Келісілді Бекітілді



жүктеу 108.91 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі108.91 Kb.

Келісілді Бекітілді

№41 ЖББОМ жанындағы шағын №41 ЖББОМ жанындағы шағын

орталықтың әдіскері орталықтың директоры

___________ М.А.Дүкенбаева ___________ Ж.С.Баймолдина

_____ _______________2016ж ____ _______________2016ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: «Сурет салу»




Айы

Апта

Тақырыбы

Мақсаты

1

Қыркүйек

1

«Терек бұталары» (Түрлі түсті қарындаштармен)

Терек бұталары жайлы түсінік беру,ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, саусақ моторикасын дамыту. Таза,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

2

Қыркүйек

2

«Күзгі орман» (Акварель бояумен)

Қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

3

Қыркүйек

3

«Тостаған» (Акварель бояумен)

Заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру, түрлі-түсті қылқаламды пайдалана отырып тостағанды безендіруді үйрету, тостаған туралы білімдерін бекіту, Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, жұмысты орындау барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

4

Қыркүйек

4

«Торсық» (Түрлі түсті қарындаштармен)

Балалардың торсық жайлы білімдерін арттыру, торсықты дұрыс сала білуді үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

5

Қазан

1

«Жаңбырлы күн» (Акварель бояумен)

Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдердін бейнелей білуге үйрету;

Жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, бейнелген заттарын музыка әуенімен қимыл-қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау;



Ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

6

Қазан

2

«Қоржынды сәндейміз» (Түрлі түсті қарындаштармен)

Қазақтың үй бұйымы – қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қоржынды безендіре білуді үйрету, эстетикалық талғамдарын дамыту. Тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

7

Қазан

3

«Автобус» (Түрлі түсті қарындаштармен)

Түрлі түсті бояудың көмегімен, геометриялық фигураларды пайдаланып автобустың суретін салуды үйрету, сурет салу дағдыларын қалыптастыру, ұсақ саусақ моторикасын дамыту. Достыққа, татулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

8

Қазан

4

«Астық жинау» (Акварель бояумен)

Балаларға сопақша дөңгелектерді қолдана отырып бидай масақтарын салуды үйрету, өз ойларынан және педагогтің әңгімесіне сәйкес белгілі мазмұн бере отырып ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылықпен сурет сала білуге баулу, астықты, дәнді дақылдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

9

Қараша

1

«Саздан жасалған табақ» (Акварель бояумен)

Балаларға қазақ халқынның ыдыстары туралы білім беру, ою-өрнек элементтерін қолдана отырып табақты сәндеуді үйрету, ұлттық көркемдік стилдің әліппесімен таныстыру, көркемдік талғамын дамыту, ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.

10

Қараша

2

«Құман» (Акварель бояумен)

Құмған туралы білімдерін жетілдіру,құмғанды сала білуге үйрету,сурет салу дағдыларын дамыту, қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылығын ояту, өз халқының қолөнеріне деген сөйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

11

Қараша

3

«Гүлдене бер, Қазақстан!» (Акварель бояумен)

Байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

12

Қараша

4

«Ертегідегі құстар» (Акварель бояумен)

Құстар туралы білімдерін жетілдіру,

Құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін машықтандыру;



Құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу..

13


Желтоқсан

1

«Менің сүйікті ертегім» (Акварель бояумен)

Балаларды сурет салғанда ертегілер сюжетін, өздері ұнататын кейпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу;түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту;бейнелік елес, қиялды дамыту, бауырмалдыққа, достыққа, бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

14

Желтоқсан

2

«Қолғап» (Акварель бояумен)

Қазақ халқының ұлттық қиімдері мен заттары туралы білімдерін кеңейту және олардың қолданылу мүмкіншіліктерін ажыратуға үйрету, ою-өрнекті қолдана отырып қолғапты сәндеуге үйрету, эстетикалық талғамдарын дамыту, жинақылық пен ептілікке тәрбиелеу.

15

Желтоқсан

3

«Мерекелік от шашу» (Акварель бояумен)

Балаларға салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру, мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Шығармашылық қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.

16

Желтоқсан

4

«Жаңа жылдық мереке» (Акварель бояумен)

Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру, қиялдау, елестету дағдыларын дамыту. Бауырмалдыққа, армандай білуге тәрбиелеу.

17

Қаңтар

1

«Аязата» (Акварель бояумен)

Аязатаның бейнесін салуды үйрету, балаларда мейірімділік пен сүйіспеншілік сезімін оята отырып, Жаңа жыл кешінің аса сыйлы қонағы – Аязатаның қалай пайда болғанымен таныстыру. Тіл байлықтарын ,ойлау қабілеттерін дамыту. Мерекеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

18

Қаңтар

2

«Мерекелік дастархан» (Акварель бояумен)

Қазақтың дастарқаны, қонақ күту рәсімі туралы түсініктерін жетілдіру. Іс-әрекет барысында өз ойын толық жеткізе әңгімелеу арқылы тілін дамыту. Ой-қиялын ұштауға ықпал ету. Әдемі дастарқанды әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру. Әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.

19

Қаңтар

3

«Қыстағы жапырақсыз ағаш» (Акварель бояумен)

Қыстағы жапырақсыз аққайың бейнесін бере білуді үйрету, жапырақсыз ағашты салу техникасымен таныстыру, эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

20

Қаңтар

4

«Қар кесегі» (Акварель бояумен)

Қыс қызығымен таныстыру,қысқа табиғат құбылыстарымен сезіне білуге, қардың «аппақ ұлпа»,»мамықтай» жұмсақ болатынын түсіндіру, балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету. Шығармашылықтарын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

21

Ақпан

1

«Атама арналған тымақ» (Акварель бояумен)

Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен;

Баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру; қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу.



22

Ақпан

2

«Ақшақардың сүйікті достары – ит пен мысық» (Акварель бояу)

Ақшақардың достарымен танысып, олардың суретін сала білуге үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Балаларды қайырымды, мейірімді болуға, бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу.

23

Ақпан

3

«Қыстағы шуақты күн» (Акварель бояумен)

Балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, ойлау, қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.

24

Ақпан

4

«Қуыршақтың камзолы» (Акварель бояумен)

Қамзолдың суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік-дағдыларын меңгерту, жұмыстың нәтижесіне жете білуге, әсемігіне мән беруге дамыту, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

25

Наурыз

1

«8 наурыз ашықхаты» (Акварель бояумен)

Анағы арнап ашық хат жасай білуге үйрету, балалардың өз аналарын және барлық басқа да аналарды құрметтеуге, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қыз балаларды сыйлауға, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

26

Наурыз

2

«Қызғаншақ екі қонжық» (Акварель бояумен)

Достық туралы, тату-тәтті қарым-қатынас жасау туралы білімдерін жетілдіру;

Дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдыларын дамыту, балаларды қайырымды болуға;

Көпшіл, мейірімді болуға тәрбиелеу, қызғаншақтықтың жақсылыққа бастамайтынын түсіндіру.


27

Наурыз

3

«Сәукеле» (Акварель бояумен)

Ұлттық киімдер туралы ұғымдарын бекіту, сурет салу іс-әрекеті арқылы бас киімдерді әшекейлеу, ұлттық ерешеліктерін ажырата білу, іскерлік дағдыларды меңгерту, көркемдік талғамын қалыптастыру, балаларды бір-біріне дұрыс қарым-қатынас жасай отырып ойларын дамыту. Адамгершілік , ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

28

Наурыз

4

«Ұлу» (Акварель бояумен)

Ұлу туралы білімдерін жетілдіру,ұлудың суретін салудағы ептілік пен дағдыларын дамыту, ұлу әрекетімен таныстыра отырып шыдамдылыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

29

Сәуір

1

«Көрікті көктем» (Акварель бояумен)

Көктем мезгілі жайлы түсініктерін жетілдіру, көргендерін бейнелеу іс-әрекеті арқылы қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру, ептіліктерін дамыту, бояу түстерін таңдап, алмастыра қолдануға үйрету, бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, табиғат сұлулығын сезінуге, эстетикалық қабылдау,а тәрбиелеу..

30

Сәуір

2

«Сырмақты әшекейлейміз» (Акварель бояумен)

Балалардың сәндік-қолданбалы өнер мен қазақтын ұлттық бұйымдары туралы білімдерін жетілдіру,сурет салудағы ептілік пен дағдыларын дамыту, өз елінің тұрмыс-салттарына деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

31

Сәуір

3

«Ғажайып ұшақ» (Акварель бояумен)

Әуе ұшақтары, аспан планеталары туралы білімдерін жетілдіру,сурет салудағы іскерлік дағдыларындамыту, балаларды қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.

32

Сәуір

4

«Алма ағашы гүлдеді» (Акварель бояумен)

Қоршған орта туралы білімдерін жетілдіру, балалардың іс- әрекеті белсенділігін арттыру, саяхат барысында табиғатқа деген қамқорлық пен сүйіспешілікті

арттыру, байқампаздықтарын дамыту, бір –бірімен қарым-қатынас барысында ізгілікке, сыпайлыққа, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастастыруға тәрбиелеу.



33

Мамыр

1

«Балалар жаттығу жасайды» (Акварель бояумен)

Балаларды адамның жалпы дене құрылысын анықтап, жаттығу кезіндегі қолдарының, аяқтырының өзгерісін беруге үйрету, жаттығу жасаудағы балаларды салуға үйрету. Достыққа тәрбиелеу.

34

Мамыр

2

«Қызыл телпек» (Акварель бояумен)

«Қызыл телпек» ертегісі мазмұнымен таныстыру, сөздік қорларын молайту, сурет салу дағдысын дамыту, балаларды қайырымды, көпшіл болуға тәрбиелеу.

35

Мамыр

3

«Кешкі қала» (Акварель бояумен)

Ұжымдық жұмыста бірлесіп аңбек етуге, бір-бірімен ақылдаса,келісе қала көрісін шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру. Дербестікке, белсенділікке баулу. Еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту. Кешкі қала көрінісінің әсемділігін, сұлулығын сезіндіру, тәрбиелеу.

36

Мамыр

4

«Алашаны әшекейлеу» (Акварель бояумен)

Сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, алашаны ою-өрнектермен әшекейлеуде оны қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге баулу, бояу түстері мен ою-өрнектерді үйлестіру арқылы балалардың көркемдік талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет