«Kazaid» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы «Дамуға ресми көмек туралы»



жүктеу 102.08 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі102.08 Kb.

«KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

«Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V ҚРЗ Заңының 6-бабының 3- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, дамуға ресми көмек саласындағы оператор ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бағынысты және оған есеп беретін «KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» (әрі қарай – Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі нысаны болып мыналар белгіленсін:

1) уәкілетті органға дамуға ресми көмек саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

2) дамуға ресми көмек саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу;

3) уәкілетті органға дамуға ресми көмек бойынша жобалық ұсыныстарды енгізу;

4) дамуға ресми көмектің іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу;

5)  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарымен және шет мемлекеттермен дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимылды іске асыру;

6) Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерімен дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимылды іске асыру;

7) Қазақстан Республикасы өз бетімен немесе донор-әріптестермен бірлесе қаржыландаратын сыртқы әріптестердің дамуға ресми көмек жобаларын іске асыру бойынша қызметіне мониторинг жүргізу мен бақылау;

8) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

9) дамуға ресми көмек саласында есеп жүргізу және уәкілетті органның талабы бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп беру;

10) дамуға ресми көмектің көлемі мен секторалды басымдылықтары бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

11) дамуға ресми көмек саласында Қазақстан Республикасы аумағындағы және шет елдердегі жеке және заңды тұлғалармен келісімдер жасасу;

12) дамуға ресми көмек саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтерді көрсету;

13)  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы «Дамуға ресми көмек туралы», «Дамуға ресми көмек көрсету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарында және дамуға ресми көмек саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» Мемлекеттік мекемесінің балансында тұрған республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қоғамның жарғысын әзірлеу мен бекітуді және Қазақстан Республикасының әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

2) осы жарғының 2-қосымшасына сәйкес Қоғамның директорлар кеңесі құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерін сайлауды;

3)  Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануы тиіс.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы «___» __________

№ ______________

қаулысына 1-қосымша

«KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» Мемлекеттік мекемесінің балансында тұрған республикалық мүліктің тізімі




п/п


Мемлекеттік мүліктің атауы

Ауданы

Саны

Кадастрлік нөмірі

Баланстық бағасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қ. Есіл ауданы, Қабанбай батыр к-сі,

№ 28б үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараты



м2


1277,0

21:320:072:836:28а

105 766 834,02



2.

Астана қ. Есіл ауданы, Қабанбай батыр к-сі,

№ 28б үй мекенжайында орналасқан технология-лық қамтамасыз ету ғимараты


м2


606,4

21:320:072:836:28б

37 668 564,22



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы «___» __________

№ ______________

қаулысына 2-қосымша

«KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері



Әбдірахманов

Қайрат Құдайбергенұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға


Тілеуберді

Мұхтар Бескенұлы




-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары


Сүлейменов

Тимур Мұратұлы



-


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі



Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы



-


Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі



Қасымов Қалмұханбет

Нұрмұханбетұлы



-


Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі



Біртанов

Елжан Амантайұлы




-

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі



Мұхамедиұлы

Арыстанбек




-

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрі



Абаев

Дәурен Әскербекұлы




-

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі



Сағадиев

Ерлан Кенжеғалиұлы




-

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі



Бозымбаев

Қанат Алдабергенұлы



-

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі




Қасымбек

Жеңіс Махмұтұлы



-

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі




Бекетаев

Марат Бақытжанұлы




-

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі



Кәлетаев

Дархан Аманұлы



-

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі


Шпекбаев

Алик Жатқамбайұлы



-

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы




Евниев

Арман Қайратұлы



-

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі




Исабеков

Олжас Әзілұлы



-

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрілігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры







-

«KazAID» қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы «___» __________

№ ____

қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1999 ж., №13, 124 бабы):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қ.» бөлімі»:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-184-жолмен толықтырылсын:»

«21-98. «KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» КеАҚ.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-3 жолмен толықтырылсын:»

«239-3 «KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» КеАҚ.

3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында:



Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«3. «KazAID» Қазақстандық халықаралық дамуға жәрдемдесу агенттігі» КеАҚ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет