Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің күшіне енуі туралы



жүктеу 9.96 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі9.96 Kb.
түріРегламент

Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің күшіне енуі туралы
Кедендік одақтың Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы № 877 шешіміне сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді (КО ТР 018/2011).

2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Техникалық регламенттің техникалық объектісі болып табылатын өнімге қатысты қабылданған немесе берілген, Кедендің одақтың нормативтік – құқықтық актілерімен немесе Кедендік одақтың мүше – елдерінің заңнамасымен бекітілген, міндетті талаптар туралы сәйкестікті растау құжаттары олардың қолданылу мерзімінің соңына дейін жарамды, бірақ 2016 жылдың 1 шілдесінен кейін емес, қолданылу мерзімі көлемдік квотамен шектелген көлік құралдарының партиясы және компоненттерінен басқалары.

2014 жылдың 9 желтоқсанындағы № 232 Еуразиялық Экономикалық комиссиясының алқасының шешімімен көлік құралдарының типін мақұлдау бланктерін толтыру, шасси типін мақұлдау, техникалық регламентке сәйкестігін куәландыратын құжатты жою туралы хабарлама, көлік құралдарының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік пен көлік құралдарының конструкциясына енгізілген қауіпсіздік талаптарының сәйкестігі туралы куәліктерді толтыру Ережелері қабылданды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет