Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/4
Дата27.04.2019
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз

 және панасыз қалуының алдын алу туралы

2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Қазақстан Республикасының Заңы

 



Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмаған­дар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қада­ғалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушы­лықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадаға­лаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар­дың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдай­ларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәме­летке толмағандармен, кәмелетке толмағандардың оларды тәрбиелеу, оқыту немесе бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактикасы шараларын қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар жүйесі;

4) кәмелетке толмағанды бағып-күту – кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің өздерінің қаржылық мүмкіндіктерінің және қабілеттерінің шегінде оның толыққанды дамуы, оның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды қорғау үшін жағдай жасауы;

5) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу – балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-құлық ережелері мен нормаларын дарыту жөніндегі ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тарапынан оған әсер ететін үздіксіз процесс;

6) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының, тәрбиешілерінің және басқа да қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбие­леу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орын­дамауы салдарынан не оның үйден немесе бала­ның құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

7) қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмаған­дардың құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;

9) панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;

10) тұрмысы қолайсыз отбасы – кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары



1. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат

1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат құқықтық саясаттың бiр бөлiгi болып табылады және ол кәмелетке толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлармен қамтамасыз етудi қамтиды.

2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат:

1) заңдылық;

2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;

3) отбасын қолдау;

4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы шараларын қолданудағы кешендiлiк;

5) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу;

6) құпиялылық;

7) ғылыми негiздiлiк;

8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты:

1) балалардың дене бiтiмi, зияткерлiк, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбiтшiлiк сүйгiштiкке тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың қоғам мүдделерiмен, мемлекет халықтарының дәстүрлерiмен, ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiмен ұштасқан жеке басын тәрбиелеуге ықпал ету;

2) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;

3) кәмелетке толмағандармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзу үшiн құқықтық негiздердi қалыптастыру;

4) кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас жасау;

5) балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелерінің тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi белгiлеу;

7) қызметi әлеуметтiк тапсырыстар беру және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де шаралар арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi шараларды жүзеге асырумен байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы болып табылады.

4-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi:

1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;

3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту;

4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыру;

5) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу;

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру болып табылады.

5-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.

6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесi

1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiне iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әдiлет органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн мемлекеттiк орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар кiредi.

2. Iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әдiлет органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.

3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.

2-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,



қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік

органдар мен мекемелердің функциялары және өкілеттіктері

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;

2) кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк қорғалу жүйесiн айқындайды;

3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және қорғау, бала құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың желiсiн дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады;

4) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегi ведомствоаралық комиссияны құрады;

5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, оларды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi.

 

8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi

1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде:

1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына арналған жергiлiктi бюджеттердiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуын, экономикалық және әлеуметтiк өңiрлiк даму бағдарламаларын бекiтедi және олардың iске асырылуын бақылайды;

2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың құрамын бекiтедi;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы өз жұмысын жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде ұйымдастырады.

3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады;

2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;

3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды қолданады;

4) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;

5) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзедi.

4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады;

2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және тұрмысы қолайсыз отбасылардың дербес есебiн жүргiзедi;

3) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымның қалыптасуына жәрдемдеседi;

4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау, өзге де көмек көрсету жөнiндегi шараларды қолданады;

5) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi.

9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар

1. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады.

2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан, ал облыстық, қалалық, аудандық - қалада, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.

3. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi жанынан құрылуы мүмкiн. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк комиссияны құру туралы шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi ауданның мәслихаты бекiтедi.

4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және хатшы кiредi. Төраға мен хатшы тиiстi мемлекеттiк органдар аппараттарында штаттық лауазымды атқарады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк комиссия төрағасының функцияларын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi атқарады.

5. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына тиiстi мәслихаттардың депутаттары, iшкi iстер, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына мүдделi қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде:

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат iс-әрекеттер жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң профилактикасы жөнiндегi қызметiн жетілдiруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

3) бала құқығын қорғау жөнiндегі мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, әкету, бағып-күту жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жай-күйiн зерделейдi және осы салада әлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

5) бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдар желiсiнiң дамуына жәрдемдеседi және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi;

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң тәжiрибесiн жинақтап, таратады және оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруда және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруда, сондай-ақ өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де мiндеттердi жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді;

11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.

7. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi

Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:

1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;

2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады;

3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;

4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;

5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;

6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде әдiлет органдарының қылмыстық-атқару инспекцияларына жәрдемдеседi;

7) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару инспекцияларымен бiрлесе отырып, балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдар дайындайды;

8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;

9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;



10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.

Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;

11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет