Керімбек Ғалымжан Есқараұлы Қазақстан қаржы нарығында банктік делдалдықТЫҢ маңызы мен қазіргі жағдайы



жүктеу 81.36 Kb.
Дата22.10.2017
өлшемі81.36 Kb.

Керімбек Ғалымжан Есқараұлы
ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДА БАНКТІК ДЕЛДАЛДЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтандыру, валюта және басқа нарықтармен байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

Қолдағы қаржы мемлекеттік ұлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория.

Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады. Ақша нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарының нарығы. Несие нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты. Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектісі болып тауарлар, ақша және бағалы (ақша) қағаздар табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономиқалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. "Қор нарығы" термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты. Атқарымдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді [1].

Қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады:

1) реттелген тауар нарығының болуы, яғни кез-келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

3) несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез-келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс саласының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның жұмыс істеу әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды салалар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады [2].

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын бағалы қағаздар шығарады.

Экономикалық реформа үдерісінде қаржы нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние-мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша-несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды [3].

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.

Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде болуы мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы нарығының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі типтегі акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Қаржылық делдалдар уақытша бос қаражаттары бар тұлғалармен ақшалай қаражаттарға мұқтаж тұлғалар арасындағы ара қатынасты ұйымдастыруға маманданады, осы буында әлемнің дамыған елдеріндегі қаржылық жүйелер ең алдымен инвестициялық мақсаттарға қолданылатын күрделі қаржылық ресурстарына бағытталған.

Коммерциялық банктің ерекше рөлі:

- біріншіден, коммерциялық банктер ақшалай ағымдарды бөлуді жүзеге асыратын ірі есеп және кассалық орталықтар;

- екіншіден, коммерциялық банктер экономикалық субъектілерді несиелендіру жүйесінде негізгі орынды алады;

- үшіншіден, төлем құралдарын эмиссиялау үдерісінде коммерциялық банктің жағдайы ерекше;

- төртіншіден, қаржы ресурстарын жинақтай отырып, кәсіпорынға, салаларға несие түрінде ұсынады, сонымен экономика өсімін және құрылымын қайта құруға көмектеседі.

Жинақтаушы институттары миаманданған қаржы мекемелеріне жатады, негізгі қаржылары – жинақ салымдары және депозиттер болып табылады. Бұл институттар ақшалай қаражаттарды қысқа мерзімдерге ағымды және жинақтаушы шоттарды қолданумен тартады, ал кейіннен қозғалмайтын мүлік түрінде қамтамасыз етуге ұзақ мерзімге оларды біріктіреді. Осы топқа құрамының ипотекалық, жинақтаушы банктер және басқа да мамандандырылған несиелік мекемелер кіреді. Несие одақтары өзара несиелендіру институты болып табылады. Олар жеке тұлғалардың жинақтарын қабылдайды және одақ мүшелерін несиелендіреді. Несиелік одақтың міндеттемесі жинақ және чектік шоттары бойынша құралады. Несиелік одақ өзінің құралдарын қысқа мерзімді тұтыну ссуда түрінде одақ мүшелеріне ұсынады. Несие одағындағы әрбір мүше жалпы одақ жиналысында дауыс беруге құқығы бар. Несие одақтары негізінен кәсіп белгілеріне, тұрғын орнына және діни белгісіне қарай құрылады. Несие одақтарының депозиттік типтегі қаржы институттарына қарағанда артықшылықтары бар. Олар табысқа салынатын салықтан босатылады.

Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры келісім негізінде қызмет ететін жинақ мекемелеріне жатады. Бұл қаржы институттары сақтандыру полистерін ұстаушылар мен зейнетақы қор шот иелерінің тұрақты түсіп отыратын құралдармен сипатталады. Олар ұзақ мерзімге, жоғары табысты қаржы құралдарын инвестициялауға мүмкіндігі бар.

Қаржы компанияларыз қаржы құралдары, яғни коммерциялық вексельдер, акциялар. Облигациялар шығару арқылы құралатын немесе қысқа, ортамерзімді несиелерді тұтынужәне коммерциялық қажеттіліктерді ұсыну жолымен сипатталады. Қаржы компаниялары ірі ссудаларды ұсынатын және депозиттерге кішігірім ақшалай қаражаттар сомаларын жинақтайтын коммерциялық банктерге қарағанда жоғары тәуекелді несиелерді жиі ұсынады. Бұл институттардың қарыздық капитал үлесі өте жоғары және меншікті капитал көлемінен асып түсуі мүмкін.

Қаржы компанияларының екі түрі анықтылған: сауда (тұтыну) және бизнес аясында жұмыс істейтін компаниялар. Сауда-қаржылық компаниялары клиенттерге өндірушілерден немесе әр түрлі сатушылардан тауар сатып алуға несиелер ұсынады. Бұл компаниялар тұтынушы несие аясында коммерциялық банктермен бәсекелеседі. Сауда қаржы компаниялары сатып алу жерінде несиені дер кезінде рәсімдеп, клиенттің несие алу мәселесін жеңілдетеді.

Бизнес саласындағы компаниялар факторингтік, операцияларды жүзеге асырумен және лизингтік қаржыландырумен айналысады. Қаржы компаниялары холдингтік компанияларға жататын жеке меншік корпорациялар, ашық акционерлік қоғам нысанда құрылу мүмкін.

Инвестициялық банктер жалпы шаруашылық стратегия мәселелері бойынша эксперттер, қаржылық кеңесшілер ретінде болады.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.

2. Смагулова Р. Қаржы нарығы: Оқулық – Алматы : 2010- 108 бет.

3. Финансы в вопросах и ответах: Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова, д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2008.


Резюме

Коммерческие банки и являются крупными учетными и кассовыми центрами осуществления распределения денежных потоков



Коммерческие банки занимают основное место в системе кредитования экономических субъектов.Особую роль коммерческие банки занимают в эмиссии денежных средств.
Summary

Commercial banks are the largest and accounts and cash centers, the distribution of cash flows. Commercial banks occupy the place in the lending subektov. Osobuyu economic role commercial banks borrow funds in the emission.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет