«кеме» «зеренда» (Былғарыдан жасалған) Авай Гүлбақыт



жүктеу 33.25 Kb.
Дата07.11.2018
өлшемі33.25 Kb.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ

«БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ



«КЕМЕ»

«ЗЕРЕНДА»

(Былғарыдан жасалған)



Авай Гүлбақыт (15 жас)

Үйірме жетекшісі: Капарова А.Ж.

02.03.2016 жыл

Былғарыдан жасалған әсем қолөнер бұйым.

Кеме картинасын жасау технологиясы.

Шынайы былғары - түрлі гүлдер мен басқа да әдемі қолөнер өндіру үшін ең танымал материалдардың бірі. Шынайы былғарыдан, замштен өз қолымен жасалған небір әдемі гүлдер жиі әйелдер аяқ киімінде, бас киімдерде, сөмкелер, белбеу және белдіктерде, білезіктер, сақина, сырға, фото жиектемелерде безендірілген.

«Кеме суретін» өз қолымен жасау кезінде арзан қол матералдарды қолдануға болады – ескі былғары киімді, ескі былғары аяқ киімді, былғары қолғапты.

Жалпы айтар болсақ, былғарыдан кеме картинасын жасау техникасында үлгі бойынша дайындамалар жасау желім немесе от арқылы керек кескінді жасау. Жалпы егер дұрыс табиғи былғарымен жұмыс істей алса, онда кез келген өз қолымен бұйымдар жасауға болады.


Жұмыс кезінде қандай құралдар қажет:

-табиғи немесе жасанды былғары;

- қайшы, желім, жұқа сым, акрил бояу, болонды бояу;

- арзанқол материал картон корап;

- жасанды былғарыдан жасалған қағаз;


  1. Жеке бөлік үлгілерін жасау

Кеменің парусын жасау, ол үшін жеке-жеке бөліктен үлгі жасау, яғни кішіден үлкенге дейін, біздің кемеге 3 үлкен, 3 орташа, 3 кішірек және 1 одан кіші пішінде үлгі жасап қиып алу.

Жоғарыда жазылып кеткендей бұйымға кескін беру үшін от немесе желім техникасы арқылы жасалады, бұл парустың керней кескінде болу үшін от арқылы жасалған пішіндердің шетін аздап күйдіру арқылы жасап шығара аламыз.



Ендігі кезекте балдырлар жасаймыз.

Балдырлар жасау техникасында желім арқылы пішін береміз.

Балдырдың үлгісін жасап қиып, шетіне желім жағып, жұқа сымды желімнің үстіне қойып былғарыны бүгіп желімдеу, одан ортасына да желім жағып оның үстіне жұқа сым қойып бір-біріне жабыстыру.









Кеменің пішінін арзан қол материал картон кароптан жасап, былғарымен қаптап желіммен жапыстыру керек, одан акрил бояумен бояу қажет.








  1. Былғары бұйымдарды бояу:

Жалпы былғарыны балонды бояумен немесе нитрабояуларды қолданады, бірақ майлы бояу немесе акрил бояу гүл, жапырақ біздің жағыдайда парус бояу кезінде өте қолайлы, ол бұйымға шынайлылық береді.

Парус пішіндері дайын болғаннан кейін акрил бояумен бірнеше қабат арқылы бояймыз.





Балонды бояумен былғарыны бояу.



Негізгі фонды жасанды былғарыдан жасалған қағазды күннің батып жатқан суретін акрил бояумен бояу қажет.




Келесі қадам барлық бөлімдерді жинап «Кеме» картинасын жасау.



«Кеме» картинасы




Былғарыдан жасалған Зеренді табиғатын бейнелеген картина



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет