«керімбай оязбекұлы атындағы көктал» жшс-гі қара түсті қойлардың конституциялық типтеріне байланысты тірілей салмақ ерекшеліктері оразалы Ә, Тастанбеков Қ



жүктеу 46.46 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі46.46 Kb.

ӘОЖ 636.081.15
«КЕРІМБАЙ ОЯЗБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨКТАЛ» ЖШС-ГІ ҚАРА ТҮСТІ ҚОЙЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ТИПТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТІРІЛЕЙ САЛМАҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оразалы Ә, Тастанбеков Қ

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Ауыл шаруашылығы малдарының шаруашылыққа тиімді белгілерін тұрақты түрде сұрыптай отырып, оларды тиімді пайдалану жолдарын малшылар қауымы ерте кезден ойластыра бастаған. Көптеген жылдық іс-тәжірибелері нәтижелерін пайымдай келе, олар жануарлар түстері неғұрлым қою болса, олардың тіршілікке бейімділігі де соғұрлым жоғары болатынын байқаған.

Ч.Дарвин «Түрлердің шығу тегі» деген еңбегінде “Белгілі римдік жазушы Верчими өзінің Героикаларында малшыларға мал басын көбейту үшін ақ түсті қойларды өсіруге қалдыруды ұсығанын, бірақ олардың төлдері қара түсті болуын қалағанын” тілге тиек етеді.

Сондықтан, әр түрлі өнімділік бағытындағы мал тұқымдарын өсіруде, басқа да қажетті белгілерімен қатар, олардың түр-түс ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Осы бағыттағы ізденістер нәтижесінде қаракөл қойларының түсі мен тіршілікке бейімділігінің арасындағы байланыстың байқалуына орай, оны зерттеудің де ғылыми және іс жүзіндегі маңызы зор деп саналады.

«Керімбай Оязбекұлы атындағы Көктал» ЖШС-гі орналасқан «Қызыләуіт» ауылдық округі Талас ауданына қарайды. Аудан жерінің басым көпшілігін дала мен шөлейт аймақтары және Мойынқұм құмдары алып жатса, оңтүстік-батысында Қаратау орналасқан. Жалпы климаты анағұрлым құрғақшылық және континентальдық ерекшеліктерімен сипатталады. Оның континентальдылығы ауаның күндізгі және түнгі, қыс пен жазғы температуралық қарама-қарсылықтарынан байқалады. Табиғи-экономикалық шарттарға байланысты, ауыл шаруашылығы пайдаланатын жердің бөлінуі де біркелкі емес. Ең құнарлы, ауыл шаруашылығына пайдалануға жарайтын жерлері ауданның далалы және таулы аймақтарда орналасқан.

Шаруашылықтың жерлерін аралап ағатын «Көктал» өзені, серіктестік үшін негізгі су көзі болып табылады, басын Қаратаудың қарлы жоталарынан алатын бұл өзен, көктемгі кезде қар еруіне байланысты мол су ағып, шаруашылықтың Шұқыр-әуіт, Қызыл-әуіт және Ақтөбе су қоймаларын толтырады. Жаз мезгілінде оның суы азайып, тек мал суаруға ғана жарайды. Су қорының қосымша көзі ретінде, тау қойнауынан шығатын бұлақ бастаулары да пайдаланылады.

Шаруашылықтың таулы алқаптары мен тау жоталарында өсетін өсімдіктері-эфемерлер, жусан мен бұталы әр түрлі шөптер қосындысынан құралады. Бұлардың ішіндегі басымы: ақ жусан, селеу, жабайы шие, теріскен, ақ селеу, жалбыз, қияқ немесе көкпек, итмұрын тағы басқалар.

Тау аңғарлары тегістіктеріндегі сортаңдарда ажырық, торғай оты, жантақ және майда құрақ, ши сияқты өсімдіктер өседі. Мал азығындық тұрғыдан бұл жерлер орта және төмен өнімдегі жайылымдар қатарына жатады. Бұл жайылым, мал төлдеуі мен жайылуы үшін пайдаланыла отырып, көктемгі және жазғы қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Ал, күзгі және қысқы қажеттіліктер арнайы дайындалған пішендемелер мен қоспа жем есебінен толықтырылып отырылады.

Шаруашылық мал күздеуі мен қыстау үшін солтүстік-шығыс беттегі жайылымдарды пайдаланады. Ол жердің өсімдік құрамы негізінен қара жусан, боз жусан, сексеуіл, изен, теріскен, жүзген сияқты өсімдіктерден түзілген.

Таулы-далалы аймақтарда өсетін бұл өсімдіктер соңғы жылдары мол және тұрақты түсім беріп келеді. Соңғы жылдық мәліметтерге сүйенсек, табиғи шөптердің орташа түсімі 7,8 ц/га мөлшерде болып отыр. Азықтық құндылығы да жаман емес. Бұл аймақтағы табиғи шөптерде пісіп-жетілу кезеңінде 27,0% протеин, 20,0% клечатка; ал масақтану кезеңінде 10,5% протеин, 30,0% клечатка болады.

Қой отарына қысқы мерзімге дайындалған жем-шөп қоры мен мал қыстайтын жылы қорасы 3-4 суреттерде берілген.

Бұл аймақтың қысы суық жазы ыстық. Жаз айларындағы ең жоғарғы көрсеткіші +350С градусқа көтерілсе, қыс айларындағы орташа көрсеткіш тұрақты болмағанымен -250С градус шамасында болады.

Кей жылдары қысы өте суық болып, аяз -35-400С дейін қатаяды.

Жауын-шышынның болуы негізінен тұрақсыз. Оның көп бөлігі әдеттегіше көктемде және күзде жауады.

Көктемгі ылғал орта есеппен 90 мм-ге теңеледі де, бір жылғы түсетін ылғалдың 47,3% құрайды.

Бұл аймақтағы ауа ылғалдылығының салыстырмалы түрде тұрақтылығы, шаруашылық орналасқан жердің Қаратау таулы алқабы климаттық ерекшелігінен болса керек.

Малдардың қоршаған ортаға бейімделуі мен өсіп-жетілу потенциалын білдіретін көрсеткіштерінің бірі олардың тірілей салмағы болып табылады.

Малдың тірілей салмағының мөлшері, оның тұқымішіндік айырмашылықтары сол малдардың конституциялық ерекшеліктеріне, азықтандыру жағдайларына, қоршаған орта жағдайына бейімділігіне байланысты болғандықтан, бұл белгінің мал топтары бойынша айырмашылықтарын зерттеп білу, қандай да бір малдың жалпы алғанда бірдей тіршілік жағдайларындағы құндылығын білдіре алады. Сондықтан біздер өз тәжірибелерімізде, әр түрлі конституциялық типтегі қаракөл қойларының тірілей салмақ көрсеткіштерін анықтадық (1-кесте).
Кесте. 1.

Конституциялық типтеріне байланысты қаракөл қойларының тірілей



салмақ ерекшеліктері килограмм есебімен


Тәжірбиелік мал топтары


n

Дене бітімі

қопал Мm

берік Мm

нәзік Мm

І

187

48,720,62

45,651,12

43,170,95

ІІ

215

48,540,76

45,120,87

42,650,78

ІІІ

236

47,361,25

43,751,22

42,181,13

Орта есеппен




48,201,32

44,841,26

42,671,05


Келтірілген мәліметтер бойынша барлық мал топтарында да тірілей салмақтары бойынша «қопал» конституциялық типіндегі қаракөл қойлары, «берік» денелі және «нәзік» типіндегі малдарға қарағанда басым болатынын көреміз. Мысалы, барлық топтардағы «қопал» конституциялық типіндегі қаракөл қойларының орташа салмағы 48,20 кг болса, «берік» денелілерінікі 44,84 кг, ал «нәзік» конституциялық типті малдар орта есеппен 42,67 кг құраған. (Р<0,01). Бұл «қопал» конституциялық типіндегі малдардың «берік» денелілерден 3,36 кг, ал «нәзік» конституциялық типті малдардан 5,53 кг ауыр екендігін көрсетеді. (Р<0,01).
Каталог: rus -> all.doc -> sovremennost20 -> 2tom
2tom -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные
2tom -> Әож 612 химиялық ластанудан қоршаған ортаны қОРҒАУ
2tom -> Асанов А., РахымнурдыН., Аубакирова Э. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
2tom -> Суғармалы егістік жерлердегі сұр топырақТЫҢ сулық- физикалық Қасиеттерінің Өзгеруі маймақова Ә.Қ
2tom -> Әбдіраманов сифоны және оның гидравликалық есебі асқанбек А. А. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
2tom -> Гидроциклондар және гидроциклондық сорап қондырғыларды тасындылардан тазалау үшін қолдану асқанбек А. А
2tom -> Әож 510.(022). 517 Вольтеррдің ядролы арнаулы түрдегі интегралды теңдеулер жүйесін шешу
2tom -> «жамбыл грэс» АҚ-Ң Қоршаған ортағА Әсерін бағалау нұрматова А. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
2tom -> Әож 656. 08 (02) Автокөліктердің маңдай алды соқтығысу кезінен кейінгі қозғалу бағытын анықтау
2tom -> Әож 62. 52 АҚпараттық ЖҮйе бойынша басқару объектісіН зерттеу ЖӘне параметрлерін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет