«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»



жүктеу 95.74 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі95.74 Kb.
түріҚұрамы


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы

№ бұйрығына

1-қосымша

«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiктiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күн;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органынның қолымен куәләндырады.

Порталға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жіберіледі және қызмет алушының «жеке кабинетіне» қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушыға)көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі;

2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім (дипломы) туралы құжаттың көшірмесі;

кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6697 болып тіркелді).

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) порталға:

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

кәсіби дипломының электрондық көшірмесі;

кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (086/е нысанды медициналық анықтама).

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Көрсетілетін құжатты берушінің кеңсесінде дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлікті (не оның өкілі нотариат куәландырған сенімхат ұсынған кезде) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал порталға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» аттестаттан өту орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік қызметті көрсету құжаттарын қабылдаудан бас тарту туралы, немесе мемлекеттік қызмет алушы портал арқылы жүгінген кезде оның «жеке кабинетіне»электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почта мекенжайы:mid@mid.gov.kz, (8-7172) 75-44-44 телефоны арқылы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mid.gov.kz мекенжайы бойынша министрліктің интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» бетіне) беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымдар портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып,

қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушілердің үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда алуы мүмкін.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы:1414.

«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»

стандартына

1-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына_____________________облысы (қаласы) ______________________________________________________________

(Т.А.Ә.А, ЖСН)


Өтініш
Сізден мені [Лауазым] [Топтар] лауазымына кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізуге жіберуіңізді сұраймын.


Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1. __________________________________________________________;

2. __________________________________________________________;

3. __________________________________________________________;

4. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. «____» __________ ________________________

(өтініш берушінің қолы)


«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»

стандартына

2-қосымша

Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына_____________________облысы (қаласы) ______________________________________________________________

(Т.А.Ә.А, ЖСН)



Өтініш
Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Анықтаманың нөмірі] [Анықтама берілген күн] кемелердің командалық құрамы адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын мынаған байланысты беруіңізді сұраймын:___________________________________________________________

(себебін көрсету)

_______________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:

1. __________________________________________________________;



2. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. «____» __________ ________________________

(өтініш берушінің қолы)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет