Жамбылда әкімдік қызметкері қызмет бабы бойынша көмектесемін деп алдап, адамдардан жарты млрд теңге алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Халықтың ақшасын қалтасына басқан қызметкер облыстық Жастар басқармасында 10 жылдай жұмыс істеген. 38 жастағы мемлекеттік қызметші алдымен ауылдастары мен жақын таныстарына тендер ұтып беремін деп сеніміне кірген.

Ал адамдардан алған ақшаны бәске тігуге жұмсаған. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жұмысын жеңіп беремін деген желеумен ақша орнына пәтерлер де алған.

“205 миллион теңге сотталған азаматтан өндірілмеді. Ал жәбірленушілер кешірім берген жоқ. Оған 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады”, – делінген ақпаратта. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.