Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған ақша жасағандардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Екі күдікті 84 200 АҚШ долларын өткізіп жатқан жерінен ұсталды. Соттың санкциясымен оларды 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Бұған дейін Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған еді.
“Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар”, – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде күдіктілерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.