағдарламасы негізінде, ауылдық округ әкімі аппаратында мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс комиссиясы жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мақсатты индикаторларының бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы болып табылады. Есептік кезеңде 693 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында және Канонерка ауылының ауылдық кітапханасында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы-563 қызмет көрсетілген. Жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша Канонерка ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген.
Әлеуметтік сала

Жоғары жетістіктерге қол жеткізу жолындағы маңызды көрсеткіштердің бірі - әлеуметтік саланың дамуы болып табылады. Округ тұрғындарының саны-1787 адамды құрайды. Округтегі аулалардың жалпы саны – 602 оның ішінде, Канонерка ауылында – 474, Қара Мырза ауылында – 110, Қарабаш кордонында – 18 аула. Округтің экономикалық белсенді халқының саны 834 адам. Олардың ішінде 519 адам жалданып жұмыс істейтіндер. Жұмыспен қамту орталығында 5 адам тіркеліп, қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылған. 374 адам жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істеуде. Округте 2018 жылы 148 жұмыс орындары құрылып, оның ішінде 12 тұрақты, 136 маусымдық жұмыс орындары құрылған. Құрылған жұмыс орындарының басым бөлігі «Семей орманы» МОТР РММ Канонерка филиалында және орман-тұқым комплексінде құрылған.

2018 жылы 12 аз қамтылған отбасы тіркеліп, есептік жыл ішінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қатысушылары 52 адам немесе 12 отбасын құрады. Оның ішінде 8 отбасы шартты ақшалай көмек алушылар және 4 отбасы шартсыз ақшалай көмек алушылар. Қатысушылар ішінен "Семей орманы МОТР" РММ Канонерка филиалына 5 адам жұмысқа орналастырылып, жеке кәсіпкерге 1 адам орналастырылды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4 адам қатысты.

Округ аумағында 9 көпбалалы аналар тіркелген, оның ішінде «Алтын Алқа» белгісімен марапатталғандар-5, «Күміс Алқа» белгісімен марапатталғандар-4 адам. 18 жасқа дейінгі 4 немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар саны 7 адамды құрады.

Округтегі зейнеткерлердің жалпы санынан, 2 тыл еңбеккері және 19 тыл еңбеккеріне теңестірілген азаматтар тіркелген. Әлеуметтік қызмет көрсетуге 31 жалғыз басты зейнеткерлер бекітілсе, "Асыл" ҚБ арқылы 9 зейнеткерге қызмет көрсетіледі.

Ауылдық округ әкімінің аппараты жалғыз тұратын зейнеткерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге ерекше көңіл бөледі. Жыл ағымында қоғамдық кеңеспен бірлесе қарттар күніне, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған құттықтаулар ұйымдастырылды. Жыл сайын қарттар күні жалғыз басты азаматтарды құттықтау, демеушілік көмек есебінен қайырымдылық дастархан жаю дәстүрге айналған.


Денсаулық сақтау және білім беру

Президент өз Жолдауында медициналық қызметтердің сапасы азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты округте азаматтарға медициналық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық округте Канонерка ауылында дәрігерлік амбулатория және Қара-Мырза ауылында фельдшерлік пункт жұмыс істейді. 2018 жылы округ бойынша туберкулезбен алғашқы аурушаңдық 40% - ға төмендеді, балалар өлімі тіркелген жоқ. Канонерка дәрігерлік амбулаториясына тіркелгендердің жалпы саны 1603 адамды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6,6% жоғары. Туу көрсеткіші өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,3% - ға артты. 776 адам флюороқондырғыдан тексеруден өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық медициналық мекемелер сандық медициналық жазбаларға көшеді. Бүгінгі күні деректер базасына енгізу жұмыстары аяқталып, округтің барлық тұрғындары базаға енгізілді. Округ бойынша медициналық кадрлардың тапшылығы жоқ.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдағы Президенттің Жолдауында мектепке дейінгі білім беру деңгейін арттыруға міндеттер алға қойылған. Округте толық күн көлемінде жұмыс жасайтын екі мектепке дейінгі мекеме тіркелген. 24 орындық Канонерка орта мектебі жанындағы шағын орталық және 20 орындық ЕР-Али-1 балабақшасы. Штат толық жинақталған. Орта білім беруді дамытуда ерте анықталған негізгі тәсілдердің орындалуы атап өтілді. Мектептерді дамытуда Назарбаев Зияткерлік мектептерін оқыту жүйесі мен әдістемесін қолдану және енгізу бойынша міндеттер берілген. Осы мақсатта 2018 жылдың маусым айында Канонерка орта мектебінде робототехника кабинеті ашылып, қызметте кеңінен қолдануда. Округте Канонерка орта және Қара-Мырза негізгі мектептері жұмыс істейді, онда 223 оқушы оқиды. Екі мектеп жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған және білікті педагогтардың толық штаты бар. 2018 жылы ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 83 баллды құрады.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің кезекті Жолдауында қолда бар спорт ғимараттарын, әсіресе мектеп жанында тиімді пайдалану, аулаларды, саябақтарды, скверлерді дене шынықтырумен айналысу үшін жайластыру қажеттігін атап өтті. Округте мектептер жанында 2 спорт залы жұмыс істейді, Канонерка ауылында шағын футбол үшін жасанды жабыны бар спорт алаңы, Канонерка және Қара-Мырза ауылында футбол алаңдары бар. Канонерка ауылында 2016 жылы спортпен шұғылдану үшін турникеттер орнатылған балалар алаңы салынған. 2019 жылға Қара-Мырза ауылында шағын футбол алаңын салуға 12 млн.604 мың 683 теңгеге сметалық құжат әзірленді. Жалпы, округ мектептерінде округ тұрғындары үшін спорттық секциялар жұмыс істейді. Спорттық жарыстар, мини-футбол, баскетбол, волейбол, тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат бойынша турнирлер өткізіледі. Жыл сайын округ аумағында аудан командалары арасында шаңғы жарысы өтеді.


Инфрақұрылым және абаттандыру

Округ пен ауданды көгалдандыруға "Семей Орманы"МОТР РММ үлкен көмек көрсетеді. "Семей Орманы" МОТР РММ Канонерка филиалымен бірлесіп "Саябақтар шеруі" акциясын өткізу жақсы дәстүрге айналған. Есептік жылы Канонерка ауылының саябақ аймағында Бесқарағай ауданының 90-жылдығына 90 шырша отырғызылды, көл жағасы абаттандырылды. Жалпы округ аумағына 200-ден астам қарағай көшеттері отырғызылды. "Аймақтарды дамыту" бағдарламасы шеңберінде ауылдық округтің абаттандырылуын жақсарту мақсатында Қара-Мырза ауылында 1 млн.138 мың теңге сомасына демалыс аймағының құрылысы жүргізілді. Үнемдеу 441 мың теңгені құрап, орындықтар орнатуға қосымша келісім-шарт жасалды.

Канонерка және Қара-Мырза ауылдарында көше жарығының қосымша шамдары орнатылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, көше шамдарын жарықтандыруға 699859 теңге жұмсалды. Канонерка ауылында Маяковский, Комсомольский, Мичурин көшелерінің ауылішілік жолдарына 650 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Канонерка орта мектебі" КММ жалпы сомасы 3 млн.11 мың 452 теңгеге жылу трассасын және 413 мың теңгеге кеңейту багын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Кіре берістегі стеллаларды жаңарту, баннерлік тіреулерді жөндеу, сауда орындарын сырлау, қоқыс тастайтын жерлерді тазалау, ескерткішке ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл бойы ауылдық округ ауылдарында баннерлерді ауыстыру және жаңарту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.


Мәдениет

Канонерка және Қара-Мырза ауылдарында мәдениет үйі және ауылдық клуб бар. Канонерка ауылы мен Қара-Мырза ауылының Мәдениет үйінде шығармашылық үйірмелер, көркем өнерпаздық жұмыс істейді. Онда Канонерка ауылының тарихы туралы баяндайтын экспонаттар жинақталған этно - бөлме бар. Жыл бойы Канонерка ауылындағы Мәдениет үйінде және Қара-Мырза ауылындағы клубта жүз қырықтан астам іс-шара өтті. Биылғы жыл аудан үшін мерейтой болып, округте өткізілетін іс-шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізіліп, Бесқарағай ауданының 90-жылдығына арналды. Өткізілген іс-шаралардың ішінде: балаларды қорғау күні мерекесі, Халықаралық әйелдер күніне құттықтау, 9 мамыр, Астана күні, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні, Тұңғыш Президент күні, ауылдық округ балаларына арналған жаңа жылдық мерекелер. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы кең қолдауға ие болып, қоғамдағы модернизациялық үдерістерге қуатты серпін берді. Осы бағдарламаны талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, тұрғындармен кездесулер өткізілді. Округте осы бағдарлама аясында жалпы сомасы 1 млн. 205 мың теңге теңгеге 5-тен астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды: Қара-Мырза ауылында саябақ аймағын жабдықтау, көгалдандыру, округтің әлеуметтік осал топтарын қолдау, мәдени іс-шаралар өткізу. Атап айтарлы жай «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қара-Мырза ауылындағы Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне атауы ауыстырылды. Бұл жұмыстар жалғасын табуда. Канонерка ауылының Мәдениет үйінде "Воскресение" этномәдени бірлестігі құрылып, жұмыс істеуде. Мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға мектеп ұжымдары, округтің әлеуметтік қызметкерлері, жастар, округтің қоғамдық кеңесі және ауылдық округ әкімінің аппараты белсенді қатысады. Жыл бойы Канонерка және Қара – Мырза ауылдық Мәдениет үйлерінде Президент Жолдауын түсіндіру бойынша ауылдық округ тұрғындарының кездесулері, діни экстремизм мәселелері бойынша кездесулер, Канонерка сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты С.М.Елемесовтың кездесулері және есептері өткізілді.


Құқық қорғау және қауіпсіздік

Құқық қорғау және қауіпсіздік, азаматтардың тұрмысындағы міндетті жағдайларының негізі болып табылады. Округ аумағында учаскелік полиция пункті қызмет етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және бұзушылықтың статистикалық көрсеткіштері округтің басты мәселесі. Есептік жыл ішінде жасалған қылмыстар статистикасы айтарлықтай төмендеді. 2018 жылғы 12 ай ішінде 15 қылмыстық іс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 қылмысқа аз. 156 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 30 кішігірім бұзақылық, 68 жол жүру ережесін бұзғандар және 58 қоғамдық тәртіпті бұзғандар тіркелді.

Қоғамдық кеңеспен, мектеп ұжымдарымен ауыл жастары арасында үнемі бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мәдени іс-шаралар өткізу барысында, кешкі мезгілдерді кезекшілік және футболдан, шаңғыдан, волейболдан жарыстар ұйымдастырылады.

Жастар арасында патриоттық тәрбиелеудің маңызы зор. Округ әкімі аппаратымен әскери қатарына шақыру жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі әскер қатарына шақыру бойынша 13 адам қамтылып, 2 адам, Молтанов Максат және Балтабаев Сымбат әскер қатарына шақырылды. Күзгі шақыру кезінде 2 адам, Нестеров Виктор және Надырбеков Султан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. 2018 жылы Бесқарағай аудандық қорғаныс бөліміне 2001 жылы туған тоғыз азамат тіркелді. Округ бойынша әскери міндеттілер саны 184 адам.


Бюджеттік түсім

Ақшаны бақылау шотында қаражат көлемі 4 млн. 500 мың теңге, мектеп асханасының және ауылдық округі әкімі аппаратының пайдаланбайтын ғимаратының жолдауы– 113 мың теңге көлемінде түсті.


2019 жылға міндеттер

- "2020 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту картасы" аудандық бағдарламасына сәйкес Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына округ тұрғындарын тарту жолымен ауыл шаруашылығы малдарының санын 2 есеге ұлғайту, "Сыбаға" субсидиялау бағдарламаларына шаруа қожалықтарының басшыларын тарту;



- "Аймақтарды дамыту" бағдарламасына қатысу арқылы ауылдық округ аумағын абаттандыру, орталық көшені көгалдандыру, ауылішілік жолдарды ағымдағы жөндеу, көше шамдарын орнату бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- несиелеу бағдарламаларына қатысу және шағын кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін ашу жолымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты белсендіру жұмысын жалғастыру.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет