Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негізі туралы мәселе



жүктеу 96.96 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі96.96 Kb.

Хибина Н.Н.

Қайнар университететінің ізденушісі
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізі туралы сұрақты қарастыру принципиалдық мағынаға ие, себебі оны дұрыс шешуден бұл институтты қолдану дәйектілігі және заңдылығы байланысты.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың бұл аспектісі жаза өтеуден босатудың осы түріне ұсынылған, сотталған адамдардың санының үнемі ұлғаюынан өзекті бола бастайды. Осылай, егер 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын кәмелетке толмаған сотталғандардың саны босатылғандардың жалпы санынан 71 % құраса, 2007 жылы – 93, 2 % құрады.

1960 жылғы РСФСР ҚК шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды сотталған адамның түзелуімен байланыстырды (шартпен мерзімінен бұрын босату кезеңіне түзелу процесінің аяқталуы түрінде) [1; 101]. Әрекет ететін заңнама бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату, егер сот сотталған адам өзінің түзелуі үшін жазаның барлық мерзімін өтеуді қажет етпейді деген қорытындыға келген жағдайда жіберіледі. Басқаша айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін сотталған адамның толық түзелуі қажет емес.

Сонымен қатар жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізі мәселесі заң әдебиеттерінде біркелкі емес шешіледі. Бір ғалымдар шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізі болып сотталған адамның түзелуі шығады немесе шығуы керек деген ойды айтуды жалғастырады [2; 17]. Ю.В. Грачеваның пікірі бойынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негізі болып, сотталған адам өзінің түзелуі үшін тағайындалған жазаның барлық мерзімін өтеуді қажет етпейтіндігі туралы соттың сенімділігі табылады [3; 478]. Кейбір мамандар сотталған адамның түзелуі немесе онымен түзелудің белгілі бір дәрежесіне жетуі сияқты негізбен қатар, тағы бір – қылмыс санатына байланысты, адамның заңмен белгіленген жаза мерзімін өтеуін бөліп көрсетеді [4; 19-20, 563, 73]. Басқалары шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негізі деп сотталған адамның түзелуінің белгілі бір дәрежесін санайды, ал адамның жаза мерзімінің бөлігін өтеуі олармен зерттеліп отырған шараны қолдануға шарт ретінде немесе жағдай ретінде айтылады [5; 31].

Шындығында, сотталған адамның соңына дейін түзелуіне қол жеткізімеуі де мүмкін. Мысалы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс жасайды. Мұндай жағдайларда жазатолық мерзімін өтеусіз адамның түзелу мүмкіндігіне қатысты дұрыс емес болжам бетке. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату мұнда ауыстырылады, ал сотталған адамның түзелуі оған шаралық – тәрбиелік әсер етуді қолдану жолымен жүзеге асырылады. Егер шартты түрде мерізімінен бұрын босату негізі деп мүдделі адамның түзелуін санасақ, онда көрсетілген болжамның қателігі жағдайында ұсынылған шараны сот ауыстыра алмайды, себебі босату сөзсіз болып табылады.

С.В. Сорокиннің пікірі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың жалғыз ғана негізі болып сотталған адамның түзелуі емес, тәрбиелік колонияда белгіленген режимді сақтау фактісі: белгілі мерзім ішінде онда тәртіптік өндіріп алудың болмауы табылады [6; 35]. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізі мәселесін шешуге автор тек формальды позиция тұрғысынан келеді деп ойлауға болады. Бір ғана сотталған адамның режимдік ережелерді сақтауының өзі адамның түзелуінің белгілі дәрежесіне жетуі туралы қорытытынды үшін жеткілікті болып табылмайды. Оның сана – сезімінде басталған позитивтік қозғалыстар туралы куәландыратын, түзелудің басқа да критерияларының (еңбекке, оқуға, тәрбиелік іс – шараларға қатынасы) бар болуы қажет.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізіне қылмыс санатына байланысты, сотталған адамның жаза мерзімінің белгілі бір бөлігін өтеуді жатқызу мәселесін шешу, «негіз» және «шарт» сөздерінің этимологиялық мағынасына жүгінусіз мүмкін емес.

Қазақ тілінде негіз деп жеткілікті қисын, себеп, түсіндіретін, ақтайтын, нені болса да түсінікті ететіндер ұғынылады [7; 731]. «Шарт» сөзі - бір нәрсе байланысты мән – жайлар ретінде ашылады [8; 839].

«Негіз» терминін философиялық түсінуде жеткілікті және қажетті шарт ретінде шығатын құбылысты, қандай да бір басқа шарттың (нәтиже) өмір сүруіне шарт және соңғысын түсіндіруде қызмет атқаратын құбылысты білдіреді [9; 452]. Шарттың нәтиженің қисынды шарты болып табылатын негізден айырмашылығы, заттар, жағдай, процесстердің бар болуын мүмкін қылатын басқа нәрседен (шарттасқан) тұрады [10; 469].

Біздің пікірімізше, басқа шартыың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде негізді анықтау зерттеліп отырған терминдер арасында дәл айырмашылықты өткізуге жеткілікті түрде қабілетті емес. «Себеп» және «нәтиже» сияқты, философиялық санаттар арқылы шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізі мен жағдайларының мәселелерін қарастыру, сірә, үлкен айқындылық алып келе алады. Себеп деп, онсыз басқасы болмайтын – нәтиже түсініледі. Ал нәтиже қисынды түрде басқа нәрседен шығатынды (өзінің негізі) білдіреді [11; 365, 418]. «Себеп – нәтиже» арақатынасы жағдайларға, яғни оның «ортасын» құрайтын, нақты дамуды қамтамасыз ететін құбылыстардың, мән – жайлардың жиынтығына байланысты [12; 157].

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты жаза өтеуден босатудың осы түрінің себебі ретінде сотталған адамның түзелудің белгілі бір дәрежесіне жетуі шығады. Жағдай (сотталған адамның жаза мерзімінің бір бөлігін өтеу) түзелудің осы дәрежесіне жетуді қамтамасыз етеді, көмектеседі. Себеп және жағдайдың болуы нәтижеге алып келеді – сотталған адамды жазаны өтеуден шартпен мерзімінен бұрын босатуға.

Айтылғандардан шыға отырып, адамның жаза мерзімінің нақты бөлігін өтеуін шартты түрде мерзімінен бұрын босату негізі деп тану мүмкін болып көрінбейді, себебі бұл қолданылатын интситуттың мәнін түсіндіре алмайды, сотталған адам неге шартпен мерзімінен бұрын босатуға лайық деген сұраққа жауап бермейді.

Шындығында, сотталған адамның жазаны өтеу процесіндегі әрбір нақты уақыт кесіндісі, адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады дегенді білдірмейді, осы шараға жедел түрде ұсынумен шарттаспайды, себебі сотталған адам осы уақыт ішінде түзелудің талап етілетін дәржесіне жетпеуі мүмкін. Соңғысы көптеген себептермен болады: сотталған адамның түзелетін – тәрбиелік әсер етуге түскісі келмейтіндігінен, түзеу мекемелерінде болудың қысқа мерзімділігінен және т.б. Егер сотталған адам жаза мерзімінің сол немесе өзге бөлігін өтеу ішінде түзелудің қажетті дәрежесіне жетсе, онда ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады.

Осылай, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың жалғыз ғана негізі сотталған адамның түзелудің нақты дәржесінен жетуі болып табылады, ал жасалған қылмыстың санатына байланысты, жаза мерзімінің заңмен талап етілетін бөлігін онымен өтеу, жағдай, оны қолданудың шарты [13; 539-540] ретінде шығады.

ҚР ҚК 38 бабының 2 бөлігінде сотталған адамның түзелуі жаза мақсаттарының бірі ретінде бекітілген. Бұрын әрекет еткен қылмыстық заңнама сотталған адамның түзелуіне ғана емес, оны қайтадан тәрбиелеуге байланысты нұсқаудан тұрған (1960 жылғы РСФСР ҚК 20 бабы). «Қайта тәрбиелеу» және «түзеу» санаттарының арақатынасының мәселесіне заң әдебиеттерінде ғылыми еңбектердің үлкен көлемі арналған [14; 80].

В.А. Нерсесянның пікірі бойынша, түзелу мақсаты сотталған адам жатақхана ережесін және еңбегін құрметтейтін, қоғамның заң тыңдайтын, адамгершілігі бар азаматы болуынан тұрады [15; 73-77]. Сотталған адамды түзеу, оны қылмыс жасауға алып келген кемістіктерден құтылту деп санайды А.И. Васильев [16; 21]. Ф.Р. Сундуров, сотталған адамдардың түзелуі – оларда негативтік, қоғамға қарсы дағдыларды бұзуды және әлеуметтік пайдалы қасиеттерді қалыптастыруды болжайтын ерекше педагогикалық процесс деп белгілейді [17; 15]. Демек, бір ғалымдар түзелу деп нәтижені, басқалары – осы нәтижеге жету процесін түсінеді.

Біздің пікірімізше, бұд көзқарас толығымен дәйектелмеген. Біріншіден, қылмыстық құқық теориясында сотталған адамның түзелу критериясы жеткілікті түрде жоғары дәрежеде құрастырылған. Бірақ, оларды тәжірибеде қолдану белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, еліміздегі экомомикалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, сотталған адамды еңбекпен қамту бөлігінде.

Екіншіден, қылмыс жасаудың құтылмау салдары ретінде жазаның алдындағы қорқыныш, жаза өтеу уақытында тәрбиелік жұмыс жүргізу нәтижесінде адамның санасында болуы, қалыптасып қалуы мүмкін, ол өз кезегінде түзеу процесінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Үшіншіден, көрсетілген мақсат 300 жылдан астам бойы қылмыстық құқықта бекітілген және оларға жетуді жазаны көздейтін, сотталған адамға түзетулік әсер етудің әлеуметтік пайдалы, әлеуметтік тіленетін нәтижелері ретінде қарастырылуы керек. Бұл әрбір нақты жағдайда осы мақсат міндетті түрде қол жеткізіледі дегенді білдірмейді (сотталған адам жазаны толығымен өтеуі, бірақ түзелмеуі мүмкін). Бірақ түзеу – тәрбиелік іс – шаралардың барлық кешені осыған көмектесуі керек.

Тек қана жаза тағайындау кезінде сотталған адамның түзелуінің мақсаттарын қылмыстық заңнамада басымдылығын тану туралы бекітулермен келісуге болмайды. Сотталған адамның түзелуімен байланысты сұрақтар ҚР ҚАК нормаларымен реттеледі. Бірақ мұнда сотталған адамның түзелуі тек қана қылмыстық құқық интситуты болып табылатын жаза мақсаттары болып қала береді. ҚР ҚАК материалдық құқықта бар ережелерді өмірге келтіруге шақырылған.

Көрсетілген ұстанымның өмір сүруі «сотталған адамның түзелуі»дефинициясының ҚР ҚК – те жоқ болуымен түсіндіруге болады. Бұл мәселе заң басылымдарының беттерінде бірнеше рет талқыланды. А.А. Палияның пікірі бойынша, егер жаза мақсаттары қылмыстық заңда қалыптасса, онда бұнда олардың мазмұны да анықталуы керек. Соған қарамастан ҚР ҚАК 9 бабының 1 бөлігінен ҚР ҚК – не зерттеліп отырған түсінікті автоматты түрде ауыстыру үшін жеткілікті негіздер жоқ, себебі «сотталған адамдардың түзелуі» терминінің конструкциясында түсінілуі кейбір қиындықтар туғызатын, бірқатар ережелер бар. Мысалға, «адамға құрметпен қарау» сияқты тезис.

Мәні бойынша, қарастырылып отырған сұрақты ұқсас пішінмен шешуге А.А. Рябинин келді. Қылмыстық құқық нормаларымен, жаза мазмұны және мақсаттары түсінігі, жаза түрлерінің жүйесі және оларды сотпен тағайындау тәртібі анықталады, бірақ оларды орындау және өтеу тәртібі, қылмыстық жаза мақсаттарына жету тәсілдері мен әдістерін анықтау, қылмыстық атқару құқығы өкілеттігіне кіреді деп белгілеген ол [18; 66]. Сондықтан ҚР ҚАК 7 бабының 1 бөлігінде бекітілген «сотталған адамды түзеу» түсінігі, нәтиже ретінде емес (жазаның іске асырылған мақсаты), оған жету процесс ретінде, сол аралық ішінде жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына және ережелеріне құрметтік қатынасты ендіру [19; 37] ретінде мазмұндалу керек.

ҚР ҚК сотталған адамды түзеу мақсаты дефинициясын бекіту заңнамалық дәрежеде басқа мақсаттардың анықтамасын енгізу қажеттілігін қисынды түрде білдіретін болады. Мұнда қылмыстық құқық доктринасында жаза мақсаттарын түсіну үнемі өзгеріп отырады. Мысалға, қазіргі кезде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жазаның мақсаты ретінде қылмыстық заңда бекітілген. Бірақ кейбір ғалымдар оның әрі қарайғы ғылыми құрастыруларының қажеттілігін таниды. Бұрын заң шығапушы жазаның мақсаты ретінде сотталған адамның түзелуі мен қайта тәрбиеленуін таныған болатындығы жоғарыда көрсетілді. Қазір жаза мақсаттары болып тек олардың түзелуі табылады. Сондықтан қылмыстық құқық теориясындағы ережелерден шыға отырып түсіндірілетін, олардың мазмұнын анықтаусыз, ҚР ҚК тиісті баптарында тек жаза мақсаттарын атау ғана жөнді болып көрінеді.

Бұрын қылмыстық заңнамада сотталған адамдардың түзелуінің әртүрлі дәрежелері (түзелу жолына түсу, түзелу жолына нық түсті, өзінің түзелуін дәлелдеді) белгіленетін, онымен жазаны жеңілдетудің әр түрлерін қолдану және одан босату байланыстырылды [20; 28]. Қазіргі кезде қылмыстық заңнама өзінің нормаларының құрылысында сотталған адамның түзелуінің дәрежелерін пайдалану ойынан бас тартқан жоқ [21; 27]. Осылай, ҚР ҚК 71 бабына сәйкес сот сотталған адамның мінез – құлқын ескере отырып оған жазаның өтелмеген бөлігін мемлекеттік – мәжбүрлеуді әсер етудің жеңілірек түрімен ауыстыра алады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін адам соңына дейін түзелу үшін жазаның барлық мерзімін өтеуді қажет етпейтіндігі (ҚР ҚК 70 бабы) туралы сот сенімділігі қажет. Басқаша айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде, сотталған адамның түзелудің белгілі бір дәрежесіне жетуі қажет. ҚР ҚК 71 бабын іске асыру кезінде адамның түзелуінің ең төмен дәрежесі жеткілікті. Жаза түрлерін орындау кезінде түзелудің мақсатына жету үшін, ең алдымен жеделдеріне, сотталған адамға жаза орындау/өтеудің белгіленген тәртібіне жататын түзелудің амалдары, тәрбиелік жұмыс, қоғамға пайдалы еңбек, жалпы білім алу, кәсіби даярлық және қоғамдық әсер етулер жатады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Уголовное законодательство СССР. В 2 т. Т. 1 / Под ред. Ф.И. Калинычева. - М., 1963. - С. 101.

2. Авдеев В.А. Проблемы условно-досрочного освобождения несовершеннолетних // Уго­ловное право. -2000. -№ 2. - С. 17.

3. Уголовное право Российской Федерации. Общая часть / Под ред. Л.В. Иногамовой-Хегай, А.И.Рарога, А.И. Чучаева. - С. 478.

4.Уголовное право на современном этапе: про­блемы преступления и наказания / Под ред. Н.А. Беляева, В.Н. Глистина, В.В. Орехова. -СПб.,1992. -С. 563;

5. Тарханов И.А. Замена наказания по советскому уголовному праву. - Казань, 1982. - С.48; Кропачев А. Условно-досрочное освобождение от отбывания наказания // Законность. - 1999. - № 2. - С. 31.

6. Сорокин СВ. Основания условно-досрочного освобождения от уголовного наказания //Материаль­но-правовые, процессуальные и криминологические аспекты реализации уголовного закона. -Иваново, 1992.-С. 35.

7. Большой толковый словарь русского языка. - СПб., 2000. - С. 731.

8. Ожегов СИ. и Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. - М., 1998. - С. 839.

9. Философский словарь. - М., 1975. - С. 208; Философский энциклопедический словарь. - М., 1989.-С. 452.

10. Философский энциклопедический словарь. - М., 1997. - С. 469.

11. Философский энциклопедический словарь. - М., 1997. - С. 365,418.

12. Криминология / Под ред. Н.Ф. Кузнецовой, Г.М. Миньковского. - М., 1998. - С. 157.

13. Российское уголовное право. Общая часть / Под ред. Л.В. Иногамовой-Хегай, B.C. Комисарова, А.И.Рарога. - С. 539-540.

14. Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних. - М., 1966. - С.80.

15. Чучаев А.И., Абдрахманова Е.Р. Лишение свободы и проблемы его реали­


зации.-Ульяновск, 1996.-С. 73-77.

16. Рыбак М.С Ресоциализация осужденных к лишению свободы: проблемы теории и практики. - Саратов, 2001. - С. 21.

17. Сундуров Ф.Р. Социально-психологические и правовые аспекты исправления и перевоспитания правонарушителей / Ф.Р. Сундуров. - Казань: Изд-во Казанского ун-та, 1976. – С. 15.

18. Рябинин А.А. Проблемы наказания на новом этапе совершенство­вания уголовного и уголовно-исполнительного законодательства / А.А. Ря­бинин. - Домодедово: ВИПК МВД России, 2000. - С. 66.

19. Шамис А.В. Основные средства карательно-воспитательного воз­
действия на осужденных и механизм их реализации в исправительных учреждениях: Автореф. дис....докт. юрид. наук. - М., 1996. - С. 37.

20. Зубков А. Законодательство как гарант реализации цели исправления // Преступление и наказание. -1998.-№4.-С. 28.



21.БриллиантовA.B.Диф­ференциация наказания: уголовно-правовые и уголовно-исполнительные проблемы: Автореф. дис..докт.юрид. наук. - М., 1998. - С. 27.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет