Келісемін: мд оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. И гиззатова



жүктеу 154.08 Kb.
Дата13.03.2018
өлшемі154.08 Kb.

Келісемін:

МД оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ж.И Гиззатова ___________
Тақырыбы:

ХХІ ғасырдың басындағы дүниежүзінің өзекті

мәселелері

Мұғалім: Тарих, экономика, құқық пәні мұғалімі

Ізбас Сенім Айтжанқызы
Облыс, Аудан, Ауыл: БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы

Мектеп: Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

2016 – 2017 оқу жыл

Тақырыбы: ХХІ ғасырдың басындағы дүниежүзінің өзекті мәселелері

Мақсаты:

Білімділік- Оқушыларға жаhандану үрдісі мен оның бағыттары, жаhандану жағдайындағы адамзат алдында шешілмей тұрған өзекті мәселелер мен жаhандану үрдісінің адамзат өміріне ықпалы туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық- жаhандану үрдісінің бүкіл әлемге тигізіп отырған ықпалын, оның тиімді және тиімсіз жақтарын анықтай, бағалай алуға, адамзат алдында тұрған өзекті мәселелерді көре білуге, одан шығар жолды таба білуге уйрету

Тәрбиелілік-оқушыларды төзімділілікке, бүкіл әлемнің болашағын ойлай білуге, жанашырлық пен адамгершілікке, бейбіт өмірді сүюге тәрбиелеу

Сабақты түрі: жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: иллюстративті-түсіндірме, ізденушілік, интерактивті әдіс-тәсілдер

Көрнекілігі: слайд, бейне материалдар, кестелер

Пәнаралық байланысты: география, информатика, қоғамдық білім негіздері, экономика

Негізгі түсініктер: постиндустриялдық қоғам, жаhандану, әлемнің өзекті мәселері

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе (3 минут)

Біздер бүгінгі сабақ барысында ХХІ ғасырдың басында қалыптаса басатаған а жаhандану процесін жүзеге асыру барысында адамзат алдында пайда болған проблемалар туралы сөз қозғайтын боламыз.

ХХ ғасыр-жаңа технологияның дамуы мен ғылыми-техникалық ілгерлеудің, ақыл-ойдың салтанат құрған ғасыры болды. Бүгінгі таңда бізді қоршаған заттардың 90%-ы ХХ ғасырда ойлап шығарылды. Ал, ХХІ ғасыр қоғамын, постиндустриалдық қоғам-жоғарғы деңгейде дамыған қоғамның пайда бола бастауы деп те атайды.

Қазіргі заман өркениетінің келбеті өзінің көптүрлілігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше тез жетілуімен айқындалады. Ғылым мен техниканың мейлінше тез жетілуі әлем елдері арасындағы нарықтық қатынастар байланысын күшейтіп, олардың өзара жақындаса тусуіне жол ашып отыр.

Осындай жағдайда әлемнің жетекші елдері арасында адамзыттың біртұтас өркениетін құру идеясы пайда болды. Ол идея «жаhандану» деген атауға ие болды. Жаhандану үрдісі бір жағына әлемнің біртұтас дамуын қамтамасыз етуді алға мақсат тұтса, екінші жағынан әлемнің жетекші елдерінің отарлау саясатын жүзеге асыруының бір « ойыны» тәрізді көрініс береді.

ІІІ. Жаңа сабақ барысы (9 минут)

А) Термин сөздерге түсінік беру-постиндкстриалдық қоғам, жаhандану үрдісі

Ә) Жаhандану үрдісінің негізгі бағыттары

Б) Жаhандану үрдісі барысындағы адамзат алдында тұрған өзекті мәселелер



Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та ХХ ғ-дың 50-60-жылдары ғылыми негізделген, жана мазмұнға ие болды.

Қоғамның постиндустриалдық түрі ғылым мен техниканы бірлесіп пайдаланумен, іргелі ғылымдарды дамыту негізінде техниканының өзен белгілі бір мақсатқа орай жетілдірумен сипатталады. Постиндустриалдық қоғам үшін өңдірістің негізгі факторы-білім, ал өңдірістің негізгі өнімі-қызмет көрсету болып табылады.



Постиндустриалдық қоғамның негізгі бағыттары:

Өндірісті толық автоматтандыру,компьютерлендіру, роботтар қызметі;

Материалдардың жаңа түрлерін шығару;

Энергияның жаңа көздерін ашу (күн, жел, сүтегі ядросы т.б. энергиялары);

Ғарыш пен әлемдік мұхитты игеру.

Постиндустриаландыру қоғамының басталуы әлем елдерінің жаhандану үдерісіне кірігуіне алып келді.

Жаhандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану,глобализация (ағылш Global-әлемдік, дүниежүзілік, жалпы)-жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және тұтастық құрылуының үрдісі.

Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита.

Жаhандану-ұлттық капиталды ауыстыру жеңілдігіне, ақпараттық жариялылыққа, технологиялық революцияға негізделген бірыңғай дүниежүзілік істердің бір жүйеге келіп қосылуын айтамыз.Бұл дегеніміз, бүкіл адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және басқа да байланыстарының бір жүйеге кіретіндіктерін білдіреді.

Жаhанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:


  1. «менталдық» немесе мәдени Жаhандану-дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың «ұқсастануының» кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаhандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, буддизм,конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі «менталдық» Жаhанданудың бір көрінісі болы табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстур « планетарлық» деп аталынып жүр. Мәдени жаhандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары-жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық мұсылмандық және үнділік) синтезі түрінде көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

  2. экономикалық жаhандану - екі үрдістің жиынтығын- рыноктардың жаhандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономиканың ұйымдық құрылымдарының-компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаhанданудың нақты сипаттары бар:

а) улкен компаниялардың жетекші рөлі (трансұлттық корпорациялардың құрылуы);

ә) жаhандандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі (Халықаралық валюта қоры);

б) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

в) барлық ұлттық және халықараралық қаржылық валюталық трансакциялардың жаhандандық желіге аударылуы. Дүниежүзілік банктер тобы:

Қайта құру және халықаралық даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Халықаралық даму қауымдастығы;

Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көп жақты агенттік;

г) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сада операцияларын жаhандық желіге аударылуы (интернет-дүкендер)

3) аумақтық Жаhандану-мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдесі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаhанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді («Шенген келісімі», Шанхай ынтымақтастық ұйымы, НАТО,НАФТА, АСЕАН т.б).Бұл ретте Жаhанданунәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрле мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаhанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаhандану-қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандақ ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесіне құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

5) этникалық Жаhандану негізгі екі үрдістен тұрады-планета халқынының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.

Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көше-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықарылық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс, бұл проблемалардың жаhандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Жаhандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаhандануға алып келмей қоймайды.



Жалпыға ортақ әлемді толық орнықтыруда адамзат алдында кедергі болып тұрған ғаламдық мәселелерді шешу қажет болып отыр. Оларға мыналар жатады:

Дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;

Ұлтаралық қақтығыстар мен лаңкестікке (терроризмге)жол бермеу;

Дүниежүзілік экологиялық дағдарыстардың бетін қайтару;

Дүниежүзілік демографиялық ахуалды реттеу;

Экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту;

Ғарыш пен әлемдік мұхитты берлесіп игеру.

Топтық жұмыс: адамзат алдындағы дүниежүзінің өзекті мәселелерін қалай шешуге болады?(оқушыларға қосымша мәлеметтер беру арқылы өз тақырыптарын қорғау жұмысы) (6 минут дайындық+18 минут қорғау, әртопқа 6 минуттан)

Төмендегі сұрақтар бойынша қорғау:

Неліктен аталған тақырып өзекті мәселе болып саналады?

Бұл ғаламдық проблема адамзатқа мынадай зардаптар алып келуде....

Біз бұл ғаламдық проблеманы шешудің мынадай жолдарын ұсынамыз....

(әр топқа берілген мәліметтер арқылы өз тақырыптарын қорғайды)

(6 минут дайындық+18 минут қорғау, әртопқа 6 минуттан)

Рефлексия: «Мен бұл фильмді көре отырып.....» («Терроризм» және «Африкадағы аштық» фильмдерінен алған әсерлерімен бөліседі)

1 топ: Дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау және Ұлтаралық қақтығыстар мен лаңкестікке (терроризмге) жол бермеу:

Қазіргі таңда, әлемде ядролық қаруы бар мемлкеттердің саны-9.

Олардың жүргізген ядролық сынақтарының саны төмендегіше болып отыр:

1945-1998 жылдар аралығындағы дүниежүзіндегі ядролық сынақтар



АҚШ

1029

КСРО /Ресей/

715,оның 500-ден атамы Қазақстан жерінде

Франция

191

Ұлыбритания

45

Қытай

43

Үндістан

6

Пәкістан

6

Израйль-ОАР

1

Ядролық қаруды таратпау шартына қосылғаны-5 ел, ал соңғы 3 ел таратпау шартына қосылмай отыр.

АҚШ-тың дүниежүзіне үстемдік орнатуға күш салуы Солтүстік Корея, Иран елдерін ядролық қарулануға итермелеп, жаңа әлемдік қайшылықтар-лаңкестік әрекеттердің одан сайын өршуін күшейтіп отыр. Оған АҚШ-тың 2001 жылғы 11 қырркүйек оқиғасын желеу етіп Ауғанстан, Ирак жерлеріне басып кіруі, Таяу шығыстағы араб-израиль қақтығыстарына дем беруін дәлелге алуға болады.Қазіргі таңдаөздерін ядролық держава санап отырған мемлекеттер-Солтүстік Корея, Иран 2007 жылдан Иордания мәлімдеді МАГАТЭ болжамы бойынша болашақта ядролық державалар саны 10-30-ға дейін өсуі мүмкін. Оларға-Бразилия, Жапония, Египет, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея т.б. кіруі мүмкін деген болжам бар. (бейнеролик «Терроризм») Оқушылардың пікірлері сұралады.

11 топ: Дүниежүзілік экологиялық дағдарыстардың бетін қайтару және Ғарыш пен әлемдік мұхитты бірлесіп игеру:

Атмосферадағы антропогендік өзгерістердін Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдарлың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының баяндамаларынан бастау алады. Жыл сайын әуге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді.

Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Зиянды газдардың ауданы бұлайша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстын индустиясының дамуы қарқын алған елдерінде көбірек орын алуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тартағалым тартылған «Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарапшылар тобының» (КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 1906-2005 жылдар аралығында жер температурасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының өңтүстігінде олардың жылыну деңгейі төмен, ал солтүстіктегі құрлықта жылынуы жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе Солтүстік жартышарда оның аумағы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Соңғы кездері, Антарктиданың үстінде АҚШ аумағының үлкендігіндей көлемдегі озон қабатының тесілгендігі айтылып жүр.Бұған басты себеп, ауаға кәсіпорындардан тарайтын болы көмірқышқыл газдарының таралуы себеп болып отырған көрінеді. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы еріп кетеді.

КИОТО хаттамасы- жаhандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы-халақаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат. Бұл құжатқа 186 ел қол қойды. Киото хаттамасының экономикалық негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қоршаған ортаның ластануын зерттеушілер онымен күресте мемлекет өндіріс қалдықтарындағы зиянды заттар концентрациясының ең жоғары нормасын және ауаға шығарылатын зиянды заттардың ең жоғары нормасын анықтап, одан асып кеткенде нормативті бұзғаны үшін айыппұл салып,жауапқа тартып отыру қажет деп келді. Алайда, атмосфераға зиянды заттарды бөлудің алдындағы легіндегі, барлық зиянды шығарындының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ асығар емес. Ұхитты арғы жағындағы алпауыт елдің хаттаманы ратификацияламауының ресми себебі-Қытай, Үндістан тәрізді ауа ластауда әжептәуір «үлстер» бар дамушы елдердің осы халықаралық құжатты ратификацияламауы.

АЭС-тар ғалымдардың болжамы бойынша ғаламдық жылынуға тежеу болмақ. Дүниежүзіндегі АЭС-лары жалпы энергияның 24% өндіреді. Ол Францияда-80%, Латвияда-77%-ды құрайды. 2 млн. кВт. Энергия өндіретін ірі АЭС-тар Ресей, АҚШ, Франция, Жапония сияқты елдерде орналасқан. Соңғы 50 жылда оны өндіру 14 есеге өсті. Электр энергиясының 1/6 АЭС-на тиесілі АЭС-тер 30 елде салынған.





Мемлекеттер

АЭС өңдіру, % есебімен

1

2

3



4

5


Франция

Литва


Белгия

Словаеия


Швеция

80

77

58



56

46

1970 жылдан бері Жерді жаппай жылытуға соқтыратын болу газдардың көлемі 70%-ға артқан екен, егер апаттың алдың алмаса 2030 жылға қарай бұл көрсткіш тағы да 25%-ға артуы мүмкін деген болжам бар. КИОТО хаттамасына қосылған елдер өнеркәсіп орындарынан шығатын болу газдар көлемін 2012 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға азайтуға уағдаласқан. Сонымен қатар, адамзатты күн, жел, термоядролық (сутегі) энергияларды өндіруге итермелеп отыр.

Ғарыш пен әлемдік мұхитты бірлесіп игеру:

Қазіргі компютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің күрылуы аса маңызды кезең болды. Интернет желісі-бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі. Интернетті қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тактасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады. Бұл ең алдымен, ғарыштық жетістіктермен де байланысты. Ғарыштық зерттеулер ақпараттық жүйені жетілдірумен қатар, мемлекеттердің қауіпсіздік, қорғаныс жүйелерін жетілдіруге де жол ашып отыр.

Ғарышты игеруде НАСА сияқты зерттеу орталықтары құрылып, адамзат баласы өзге планеталардағы тіршілікті зерттеуге қызығып отыр. Соңғы кездері Марс планетасын зерттеу қолға алынды.

Сонымен қатар, бір кездері жер бетіндегі пайдалы қазбалар бітеді деген пікір де қалыптасып отыр. Кейбір, алпауыт елдер өз елдеріндегі пайдалы қазбаларды жылдық өндіруде шектеу қойып, оларды болашақ ұрпақтарына сақтап отырған жайлар да баршылық. Сондықтан, әлемдік мұхиттар қойнауында әлі игерлмеген пайдалы қазбаларды зерттеумен, оны игерумен айналысуды Ресей мемлекеті бастап та кетті. Күні бүгінде, Ресей елі Солтүстік мұзды мұхит түбіндігі өзінің шекарасын белгілеп те қойды.

III топ: Дуниежүзілік демографиялық ахуалды реттеу және Экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту:

Жер шарының халқы соңғы 10 жыл ішінде жыл сайын 77 млн. Адамға артып отыр. 2028 жылға қарай 6 млрд. Адамнан 8 млрд. Адамға жету мүмкін деген болжам бар.

Жер шары халқы санының өсу қарқыны/1950-2020 жж./


жылдар

Халық саны, МЛРД.адам

Ондаған жылдардағы өсім

Жылдық орташа өсім, млн.адам

1950

1970


1990

2000


2005

2011ж.30қазан

2020


2,515

3,698


5,292

6,251


6,500

7,000


8,000

-

679


842

959


109
1640

-

68

84



96

90

90



90

Азық-түлік өнімдерін ұлғайтумен салыстыру бойынша тұрғын халықтың бақылаусыз өсуі қарқын алуда.

Артта қалған Азия, Африка елдерінің қатарына-

Ауғанстан, Бангладеш, Бутан, Гамбия, Джибута, Мали, Танзания, Того, Чад, Эфиопия т.б. жатады.

Солтүстік Америка мен батыс Еуропа елдері, Жапония әлемдегі ішкі өнімнің 80% ұстап отыр. Ал дамып келе жатырған елдердің жалпы ішкі 22,5% құрайды, олардың әлемдік саудадағы үлесі 33,4%.

Дүниежүзінде 3,5 млрд адам кедейлікте өмір сүруде.1,5 млрд адамның бір күндік табысы 1 доллардан аспайды.Демек,дамыған елдердегі 1 млрд халық («алтын миллиард») нашар дамыған елдердегі 5,5млрд адамнан 3-4 есе артық табыс тауып отыр.Олардың тұрмысы 60-100 есе артық десе де болады.

Жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады.Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек.Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша,2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және төмен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% тұрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі төмен).

(бейнеролик «Африкадағы аштық» оқушылардың пікірлерін тыңдау)

Бұл,әлеуметтік теңсіздікті тудырып отырғаны сөзсіз.Мұндай ғаламдық теңсіздікті:

Ұлттық бытыраңқылық;

Капиталдардың еркін нарығы,сауда мен инвестиялардың либералдануы,мемлекеттік реттеудің болмауы;

Халық санының артуы;

Отарлау және оның теңсіздік;

Жаңа техногологиялық жетістіктерді жасыру;

Әділетті бөлістің болмауы;

Сауатсыздық;

Табиғи апараттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.



Сабақта бекіту. 230 бет.3,4,5 сұрақтарға жауап беру.

Жаhандану үрдісі (тиімді және тиімсіз жақтарын анықтаңдар)

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Мемлекеттер арасындағы байланыстар нығаяды;

Азаматтардың еркін жүріп-тұруына жол ашылады; («Шенген келісімі»)ҒТР мүмкіндігі жоқ елдер техника жаңалықтарын алуға ие бола алады; Ақпараттық жариялылыққа, тез байланысқа мүмкіндіктер бар;



Оның жемісін ең алдымен дамыған елдердің компаниялары көруде, сондықтан олар оны қолдап, тез арада нығаюын көздеуде. Ал, жергілікті экономика бәсекеге шыдай алмай,құлдырауы мүмкін. Шекаралардың ашылуы, ортақ саяси-экономикалық аймақтардың құрылуы, ортақ валюталар айналымы, ақпараттар мен өзге де мәдени ағындардың ағылуы жеке бір мемлекеттік ұлттық тұтастығының жоғалуына алып келуі мүмкін.

Экономиканың бірегей стандарттары күштеп енгізіледі;

«Біртұтас әлемді билеу» идеясы немесе Отарлау сипаттары бар.



Қорытынды:

Жаhандануға үдерісіне ілеспей отыру мүмкін емес. Сондықтан, бұл үдеріске ілесу барысында мыналарды ескерген жөн:

Әр мемлекет өзінің ұлттық тұтастығының бұзылмауын ескере отырып ілесуі қажет;

Өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізуде әр елдің заңды мүддесімен есептесе отырып, АҚШ сияқты елдердің озбырлықтарына жол бермеу керек;

Халықаралық кауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауда БҰҰ ролін күшейту керек. НАТО әскери блогы әзірше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен санаспай Ауғанстан, Ирак елдеріне қарулы күш қолдануда. Бұл халықаралық лаңкестікті одан сайын күшейте түсері сөзсіз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерінің санын 25 мүшеге дейін көбейту туралы ұсынастыр БҰҰ-ның 60-мерекелік сессиясында қолдану тапқан жоқ;

Ядролық қаруы бар елдер ядролық қаруы жоқ елдерге атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануына көмектесуі және ядролық қауіпсіздіктері туралы кепілдік беруі керек.



Үйге тапсырма оқу.

2 сұрақ «Лаңкестік дегенді қалай түсінесіндер?» тақырыбына шығарма жазып келу



6 сұрақ «Жаhандану жағдайында мемлекеттерді сақтаудын қажеттігі бар ма?» тақырыбында баяндама дайындап келу (3 минут)

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет