Јкеге ќарап ўл ґсер, шешеге ќарап ќыз ґсер



жүктеу 73.81 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі73.81 Kb.

27 Дихан орта мектебі




Тақырыбы: « Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.»

4 сыныбы

Сынып жетекші: Өрісбаева Қ А.



Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер

(Сахнада сазды әуен, «Сарыарқа» күйі ойналады.)

(Отбасылық сайыс), 1 және 2 жүргізуші ортаға шығады.



1- жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым

Гүл – гүл жайнап біздің, мына, төрімізге.

2- жүргізуші:

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім?

Ата салтын бабамның

Алып келді, осы күн.

Қадірменді қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! «Шаңырақ сыны» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! (Ортаға отбасылары шақырылады.Әр отбасы өз орындарына барып жайғасып отырғаннан кейін, әділ қазылар алқасын таныстыру басталады. Содан кейін осы сайыстың басталу салтанатына қарт әжелер тілегін айтып, батасын беріп, шашу шашылады.Шашу шашылып жатқанда әдемі бір әуен ойналады. Әуеннің ырғағымен жүргізуші тойдың ашылуына байланысты жыр жолдарын оқиды.)

2- жүргізуші:

Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Арамызда, бүгін болар сайыстың

Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады.

(Домбырамен жыр немесе арнау орындалып болғаннан кейін жүргізушілер әр кезеңмен таныстырып өтеді).

1- жүргізуші: 1- кезең:

«Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер».

(Әр отбасы өзін-өзі таныстыру. Осы кезеңді не өлеңмен, не қара сөзбен таныстыру керек). Музыкалық үзіліс.

2- жүргізуші: 2- кезең:

«Ата мұраң – асыл қазынаң»

Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға, отбасы ақылдасып, бірігіп жауап береді.


Тапсырма мен сұрақ-жауап түрлері төмендегідей:
1. «Байғазы» және «Көрімдік» салт – дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?

«Байғазы» – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т.б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.

«Көрімдік» – жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

Айырмашылығы: Көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты.

2. «Бастаңғы» және «Қызойнақ» салтының мағынасын түсіндіріңіз және атап беріңіз.

«Бастаңғы» – үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді.Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауық жасап, бас қосуында.

«Қызойнақ» – әке – шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын- сауық ұйымдастырады. Оған (жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия және оның ұйымдастырушылары тек қыздар болғандықтан «Қызойнақ» деп аталады.

«Қызойнақ» – көп ұйымдастырылмайды, ата-ана қыздарының қатысуына қатаң тиым салған. Оның мақсаты – қыздарды жеңілтектіктен немесе ұят басып қалуынан сақтандырудан шыққан.

Айырмашылығы: Бастаңғы – жастардың ұйымдастыруымен ашық болады. «Қызойнақ» – қыздар ұйымдастырады, бірақ құпия түрде өтіледі.

3. «Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз.

«Жасау» – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі деседе болады.

«Енші» – балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.

Айырмашылығы: Қыздарға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады, ал балаларды жеке үй қылып шығарса (яғни, ата-анасынан бөлек «отау») оны «енші» дейді.

4. «Иткөйлек» және «Қырқынан шығару» салт-ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз.

«Қырқынан» және «қырқы» сөздерінің мағынасын ажыратыңыз.

«Иткөйлек» – ырымшыл халқымыз баланы (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп, бойларында сақтаған.

Иткөйлектің шығуы ит мойнына байланғандығында ғана емес, оны жеті қазынаның бірі деп, әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.



«Қырқынан шығару» – әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұл – ресми дәстүр. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қояды.

Айырмашылығы: «Қырқынан» деген баланы туғаннан қырық күн толған соң суға шомылдырады, тырнағын, шашын алады, соны айтады.

«Қырқы» - қайтыс болған адамның қырық күннен кейін «қырқы» берілді деп атайды. Мұны шатастырып алуға болмайды.



5. «Тәбәрік» және «Ерулік» салт-ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. «Тәбәрік» түрлеріне тоқталыңыз.

«Ерулік» – ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл – жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.

«Тәбәрік» – біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт «тәбәрік бер» деп сұрап алады. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараңдық дәстүр, сыйламағандық болып есептеледі.

Музыкалық үзіліс.



1- жүргізуші: 3 –кезең.

«Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер».

Әке тапсырмасы: домбыраға тиек жасау.

Анасы: көрпешеге ою ойып тігеді.

Балалары: ер бала әкесіне, қыз бала шешесіне көмектеседі, немесе бірігіп алдын- ала қағазға дайындалып таратылған бейне сөзді шешеді.

Музыкалық үзіліс.

3- жүргізуші: 4 – кезең.

«Халық тәлімі – тәрбие бастауы».

1- жүргізуші: Абзал тәлімгеріміз Ахмет Байтұрсынов «Ырым етсең, адал ет, жамандықтан аман ет» - деп тегін айтпаған ғой. Күні бүгінгіге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу.

Бала – біздің болашағымыз.

Ұлтымызда: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - деген дана мәтел бар. Олай болса, «Балапан қыран

болу үшін оны самғатып, ұшыратын атада қыран болуы керек» - деп, отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған.

Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, сандық ішінен нөмірленген асықтарды алуына байланысты

тапсырмаларын анықтайды.



Бала тәрбиесіне байланысты тапсырмалар мен сұрақтар және жауаптар

  1. Үйде ысқырма!

  2. Үйдегі жан басын санама! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) Үйде ысқырма, үйге жылан келеді дейтін ұғым бар. Жалпы қазақ ұғымында жылан – дұшпан. Немесе айдалада ысқырған желдей, ұлыған қасқырдай баспанасыз қаласың деген ұғым бар.

ә) Көп балалы ата-аналар жан басын санағанды жек көрген. «Көз тиеді», «көп екен», «сұқтанба» деп қорыққан.

3. Нанды бір қолыңмен үзбе!

Нан уағын тастама! – осы тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңздер.



Жауабы: а) Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей.

ә) Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал болады», «жеп қойсаң, бай боласың» деп тәрбиелеген.



Сұрақ: Отбасыңызда өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?

4. Қайтыс болған адамға топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа! Күректі екінші адамға қолыңмен берме!

Бейіт топырағын сәндеме, ескі зиратты жөндеме! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) Өлімге ризалық білдірме дегенді білдіреді. Соңғы қызметіңді өтеп тұрған күшіңді аяма деген сөз.

ә) Өлім тілейді деген мағынада.



Сұрақ: Балаңыздың бойынан ұлтыңызға тәнқандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

5. Желі, көгенді аттама!

Малды теппе, ақта төкпе! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) Желі – құлын байланатын арқан, ал көген – қозы, лақ бекітілген арқан.

ә) Бұлардың басында сүт сауылады, ал сүт - өмір өзегі, оны аяқ асты етуге болмайды.



Сұрақ: Үйде әдет – ғұрып туралы қандай тәрбие бересіздер?

6. Жатқанда аяғыңды басыңнан биік көтерме!

Тізеңді құшақтама! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) Бұл сөз басыңды қорлау, өйткені «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды» деген мақал тегін айтылмаса керек.

ә) Тізе құшақтау жаман ырым болып саналған, жалғыз қалудың белгісі т.б.



Сұрақ: Ұлтыңыздың тілін, дінін мүлде жойып ала жаздадық. Не себептен деп ойлайсыз.

1 – жүргізуші: 5 – кезең.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, асықтар алып, сандар қасиетіне байланысты тапсырмаларын анықтайды. Жалпы барлық отбасына бірдей тапсырма : Шешен – би сөздерінен үзінді, бата түрлері.

Сандар қасиетіне тапсырма және жауаптар:

а) Бес қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта).

ә) Жеті жетімге не жатады?

  1. Тыңдаусыз қалған сөз жетім

  2. Киюсіз қалған бөз жетім

  3. Иесіз қалған жер жетім

  4. Басшысы жоқ ел жетім

  5. Аққу қазсыз көл жетім

  6. Елінен айырылған ер жетім

  7. Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.

б) Үш арсызды, үш жамандықты атап беріңіз.

1. Ұйқы арсыз 1. Нақақ қан төгу

2. Тамақ арсыз 2. Кісі малын нақақ алу

3. Күлкі арсыз. 3. Ата-бабадан қалған жұртты бұзу.



в) Ұлтымыз қандай сандарды киелі деп есептейді? Неліктен?

3, 5, 7, 9, 12, 30, 40 т.б.



г) Жеті атаңызды атап берсеңіз?

Музыкалық үзіліс.

6 – кезең. «Өнер кезеңі»

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты әр отбасының ән, би, мәнерлеп өлең оқуы.

Ойын: - «Ханталапай», «Арқан тарту» т.б.

Қазылар алқасы қорытындысын тыңдау.



Жүлдегерлерді анықтау, құттықтау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет