Кері байланыс жіберу құқығы бар борыштар



жүктеу 16.35 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі16.35 Kb.

Кері байланыс

жіберу құқығы бар... борыштар
«Банктің орнына заңды тұлғаның борышкердің банк заемы шартының белгілі бір талаптарын орындамаған жағдайында одан сыйақыны төлеуін талап етуге құқығы бар ма? Сөз банктің банк операцияларын жүргізуге лицензиясы жоқ заңды тұлғамен жасалған талап ету құқығын басқаға беру туралы шартқа сәйкес оған банктің құқықтары мен міндеттерін берген жағдайда қалай болатындығы туралы болып отыр?

Г.А.Жайсанова, Алматы қ.

Сұраққа ҚҚА Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Әлия Қызырбекқызы Сабурова жауап береді:

- Азаматтық кодекстің 339-бабына сәйкес міндеттеме негізінде кредиторға тиесілі құқықты немесе талап етуді ол мәміле бойынша (талап етуді басқаға беру) басқа тұлғаға беруі мүмкін немесе заңнамалық акт негізінде ол басқа тұлғаға өтуі мүмкін. Егер заңнамалық актімен немесе шартпен өзгесі көзделмеген болса, АК 341-бабына сәйкес бастапқы кредитордың құқығы жаңа кредиторға құқықтардың өту сәтінде бар болған көлемде және талаптар бойынша өтеді.

Атап айтқанда, жаңа кредиторға міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін құқықтар, сондай-ақ құқытарды талап етуге байлансты басқалары, оның ішінде алынбаған сыйақы құқығы беріледі. АҚ 718-бабының 3-тармағымен сыйақыларды төлеу тәртібі мен мерзімдері заем шартымен белгіленетіндігі көзделген. Сонымен қатар,ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.99 ж. № 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредит беру жөніндегі құжаттамасын жүргізу Ережесінің 5-тармағына сәйкес кредит берген банк қаржыландыру шарты негізінде кредитті өтеу жөніндегі өзінің талап ету құқығын ақшалай талап етумен (факторинг) не заңнамада көзделген басқа тәсіл арқылы басқаға беруге құқылы.

Сөйтіп, банк пен заңды тұлға арасында жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартта өзгесі белгіленбеген болса, осы сәттегі қолданылған заем шарты, кепілдік беру шарттарында көзделген көлемде және талаптар бойынша заңды тұлғаға өтеді.Оның ішінде бұл талап заем шартының талаптарында айтылған жағдайлардағы сыйақы мөлшерлемесін өсіру жөніндегі кредитордың мүмкіндігі болып табылады. Сондықтан заңды тұлға талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартпен берілген құқықтарға сәйкес банк заемы шартында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда сыйақы мөлшерін есептей де өсіре де алады.



_____________________

А.Донских дайындады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет