Каримов сундет смаханович «Талшықты материалдарды ірі қиқым-қоқыстардан тазалау процесін зерттеу және жетілдіру»



жүктеу 183.92 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі183.92 Kb.
түріАвтореферат


ӘОЖ 677. 21

Қолжазба құқығында



КАРИМОВ СУНДЕТ СМАХАНОВИЧ

«Талшықты материалдарды ірі қиқым-қоқыстардан тазалау процесін зерттеу және жетілдіру»
Мамандық – 05.02.13 «Жеңіл өнеркәсіп машиналары

агрегаттар және процестер»

Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне

ізденуге дайындалған диссертацияның


Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010ж.

Диссертациялық жұмыс «Сымбат» Дизайн және Технология Академиясының «Технология» кафедрасында орындалған.


Ғылыми жетекшісі: А.А. Джомартов

Техника ғылымдарының докторы



Ресми оппаненттері: Т.Ю. Аманов

Техника ғылымдарының докторы,

профессор

М.Ш. Шардарбек

Техника ғылымдарының кандидаты,

доцент


Жетекші ұйым: М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Қорғау күні: «___»__________________20___ж. сағ___ «Сымбат» Дизайн және Технология Академиясында біріктірілген ОД 55.01.01 докторлық диссертациялық ғылыми кеңесте өтеді. Мекен-жайы, Алматы қаласы, Жібек-жолы-65а, 205 ауд.

Диссертацияны «Сымбат» ДТА кітапханасынан алуға болады. Мекен-жайы 050004, Алматы қаласы, Жібек-жолы-65а.

Автореферат 2010жылы «____»___________________таратылды.

55.01.01 диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, техника

ғылымдарының докторы, профессор К.Д.Джаманкулов



КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Индустриалды – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту жұмыстары, өндірістерді ұйымдастырудың тиімділігі қолданысқа енгізу, Қазақстандық өнім экспортын алға жылжытуды жалғастыратын болады. Мемлекеттік түрлі ғылыми технологиялық бағдарламалар, технологиялар мен минералдық ресурстар ғылыми іс шаралармен байланыстырылып толықтырылады.  Шикізаттық сектордың бағытындағы жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кластерін жасау мен дамыту жөніндегі (мақтаны алғашқы өңдеу) саласы, бәсекеге қабілетті ішкі және сыртқы факторларға сәйкес дамытудың жақсы перспективаларын көрсететін индуктивтік болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi саласы ауыр экономикалық жағдайда тұрғанын атап өту керек. Жеңіл өнеркәсiптің өсу әлеуетi неғұрлым «тиiмдi» кiшi салаларды дамытудан тұрады, онда отандық өндiрушi неғұрлым бәсекеге қабiлеттi болуы тиіс. Қазақстанда үлкен көлемде экспортталатын мақтаның үдемелi өндiрiсi бар, сондай-ақ iшкi және сыртқы рыноктар үшiн де әртүрлi өнiмдi шығаруға қабiлеттi. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы, мақта-тоқыма өндірісін қалпына келтiру үшiн бүгінгi таңда, тоқыма саласының ішіндегі неғұрлым бәсекеге қабiлеттi болып табылатын шитті-мақтамен және оны өңдейтін машиналар өндiрiсiн серпiндi дамыту қажет.

«Тоқыма өнеркәсiбiнің» кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарда таңдау мынадай факторларға негiзделеді: шикiзаттың (мақтаның) қол жетiмділігі, жаңа мақта тазалау зауыттарын, тоқыма кәсiпорындарын салуды және бұрынғыларын қайта жарақтандыруды жүзеге асыратын бiрнеше iрi мемлекеттік компаниялардың болуы, өндiрiстiк шығындардың салыстырмалы төменгi деңгейi және тарихи қалыптасқан өзiне тән инфрақұрылымның болуы.

Мақтаны алғашқы өңдеу өндірісіндегі машиналар мен механизмдерге талшықты тазалау операцияларын сапалы орындау, талабы қойылады. Өнімдерді шығару циклі, өнімді өңдеудің аралығы, үздіксіз технологиялық процесте жүзеге асады. Ғылыми техникалық прогрестің, жаңа, ғылыми жетістіктердің дамуы мен өнімділігінің өсуі, машиналардың сапалы өнім шығаруы, шикізаттың беріктігін арттыру, материал конструкцияларының мықтылығы, тиімді ресурстармен, технологиялар, барлық кәсіпорндарға бәсекелестік жағдайымен енгізілуі тиіс. Бұл бағыттағы басты мәселе, мақта тазалау өнеркәсібіндегі, алдыңғы қатарлы машиналардың жақтығында. Мақта тазалау өнеркәсібінде, сапалы өнім шығарғанда, технологиялардың еңбек өнімділігін, сапасын арттырып жетілдіру керек.

Шитті-мақтаны ірі қиқым – қоқыстардан тазалау жұмыстарымен айналысқан отандық және шетелдік ірі ғалымдар Г.И. Мирошниченко, А.Н. Нуралиев, А.А. Муратова, М.Б. Рыбальской, Г.А. Курбанов, А.Е. Лугачев, Р.З. Бурнашев, Г.Д. Джаббаров, Х.Т. Туранов, А.М.Ахмедова, С.Д. Балтабаев, П.Н. Бородин, Е.Ф. Будин, Б.Г. Қадыров, және тағы басқалары болды.

Мақта талшығын алғашқы өңдеу өндірісіндегі кешенді машиналардың, технологиялық беріктігін зерттегенде, талшық тазалағыш машиналардың жасалуы мен тазалау құрылымдары жетілдіруді қажет етеді. Белгелі жабдықтар мен құрылғылар шитті – мақтаны бір рет өңдеуге мәжбүр, талшықтың ластылық дәрежесі қайта өңдеуді қажет етеді. Ескірген машиналар мен механизадердің талшықты зақымдауы, талшықтың табиғи құрамының төмендеуі, мақтаның негізгі тазалық құрамына әсер етеді. Аталған өзекті мәселелерді шешудің ең маңыздысы, шитті – мақтаны ірі қоқым-қоқыстан тазалау жұмысы. Мұны орындайтын мақтаны алғашқы өңдеу өндірісіндегі машиналардың ЧХ–3M2, «Мехнат», РХ өндірісте, технологиялық, тазалау көрсеткіштері төмендеген.

Колосникті тор мен тісті аралы барабанның талшықты тазалау жұмысы қанағаттандырмайды. Сапалы жасалған машина құрылғыларымен, өндірілген өнімнің шығыны төмен болады. Осы мақсатты шешу үшін мақта талшығын тазалайтын машиналарға жаңа құрылым енгізіп, шитті-мақта құрамындағы қиқым-қоқыстарды сапалы тазалайтын, қозғалмалы колосникті тор құрылғысын жасап, тісті аралы барабанның жұмысын зерттейміз және жетілдіреміз.



Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Колосникті тордың құрылымын жетілдіру жолдарын зерттеу. Диссертациялық жұмыстың мақсаттарын орындау кезінде келесідей тапсырмалар пайда болады:

  • белгілі колосникті торды жыңартып құрылымын жетілдіру.

  • колосникті тор тазалағышына телоскопты стержені бар жылжымалы серіппені орнатудың тиімді жолдарын анықтау.

  • шиті мақтаны тазалау кезіндегі зақымдалатын колосникті тордың бастапқы қасиетін сақтауды анықтау.

  • ірі қиқым-қоқыстар әсерінен колосникті тор мен тісті араны зақымдалудан сақтау жолдарын ұсыну.

  • колосникті тор мен тісті араның зақымдалған бөлшектерін жылдам алмастырылуын зерттеу арқылы анықтау.

Зерттеу нысаны: Шитті мақтаны ірі қиқым – қоқыстардан тазалайтын колосникті тор құрылымы. Зақымдалған тісті араның жылдам алмастырылуы.

Зерттеу әдісі: Диссертациялық жұмыста колосникті тор құрылымының талшықты тазалау әдістері, тазалау сапасы, экспериментте алынған параметрлерді статикалық өңдеулер, ҚР МСТ сонымен қатар компютерлік бағдарламалар Microsoft Office Word 2003, Excel, Auto CAD, «STAТISTIKA» программалық бағдарламалары қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары:

  • телоскопты стержені бар жылжымалы серіппені тазалағыш колосникті торға орнату әдістері жасалынып тиімділігі зерттелді..

  • құрылымы өзгертілген колосникті тор мен тісті, аралы барабан арқылы, шитті мақта талшығы құрамындағы, ірі қиқым-қоқыстарды тиімді тазалау жолдары жетілдірілді.

  • жылжымалы колосникті тордың, соққы күштеріне қарсы тұрақтылығы зерттеліп анықталды.

  • телескопты стержень мен жылжымалы серіппе арқылы шитті мақта-талшығын тиімді, әрі сапалы тазалау жолдары зерттеліп жетілдірілді.

  • колосникті тор мен тісті, аралы барабанның ара-қашықтығы, шитті мақта құрамындағы қиқым-қоқыс мөлшеріне байланысты жылжыту аралықтары зерттеліп анықталды.

Қорғауға шығарылған негізгі жағдайлар: Шитті мақтаны ірі қиқым-қоқыстардан тазалайтын жылжымалы колосникті тордың құрылымы жетілдіріліп, талшық арасындағы қоқымдарды тазалау жұмысына ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың практикалық маңызы және нәтижелердің жүзеге асырылуы: Зерттеу нәтижесінде ұсынылған жылжымалы колосникті тор құрылымы, мақта талшығын ірі қиқым – қоқыстан тазалау жұмыстарын арналған. Мақтаны алғашқы өңдеу машиналарына орнатылған колосникті тор мен тісті ара құрылымы арқылы, тазалау жұмысын жүргізгенде жабдықтың ең төменгі тазалау көрсеткішін және мақта талшығының сапалы тазалану көрсеткішін,белгілі құрылғыға қарағанда 6% – ке жоғарылағаны зерттеліп анықталды. Мақтаны алғашқы өңдеу өнеркәсібіндегі, шитті–мақтаны тазалайтын машиналардың мадернизацияланған конструкцияларына, қатысты жаңа нәтижелері анықталды.

Диссертацияда келтірілген негізгі ғылыми жәйттердің, қортындылардың және ұсыныстардың ақиқаттығы: Зерттеу жұмысы кезіндегі колосникті тордың жаңа конструкциялары «Road Text LTD», «Хлопкопром Целлюлоза» және «Khansuar Invest Company»–мақта тазалау өндірістеріне енгізілгені туралы акты жасалынды. ЧХ–3M2, «Мехнат», РХ тазалағыш машиналарының жетілдірілген колосникті тор құрылымының талшықты тазалау жұмыстарына пайдалану кезіндегі тиімділігі, соққы күштеріне төзімділігі анықталды. Зерттеу және жетілдіруге қатысты, жұмыстардың орындалу нәтижесі, мақта тазалау машиналарына орнатылған тазалағыш колосникті тордың пайдалану кезіндегі беріктігі жетілдіріліп жасалынды. Ұсынылған колосникті тордың жаңа конструкциясы, өндірістік сынақтан, тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтіп, Road Text LTD «Иқан», «Хлопкопром» және «Khansuar Invest Company мақта тазалау заводындағы ЧХ–3M2, «Мехнат», РХ машиналарына енгізілді. Мақта тазалау зауытындағы бір машинадан жылына 23800 теңге үнемделсе, осы машиналарға жаңа құрылымды орналастырып өдірісте пайдаланудан күтілетін техника–экономикалық тиімділік жылына 285408,48 теңгені құрайды.

Зерттеу жұмысының апробациясы:

Диссертациялық жұмысты келесідей басылымдарда жарық көрді:

1. Каримов С.С., Асанова С.Ж. «Мақта талшығын ірі қиқым –қоқыстан тазалау». «Дизайн және технология» Алматы 2010жыл. № 2, 9-11 беттер.

2. Каримов С.С., Асанова С.Ж.. «Мақта талшығын ірі қиқым-қоқыстан тазалау». «Тамақ технологиясы және сервис» Аматы 2010 жыл. № 4, 92–94 беттер.

3. Каримов С.С., Асанова С.Ж., Джомартов А.А., Айтуленова К.Т. «Колосникті тор мен тісті барабан арасының технологиялық өзгеру аралығы». Халық тұтынатын тауарлардың иновациялық технологиясы, сапасы және қауіпсіздігі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы, 17-18 маусым, 2010ж. 280-286беттер.

Жарияланымдар: Диссертациялық жұмыста жарияланған мақалалар саны-9, халықаралық конференцияда баяндалған мақалалар сан-3, авторлық куәліктер саны-2

Диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындылардан, жалпы тұжырымдамадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертациялық жұмыстың мазмұны компютерде терілген – 125 бет. Онда 38–сурет, 22–кесте, 116–пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 2 – қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы бойынша диссертациялық жұмыстың тақырыптық өзектілігі, жұмыстың зерттеу мақсаты анықталған. Зерттеу нысаны, зерттеу әдісі, диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары, қорғауға шығарылған негізгі жағдайлар, диссертацияда келтірілген негізгі ғылыми жәйттердің, қортындылардың және ұсыныстардың ақиқаттығы, зерттеу жұмысының жарияланымдары, диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі толығымен қамтылды.

Бірінші бөлімде шитті мақтаны ірі қиқым-қоқыстардан тазалайтын машиналардың кемшіліктері сыналды. Колосникті тор мен тісті араның мақта-талшығын тазалау кезінде зақымдалатын себептері анықталып, зерттеу жұмысының негізі мақсаты айқындалды. Талшықты тазалайтын жылжымалы колосникті тордың жаңа құрылымын жасап, тазалағыш тісті араның зақымдалу себептерін анықтап, ірі қиқым-қоқыстардан пайда болатын құрылғылардың өзгеру аралықтарына зерттеу жұмыстары жасалынды. Шитті-мақтаны ірі қоқым-қоқыстардан тазалау жұмыстары кезінде, тісті ара конструкциясы мен колосникті тордың кемшіліктері болатыны, ірі қоқым-қоспалардан тазалайтын, колосникті тор мен аралы барабанды зерттеу нәтижесінде анықталды. Мақта талшығын ірі қиқым-қоқыстардан тазалайтын тазалағыш машина бөлшектерінің құрылымдарына зерттеу жұмыстары жасалынды. Тазалау машиналарының жалпы көрінісі мен жұмыс істеу принциптері бойынша да кемшіліктері анықталып, аналитикалық шолуларда көрсетілді. Отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың шитті-мақтаны ірі қиқым-қоқыстардан тазалау жұмысы бойынша жасаған жаңалықтарына кең көлемде тоқталып, ғылыми бағалар берілді. Ғылыми және теориялық жұмыстардың кемшіліктері қорытындыланып, зерттеу нәтижесінің мақсаты анықталды.

Колосникті тор мен тісті араның мақта талшығын тазалау жұмыстары ғылыми түрде дәлелдеуді қажет етеді. Аталған құрылғылардың беріктігі термоөңдеулер арқылы қамтамасыз етілді. Колосникті тор мен тісті араны пайдалану кезіндегі беріктігіне әр түрлі мақсаттармен эксперименттік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Колосникті тордың тазалау жұмысын, тісті араның пайдалану кезіндегі тиімділігін жетілдіріп, шитті–мақтаның құрамын таза, сапалы көрсеткіштермен, талшықты тазалаудың технологиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижесінде анықтаймыз.



Екінші бөлімде шитті – мақтаны ірі қоқым – қоқыстардан тазалайтын, колосникті тор мен тісті араны зерттеу жұмыстары статикалық есептемелермен анықталды. Шитті мақта-құрамында, қиқым-қоқыстар көп болған жағдайда бірнеше рет тазалауды және колосникті тор құрылымын жетілдіруді қажет етеді. Жаңа құрылымның жұмыс істеу қабілетін зерттеу үшін, шитті-мақта құрамындағы қиқым-қоқыс пен тазалағыш құрылғылардың арасындағы күштік қатынастарды анықтаймыз. Мақта талщығын тазалайтын колосникті тор мен тісті араға, тазалау жұмыстары кезінде бірнеше салмақ мөлшеріндегі күштер әсер етеді. Тор колоснигі мен талшыққа түсетін күштерді кеміту үшін телоскопты стержен мен жылжымалы серіппені, ірі қиқым-қоқыстардың соққы күштеріне қарсы орналастырып құрылымын жетілдіреміз.

Шитті-мақтаны тазалау кезінде, белгілі колосникті тор құрылғысы қиқым-қоқыстарды толық тазалауды қамтамасыз ете алмайды. Тісті ара мен тор колоснигінің жылжуы аралығынан өте ірі қиқым-қоқыстар келген жағдайда тазалағыш құрылғыларды зақымдайды. Жоғарғы жылдамдықпен ірі қиқым-қоқыстардың соққы күші, талшыққа күшті әсер еткен жағдайда, талшық үзіліп не түрлі жағдайлармен жарамсыз болып қалады. Аталған кемшіліктердің орнын толтыру үшін телоскопты стержені бар жылжымалы серіппені қолданып, колосникті торға, тісті араға және шитті мақтаға әсер ететін күштердің шамасын азайтамыз.

Мақта талшығын тазалау кезінде әсер етуші күштердің шамасын жобалап, жетілдірілген тор колосниктерін түрлі бағытқа қозғалатын етіп, қапталға қозғалмалы етіп бекітіп, қапталдың аралық жылжытқышына, телоскопты стержені бар, жылжымалы серіппені орнатып, қоқыстан тазалау кезіндегі күштерді зерттейміз.

1- сурет. Қиқым-қоқыстарды тазалау процесіндегі күштік қатынастар

Талшық құрамындағы қиқым-қоқыстарды тазалау жұмысын қамтамасыз ету үшін, колосникті тор құрылымындағы қозғалмалы серіппенің жұмыс тиімділігін кинематикалық 1-сызба түрінде дәлелдейміз. Мұнда шитті-мақтаны тазалаудың бастапқы жағдайы мен тазалаудан кейінгі жағдайы және колосникті торға күш әсер еткеннен кейінгі жағдайы бойынша қарастырылған. 1-сызба тор колоснигі мен талшық құрамындағы қиқым-қоқыстардың әсер етуші күштер, қозғалысы бейнеленген.

Суретте келтірілген мәндердің белгіленуі төмендегідей болады.



барабанға бекітілетін араның радиусы;

қиқымдардың радиусы;

колосниктің радиусы;

ара мен қоқым арасындағы шеңберлік күш;

қоқымның инерция күші;

қоқымның колосник торына соғылу күші;

қоқымның инерция күші мен соңғы серпімділік күші;

колосник пен бекітілу нүктесіне дейінгі қашықтық;

серіппенің сығылу мөлшері;

1-1-ара тісінің троекториясы;

2-2-қоқымның троекториясы;

қоқымның алғашқы колосникке түйісу бұрышы;

қоқымның колосниктен шығардағы түйісу бұрышы;

ара барабанының центрі;

колосникті тордың алғашқы центрі;

колосниктің қоқым шығардағы центрі;

қоқыс центрлері;

қоқымның арамен түйісуі;

қоқымның колосникпен түйісуі;

1-суретте көрсетілгендей, колосниктің жаңа құрылымы, нүктесінде серіппе арқылы бекітіледі. Барабанға бекітілген араның жылдамдыығы қозғалу троекториясы 1-1.



Ара қоқымды іліп алып (нүктесі) колосникке соғады (нүктесі). Сонда колосниктің центрі серіппені ығыстырады да келтіреді. Сонда қоқымның центріден ге, ал араның түйісу нүктесі ден келеді. Сол уақытта колосник пен қоқымның түйісуі келеді. 2-2.

Қоқымнаның тез арада ығысып кетуі, серіппенің серпімділік процесіне тәуелді (). Қоқымнан шитті тазалау кезінде мынандай күштер пайда болады: нүктесінде қоқым мен ара тісі арасындағы шеңберлік күш; тербелісіндегі шеңберлік күш; осы нүктелердегі қоқымның инерциялық күші; қоқымның колосникке соғылу күші; және центрінен жүргізілген серпімділік күштер. Бұлар да қоқым мен колосниктің нүктелеріне күштер тәуелді, демек қоқымның колосникке кірер және шығар нүктелеріне сәйкес XYO (1) тепе-теңдік теңдеуін құрамыз.



; (1)

; ; ; серіппенің сығылуы коэфициенті мен серіппенің қаттылық коэфициенті келесі бөлімде қарастырылады.

Үшінші бөлімде қозғалмалы колосникті тордың жұмыс кезіндегі күштерге қарсылығы, төзімділігі, тазалау кезінде қоқыс мақта арасынан ұшқан соққы күшінің әсеріне шыдамдылығы теориялық есептеу жолдармен дәлелденді. Тісті ара арқылы келген қоқыс мақта талшығы, тор колоснигіне тиіп күшпен әсер етеді. Серіппенің (2) қаттылық коэфициенті мен серіппенің сығылу коэфициенті (3), талшықты тазалау кезінде жылжымалы тор колоснигі құрылымына беріктік, серпімділік қасиет береді.

;

қоқымның соққы күші

;

онда


; (2)

сонымен



(3)

бойынша серіппенің параметрлерін таңдаймыз.

ХУ-өсі бойында қозғалған минералды немесе органикалық қиқым-қоқыстар бұрышы аралығында жылжымалы серіппе орнатылған тор колосниктеріне әсер етеді. О1 өсі мен О2 – өстерінің аралығындағы Rсер-1 мен Rсер-2 серіпелердің екеуі де әсер етуші күштердің себебінен, бір сызықтың бойымен қозғалыс жасап жинақталған. және ХУ өстерінде күшті соққыдан тор колоснигі қозғалып, соның нәтижесінде және - колосниктері аралығынан қоқыстар еркін өтіп тазаланады, құрылғыларды зақымдамайды. А1 нүктесінен А2 қарай қозғалған қиқым-қоқысқа қарсы, I – тор колоснигі әсер етеді де нәтижесінде өзі де бастапқы өсінен II – қозғалады. Колосникті тор құрылымындағы серіппеге күштің әсер ету жағдайын 2-суреттегі математикалық түрге келтіріп былайша анықтаймыз.





2-сурет. Жылжымалы серіппенің күш әсерінен қозғалуы


мұндағы серіппенің серпімділік күші;

мұндағы серіппенің қозғалыс коэффициенті;

білік пен соңғы нүктеге дейінгі ұзындық; серіппенің күш әсер еткендегі кезіндегі ұзындығы;

серіппенің жиналуы;

серіппенің орам саны:

Төртінші бөлімде шитті-мақтаны ірі қоқым-қоқыстардан тазалайтын колосникті тордың жаңа конструкциясын сынақтан өткізу жұмыстары жасалынды. Колосникті тордың жаңа конструкциясын мақта талшығын тазалау өндірісіне енгізу жұмыстарының эксперименті жасалынды. Жаңа құрылымды өндіріске енгізудің нәтижесінде колосникті тордың жылдық экономикалық тиімділігін есептеу жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Қозғалмалы колосникті торды пайдаланып, ірі қиқым-қоқыстарды тазалау процесі кешенді түрде зерттелді. Зерттеу нәтижесінде колосник пен қиқым-қоқыс және барабанға бекітілген тісті ара арасындағы күштік қатынастар анықталды. [2] Жаңадан жасалған серіппелі колосниктің жұмыс істеу қабілеті параметрлерге тәуелділігі анықталды: Сонымен қатар тор колосниктерінің тазалау процесі, серіппе параметрлеріне тәуелді.[3] Шитті мақтаны ірі қиқым-қоқыстардан тазалайтын қозғалмалы колосникті торға жылжымалы серіппе орнатылып, зерттеу жұмыстары теориялық және эксперименттік түрде жүргізілді. Шитті мақтаны ірі қиқым-қоқыстардан тазалау жұмыстарының өзектілігі ғылыми теориялық зерттеулердің нәтижесінде кешенді түрде шешілді.
Қорытынды
1.Колосникті тордың құрылымы жылжымалы серіппенің нәтижесінде қозғалмалы етіліп жетілдіріліп өнертабыстық патентке №2010/1253.1; №2010/0635.1 өтініш берілді.

2.Колосникті тор тазалағышына телоскопты стержені бар жылжымалы серіппені орнатудың тиімді жолдары зерттеліп анықталып .

3.Шитті мақтаны тазалау кезінде зақымдалатын колосникті тордың бастапқы қасиетін сақтау жұмыстары зерттеу нәтижесінде анықталды.

4.Колосникті тор мен тісті барабанның талшықты тазалау кезіндегі ауытқу аралықтары 5мм, орташа және ең төменгі тазалау мөлшері –10%, қоқыс мақтадағы ұшқынның бөлінуі шамамен 2,6% – ке жоғарылатылды.

5.Эксперименттік зерттеу қондырғысында мақта талшығы арасындағы ірі қиқым қоқыстарды тазалағанда, колосникті тордың қозғалысы, теориялық зерттеулермен анықталды.

6.Колосникті тордың талшықты тазалау кезіндегі жылжымалы қозғалысы, белгілі тор колосниктеріне қарағанда артықшылықтары жетілдірілді. Жылжымалы колосникті тормен мақта талшығын тазалағанда, мақтаның тазалық құрамы зерттеу нәтижесінде анықталды.

7.Зерттеліп жетілдірілген тазалағыш колосникті тор мен тісті араны, мақта тазалау зауытына енгізгенде жылына бір тазалау машинасынан 23800 мың теңге үнемделеді. Жылына бір зауыттағы мақта тазалағыш машиналардан 285408,48 теңге үнемделеді.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ:
1. Каримов С.С., Айтуленова Қ.Т. «Жеңіл өнеркәсіпті дамытуда-тоқыма кластерінің алатын орны» «Дизайн және технология» Алматы 2009 жыл. № 1, 50–53 беттер.

2. Каримов С.С., Асанова С.Ж.., Айтуленова Қ.Т. «Шитті мақтаны алғашқы өңдеуді жетілдіру туралы» «Дизайн және технология» Алматы 2009 жыл. № 2, 5–8 беттер.

3. Каримов С.С., Асанова С.Ж.., Назарбекова С.П., Айтуленова Қ.Т. «Мақта сортының экономикалық өзекті мәселелері» «Дизайн және технология» Алматы 2009 жыл. № 3, 98–99 беттер.

4. Каримов С.С., Асанова С.Ж.. «Колосникке ірі қиқым – қоқыс ұшқынының әсер етуі, соққы күшін анықтау». «Дизайн және технология» Алматы 2010 жыл. № 1, 18–20 беттер.

5. Каримов С.С., Асанова С.Ж. «Мақта талшығын ірі қиқым –қоқыстан тазалау». «Дизайн және технология» Алматы 2010 жыл. № 2, 9-11 беттер.

6. Каримов С.С., Асанова С.Ж.. «Мақта талшығын ірі қиқым-қоқыстан тазалау». «Тамақ технологиясы және сервис» Аматы 2010 жыл. № 4, 92–94 беттер.

7. Каримов С.С., Асанова С.Ж., Джомартов А.А., Айтуленова К.Т. «Колосникті тор мен тісті барабан арасының технологиялық өзгеру аралығы». Халық тұтынатын тауарлардың иновациялық технологиясы, сапасы және қауіпсіздігі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы, 17-18 маусым, 2010ж. 280-282беттер.

8. Каримов С.С., Асанова С.Ж., Джомартов А.А., Фазылбаева Н.Р. «Мақта шикізатын ірі қиқым-қоқыстан тазалау қондырғысы». Халық тұтынатын тауарлардың иновациялық технологиясы, сапасы және қауіпсіздігі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы, 17-18 маусым, 2010ж. 282-284беттер.

9. Каримов С.С., Асанова С.Ж., Джомартов А.А., Қалдыбаев Т.Д. «Колосникті тордың тазалау тиімділігін арттыру». Халық тұтынатын тауарлардың иновациялық технологиясы, сапасы және қауіпсіздігі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы, 17-18 маусым, 2010ж.284-286 беттер.
РЕЗЮМЕ

Каримов Сундет Смаханович

Диссертация на соискание ученой степени кандидата технических наук на тему «Исследование и совершенствование процесса очистки от крупного сора волокнистых материалов» по специальности 05.02.13 – «Машины, агрегаты и процессы легкой промышленности».


Ключевые слова: Машина для очистки, колосниковый механизм, колосниковая решетка, зубчатый барабан, пильчатый барабан, боковина, перегородка, сегмент, зубчатая гарнитура, щетка для очистки, пружина.

Объект исследования: Установление колосниковой решетки телескопического стержня с движущей пружиной, для очистки крупного сора из минеральных и органических примесей.

Цель исследования: Совершенствование структуры колосниковой решетки для очистки хлопка сырца от крупного сора. Установление на колосниковой решетке движущей пружины с телескопическим стержнем, исследование путей быстрой замены поврежденных зубчатых деталей.

Методы исследования: Для решения комплекса вопросов в работе использовано сочетание теоретических и экспериментальных методов исследования. В теоретических и экспериментальных исследованиях использованы общая теория очистки волокон, основные положения механики, динамики и кинематики. Исследована прочность движущей пружины с телескопическим стержнем с помощью теоретических методов, в результате получены математические параметры, использованные при расчете движений колосниковой решетки.

Входе экспериментального исследования были смонтированы специальные установки для очистки хлопка сырца - ЧХ-ЗМ2, «Мехнат» РХ и проведены экспериментальные работы. Исследовано строение машины для очистки хлопка-сырца, вибрация колосниковой решетки, режим очистки крупного сора, прочность к усилиям, а также прочность установки.



Новизна и результаты исследования: – решены задачи по совершенствованию установки путей очистки хлопка – сырца от крупного сора с помощью движущей пружины телескопического стержня колосниковой решетки. При использовании установки в условиях производства, ожидаемый экономический эффект от внедрения составит в год 285408,48 тенге.

Область применения: Легкая промышленность, ппредварительная очистка хлопка сырца.

RESUME

Karimov Sundet Smahanovich
The dissertation on competition of a scientific degree of Candidate Technical Science on theme «Research and perfection process of clearing from large rubbish of fibrous materials» on a speciality

05.02.13 – «Cars, units and light industry processes».
Keywords: Тhe car for clearing, grid-iron mechanism, grid-iron lattice, gear drum, saw drum, side, partition, segment, gear set, brush for clearing and spring.

Object of research: Establishment of a grid-iron lattice of telescopic core with a driving spring, for clearing of large rubbish from mineral and organic impurity

The aim of the research: Perfection of structure of a grid-iron lattice for clearing of a clap of raw of large rubbish. The establishment on a grid-iron lattice of a driving spring with a telescopic core, research of ways of fast replacement of the damaged gear details.

Research methods: For the decision of complex questions in work is used the combination of theoretical and experimental methods of research. In theoretical and experimental researches are used the general theory of clearing of fibres, substantive provisions of mechanics, dynamics and kinematics. It is investigated durability of a driving spring with a telescopic core with the help of theoretical methods; in the result received the mathematical parameters are used at calculation of movements of a grid-iron lattice.

During the experimental research has been mounted special installations for clearing of a clap of raw - ЧХ-ЗМ2, "Mehnat" РХ and spent experimental works. It is investigated the structure of the car for clap-raw clearing, vibration of grid-iron lattice, mode of clearing of large rubbish, durability to efforts and also durability of installation.



Novelty and results of research: – are solved problems on perfection of installation of ways of clearing of a clap-raw from large rubbish with the help of a driving spring of telescopic core of a grid-iron lattice. At installation use in the conditions of production, expected economic benefit of introduction will make 285408,48 tenge in a year.

The region of using: Light industry, preliminary clearing of a clap of raw.

Баспаға 22.10.10 жылы қол қойылды.

Пішімі 60х84 1/16 баспа орталығы Rizo

Есепті баспа 1,5 п.л. Таралымы 100 дана. Тапсырыс №


Баспа орталығы ИИЦ «Сымбат» АДТ

050004, Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі 65 А



Тел.: 273 05 11, факс 250 73 69



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет