Кеден одағының сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесінде кедендік бекеттер мен электрондық өткізу пункттерін техникалық жарақтандыру және жабдықтау бойынша 2010жылға көзделген жұмыстар аяқталуға жақын



жүктеу 79.61 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі79.61 Kb.

«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жәмішевтің баяндамасы


Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Шақырылғандар!
2010 жыл ішінде Қаржы министрлігінің қызметі Қазақстан халқына қаңтардағы Жолдауында Елбасы берген тапсырмаларды орындауға бағытталды. Біздің алдымызда кең ауқымды үдемелі индустрияландыруды дамыту көмегімен дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру және жаңғырту міндеті тұрды.

Бұл үшін 2010 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес елдің бюджетіне 124,3 млрд. теңге мөлшерінде кепілдік берілген трансферттің қосымша көлемі тартылды, ол экономиканы жылдам әртараптандыруға және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды.

2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нығайту жөнінде үлкен жұмыс жасалды. Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді, ынталандырушы шаралар көзделді, темекі бойынша акциздік саясат анықталды. Мұнайға экспорттық кеден бажы енгізілді, Кеден одағының импорттық баждарын бөлу тетігі әзірленді және ойдағыдай енгізілді және тұтастай алғанда салықтар мен кедендік төлемдерді төлеу тәртібі күшейтілді. АЭА үшін жеңілдіктер және құрылымдау үшін банктердің провизиялары бойынша шешімдерді іске асыру алдымызда тұр. Салық саясаты және тиісінше әкімшілік жүргізу саласындағы жасалған таңдау табыстылығын халықаралық сарапшылар да растады, мәселен Дүниежүзілік банктің «Doing Business-2011» рейтингінде «Салық салу» индикаторы бойынша өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 14 позицияға көтерілді және 183 елдің арасында – ТМД елдерінің арасында ең жоғары орын – 39 орынды алып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс, оның ішінде салық есептілігін қысқарту және әкімшілік жүргізуді одан әрі жақсарту бойынша да жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік бюджеттің түсімдері (қарыздардың түсімін есепке алмағанда) 1 желтоқсанға 3 826,9 млрд.теңгені немесе 100,7%-ды құрады, (1-слайд) республикалық бюджеттің түсімдері 3 230,3 млрд.теңгені немесе 100,2%-ды құрады, бұл ретте 2010 жылдың қорытындысы бойынша кірістерді 104,1%-ға атқару күтіліп отыр, 2009 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке кірістер 777,5 млрд. теңгеге көп түседі (2-слайд), бұл қалыптасып отырған экономикалық өсіммен келісіледі.

Егер Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферттің түсімдерінсіз республикалық бюджеттің кірістері туралы айтатын болсақ, 2010 жылда жоспардың 106,5%-ға орындалуы күтіледі, артығымен орындау 143 млрд. теңге сомасында, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 133,4 млрд. теңгеге немесе 7,1%-ға ұйғарылады.

11 айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеусіз) 4 318,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 95,1%-ға атқарылды (3-слайд). Бұл ретте әкімшілермен бірлесіп жүргізілген шығыстардың атқарылуын талдауға сәйкес республикалық бюджет қаражатын 4 303,2 млрд.теңгеге немесе 99,6%-ға игеру күтіледі (4-слайд).

Төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы 2009 жылмен салыстырғанда 70%-ға қысқартылады және шамамен 20 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте игерілмеу маңызды мемлекеттік міндеттердің орындалмауымен байланысты емес және олар мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, бағамдық айырма есебінен және резерв қаражатын толық бөлмеуге байланысты қалыптасты.

Бұл ретте атқарылмаудың күтілетін сомасынан 5,5 млрд. теңге сомаға 2010 жылғы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінде 2011 жылы шарттарды тіркеу талап етіледі, ол ағымдағы жылдың аяғына дейін нақтыланатын болады.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы - 491,4 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша - 591,4 млрд.теңгені немесе болжамдалатын ЖІӨ-нің 3,1%-ын құрады, жылдың аяғына ол Заңмен бекітілген 4,2%-да 3,5%-дан аспайды деп күтіледі және алдағы 3 жылда осы көрсеткіштің жоспарлы түрде азаюы көзделіп отыр.

Елбасы біздің алдымызға қойған Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетке кеңінен тоқталып өткім келеді.

Мәселен, кеден одағының Кеден кодексі және бірқатар үшжақты халықаралық келісімдер қолданысқа енгізілді, ұлттық кеден кодексі біріздендірілді және Кеден одағының ішінде кедендік ресімдеу жойылды.

Кеден одағында ақпараттық алмасуды дамыту мәселелері жоспарлы шешілуде, 15 қарашадан бастап транзит рәсімі бойынша тасымалданатын тауарлар бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйелері бойынша ақпарат алмасу жүзеге асырылады. 1 қаңтардан бастап жүк кеден декларацияларының электрондық көшірмелерінің дерекқорынан ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

Кеден одағының сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесінде кедендік бекеттер мен электрондық өткізу пункттерін техникалық жарақтандыру және жабдықтау бойынша 2010 жылға көзделген жұмыстар аяқталуға жақын.

Мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін Кеден одағының сызық сыртына кезең-кезеңімен көшіру жұмысы шеңберінде Кеден одағына мүше елдер арасында Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісім жобасы дайындалды. Бұл келісімнің қабылдануы 2011 жылдың бірінші жартысында-ақ көліктік бақылауды Кеден одағының сыртқы шекарасына көшіруді іс жүзінде іске асыруға өтуге мүмкіндік береді.

2010 жылы тексеру органдарының саны мен шекарадан жүктерді өткізу уақытын қысқартуға бағытталған интеграцияланған кедендік бақылау енгізілді. Электрондық бірыңғай терезені енгізу бойынша жұмыс басталды.

2010 жылдың 1 шілдесінен бастап кеден одағында өзара сауда-саттықта жанама салық алуды салық органдары «бағыт алған ел» принципі бойынша кедендік жүк декларациясын ресімдемей-ақ жүргізеді. Осыған байланысты Салық кодексіне өзгерістер әзірленді және енгізілді. Бұл ретте экспорт және импорт кезінде ҚҚС салу ерекшеліктері, сондай-ақ акциздік таңбалау жөніндегі талаптар айқын регламенттелді.

Жанама салықтарға әрекетті әкімшілік етуді қамтамасыз ету мақсатында кеден одағы ішіндегі өзара сауда-саттықта бақылаушы мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу бойынша мәселелер пысықталды.

Жанама салықтарға жаңа схема бойынша әкімшілік ету кезеңінде оң нәтижелер бар – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда Ресейден импорттаушылардың - 1,2 есеге, Беларусьтан – 1,22 есеге өсуі тіркелген. Декларацияланбаған әкелу бойынша қауіп жойылды –КО елдерінен импорттау кезінде бұдан бұрын қолданыста болған, жойылған кедендік жүк декларацияларымен салыстырғанда СК серверіне тауар әкелу және салық төлеу туралы алынған өтініштердің саны 1,6 есеге өсті. Бұл кәсіпкерлікті жандандыру, рәсімдерді жеңілдету мен әкімшілендіруді автоматтандырудың пайдасы.

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындылары бойынша КТжС түсімдері 642,8 млрд.теңгені немесе жоспардың 103,7%-ын құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда осы түсімдер 121,2 млрд.теңгеге немесе 23,2%-ға ұлғайды.
(5- Слайд).

1 шілдеден бастап Ресейден және Беларусьтан импорттауға салынатын ҚҚС 72,9 млрд.теңгеден астам немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артық жиналды. Сонымен қатар экспорт та өсіп келеді. Ресей және Беларусь салық органдарынан ҚР-дан іс жүзінде тауар әкетуін растайтын 2,4 мыңнан астам өтінім алынды – бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін «0» ставканы қолдануды жеңілдетеді. Осындай ақпаратты Қазақстанның салық органдары да КО елдеріне ұсынады.

Кеден одағының құқықтық базасы қалыптастырылды және енді алда БЭК бойынша келісімдер енгізу бойынша жұмыстар күтіп тұр, олардың арасында маңыздысы мемлекеттік сатып алуды толығымен электрондық форматқа ауыстыру болып тұр.

9 желтоқсанда қол қойылған және ратификациялауға жататын Мемлекеттік сатып алу туралы келісім БЭК-ке мүше мемлекеттер арасындағы мемлекеттік және муниципалдық сатып алу саласындағы саясатты реттеуге бағытталған.

Келісімде мемлекеттік сатып алуды электрондық форматта мынадай: электрондық сандық қолдарды пайдалана отырып, конкурс, баға ұсынысын сұрату, аукцион тәсілдерімен жүргізу ұсынылады. Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың тек электрондық нысанын қолдануға 2012 жылғы 1 шілдеден бастап көшу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі тұтас алғанда мемлекеттік сатып алу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу процесін белсенді жалғастырып жатқанын атап айтқым келеді. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап баға ұсынысын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тек қана электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуде, бұл сауданың транспаренттілігін, айқындығын, бәсекеге қабілеттілікті кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа жеткілікті деңгейде ауқымды әсер алынды – шартты үнем 23,4 млрд.теңгені құрады.

2010 жылғы 28 сәуірден бастап Қаржы министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары «пилоттық» режимде мемлекеттік сатып алуды электрондық конкурс тәсілімен жүзеге асыруды бастады.

2012 жылғы 1 шілдеден бастап келісімді жоспарлы орындауға шығуға мүмкіндік болу үшін келесі жылы барлық қатысушылар электрондық конкурстар ғана өткізулері қажет. Сонымен қатар, электрондық сатып алуға көшуді іске асыру үшін Ақпарат және байланыс министрлігі электрондық цифрлық қолтаңбаны (кілттерді) үзіліссіз беруді қамтамасыз етуі және барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды осындай кілттерді пайдалануды үйрету бойынша жұмыс жүргізуі қажет деп есептеймін, өйткені электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі сатып алуды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету және электрондық сатып алуды өткізу рәсімінде қолданылатын электрондық құжаттың шынайылығына кепілдік беру мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаның барлық рәсімдеріне көз жеткізумен ұйымдастырылған.

Дүниежүзілік Банктің «Бизнесті жүргізу» рейтингінде «Кәсіпорындарды тарату» индикаторы бойынша көрсеткіш 6-тармаққа жақсартылды (Қазақстан 48 позицияға орын тепті). Қаржы министрлігінің Веб-сайтында халық және бизнес үшін қажетті ақпаратты орналастыру, сондай-ақ жергілікті жерлерде жауапты байланыс үшін банкроттық мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестер құру жолымен кәсіпкерлік субъектілерінің, қоғамның банкроттық мәселелері жөнінде хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыстарды жандандыру есебінен қол жеткізілген нәтиже алынды.

Бұдан басқа өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін оңалту рәсімін пайдаланған ұйымдар саны 2 есеге артты, бұл 65 ұйымда 7 964 жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Қаржы министрлігі бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Осылай шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу кезінде қазынашылық органдары тарапынан ағымдағы бақылау күшейтілді, ол бюджетік бағдарламалар әкімшілерінің тәртібін жақсартуға әсер етті. Осы норманы енгізген сәттен бастап мемлекеттік бюджеттің дебиторлық берешегі 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша


43,1 млрд. теңгеге төмендеді.

2010 жылдың ішінде Министрлік жұмысы мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін, сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оның ФАТФ стандарттарына сәйкестендіру бөлігінде Қазақстанның қаржы мониторингі жүйесін жетілдіру бойынша жүйе іске енгізілді.

Қорытындылай келе, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға жүргізілген бақылаудың нәтижелерін атап өтемін.

Бақылау объектілерінің 6 мыңнан астамы тексерілді, мұнда шамамен 3,8 триллион бюджет қаражаты қамтылған.



Қабылданған шаралармен 28 млрд. теңгеден астамы қалпына келтірілді және бюджетке өтелді. Құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін бақылау материалдарының (1 300) астамы жіберілді.
Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет