Кербұлақ шатқалының қазіргі заманғы топырақ және өсімдік жамылғысының қалыптасу заңдылықтары



жүктеу 182.96 Kb.
Дата07.10.2017
өлшемі182.96 Kb.

ӘОЖ 631.4; 58 (075.8)
Шымшықов Б.Е., Тыныбеков Б.М., Мұқанова Г.А., Воронова Н.В.

Г.А. Мұқанова., Б.ов., Б.М. Тыныбеков,



Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазахстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: gulikok@mail.ru


Кербұлақ шатқалының қазіргі заманғы топырақ және өсімдік жамылғысының қалыптасу заңдылықтары
АННОТАЦИЯ: мақалада Кербұлақ шатқалының топырақ жамылғысының эволюциялық түзілу бағытына, топырақтың механикалық құрамына, қоректік элементтеріне, органикалық құрамына жалпылама сипаттама жасалды. Топырақ кескіндерінің морфологиялық сипаттамалары келтірілді. Малайсары тау етегінің жазығындағы сұр топырақтар мен Іле өзенінің жайылмалы далалы топырақтарының морфологиялық сипаттамасы сарапталды.

Зерттеліп отырған аймақ шөлді өсімдіктердің жамылғысының әр алуан түрлілігі кешенділігімен ерекшеленеді. Доминантты фонды бұташықты жусандар мен сораңды ассосациялар қалыптасады. Ассосациялар құрамында сұр, шағыр, боз, қара, тұран жусандары, бұйырғын, баялыш, көкпек изен және басқа да сораңдар кездеседі. Кербұлақ шатқалында өсімдіктердің 40 тұқымдас, 130 туыс, 163 түрі кездеседі. Сонымен қатар шатқалда аз кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлер, реликті түрлер, эндемдік түрлердің де бар екені анықталды.


Кілтті сөздер: аморфты, гидроморфты, топырақ жамылғысы, өсімдіктері, өзен сағасы, Іле өзені, зоналды, интрозональды, төбелі қырқалы, эндемик, релик, флора, мал азықтық, дәрілік т.б.

Шымшықов Б.Е., Тыныбеков Б.М., Мұқанова Г.А., Воронова Н.В.

Г.А. Мұқанова., Б.ов., Б.М. Тыныбеков,

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазахстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: gulikok@mail.ru


Кербұлақ шатқалының қазіргі заманғы топырақ және өсімдік жамылғысының қалыптасу заңдылықтары
АННОТАЦИЯ: в статье приведено морфологическое описание, механического состава почв, питательное элементы и органическое состава почвенного покрова ущелье Кербулак. А также морфологическое описание почвенного профилья. мақалада Кербұлақ шатқалының топырақ жамылғысының эволюциялық түзілу бағытына, топырақтың механикалық құрамына, қоректік элементтеріне, органикалық құрамына жалпылама сипаттама жасалды. Топырақ кескіндерінің морфологиялық сипаттамалары келтірілді. Малайсары тау етегінің жазығындағы сұр топырақтар мен Іле өзенінің жайылымды далалы топырақтарының морфологиялық сипаттамасы сарапталды.

Зерттеліп отырған аймақ шөлді өсімдіктердің жамылғысының әр алуан түрлілігі кешенділігімен ерекшеленеді. Доминантты фонды бұташықты жусандар мен сораңды ассосациялар қалыптасады. Ассосациялар құрамында сұр, шағыр, боз, қара, тұран жусандары, бұйырғын, баялыш, көкпек изен және басқа да сораңдар кездеседі. Кербұлақ шатқалында өсімдіктердің 40 тұқымдас, 130 туыс, 163 түрі кездеседі. Сонымен қатар шатқалда аз кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлер, реликті түрлер, эндемдік түрлердің де бар екені анықталды.


Кілтті сөздер: аморфты, гидроморфты, топырақ жамылғысы, өсімдіктері, өзен сағасы, Іле өзені, зоналды, интрозональды, төбелі қырқалы, эндемик, релик, флора, мал азықтық, дәрілік т.б.
Шымшықов Б.Е., Тыныбеков Б.М., Мұқанова Г.А., Воронова Н.В.

Г.А. Мұқанова., Б.ов., Б.М. Тыныбеков,



Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазахстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: gulikok@mail.ru


Кербұлақ шатқалының қазіргі заманғы топырақ және өсімдік жамылғысының қалыптасу заңдылықтары
АННОТАЦИЯ: мақалада Кербұлақ шатқалының топырақ жамылғысының эволюциялық түзілу бағытына, топырақтың механикалық құрамына, қоректік элементтеріне, органикалық құрамына жалпылама сипаттама жасалды. Топырақ кескіндерінің морфологиялық сипаттамалары келтірілді. Малайсары тау етегінің жазығындағы сұр топырақтар мен Іле өзенінің жайылымды далалы топырақтарының морфологиялық сипаттамасы сарапталды.

Зерттеліп отырған аймақ шөлді өсімдіктердің жамылғысының әр алуан түрлілігі кешенділігімен ерекшеленеді. Доминантты фонды бұташықты жусандар мен сораңды ассосациялар қалыптасады. Ассосациялар құрамында сұр, шағыр, боз, қара, тұран жусандары, бұйырғын, баялыш, көкпек изен және басқа да сораңдар кездеседі. Кербұлақ шатқалында өсімдіктердің 40 тұқымдас, 130 туыс, 163 түрі кездеседі. Сонымен қатар шатқалда аз кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлер, реликті түрлер, эндемдік түрлердің де бар екені анықталды.



Кілтті сөздер: аморфты, гидроморфты, топырақ жамылғысы, өсімдіктері, өзен сағасы, Іле өзені, зоналды, интрозональды, төбелі қырқалы, эндемик, релик, флора, мал азықтық, дәрілік т.б.

Іле – Балхаш территориясының аймағында доминантты флора мен фаунаның бірлестіктерінің кеңістіктегі таралу заңдылықтарына байланысты бірнеше экожүйелерге бөлінеді:

1. Іле өзенінің жағалауындағы жайылымды - шалғынды, шалғынды, сорланған, сортаңданған шалғынды гидроморфты экожүйелер:

а) тоғайлы және жайылымды, шалғынды өсімдік жамылығысы әр түрлі шөптесін өсімдіктерден құралған (интрозональды шөлді биом) шалғынды аллювиальды қазіргі заманғы аллювиальды жазықты атыраулар.

б) көне атыраулы тақырлы жазықты өсімдік жамылғысы жусанды кейреуікті құмбалшықты құмды, (шөлді атыраудың жазықты биомы).

в) көл жағалауындағы, жайылымды-сортаңданған, шалғынды- батпақты, батпақты сортаңданған шөлді жазықтық. Жағалаудағы батпақты сортаңданған биом.



  1. Солтүстік ашық сұр түсті сұр- қоңыр автоморфты экожүйенің жазығындағы шөлді топырақтар:

а) өсімдік жамылғысы жусанды кейреуікті қиыршық тасты ұсақ құмды жазықтар. Ұсақ құмды шөлді биом.

б) өсімдік жамылғысы эфемерлі тау етегіндегі қырлы, еңістіктегі жазықтықтар. Тау етегіндегі шөлді - далалы биом.

3. Құмдары бекітілген және жартылай бекітілген, тақыр тәрізді көне аллювиальды және эолды құмды жазықтықты құмды эко жүйе. Төбешікті, қатарлы, құмды жазықтықтағы биом [1].
Жоңғар аймағындағы Кербұлақ шатқалының топырағы Малайсары асуымен Базой және Қарой жазығына ұласқан Іленің ойпатында орналасқан геоморфологиялық қатынастағы тау етегіндегі қиыршықты тасты, құмбалшықты [2]. Кербұлақ шатқалының топырақ жамылғысында сұр топырақтың зоналы бөлінуі байқалады ашық сұр топырақ белдеу ландшафтары бойынша кезектесіп қарапайым сұр топыраққа ұласады. Сұр топырақтың зона бойымен таралуы Базой және Қарой қыратының жазығымен шектесуіне байланысты. Ал Малайсары асуының тау етегі жазықпен шектескендіктенде топырағы қарапайым сұр және құмдауыт. Сондықтан ареалдағы қарапайым сұр топырақтың таралуы Малай сары асуының шөлді далалы тау етегінің төменгі жазығындағы еңіске тән [3,4].

Тау етегіндегі шөлді жазықтық жыл бойы мал жайылымдық шаруашылыққа пайдаланылады. Осыған байланысты Іле – Балқаш аймағындағы Кербұлақ шатқалының экожүйесінің күшті антропогенді қысымның нәтижесінде өзгеріске ұшыраған топырағы мен өсімдік жамылғысын зерттеу, экологияның, топырақтану және географияның, ботаниканың өзіндік өзекті мәселесі болып табылады. Жоғарыдағы айтылған мәселелерді зерттеу Қазақстан Республикасы және зерттеліп отырған аймақ үшінде өзекті мәселе болмақ.



Зерттеу нысаны және әдістері
Зерттеу нысаны. Өзен сағасынының солтүстік шығысындағы құмды шөлді Сары–Есік Атыраудың, оңтүстік шығысында Тасмұрын тауымен, солтүстік батысында және солтүстігінде Балқаш көлінің акваториясымен шектесіп жатқан Кербұлақ шатқалының сұр, тақыр тәрізді топырағы және шөлді зонаның өсімдік жамылғысы. Шөлді зонаның көшпелі төбелерінің құмды топырағы. Іле өзенінің оңтүстік жағалауындағы Кербұлақ елді мекенінің флорасы.

Топырақ жамылғысына морфологиялық сипаттама баршаға мәлім профильді әдіспен сипатталды. Топырақтың физикалық, химиялық қасиеттері, механикалық құрамы Аринушкина бойынша анықталды [5,6].

Кербұлақ шатқалының флорасының түрлерін өсімдік жамылғысының морфологиялық белгілерін анықтау Қазақстан Республикасының өсімдіктерінің иллюстриативті анықтауышы бойынша жүргізілді [7,8].
Алынған нәтижелерді талдау

Зерттеу нысанының орталық және солтүстік суармалы бөліктеріндегі жер асты суы 0,23-1,0 г/л минералданған. Бұл тұщы сулар, химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты-натрилі, гидрокарбонатты-натрийлі- кальцилі [3].

Алқабтың оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстік батыс бөліктерінде, аз минералданған, тығыз қалдығы 1-3 г/л жер асты суы шоғырланған. Аймақ су алмасу жағдайларының қиындығымен сипатталады, ал аймақтағы су тірегінің жақын орналасуы, су орналасқан қабаттың су өткізгіштігінің төмендеуіне қатысты.

Әлсіз минералданған жер асты сулары негізінен сульфатты-натрилі. Атырау аралығында төменгі төрттік шөгінділердің фильтрациялық коэффициенті 0,7-2,0 орташа төрттік шөгінділердікі 15,7 м/тәулігіне. Тасмұрын тауынан бастап солтүстік, солтүстік–батысқа қарай механикалық құрамында майда және лайлы фракциялардың артуына, сондай-ақ құмды бөлшектердің азаюынан шөгіндінің су сіңірімді горизонтының беткі қабатында фильтрация коэффициенті азаяды .

Кербұлақ шатқалында топырақты ауыл шаруашылығына игергенге дейін жер асты суының режимі әртүрлі факторлар әсерінен түзілген. Тасмұрын алқабында аймақтың жер асты суының режимі Іле өзені жағынан судың келуі мен суармалы су инфильтрациясының қатысуымен қалыптасқан. Ауытқу амплитудасы 0,35-0,55 м құрайды. Жыл сайын қазбада жер асты суының аздап көтерілуі байқалады. Алқаптың басқа бөліктері су ағыны типті режимімен сипатталады. Жер асты суының деңгейлік режимі жыл бойы да тұрақты .

Аздамыған қарапайым сұр топырақтар тау етегінің шөлді далалы зонасында қалыптасады. Қарапайым сұр топырақ тасты- қиыршық тасты, орташа саздақты, құмды және құмдауыт, тақыртәріздес аллювиальды сортаң ды кешенді қалыптасады. Топырақ кескінінің ерекшелігі қарапайым сұр топырақ кескіні әлсіз жіктеліп органикалық құрамы төменге минералды генетикалық қабаттарға бөлінеді.

Қарапайым сұр топыраққа морфологиялық сипаттама беру үшін Қапчағай – Бақанас тас жолының бойынан 20 км қашықтықта орналасқан Кербұлақ шатқалында топырақ кескіні қазылды (сурет -1).

Жер бедері – толқынды жазық, топырақ кескіні Іле өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Өсімдік жамылғысы: жусан, ебелек, қияқ, мятлик т.б. Кескіннің жоғарғы қабаты НС1 қайнайды.


Топырақ кескінінің морфологиялық сипаттамасы:


А

0–12см


Құрғақ, сарғыш- сұр, ұнтақталған – шаң тәрізді, тығыз, өсімдік тамырлары кездеседі, жеңіл құмбалшықты, келесі қабатқа өтуі айқын.


В1

12 – 30см.



Құрғақ, сары – сұр, тығыз, өсімдік тамырлары сиректе болса кездеседі, тығыз, кесекті - шаңды. Келесі қабатқа біртіндеп өтеді.


В2

30-50см


Құрғақ, қоңыр – сары, тығыз, ірі кесекті - шаңды, орташа құмбалшықты, Келесі қабатқа біртіндеп өтеді.


С

50 – 94 см.



Құрғақ, қоңыр-сары, тығыз, құрылымсыз, біртекті төмен қарай тасты, өсімдік тамырлары сирек кездеседі.

94 см тереңдіктен бастап тасты- қиыршық тасты шөгінділер төселген.



Сурет - 1 Қарапайым сұр топырақтың топырақ кескіні
Морфологиялық сиппатамадан сұр топырақтың гумусты қабаты аздығымен ерекшеленетіні көрінеді, оның мөлшері 30 см дейін. Жоғарғы қабатында сұр түсті топырақ қабат болып төселген ұнтақталған-шаң тәрізді құрылымды, 30-50 см тереңдікте карбонатты иллювиальды тығыз, кескін тереңдеген сайын генетикалық қабаттарының түсі ыдыраған анық емес. Гумустың мөлшері 1,3-1,8 % аралығында байқалды, осыған сәйкес алмаспалы катиондардың сыймдылығы да жоғары емес (15-17 мг-экв). Жалпы азоттың мөлшері А қабатында 0,1 - 0,13% аралығында. СО2 карбонаттары кескіннің жоғарғы қабатында 1,5-3%, осыған байланысты бұл топырақты солтүстік аз карбонатты сұр топырақ деп айта аламыз.

Механикалық құрамы бойынша сұр топырақтар орташа құмбалшықты. Иллювиальды карбонатты қабатында сазды фракциялар ұлғайған, сондықтан механикалық құрамы ауыр саздақты. Бұл топырақ диаметрі 0,25 мм- ден ірі бөлшектері болмайтынымен ерекшеленді. Сипатталып отырған сұр топырақ әлсіз құрылымды, сондықтан ыдырауға бейім келеді де, топырақты су басқанда тығыз қабыршақты қабықтар түзіліп, жыртылатын қабаттары тығыздалады.



Тасты қиыршықты қарапайым сұр топырақ еңіс бойынша жер бедерінің жоғарғы бөліктерінде әр түрлі топырақ ретінде түзілген. Сипатталып отырған топырақтың жоғарғы қабаттары қысқарған, ұсақ тасты қабаттары 15-20 см құрайды. Осы қабаттағы гумустың мөлшері 0,2-0,3%. Күшті тасты қиыршықты сұр топырақтар ұсақ тасты шөгінділер мен тастары мөлшері бойынша әр түрлі дәрежеде жиналған. Олардың ішінде орташа және күшті тасты, орташа және күшті қиыршық тасты болып келеді. Көптеген әдебиеттерде қиыршық тасты сұр топырақты «аз дамыған» топырақ ретінде қарастырады [4,6]. Бұндай топырақтар Малай сары тауының етегінде көп таралған.

Малайсары тауынан, Кербұлақ шатқалына қарай жер бедеріне байланысты әртүрлі сұр топырақтардың түзілуі қалыптасқан: жеңіл құмбалшықты, тасты кешенді, ашық сұр түсті орташа және күшті тасты. Жергілікті табиғи факторлардың нәтижесінде тау етегіндегі сұр топырақтар солтүстік ашық сұр түсті, «әлсіз шайылған», «орташа шайылған», «күшті шайылған» топырақтар эрозияға ұшыраған.



Іле өзенінің жайылымды – далалы топырағы топырақ жамылғысының түзілуі Іле өзенінің шаруашылығымен тығыз байланысты. Іле өзенінің төменгі ағысындағы топырақ жамылғысы 2 топқа бөлінеді: шөлді зонаға тән белгілері мен қасиеттері қалыптасқан зоналды топырақ және гидроморфты интрозоналды топырақ. Осы топырақтың түзілуінің эволюциялық бағыты оның зоналды немесе интрозоналды факторларына тәуелді. Өзеннің су тасқынына байланысты кейбір жерлерде зоналды факторлар басым болса, гидроморфты топырақтар шөлдену дәрежесіне қарай автоморфты топыраққа ауысады.

Іле өзенінің жағалауында топырақ түзуші жыныстар аллювиальды шөгінді. Олар теңбіл - теңбіл литологиялық құрамды, механикалық құрамы да әр түрлі. Олардың табиғи сұрыпталуы аккумуляциялы, атыраудың жер бедеріне сәйкес және жер асты суларының режиміне қарай, жалпы алғанда Іле өзенінің гидрографикалық жүйесінің құбылымына өзеннің сағалық процестерінің таралу заңдылықтарына байланысты түзілген. Су жағасындағы топырақ жалпы аллювиальді шөгінділерден түзілген жеңіл механикалық құрамды. Жергілікті су ағынына байланысты жерасты сулары әлсіз минералды, шалғынды топырақтар басым. Өзеннің сағаларының аралығындағы топырақтарда ағынсыз жер асты суларынан батпақты топырақтар түзілген.

Іле өзені Балқаш көлінің аймақты базисті су арнасы, оның бірнеше салалары бар. Олар: сол жағалаулы - Шарын, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелең және оң жағалаулы – Қорғас, Өсек, Бурақожыр өзендері оның су қорын аздап көбейтеді. Іле суының елеулі азаюы оның топыраққа фильтрациялануы мен суармалы егістікке пайдалануға байланысты. Іле көлге құйылар сағағы атырау түзіп, үш тармақ жүйесіне бөлінеді: Топар, Іле және Жиделі. Іле суы негізінен биік таулы мәңгі мұздықтар мен жер асты суы және көктемгі-жазғы тасқындар есебінен (қоректенеді) Іле суының режимі мен деңгейі Қапшағай су қоймасынан жіберілетін мөлшеріне тәуелді. Оның орта ағысын Іле ойысы иемденеді. Ойыстың түбі борпылдақ тасқындарымен толтырылған да, ал өзенге жақын батпақты тоғай мен төбелі белесті құмға өтеді. Бұл жағдайда арнасы біршама батпақты, жекелеген учаскелері бірінші және екінші деңгейлі сатыланған жайылма үсті террасты болады.

Зерттеліп отырған ландашафта антропогенді үрдістер нәтижесінен шөлдену процесі соңғы жылдары үдемелі түрде жүрген. Осыған дейінгі зерттеу жұмыстарында көптеген ғалымдар Іле өзенінің сағасындағы өсімдіктердің түзілуін өзен атырауының түзілу тарихымен байланыстырады. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері де осы тұжырымға сәйкес келеді. Шөлдену процесінің нәтижесінде мал азықтық өсімдіктер мен тағамдық өсімдіктер түрлері сиреген.

Ландшафта жыл бойы мал жайылымдық террасаға қолданылатындықтан мал азықтық өсімдіктердің түрлері жылдан жылға сиреп бара жатыр. Іле өзені ағысынан берілетін судың азаюы нәтижесінде жайылатын су ауданының қысқаруы және жайылу мерзімі, гидроморфтық жер қыртысындағы өсімдіктер қабатында өзгерістер тудырды. Шалғындық, шабындық және жайылым жерлер нашарлап, бағалы азықтық өсімдіктер жойылды, қазіргі уақытта азықтық сапасы төмен түрлі арамшөптер қаптап өскен [1]. Сағалардың шалғындық жерлерінде мал жаю ол жердің өсімдіктеріне кері әсерін тигізеді. Жайылымда жыл бойы ірі қара мал ұсталады, олар негізінен тоғайлар мен шалғындық жерлерде жайылады. Нәтижесінде шалғындықтардың өнімділігі тез нашарлап, бағалы азықтық өсімдіктер жойылған, олардың орнына жеуге жарамсыз арамшөптер қаптаған.

Мал азықтық өсімдіктер: Artemisia terrae-albae Krasch., Artemisia serotina Bunge., Artemisia nitrosa Weber ., Trifolium pratense L. Festuca sulcata (Hack.) Nym. , Medicago falcate L., Agropyron fragile (Roth) P. Candargy., Elymus angustus Trin., Kochia prostrata (L.) Schrad., Krascheninnikovia ceratoides (L.) Gueldenst., Salsola orientalis S. G.Gmel., Melilotus officinalis (L.) Pall., Medicago lupulina L. , Ceratocarpus arenarius L., Camphorosma lessingii Litv.

Тағамдық өсімдіктер: Elaeagnus oxycarpa Schltdl., Berberis iliensis M.Pop., Agriophyllum arenarium M.B. Дәруменді өсімдіктер: Allium iliensis Regel., Rosa iliensis Chrshan.

Көксағыз өсімдіктер: Chondrilla ambigua Fisch. ex Kar. & Kir. Apocynum lancifolium Russan. Бояу алынатын өсімдіктер: Peganum harmala L. , Berberis iliensis M.Pop., Polygonum aviculare L., Ammodendron argenteum (Pall.) Kryl., Xanthium strumarium L.



Шөлді құмды топырақтар Кербұлақ шатқалындағы Іле өзенінің барлық аймағында кеңінен таралған, аудан көлемінің 50 % алып жатыр. Жағалаудың қазіргі жайылымдық даласын есептемегенде мал жайылымға өте қолайлы шалғынды жер.

Сары Есік Атыраудың құмдары көшпелі төбелі қатарлардан, қырлардың жүйесіне жатады, көне эолды, өсімдік жамылғысы кейбір аймақтарда жартылай бекітілген, шөпті бұталы, кей жерлерде сеуксеуілдің түрлері де кездеседі (сурет -2 ).



Сурет -2 құмды төбелі қатардан топырақ кескінін қазу үстінде.
Топырақ кескіні Кербұлақ шатқалында Іле өзенінен 1,5 км қашықтықта құмды төбелі қатарда қазылды. Өсімдік жамылғысы қияқты – жусанды – теріскенді. Төменде топырақ кескінінің морфологиялық сипаттамасын келтіреміз.


Тереңдігі, см

Морфологиялық сипаты

0-30

30 см


Түсі ашық сары – қоңыр, ұсақ дәнді құм. Құрғақ борпылдақ, шөпті өсімдіктердің тамырлары кездеседі, НС1 құйып топырақтың карбонаттылығын тексергенде қайнамайды. Келесі қабатқа біртіндеп өтеді.


30-70

40 см


Түсі ашық сары – қоңыр, ұсақ дәнді құм. Ылғалдылығы жоғары қабатпен салыстырғанда біршама басым, борпылдақ, сексеуілдің тамырлары көп кездесті, НС1 - дан қайнамайды. Келесі қабатқа біртіндеп өтеді.


70-125

55 см


Түсі ашық сары – қоңыр, ұсақ дәнді құм. Ылғалды, әлсіз тығыздалған, сирек болсада дақты реңдер кездеседі, НС1- дан әлсіз қайнайды, өсімдік тамырлары сирек кездеседі, келесі қабатқа өтуі айқын.


125-160

35 см


Қоңыр сұр, ылғалды, тығыз, құрылымсыз, жеңіл құмбалшықты, өсімдік тамырлары сирек кездеседі. НС1 ға күшті қайнайды. Келесі қабатқа біртіндеп өтеді.


160-200

40 см


Қоңыр - сұр ылғалды, тығыздалған, құрылымсыз, дақты реңдер көп кездеседі, орташа құмбалшықты. НС1 - дан қайнауы өте күшті.


Қарастырылған аймақтың топырағы құмды көне – аллювиальды шөгінділермен сипатталады, гранулометрлік құрамы жеңіл құмбалшықты.

Қарастырылған жер алқабы ауаның тәулікті және жылдық температурасы кең көлемде ауытқуымен ерекшеленеді. Бұл жердің климаты шұғыл континентальды қысы аптаған суық, қары аз, ал жазы құрғақ, ыстық. Ауа райының құрғақтығы топырақ жабынын ала-құла кешенді, геологиялық әралуан жынысты болуын анықтайды. Оның зоналды негізгі типі тақыр тәрізді және құба, сұрғылт- құба топырақ. Бұл кешен аз шірінді (0,7-1,2%), тұзды, жиі қиыршық тасты. Оның шөлді аймақты бөлігінде құба топырақ басым. Транзитті Іле өзенінің аңғарында шалғынды, шалғынды-батпақты, сортаңды және сорланған топырақ түрлері дамыған [9].

Аймақтағы төселмелі жыныстың әралуандығына байланысты, топырақ түрлері мен олардың аралық формасына орай Қазақстан шөлдерінің өсімдік жабындысы да өзінің теңбілді кешенділігімен ерекшеленеді. Доминантты фонды (түс-реңді) жартылай бұташықты жусандар мен сораңды ассосациялар қалыптасады. Ассосациялар құрамында сұр, шағыр, боз, қара, тұран жусандары, бұйырғын, баялыш, көкпек изен және басқа да сораңдар кездеседі [10].

Аймақтың біршама кеңістіктегі жусанды-астық тұқымдасты ассосациялар арасындағы құмды алқаптарда сексеуілді, жүзгінді, құмды қарағанды және басқа да бұталардың қопалы қауымдастықтары орын алған. Тұзды көлшіктердің шетінде сусыз ойыстардың түбінде айқын сиректелген шалғынды-сорлы, сорлы өсімдіктер – сарсазан, бұзаубас, сораң, сор қаңбақ, ақ тікен және басқа да галофитті түрлерімен көмкерілген. Тақырларда қыналы-балдырлы, шөлді аймақтың аралды «тауларында» сиретілген жартылай бұташықты (сораң-жусанды) және бұталы өсімдік қауымдастықтары тән: өзен аңғарының сағақты жайылымдарына тоғайлы орман тән.

Тоғайлы қопада – шеңгел, жиде және талдармен үйлескен қамысты аймақты шалғынды қауымдастықтар өседі [11]. Кербұлақ шатқалында ландшафттың мал шаруашылығына пайдалану нәтижесінен топырақ жамылғысы деградацияға ұшыраған. Іле өзенінің жағалауы топырағында өсімдіктердің түрлері сиреген, қызыл кітапқа енген жоғалып бара жатқан түрлері сиректе болса кездеседі.

Сағалардың флорасы әртүрлі. Жаздың аяғы мен алғашқы күз айларында гүлді өсімдіктердің 163 түрі тіркелген. Олар 40 түрлі тұқымдастардың 130 туысына жатады. Осылардың ішіндегі ең басымы астралар тұқымдастары, қоңырбастар және алабұталар мен бұршақтар, тарандар. Бұл тұқымдастарға 80 түр жатады немесе олардың жалпы санының жартысы.[1].

Сонымен қатар шатқалда аз кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлер, реликті түрлер, эндемдік түрлердің де бар екені анықталды.

Аз кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерден: Lonicera iliensis Pojark., Populus pruinosa Schrenk ., Berberis iliensis M.Pop. Rosa iliensis Chrshan кездеседі. Реликті түрлер: Calligonum litwinowii Drob., Populus pruinosa Schrenk., Populus diversifolia Schrenk., Populus litwinowiana Dode., Arthrophyton iliensis Iljin., Nitraria schoberi L.

Эндемдік түрлер: Berberis iliensis M.Pop. , Lonicera iliensis Pojark. Дәрілік өсімдіктер: Glycyrriza uralensis Fisch., Ephedra distachya L., Cichorium intybus LMarrubium vulgare L., Achillea millefolium L., Artemisia absinthium L., Artemisia vulgaris L. Helichrysum arenarium (L.) Moench. т.б.

Шатқалдағы дәрілік өсімдіктер мен мал азықтық өсімдіктер, тағамдық өсімдіктер, дәруменді өсімдіктер, көксағыз өсімдіктер, бояу алынатын өсімдіктердің экологиялық, морфологиялық сипаттамалары жасалынды ол мәліметтер болашақта ботаникадан, топырақтанудан, экологиядан далалық оқу практикасының әдістемелік нұсқаулығында келтіріледі.

Ғылыми жұмыс барысында аймақтың флорасы мен оның қауымдастықтарының өсімдік түрлерінің әралуандығы зерттелді. Жартасты биотоп, шөлдің сорлы, өзен жағалауындағы тоғайлы орман, өсімдіктері анықталып экологиялық, морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама жасалды.

Қазіргі Іле өзенінің суының деңгейі ежелгі атырауларға дейін жетпейді, сондықтан гидроморфты топырақтар шөлденген. Осыған байланысты автоморфты тақыр тәрізді және шөлге тән сортаңданған, тақыр топырақтар басым. Бұл топырақтардың барлығынан кезінде жоғарғы ылғалдың болғандығының ізі көрінеді. Сонымен қатар гидроморфты топырақтар кепкен автоморфты және шөлденген топырақтарға ауысқан. Топырақ жамылғысының генезисі литоморфопедогенез бірлігінің заңдылығына бағынады. Яғни топырақ түзілу, өсімдік жамылғысы, жер асты сулары мен жергілікті гидрологиялық режим аралығында және аллювилі құрылымда тығыз корреляциялы байланыс бар.

Іле өзенінің жағалауы жайылымды және демалуға лайықты жер болған соң жыл бойы антропогенді қысым күшеюде. Осыған орай аймақтың флорасында кездесетін эндемикті және реликті түрлер, тоғайлы ормандар, дәрілік, мал азықтық өсімдіктердің түрлері сиреп бара жатыр. Осыған байланысты зерттеу нысанындағы өсімдіктердің систематикасы, саны зерттеліп анықталды.

Кербұлақ шатқалында арамшөп басқан алқаптар көп. Сондықтан Іле өзені сағаларында мал шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары барысында есте сақтайтын жағдай – аталмыш жердің өсімдік қабатының ерекшеліктерін ескере отырып, ірі қара малға арналған жайылымдық азықтық өсімдіктердің санын көбейту және өзен жағалауларының табиғи климаттық жағдайына тән түрлерді арттыру.

Іле өзенінің төменгі ағысындағы шөлді зонаға өзен суының ағысымен байланысты күшті интразональды факторы, шұғыл контрасты топырақ түзілу факторы және топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы тән. Іле өзенінің төменгі ағысындағы өсімдік және топырақ жамылғысы әр түрлі табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен топырақ пен өсімдіктің алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде топырақтың әр түрлі экзотикалық түрінен бастап, аридті жағдайға тән емес шымтезекті, шөлді зонаның құмды топырақтары, батпақты топырақтан псаммофильді өсімдіктерде кездеседі.

Осыған байланысты Іле өзенінің төменгі ағысындағы Кербұлақ шатқалы шаруашылық үшін ғана құнды болып қоймай, кез келген химиялық элементтердің биогеохимиясын және олардың осы территориядағы әр түрлі экожүиедегі қосылыстарының ерекшеліктері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде таптырмайтын ерекше нысан болып табылады.

Соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстарын талдай келе Кербұлақ шатқалының экожүйесінің топырақ – өсімдік жамылғысы антропогенді қысымның әсерінен айтарлықтай өзгерістерге (мал жайылымдық үстеме жоғары деңгейде, тұзданған, шөлденген, эрозиялы процестер және т.б.) ұшырап, топырағының құнарлылығы және өсімдік жамылғысының табиғи өнімділігі төмендеген.

Осыған орай жергілікті топырақ ресустарын тиімді пайдалану мақсатында және олардың табиғи құнарлылығын қайта қалпына келтіру үшін іс шаралар жүргізуді қажет етеді.


Әдебиеттер
1.Мухля А.В. Сероземные почвы и почвы горных областей Казахстана. Сборник по почвенному покрову Казахстана. Алма-Ата, 1939

2. Соколов С.И., Ассинг И.А., Курмангалиев А.Б., Серпиков С.К. Почвы Алма-Атинской области, Издательство АН КазССР, Алма-Ата - 1962

3.Литвинова А.А. Почвы низовий р.Или и перспективы их сельскохозяйственного освоения: Автореф.канд.дисс. – Алма-Ата, 1960

4. Корниенко В.А., Воинова Т.Н., Мамутов Ж.У. и др. Почвы Акдалинского массива. – Алма-Ата, Изд-во «Наука» АН КазССР, 1977

5. Отаров А. Радионуклиды в почвенно-растительном покрове нижнего течения реки Или.

6.Мұқанова Г.А. «Топырақ процесінің құбылымдарына күрішті көшеттік тәсілмен өсірудің әсері (Ақдала алқабы жағдайында)». / Биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ізденіске дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы. 2009ж. 31 б. 7.Иллюстрированный определитель растений Казахстана. - Алма-Ата: издательство «Наука», 1969. - Т. 1. - 650 с.

8.Иллюстрированный определитель растений Казахстана. - Алма-Ата: издательство «Наука», 1972. - Т. 2. - 570 с.

9.Комарницкий Н.А. Ботаника. Систематика растений / Н.А. Комарницкий. - М.: Просвещение, 1975.

10.Гордеев, Т. Н. Практический курс систематики растений / Т.Н. Гордеев [и др.]. - 3-е изд. - М., 1986.



11.Бегенов А.Б., Тыныбеков Б.М., Аметов А.А., и др авторы. / Методическое руководство по проведению учебной практики по ботанике. Алматы. «Қазақ университеті» 2015 г. – 76 с.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет