Кең тарады



жүктеу 46.96 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі46.96 Kb.

Тылдағы ерлік еңбек

Қазыналы қарашаңырақ
Қарағандының көмір базасы ретіндегі рөлі өте жоғары болды. Сол жылдары қазыналы өңірдің даңқы кең тарады. Оның өзіндік себебі де бар еді. Батыстағы ірі кен орындары, өндіріс ошақтары жау қолында қалып, барлық. салмақ елдің шығысындағы енді ғана анғын қаз басып келе жатқан өндіріс саласына тұсті. Соғыс Қарағадцы аймағының шаруашылық және мәдени құрылыстың үшінші бесжылдық жоспарын орындауына кедергі келтірді: Отанға қауіп төнген сәттен-ақ барлық өндіріс ошақтары соғыс жағдайына қарай қайта құрылды.

Уақыт талабына орай облыс еңбекшілері «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Қарағандының еліміздің басты көмір базаларының біріне айналуы да осы ел басына күн туған қаһарлы күндерде еді.

Жау басып алған мекендердегі кәсіпорындар елдің шығыс аумағына жаппай көшіріле бастаған сол жылдарда Қарағандыға да бірқатар кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу инотитуттары және басқа да мекемелер жеткізілген. Солардың ішінде ең негізгісі деп Пархоменко атындағы Луганск көмір машиналарын жасау заводын айтуымызға болады. Ол соғыстың алғашқы айларында-ақ Қарағандыға көшірілген. Соғыс кезеңінде Совет Одағының қолдағы барлық соғые және өндірістік арсеналарды ұтымды шоғырландырып, жаңа жағдайға шапшаң қалыптастырғанын айту қажет.

Тез арада қатарға қосылып, өнім шығара бастаған Пархоменко атындағы заводтың жасаған кен жабдықтары Қарағандының, Сібір мен Қиыр Шығыстың көмір кеніштеріне жөнелтілді. Қарағандыға кен жабдықтарын жасау заводының көшірілуі, әрі білікті маман-инженерлердің келуі Қарағандыда көмір қазу машиналарын жасау ісін дамытуға кең жол ашты. 1942 жылы Жаңа Қарағанды кен-шахта және машина жасау заводтарын құру ісі қолға алынды.

Тек 1942-44 жылдар аралығында Қарағандыға еліміздің Батысынан 50 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді. Олар шахталарда, өндіріс орындарында, сондай-ақ халық шаруашылығының түрлі саласында еңбек етті.

Қарағандының соғыс жылдарындағы еңбек қарқынын еселей арттыруына Мемлекеттік Қорағаныс Ксмитетінің 1942 жылдың 13 қыркүйегіндегі қабылданған «Қарағанды көмір бассейнінде көмір шығаруды ұлғайту жөніндегі шүғыл шаралар туралы» және БК/б/П Орталық Комитетінің осы жылдың 24 қыркүйегінде қабылданған «Көмір шығаруды ұлғайту міндеттерінің қойылуына байланысты Қарағанды кемір бассейнінде партиялық жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулылардың маңызы зор болды. Себебі 1942 жылдың күзінен бастап кеніште көмір өңціру көлемі күрт өсті. Жаңа шахталар қауырт ашыла бастады. Егер 1941 жылы өндірістік қуаттылығы жылына 550 мың тонна жаңадан үш шахта ашылса, ал 1942 жылы қуаттылығы анағұрлым жоғары 12 шахта және екі көмір разрезі пайдалануға берілді. Егер сол жылдардың көмір шығару көрсеткіштеріне үңілсеңіз мына жайды анық байқауға болады. Қарағандыға соғыстың ең қиын кезеңдерінде көмір өндіру мөлшері үздіксіз өсіп отырған. 1941 жылы Қарағанды кеніші жыл ішінде 7,2 млн.тонна көмір шығарды. Ер азаматтардың майданға кетуі, білікті мамандар к.атарының сирексіп қалуы, жер асты ауыр жүмысына әйелдердің, жасөспірімдердің тартылуы көмір өндірудің көрсеткішіне әсерін тигізбей қалған жоқ. Оны 1942 жылы бассейннің бүған дейінгі жылдан сәл аз, 7 млн. тонна көмір өндірілгенінен-ақ анық аңғаруға болады. Алайда бұдан соң жағдай күрт өзгерді. 1943 жылы 9,7 млн. тонна, 1944 жылы 10,9 млн. -тонна, ал 1945 жылы 11,3 млн. тонна көмір өндірілген. Сол жылдардың деректері тағы да мына жайларды мәлімдейді. Соғыс жылдары Қарағандыда кокстелген көмір шығару 2,3 есеге артқан. егер лавалар мен забойларда соғыс жылдарында 43 мың адам еңбек етсе, олардың 35 мыңы жаңадан қабылданғандар еді. Шахтада еңбек ететіндердің ,,біршамасы әйелдер мен қарттар болды. Кеніштің ауыр жұмысына 12 мыңнан астам әйелдер (соның ішінде 2450-і тікелей жерасты забойына) тартылды.

Солардың араларынан ерен еңбегімен көзге тұскен Ж.Мұқанова, К.Құлжанова, А.Жданова, М.Каримова, Л.Лукина, З.Раева, М.Смағұлова, Б.Ташкеева, М.Тұрлыбаевалардың есімдерін атап өтуге болады.,

Жетпіс жасар қарт шахтер Бекбосын Сиқымбаевтың патриоттық өнегесі талайларды жеңіс жолындағы өнімді еңбекке жігерлендірді. Ол 1939 жылы зейнеткерлікке шыққан еді, бірақ ел басына қатер төнгенде қолына қайласын алып шахтаға қайта түсті. Халық ақыны Ілияс Манкин оның ерлігін өзінін «Бекбосын» атты дастанына арқау етті.

Соғыс жылдарындағы көмір өндіру ісінің күрт жоғарлауына Қарағанды көмір кенішінде ғылым мен техниканың үздік жетістіктерінің кеңінен қолданыла бастауының тигізген ықпалы мол болды. Соғыс жылдары №31 шахтаның механигі Семен Семенович Макаров көмір шығару, қопару, қазу жұмыстарындағы еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру мақсатында өзі жасаған кен комбайнын өндіріске енгізуді ұсынды. Алғашқы сынақтар жаңа техниканың еңбек өнімділігі шын мәнісінде жоғарылататынын, жұмыс күшін, яғни еңбек ететін адамдар санын азайты, көп көмір шығаруға болатындығын дәлелдеді.

Семен Макаров Қарағандыдағы еңбек қадамын 1942 жылы №31 шахтада (кейінгі К.Горбачев атындағы шахтада) бастайды. Осы шахтаның бас механигі болып жүргенде өзінің көптен бері көкейінде жүрген ойын жүзеге асырып. кен машинасын жасап шығарады. Кейін осы жұмысын жетілдіру мақсатында ол І945 жылы Қарағандыдағы кен техникасын жасап және жетілдіру жөніндегі арнаулы конструкторлық бюроның жетекшісі болды.

Кейін екі дүркін Республика Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланды.

Міне, соғыстың қызған кезінде іске қосылған Макаров кен комбайны Қарағанды кенішінде еңбек өнімділігі күрт көтеруге зор септігін тигізді. Бассейнде социалистік жарыс кең өріс алды. Мәселен, 1943 жылы кеніштегі комсомол-жастар бригадалары жыл ішіңде жоспардан тыс және негізгі жұмыс уақытынан тысқары мерзімде 130 эшелон көмір өндірді. Қазыналы Қарағанды барша еліміз тәрізді, Қазақстанның да әр облысының назарында, қамқорлығында болды. Айталық, іргелес Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілері Қарағандының №1,2 және 18-ші шахталарын қамқорлыққа алды. Колхоздар мен МТС-терден Қарағандыға 500 жұмысшы жіберілді. Кеншілерді азық-түлікпен, басқа да қажетті жарақтармен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді.

Соғыс жылдары Қарағандыға Киевтің Леся Украинка атындағы орыс драма театры мен Мәскеудің камералык. театры көшіп келген. Олар жергілікті өнер ұжымдарымен, әсіресе радио комитетінің жанындағы Қазақ. хорымен қоян-қолтық араласа жұмыс істеді.

1943 жылы облыстык, «Советтік Қарағанды» газетінің ұйымдастыруымен Қарағандыда ақындар айтысы өтті. 13 шілдеде Қарағандының №18 және №20 шахталары атынан басталған ақындар айтысы облыстың барлык, өңірін, Балқашты, Нұра мен Қарқаралы аудандарын, одан әрі Семей облысы өнірін қамтып 14 тамызға дейін өтіп барша халықты фашистік Германияны жеңу үшін еңбек табысын еселей түсуге моральдық-саяси күштерді топтастыруға шақырды. Бұл кездесулерге Доскей, Шашубай, Қайып, Көшен, Ілияс тәрізді тағы басқа күміс көмей ақындар қатысты.



Майдан даласында жауынгерлер ұлы жеңіске жетуге ұмытылса, тылда да әр жүрек сол үмітті күнді асыға күтті. Содан да болар, еңбек қаркыны күн санап өсіп, Қарағандының өндірістік қуаты артты, соның мысалы ретінде соғыстың соңғы жылында Қарағанды кеніштері көмір шығаруды соғыс қарсаңындағы кезеңмен салыстырғанда екі есеге жуық өсіргенін айтуға болады. Ұлы Отан соғысы жылдарына Қарағанды кеншілері Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің Қызыл Туын алты мәрте жеңіп алды.

Аман ЖАНҒОЖИН,

Ермағамбет ЛҰҚПАН.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет