«келісілген» Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру фарм.ғ. д., доцент А. К. Бошкаева



жүктеу 142.08 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі142.08 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ФАРМАЦИЯ ИНСТИТУТЫ

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ







«КЕЛІСІЛГЕН»

Жоғары оқу орнынан

кейінгі білім беру

фарм.ғ.д., доцент А.К. Бошкаева

_____________

«___»___________2016 ж



«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор,

м.ғ.д., проф. Тулебаев Қ.А.

______________

«___»___________2016 ж


6М110400 – «Фармация» мамандығы

МЖМБС 7.09.111-2009 бойынша магистратурға түсуге арналған

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ



  1. ҚР тұрғындарға медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуді ұйымдастыру мен дамудың негізгі принциптері. Тұрғындарға медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесі, фармацевтикалық қыметті нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

  2. Фармацевтикалық бөлшек сауда звеноларының іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Дәріханалық ұйымдар іс-әрекеттерінің ұйымдастыру-құқықтық формалары. Фармацевтикалық қызметті лицензиялау. Дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату тәртіптері.

  3. Дәріханалык ұйымдардын жұмысын ұйымдастырудың жалпы принциптері. Тұрғындарға қызмет көрсетуші дәріхана. Дәріхананың түрлері, міндеттері, кіші бөлшек сауда жүйелері. Дәріханалық ұйымдардағы санитарлық ереже.

  4. Рецептерді кабылдау және дәрі-дәрмектерді босату жұмыстарын ұйымдастыру. Рецептердің фармацевтикалық экспертизасы. Түрлі дәрілік препараттарға рецептердің жазылу тәртіптері. Рецептердің тіркелуі, есепке алыну құжаттарының безендірілуі. Рецептердің дәріханаларда сақталу мерзімдері.

  5. Стационарлык ауруларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Емдеу-профилактикалық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ететін дәріханалардың жұмысын ұйымдастыру. Ауруханалық және ауруханааралық дәріханалар. Емдеу-профилактикалық мекемелерге босатылған тауарларға есеп айырысу жұмыстарын жұргізу.

  6. Дәрі-дәрмектерге деген сүранысты және кажеттілікті анықтаудың негізгі принциптері. Сүраныстың қалыптасу жүйесі. Дәрі-дәрмектердің қажеттілігін анықтау әдістерінің классификациясы. Тұрғындардың дәрі-дәрмектерге деген сүраныстарын нарық жағдайында зерттеп білу.

  7. Дәріханалық қойманың жұмысын фармацевтикалық жүйенін көтерме сауда звеносы ретінде ұйымдастыру негіздері. Тауарлар өтімінің негізті түрлері. Көтерме сауда делдалдары: түрлері, функциялары мен міндеттері. Дәріханалық қойманың жұмысын ұйымдастыру. Дәріханалык ұйымдарда тауарлардың сақталуы.

  8. Дәрілердің сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі. Қазақстан Республикасында дәрілердің сапасына бақылаудың ұйымдастырылуы. Дәрілік заттарды лицензиялау, стандарттау және сертификациялау. Өндірістік кәсіпорындар өнімдерінің сапасын бақылау. Фармакологиялық және фармакопеялық комиссиялар.

  9. Қазақстан Республикасында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар өңдірісі, дамудың заманауи сатыларының ерекшеліктері.

  10. Фармацевтикалық этика және деонтология, фармацевтикалық қамқорлық, сипаттамасы.

  11. Фармацевтикалык нарықтағы тұтыну тәртібінің және фармация экономикасының ерекшеліктері. Тұтыну тәртібінің зандылықтары. Фармацевтикалық нарықтағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді жоспарлаудың және экономикалық талдаудың әдістері.

  12. Дәрілік препараттарға бағаның құрылу негіздері. Бағаның құрылу стратегиясы. Дәрілік препараттарға баға саясатыньң қалыптасуы.

  13. Тауарлардың босатылу көлемін жоспарлау және өткізілуін жобалау. Тауарлардың босатылу көлемінід құрамы, сипаттамалары және ерекшеліктері. Тауарлардың босатылу колемін болжауға керекті ақпараггар. Тауарлардын босатылуын жобалаудың әдістемелік тәсілдері. Дәріханалық ұйымның жалпы табысы. Тауарлар қоры және олардың нормалануы. Тауарлар қорының сипаттамасы. Тауарлар қорын классификациялау. Тауарлар қорынын мөлшеріне әсер ететін факторлар. Тауарлар қорын нормалау және талдау.

  14. Дәріхананың айналым шығындарын жобалау. Айналым шығындарының түрлері және классификациясы. Бөлек статьялар бойынша шығындарды жобалаудың әдістемелік тәсілдері.

  15. Табысты жобалау. Жалпы пайда. Жалпы пайданы жобалау тәсілдері. Таза пайда. Таза пайдаға өсер ететін факторлар, жобалау әдістері.

  16. Негізгі заттардын есебі. Шаруашылық заттары, Негізгі заттар. Негізгі заттардың классификациясы. Амортизациялық аударылымдар, олардың қолданылуы.

  17. Тауарлардың қозғалысының және басқа да материалдык күңдылықтардың есебі. Дәріханалық ұйымдардағы тауарларды қабылдап алудың ерекшеліктері. Тауарлық кіріс және шығыс операциялары. Тауарлардың және басқа да материалдық кұндылықтардың кірісі мен шығыстарын есептеу. Тауарлар қозғалысын кұжаттық безендіру.

  18. Еңбек ақы және еңбекті есептеу. Еңбек төлемі саласындағы мемлекеттік саясат. Еңбек ақыны және еңбекті есептеуді ұйымдастыру.

  19. Ақша каражаттарын және есеп айыру операцияларын есептеу. Ақша қаражаты қозғалысын есептеу. Ақша каражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері. Нақтылай ақшасыз есеп айырысу түрлері. Банктік кредиттеу.

  20. Тауарлы-материалды құндылыктарды тізімге алу (инвентаризация). Тізімге алуды жүргізудің негізгі ережелері. Тауарларды, ақша қаражатын, негізгі заттарды және есеп айыру операцияларын тізімге алу тәртіптері. Тізімге алу парақтарының толтырылу тәртіптері, Тізімге алудың қорытындысын шығару. Құңдылықтардың орынды шығындары нормаларын есептеу

  21. Фармация саласындағы менеджмент жүйесі. ҚР менеджменттің фармация саласында ұйымдастырылуы, негізгі принциптері, фармация саласындағы менеджмент жүйесінің құрылымы.

  22. Менеджмент фармация жүйесін басқару кұралы ретінде. Фармация жүйесінің басқарылу процесі мен ұйымдастырылуының негізгі құрылымдары. Ұйымдағы басшының рөлі. Фармация жүйесін басқарудың ұйымдық құрылымы.

  23. Фармация саласындағы менеджменттің функционалдық мазмұны. Менеджменттің экономикалық ортасы. Сыртқы орта, сыртқы ортанын факторлары және олардың фармация жүйесін басқару процесіне әсер ететін ыкпалдары.

  24. Негізгі заттарды есепке алу. Шаруашылық заттар. Негізгі заттар, жіктелуі, амортизациялық төлемдер, оларды қолдану. Фармацевтикалық нарық субъектілерінін іс-әрекеттерін стратегиялык және тактикалық жоспарлау.

  25. Баскару шешімдері. Басқару шешімдерінің мазмұны және түрлері. Шешімдерді қабылдау процесі және әдістері. Басқару шеішмдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау.

  26. Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы. ҚР фармация жүйесінде маркетингтің қолданылуы.

  27. Маркетингті баскару процесі. Нарық мүмкіншіліктерін талдау. Бағытты нарықты іріктеу. Фармацевтикалық нарықты сегменттеу. Дәріханалық ұйымдардың финанстық жағдайын жақсарту және бәсекелестікті жоғарлатудағы маркетингтің рөлі.

  28. Маркетинг және ішкі орта. Маркетинг комплексінің сыртқы элементтері. Жанама және тікелей әсер ететін орталар. Тауарлардың өмірлік циклі. Нарықта тауарларды сатуға бағытау.

  29. Жарнама фармацевтикалық тауарлардың нарыктағы қозғалысының формасы ретінде. Жарнаманың түрлері. ҚР-дағы дәрілік заттар жарнамасының ерекшеліктері. Жарнаманың юристік аспектілері.

  30. Қызмет көрсетудегі маркетинг және коммерциялық емес маркетинг. Фармацевтикалық қызмет көрсетудегі маркетингтің өзіндік ерекшеліктері. Фармацевтикалық қызметтерді ыңғайың тауып жүргізу.

  31. Дәрілер технологиясы анықтамасы. Негізгі түсініктер мен терминдер. Дәрілік зат және дәрілік қалып, дәрілік препарат арасындағы өзара байланыс. Дәрілер технологиясының міндеттері. Оларды шешудің негізгі бағыттары республика тұрғындарын дәрілермен қамтамасыз етуді ары қарай жетілдіру бойынша денсаулық сақтау саласындағы ҚР үкіметінің шешімдері. Қазақстан Республикасы медициналық және фармацевтикалық өндірісті дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламасы.

  32. Дәрілік қалыптар, дәрілік заттардың сапасын нормалау. Дәрілік заттар мен дәрілік қалыптардың өндірісі мен сапасын фармакопеялық нормалау. Мемлекеттік фармакопеяның соңғы басылымының ерекшеліктері. Халықаралық фармакопея.

  33. Көмекші заттардың номенклатурасы және жіктелуі. Негіз түзуші компоненттер. Дәрілік қалыптардың тұрақтандырғыштары физика-химиялық жүйе ретінде. Консерванттар, пролонгаторлар, солюбилизаторлар, корригенттер және т.б. Қысқаша сипаттамасы, қолданылуы.

  34. Масса бойынша дозалау. Дәріхана практикасында қолданылаты таразылар. Өлшеудің физикалық негіздерін қолдану. Көлем бойынша дозалау. Сұйық компоненттерді өлшеудегі және қаттауда дозалау дәлдігіне әсер ететін физикалық факторлар. Көлем бойыша дозалауда қолданылатын құралдар мен аппараттар.

  35. Ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар технологиясының сатылары. Күрделі ұнтақтарды араластырудың негізгі ережелері және олардың негіздемесі. Ұнтақтардың сапа бағасы. Сақтау. Ұнтақтар технологиясын жетілдіру бағыттары.

  36. Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы. Сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. Сұйық дәрілік қалыптардың жіктелуі. Салмақ-көлемдік Сұйық дәрілік қалыптар әдіс. Ерітінділер технологиясындағы ерекше жағдайлар. Стандартты официнальды сұйықтықтарды сұйылту. Бюреткалық қондырғыларды қолданып сұйық дәрілік қалыптарды дайындау. Бюреткалық қондырғыларға арналған концентрлі ерітінділер, дайындау жағдайлары және сапасын бақылау.

  37. Суспезиялар. Суспензияларды алу әдістері. Суспензиялар мен эмульсиялар технологиясында қолданылатын ЖМҚ және БАЗ негіздеріндегі тұрақтандырғыштар

  38. Тұнба және қайнатпалар. Анықтамасы. Экстрациялық дәрілік қалыптардың маңызы. Сулы сығындылардың сипаттамасы және жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар. Тұнба және қайнатпала технологиясының сатылары. Аппараттар. Инфундирлік аппараты. Тұнба және қайнатпаларға дәрілік заттарды қосу.

  39. Жақпа майлар дәрілік қалып ретінде. Анықтамсы. Сипаттамасы. Жіктелуі. Жақпа майларға қойылатын талаптар. Негіздердің жіктелуі. Жақпа май негіздеріне дәрілік заттарды енгізу.

  40. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік қалыптар. Инъекционды, көзге арналған, антибиотиктер қосылған, нәрестелерге және бір жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік қалыптар номенклатурасы. Артықшылықтар мен кемшіліктері. Инъекциондық дәрілік қалыптарға арналған дәрілік заттар. Оларға қойылатын талаптар. Дәрілік және көмекші заттарды стерильдеу.

  41. «Нақтыланған өндірістік практика (GMP)» Негізгі қағидалары мен талаптары. Өндірістік регламент негізгі технологиялық құжат.

  42. Машина қозғалтқыштың, беруші және атқарушы механизмдерді біріктіруші. Қабылдау-беруші механизмдер. Атқарушы механизмдер. Фармацевтикалық өндірістегі жылу процестері. Периодты және үздіксіз жұмыс істейтін жылу алмастырушы аппараттар. Вакуумдық буландырғыштар, олдардың жұмыс істеу принциптері. Буландыру кезіндегі жанама құбылыстар және оларды жою жолдары.

  43. Фармацевтикалық өндірістегі кептіргіштер. Кептіру процесін анықтаушы оған әсер ететін факторлар. Кептіру әдістері.

  44. Ұнтақтар мен жинақтар. Сипаттамасы. Жіктелуі. Өндіріс технологиясы. Стандарттау. Брикеттелген жинақтар. Күрделі ұнтақтар.

  45. Сироптар. Сипаттамасы. Жіктелуі. Сироптарды алудың технологиялық сызбасы. Сироптарды стандарттау және сақтау.

  46. Дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық активті заттарды экстрагирлеу. Экстракция процесінің толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар. Экстракциялау әдістері. Экстрагирлеуде сұйылтылған газдарды қолдану перспективалары.

  47. Тұндырмалар. Жіктелуі. Тұндырмаларды алу әдістері. Тұндырмалар номенклатурасы. Тұндырмаларды тазалау, стандарттау. Сақтау.

  48. Қою және құрғақ экстракттар. Стандарттау. Сақтау. Қою және құрғақ экстракттардың номенклатурасы. Экстракттар өндірісінің перспективалары.

  49. Максималды тазартылған фитопрепараттар. Алу әдістері. Экстрагенттер. Біріншілік сығындыны ілеспелі заттардан тазалау әдістері. Стандарттау. Жеке заттардың фитопрепараттары, алу, тазалау және бөлу. Стандарттау. Сақтау.

  50. Жануарлар шикізатынан дайындалған препараттар. Жануарлар шикізатының ерекшеліктері. Органопрепараттардың жіктелуі. Препараттардың алынуы. Оларды стандарттау. Ферменттік препараттар, алынуы. Стандарттау және иммобилизациялау әдістері. Орамдау, сақтау. Анықтау.

  51. Таблетка. Сипаттамасы. Таблетканың түрлері және номенклатурасы. Таблеттеудің теориялық негіздері. Таблетка өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың негізгі топтары. Таблеткаларды алудағы технологиялық процесстердің сатылары. Пресстеу. Таблеттеу машинасы. Таблетканы машинамен қаптау. Көп қабатты таблеткалардың әсер ету ұзақтығы. Таблетканың сапалық бағасы. Таблеткалардың заманауи номенклатурасы.

  52. Тритурациялы таблеткалар. Технологиялық ерекшеліктері. Өнімді дамыту жолдары, келешегі. Бөлшектеу және орамдау. Сақтау. Таблеткаларды дозалауға, орамдауға арналған автоматтар. Түйіршіктер, спансулалар, дражелер. Түйіршіктерді алу жолдарының технологиялық үрдістері. Сапасын анықтау.

  53. Медициналық капсулалар және микрокапсулалар. Медициналық капсулалардың түрлері. Желатинді капсула дайындаудағы көмекші заттардың түрлері мен қасиеті. Медициналық капсулаларды дайындаудың әдістері. Капсулада дәрілерді стандарттау. Орамдау. Сақтау. Дәрілік заттарды микрокапсулдеу.

  54. Зауыттық жағдайда суспензиялар мен эмульсияларды өндіру. Аппараттары. Стандарттау. Сақтау. Бөлшектеу. Орамдау.

  55. Суппозиторилердің зауыттық өндірісі. Негіздің сипаттамасы. Суппозиторий дайындау өндірісінде және қаттау үшін қолданылатын технологиялық қондырғылар. Зауыттық жағдайда суппозиторилердің дайындалу түрлері. Стандарттау. Сақтау. Тік ішекке дәрілер түрлерін енгізудің перспективалық дамуы.

  56. Инъекцияға арналған ампуладағы препараттар. Зауыттық жағдайда асептикалы дайындалатын дәрілер түрлері. Инъекцияға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптар. Инъекциялы дәрілер түрлерін дайындауға қолданылатын еріткіштер. Инъекциялық өнім. Қаттау. Безендіру. Сапасын бағалау.

  57. Көзге арналған зауыттық дәрілік түрлерінің технологиялық ерекшеліктері. Көз жақпа майлары. Көзге арналған пленкалар. Көзге арналған дәрілік түрлерді орамдау келешектері (тюбикті–тамшылағыштар, терапевтикалық жүйелер, иммобилизацияланған препараттар және т.б.)

  58. Биофармация дәрі дайындаудың бірден - бір теориялық негізі. Дәрілік заттардың терапевтикалық әсерлігінің тең еместігі. Дәрілік түрлердің биологиялық жеткіліктілігі. Анықтау әдістері. Фармацевтикалық факторлардың дәрілік заттардың биологиялық жеткіліктілігіне әсері.

  59. Ветеринариялық препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ветеринариялық препараттарды дайындауға қолданылатын бастапқы шикізаттардың ерекшеліктері және дайындалу ережелері.

  60. Адам жасына орай қолданылатын дәрілік түрлерді жіктеу. Оларға қойылатын талаптар. Дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын көмекші заттарға қойылатын талаптар. Гериатриялық және педиатриялық дәрілік түрлерді дайындаудың проблемалары.

61.Дәрілік заттардың номенклатурасы мен классификациясы.Фармацевтикалық химияны зерттеу ауданы мен нысанының негізгі мазмұны.

62. Фармацевтикалық химияның заманауи мәселелері. Дәрілік заттарды жасаудағы негізгі әдістерді сараптау.



63. Жаңа дәрілік заттарды алудағы сілтемелер. Дәрілік заттарды алу көздері.

  1. Жаңа дәрілік заттарды алудағы негізгі бағыттар. Жануар және өсімдік шикізатынан дәрілік заттар алу.

  2. Дәрілік заттардың құрылымының арасындағы физикалық, химиялық қасиеттер және биологиялық активтілігінің байланысы. Химиялық құрылыммен биологиялық әсердің бір-бірімен байланысы.

  3. ҚР дәрілік заттардың сапасын бақылайтын мемлекеттік заңдар мен ережелер. ҚР денсаулық сақтаудағы стандарттау жүйесі.

  4. ҚР Мемлекеттік фармакопеясы, жалпы фармакопеялық мақала (ЖФМ), фармакопеялық мақала (ФМ), аналитикалық нормативтік құжат (АНҚ). НТҚ жалпы сипаттамасы (талаптары, нормалары мен бақылау әдістері).

  5. Дәрілік заттарды сертификаттау жүйесі. Сертификациялау ауданындағы Мемлекеттік бақылау. Сертификация түрлері.

  6. Дәрілік заттарды зерттеудің әдістері мен халықаралық және регионалды унифицирленген талаптардың жиынтығы. Әлемдік Денсаулықсақтау Ұйымының Халықаралық фармакопеясы, Еуропалық фармакопея, басқа да регионалды және ұлттық фармакопея.

  7. Дәрілік заттардың сапасын бақылау жүйесін халықаралық стандарттары. GMP, GLP, GCP, GPP – дәрілік заттардың сапасын бақылау ұйымы мен бірегей талаптар жүйесі.

  8. Фармацевтикалық анализ ерекшеліктері. ДЗ сараптаудағы физика-химиялық және химиялық әдістерді қолдану саналылығы.

  9. Фармацевтикалық сараптаманың негізіг критерилары. Дәрілік заттардың тобындағы біртипті зерттеулерді стандарттау және унификациялау (жалпы ережелер, фармакопеяның жалпы және ерекше мақалалары, олардың байланысы).

  10. Фармацевтикалық сараптама жүргізудегі дәрілік заттардың сапасын бақылау формалары.Биофармацевтикалық сараптамасы мен дәрілік қалыптардың экспресс-анализі.

  11. Биологиялық синтез. Табиғи дәрілік заттарды алудағы ферментация әдісі (антибиотиктер, аминқышқылдары, стероидты қосылыстар).

  12. Нәзік органикалық синтез және оларды дамыту перспективасы. Белгілі табиғи және синтетикалық дәрілік заттардың құрылымындағы химиялық модификацияның ерекшеліктері.

  13. Дәрілік заттардың сапасын, бақылау және стандарттаудағы «Медициналық техника және медицинаға қажетті заттар, дәрілік заттарды экспертизалау ұлттық орталығы» Республикалық Мемлекеттік ұйымның ролі.

  14. Дәрілік заттардың негізділігін анықтаудағы жалпы әдістер мен принциптер. Дәрілік заттарды идентификациялауда қолданылатын физикалық қасиеттер. Дәрілік заттарды идентификациялауда қолданылатын химиялық қасиеттер.

  15. Дәрілік заттардың сапасын өзгеріске әкелетін себептер (жарықтың әсері, ылғалдылық, температуры және сақталу мерзіміне қарастырылатын жағдайлардың басқа факторлары). Қоспалардың табиғатына байланысты классификациясы (туыстас және жалпы қоспалар) және нормалау.

  16. Дәрілік заттардың сандық және свапалық қоспаның әсеріне байланысты фармакологиялық активтілігінің өзгерісі.Құрамындағы қоспаны зерттеудің шектуіне қойылатын жалпы талаптар.

  17. Физикалық және химиялық қасеттеріне байланысты тазалығын анықтау. Суды және ұшқыш заттарды анықтау. Органикалық еріткіштердің сандық қалдықтары.

  18. Бейорганикалық дәрілік заттардың катиондар мен аниондар бойынша идентификациялау. Органикалық дәрілік заттарды функционалды топтар бойынша идентификациялау.

  19. Титриметриялық әдістер: сулы және сусыз ортада қышқылдық-негіздік титрлеу, тотығу-тотықсыздану, тұндыру арқылы титрлеу, комплексонометрия, нитритометрия.

  20. Физикалық және физика-химиялық әдістер анализі. Оптикалық әдістер: УФ- және ИҚ-спектрофотометрия, ЯМР-спектроскопия, көрінетін аудандағы фотометрия, рефрактометрия, поляриметрия.

  21. Хроматографиялық әдістер: қағазды хроматография (ҚХ), жұқа қабатты хроматография (ЖҚХ), газды хроматография (ГХ) және жоғарғыэффективті сұйық хроматографиясы (ЖЭСХ), электрофорез.

  22. Дәрілік заттардың биологиялық және микробиологиялық сапасын анықтау әдістері.

  23. Бақылау-аналитикалық қызметтің даму перспективасы мен есептері. Дәріханаішілік бақылаудың ерекшеліктері.

  24. Дәрілік заттарды сақтау мерзімі мен тұрақтылығы. Физикалық, физико-химиялық және химиялық қасиеттеріне байланысты орамдарға қойылатын фармакопеялық талаптар.

  25. Дәрілік заттардың тұрақтылығын анықтау. Қолдану мерзімін жобалаудағы «кәрілікті тездету» әдісінің негізінде ( Вант-Гофф, Аррениус теңдеуі).

  26. Биологиялық сұйықтықтағы дәрілік заттарды сараптау. Биологиялық сұйықтықтағы дәрілік заттардың сандық және сапалық ерекшеліктері және олардың метаболиттері.

  27. Фармакопеялық сараптау параметрлер әдістерінің валидациясы. Стандартты сынамалар.



Директор Датхаев У.М.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет