Кешенді даму жоспары шілікті ауылы 2018 жыл Шіліктіауылды қ округ І



жүктеу 214.73 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі214.73 Kb.

Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің

2018-2020 жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ДАМУ

ЖОСПАРЫ

Шілікті ауылы

2018 жыл

Шілікті а у ы л д ы қ о к р у г і
2018 жыл

/ елді мекендер/халық саны /аула саны


Шілікті ауылдық округі


Тасбастау Шілікті ауылы 1205 207



Тасбастау ауылы 376 94


Шілікті Жалши ауылы 600 150

Какенталды ауылы 45 10


Қарасай ауылы 70 24

Жалши Жиыны: 2296 485



Қарасай

Барлық жер көлемі - 128000 га.
Какенталды оның ішінде: егіндігі - 7177 га.

шабындығы - 8177 га.


жайылымдығы - 109000 га.
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округі 1930 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Шілікті ауылы, аудан орталығынан 70 км, облыс орталығынан 550 км қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округке қарасты елді мекендер: Шілікті, Тасбастау, Жалши, Какенталды,Қарасай. Халық саны – 2295 адам, экономикалық белсендісі - 1611. Зейнеткерлер – 239 адам, мүгедектер саны – 71, көпбалалы отбасылар – 60, көпбалалы аналар – 84.

Халықтың демографиялық өсімі жоғары:


Жылдар

2015

2016

2017

2017/2015, %

Халық саны

2291

2293

2295

100

Туу көрсеткіші

29

30

32

101

Ауыл экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес.

Округ аумағында – 2 орта, 1 шағын жинақталған негізгі орта мектеп, 1 бастауыш мектеп орналасқан. 1- мәдениет үйі, 1- ауылдық емхана, 4- фельдшерлік –акушерлік пункт, 1 кітапхана, 1 –байланыс бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.

Округ аумағында 2 учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылайды. 16-мал дәрігерлері мал дәрігерлік қызметтерді жүзеге асырады. Округ аумағында 1 кооператив, 77 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.Ауылдық округ оңтүстік - шығысында Кеңсай ауылдық округімен, солтүстік - батысында Тарбағатай ауданымен шектеседі.



Шілікті ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайын талдау
1. Талдау

1.1. Экономика, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік.
Ауыл шаруашылығындағы басымдылық мал шаруашылығына бағытталған. Жер көлемі - 128000 га, оның ішінде егістік – 7177га, шабындық – 8177 га, жайылымдық жерлер – 109000 га.

Округте 22 жеке кәсіпкер, 77 шаруа қожалығы, 1 кооператив, 1 ЖШС тіркелген.46 шаруа қожалығы тікелей мал шаруашылығымен айналысады. Ірі 17 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі-қара малын өсіреді. «Сыбаға», «Жайлау», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары арқылы мал басын көбейтіп отырған 7 шаруашылық бар.

Мал басының көрсеткіштері:


Мал түрі

2015

2016

2017

2017/2015, %

Ірі қара, бас

9421

11075

9596

98

Қой-ешкі, бас

23029

24178

25180

92,5

Жылқы, бас

2847

2898

2981

95,5

Құс, бас

2100

2150

2250

98,5

Ет өнімінің сапасын арттыру мақсатында, мал бордақылаумен дербес айналысып отырған азаматтар – 2. 1 қожалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша лизинг және субсидиялау арқылы ауыл шаруашылық техникаларын алды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша алынған өнімдер көрсеткіші:


Көрсеткіш атауы

2015

2016

2017

2017/2015, %

Ет, тонна

2095

2175

2214

94,6

Сүт, тонна

5658

5795

5845

96,8

Жұмыртқа,мың дана

240

254

261

91,9

Жүн, тонна

598

614

638

100

Округ бойынша 2 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.

Егін шаруашылығы бойынша көрсеткіштер:


Көрсеткіш атауы

2015

2016

2017

2017/2015, %

Дәнді дақыл, га

110

410

430

137,6

Алынған өнім, тонна

240

900

940

100

Картоп, га

12

13

13

92,6

Алынған өнім, тонна

240

260

260

100



КӘСІПКЕРЛІК

Округте 22 жеке кәсіпкер тіркелген. Кәсіпкерлік нысандар: 8 дүкен, 1 шаштараз, 1 наубайхана. 2018 жылы тойхана нысаны қолданысқа беріледі. Жеке кәсіп ашуға ниетті азаматтар «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытылды.


Шілікті ауылдық округінің экономикалық дамуын шектейтін негізгі факторлар:


  1. Округте мал сою цехының болмауы;

  2. Ет өнімдерін саудалайтын орындардың жоқтығы;

  3. Бағаның тұрақсыздығы;

  4. Несие алу мақсатында кепілдікке қойылатын ауыл тұрғын үйлерінің банктермен төмен бағалануы;


Округтың экономикалық даму перспективалары


  1. Асыл тұқымды мал басын көбейту;

  2. Осы арқылы жұмыс көздерін ашу;

  3. Мал сою және сүт қабылдау пунктерін ашу;

  4. Кооперативтер құруды жалғастыру және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді іске асыру;


Округтің экономикасы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласы.
SWOT – талдау

Күшті жағы

Әлсіз жағы

Мал басының көбеюі

Ет өнімдерін қайта өңдейтін цехтың жоқтығы

-

Несиелік шектеулер (кепілдік қою)

-

Жанар-жағар майға жеңілдіктердің жоқтығы



Қажетті ауыл шаруашылық техникаларының жетіспеушілігі




Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы

Мүмкіндіктері

Қатерлері

Шаруа қожалықтарының бірігіп іріленуі

-

Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану

-

1.2. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
1.2.1. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету.
Білім беру саласы:

Округ аумағында 2 орта 1 шағын жинақталған негізгі 1 бастауыш мектеп бар.Округ аумағындағы мектептерде 437 адам бар.Мектептерде оқу бір ауысымда оқиды. Шілікті орта мектебі, Тасбастау негізгі орталау мектебі және Шекарашы орта мектебі типтік жобада салынған . Мектептерде 89 арнаулы және жоғары білімді мұғалімдер оқуыларға білім береді.Олардың 9-жас мамандар.

Оқушылар мектепке 100 пайыз тартылған.

Мектепке дейінгі тәрбие

Қазір округ аумағындағы 3 мектепте шағын жинақталған орталықтар жұмыс істейді. Оларда 32 бала тәрбиеленуде. Шағын орталықтарда 2-5 жас аралығындағы жасөспірімдер тәрбиеленуде.



Денсаулық сақтау саласы:

Округ аумағында 1 ауылдық емхана және Тасбастау, Жалши,Қарасай,Какенталды елді мекендерінде фелдшерлік пункттер тұрақты жұмыс істеп тұр. Шілікті ауылындағы ауылдық емханада 7 орындық күндізгі емдеу орны бар. Округ бойынша халыққа 1 жоғары білімді 11 арнаулы білімді дәрігерлер халыққа дәрігерлік қызмет көрсетеді.Жыл көлемінде өмірге 32 сәби келіп 16 адам өмірден өтті. 2017 жылы 213 диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауылдық емханада бір жедел жәрдем автокөлігі бар.

Шілікті ауылына фелдьшерлік пункт жоқ. Алдағы уақытта Шілікті ауылдық емханасына физиокабинет ашылса деген ұсынысымыз бар.Сондай-ақ жаңа, заманауи медициналық препараттармен жабдықталса.

Дененшынықтыру және спорт саласы

Округ аумағында 1-шағын футбол алаңы, халыққа қызмет көрсетеді. Округ аумағындағы Шілікті, Тасбастау және Шекарашы орта мектептері спорт залдары бар. Мектептердегі спорт залдары аптасына екі рет ауыл жастарының кешкілік мезгілдерде спортпен шұғылдануларына тұрақты берілуде.

Барлық мектептерде спорт секциялары (баскетбол, воллейбол, стол теннисі, қазақша күрес,дойбы, шахмат қол тіресі, тоғызқұмалақ кружоктары) жұмыс істейді, оларға 117 бала қамтылған. Ауыл жастары аудан ,облыс көлемінде ұйымдастырылатын спорттық жарыстарға тұрақты қатысып отырады.

Тұрғын үй

Округ аумағында 470 тұрғын үй бар. Олардың барлығы жеке меншік. Тұрғын үйлер пешпен жылытылады.Бүгінгі күні округ аумағында бос тұрған иесіз үйлер жоқ.



Жұмыспен қамту

Округ аумағында жұмысқа қабілетті 1298 адам бар.Олардың ішінде жұмыс істейтіндері-398 бас, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандары-317, 81 адам жұмыссыз. Округ аумағында жұмыспен қамтылмаған адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Маусымдық мезгілдерде жұмыссыз азаматтар шаруа қожалықтарына жұмыстарға тартылады.

Халыққа қызмет көрсету

Шілікті ауылдық округ әкімі арқылы азаматтарға қосалқы шаруашылығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Анықтаманы беру 5 минут уақытты қажет етеді. 1321 қосалқы шаруашылығы туралы анықтама берілді.

Басқа түрдегі барлық анықтамалар Зайсанқаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округ әкімі ғимаратына «E-gov» бағдарламасы арқылы азаматтар өздеріне қажетті анықтамаларды ауыл әкімінен алады. Мекен жай анықтамасы, жылжымайтын мүлкінің бар жоғы және қосалқы шаруашылығы жөніндегі анықтамаларды электронды кілттері арқылы өздері алу мүмкіндігін беріп отырмыз.Оған барлық жағдай жасалған ( арнаулы компьютер қойылған)

Ауылдық округ әкімінде сондай-ақ нотариаттық қызметтің 4 түрі көрсетеледі.

(сенім хат, құжаттың түп нұсқасының көшірмесін куаландыру, өтінішке қойылған қолды куәландыру, өсиетті кауландыру)



Аз қамтылған топтарға қызмет көрсету

Ауылдық округ әкімі аумағында 239 зейнеткерлер, 71 мүгедектер бар. Ауылдық округ әкіміне қарасты барлық мекемелерде мектептер, ауылдық емхана, ауылдық мәдениет үйінде мүгедектерге арналған пандустар орнатылған.

Округ аумағындағы аз қамтылған отбасыларына жылына 20 тонна тегін көмір таратылып беріледі.округ амғында аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалады.

Округ бойынша мүмкіндлігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқарады. Жалғыз басты қарттарға тұрақты көмек ұйымдастырылып отырылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағынан аз қорғалған жанұялардың тыныс-тіршілігі ауыл әкімінің тұрақты бақылауында.
Әлеуметтік саладағы негізгі проблемалар:


  1. Тұрақты жұмыс көздерінің болмауы;

  2. Еңбек шартынсыз төменгі жалақымен жұмыс істеу;


Әлеуметтік саласының перспективалары:


  1. Балабақша салу;

  2. Ойын – сауық орталықтарын ашу;


Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына

SWOT – талдау


Күшті жағы Әлсіз жағы

Білім беру

Жоғары категориялы, білікті ұстаздардың болуы

Кабинеттердің компьютерлік техникамен толық жабдықталмауы

Оқудың жоғарғы тиімділігі және жоғары білім сапасы




Балалар тасымалдауға арналған жеке автобустың болуы




«Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеушілік




Денсаулық сақтау саласы бойынша

Тасбастау,Жалши,Қарасай және Какенталды ауылдарында ФАП жұмыс істеуі

Тегін берілетін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі

«Денсаулық» бағдарламасы бойынша тұрғындардың скринингтік тексеруден өтуі

Ауылдық амбулаториясының төбесін шатырлап жөндеу жұмыстары қажет




-

Мәдениет, спорт саласы

Спорттық кешен, хоккей, стадион, шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы,

Жастарға арналған көңіл-көтеру орталықтары жоқ

Спорттық ойындардан, мәдени шаралардан жоғары жетістіктерге жету




Әлеуметтік сала

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға 100% үйден әлеуметтік көмек көрсетіледі

Жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мүмкіншілігі жоқ

Жұмыссыздық деңгейін 15% төмендету

Жалпы халықтың 81,3 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар

Халықтың тұрақтануы 94,2%




Мүмкіндіктер

Қатерлер

Жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту

Несие алу үшін қойылатын кепіл яғни ауылдағы үйлердің банктермен өте төмен бағалануы

Шағын несиелер беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

ФАП-дың қысқаруы


Инженерлік инфраструктура және оны қолдау
Ауылдық округте инженерлік инфраструктурадан аса маңызды мәселелер жоқ.

Сумен қамтамасыз ету

Шілікті ауылындағы тұрғын үйлерде таза ауыз су қосылмаған. 2015 жылы Тасбастау, Жалши елді мекендеріне ауыз суы құбыры тартылды. 2018 жылға округке қарасты Шілікті ауылыны ауыз су құбырын тарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.



Электрмен қамту

Округке қарасты Шілікті,Тасбастау,Жалши,Қарасай,Какенталды елді мекендері толық электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Елді мекендерде электр жарығы тұрақты. Электрмен қамтуды Зайсан қаласында орналасқан ШҚО «ВК РЭК» мекемесі жүргізеді.



Қоқыс шығару

Округ тұрғындары қоқыстарын өздері шығарады. Ауыл шетінде 1 қатты қалдықтар төгетін орын бар. 2018 жылы ағымдағы жөндеу жоспарда.



Байланыс және интернет

Округте байланыс бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Шілікті ауылы орталығында байланыс бөлімі бар. Осы бөлім арқылы округке қарасты Тасбастау,Жалши,Қарасай,Какенталды елді мекендерін баспасөз материалдарымен қамтамасыз етеді.

Округ аумағында интернет желісінің жылдамдығы өте әлсіз.

Қазіргі уақытта ауыл әкімінде 5 компьютер АСТЕЛ желісіне қосылған. Сондай-ақ Шілікті орта мектебі,Тасбастау негізгі орта мектебі, Шекарашы орта мектебі және Қарасай бастауыш мектептері де АСТЕЛ байланыс желісіне қосылған.



Құрылыс-жол саласы

Шілікті ауылы Зайсан қаласының оңтүстік шығысына орналасқан.аудан орталығынан қашықтығы 70 км автокөлікпен қатынау уақыты 60 минут. Ауыл ішіндегі жолдар ағымдағы жөндеуден ғана өткен, тас төселген жолдар.

Округке қарасты елді мекен жолдары орташа жөндеуден өтпеген.

Жарықтандыру

Округке қарасты елді мекендерде: Шілікті ауылында 6 көше, Тасбастау ауылында 3 көше, Жалши елді мекенінде 1 көше жарықтандырылған.Елді мекендердегі көше жарықтарының үлес салмағы 60 пайызды құрайды.



Экология

Округтегі экологиялық жағдай қалыпты,округ аумағында ауаны ластап тұрған үлкен кәсіпорындар жоқ, сол себепті экологиялық жағдай тұрақты деп есептейміз.Округке қарасты барлық елді мекендерде арнайы жабдықталған қоқыс төгетін орындар бар, қатты қалдықтарды төгетін орындар бар.

Қоршаған ортаны ластамау жөнінде ауыл тұрғындарына жылына екі рет ескерту парақшалары таратылып отырылады.

Инженерлік-көліктік инфрақұрылымның негізгі проблемалары:


  1. Орталық көшеде су жүйесінің жоқтығы

  2. Төгілген қатты-қалдықтарды жою мүмкіндігі жоқ

  3. Жоғары жылдамдықты интернеттің жоқтығы

Перспективалары:


  1. Ауылды 100 % таза сумен қамту

  2. Жолдарды орташа жөндеу

  3. Көшелерді 100% жарықтандыру

Ауылдың инженерлік инфрақұрылымына

SWOT – талдау

Күшті жағы Әлсіз жағы


Экологиялық таза аймақ

Шалғай орналасқан қыстақтардағы электр желісінің жоқтығы

Округ 45 % таза сумен қамтылған

Интернеттің жылдамдығы нашар

Жолаушыларды тасымалдау жолға қойылған




Жарықтандырылған көшелер ауылдың 60 % құрайды




Мүмкіндіктер

Қауіптер

Таза сумен қамтуды 98%, көшелерді жарықтандыруды 100% жеткізу

Қатты-қалдықтар тастайтын арнайы орынға төгілген қоқыстардың қайта өңдеуден өтпеуі


3. МАҚСАТТАР ЖӘНЕ БАҒЫТТАР
3.1. Экономика, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік
1 БАҒЫТ. Ауылшаруашылығын дамыту арқылы экономиканы жақсарту

Міндет:


  • Асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту

  • Мал басын көбейту

  • Шағын мал бордақылау алаңдарын ашу

  • Егін шаруашылығын дамыту

  • Мал сою және сүт қабылдау пунктерін ашу

  • Кооперативтер құруды дамыту


1-бағытқа жету индикаторы:


    • Асыл тұқымды, сүтті табынды мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтар санын 7% көтеру;

    • Кооперативтер санын 5% көтеру;

    • Мал басын 7% көтеру

    • Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау алған шаруашылықтар санын 3% көтеру

    • Элита тұқымын пайдалануды 12% жеткізу

2 БАҒЫТ. Шағын және орта бизнесті дамыту



Міндет:


  • Жаңа кәсіпкерлік нысандар ашу арқылы қосымша жұмыс көзін табу

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды жеке кәсіпкерлікке тарту


2-бағытқа жету индикаторы:


    • Мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер санын 13% арттыру

    • Аралас-сауда дүкенін, тойхана, наубайхана ашу

    • Жаңа ашылған нысандар арқылы жұмыссыз деңгейін төмендету


3.2. Әлеуметтік сала бойынша:
1. БАҒЫТ. Білім сапасын көтеру
Міндет:


  • ҰБТ көрсеткішін жоғарылату

  • Жаңа модификациялық кабинеттерді заманауи техникалармен жабдықтау


1-бағытқа жету индикаторы:


    • Заманауи технологияларды қолдану

    • «Менің мектебім, Туған жерге тағзым» акциялары аясында демеушіліктер көрсетуді дамыту.


2. БАҒЫТ. Мәдениет және спортты дамыту
Міндет:


  • Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорттық шараларды көптеп ұйымдастыру.

  • Заманауи спорттық жабдықтармен қамту

  • Мәдени шараларға келушілер санын арттыру


2-бағытқа жету индикаторы:


  • Спортпен айналысатын жастар санын 12% көтеру

  • Қолжетімді спорт секцияларының кешендерін кеңейту


3. БАҒЫТ. Халық денсаулығын нығайту
Міндет:



3-бағытқа жету индикаторы:


  • Тұрғындарды медициналық қызметпен 100 % қамту

  • Заманауи құрылғылармен қамту


4. БАҒЫТ. Әлеуметтік қорғау
Міндет:

  • Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру


4-бағытқа жету индикаторы:


    • Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды 100% қамту

    • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық бөлмесін ашу


3.3. ИНЖЕНЕРЛІК-КӨЛІКТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1 БАҒЫТ. Жолдарды орташа жөндеу
Міндет:

  • Автожол желісін дамыту


1-бағытқа жету индикаторы:


    • Қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 60% көтеру


2 БАҒЫТ. Су жүйесін дамыту
Міндет:

  • Көшелерге су тартуды жалғастыру


2-бағытқа жету индикаторы:


    • Жеке тұрғын үйлерге су тартуды 80 % жеткізу


3 БАҒЫТ. Абаттандыру, экологиялық ахуал.
Міндет:

  • Көшелерді көгалдандыру, абаттандыру

  • Әртүрлі конкурстар арқылы тұрғындарды абаттандыру үдерісіне тарту

  • Қатты қалдықтар тастайтын орынға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

  • Мал өлексесін тастайтын орынға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу


4-бағытқа жету индикаторы:


    • Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын 60% арттыру

    • «Үлгілі үй, үлгілі көше» номинациялары бойынша конкурстар өткізу

    • Қатты қалдықтарды тастайтын, мал өлексесін тастайтын орындарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы экологиялық ахуалды жақсарту


ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ




Іс- шара

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты адам

Күтілетін нәтиже

Ашылатын жұмыс орны

Ауылшаруашылығын дамыту

1

Сүт қабылдау және мал сою пунктін ашу

2019

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу

Округ әкімшілігі

Ауыл тұрғындарына жағдай жасалады

2

2

Шағын мал бордақылау алаңын ашу

2019

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу

Округ әкімшілігі,

Жеке инвестор



Ет өндіру артады

2

3

Ауылшаруашылық техникаларын алу

2019-2020

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу

Округ әкімшілігі,

жеке инвестор



Еңбек өнімділігін арттыру

2

4

Асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту

2018-2020

Жеке қаражат,

мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу



Округ әкімшілігі,

жеке инвестор



Асылтұқымды мал басын көбейту

10

Шағын және орта бизнес

1

Наубайхана ашу

2019

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі,

жеке инвестор



Бәсекелестікті арттыру арқылы нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру

2

2

Аралас сауда дүкенін ашу

2018

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі,

жеке инвестор



Бәсекелестікті арттыру арқылы тауар бағасын тұрақтандыру

2

3

Тойхана ашу

2018

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі,

жеке инвестор



Тұрғындарға қызмет көрсету

8

Әлеуметтік инфроқұрылым және қызмет

1

Жаңа модификациялық кабинеттерді заманауи техникалармен жабдықтау

2019-2020

Қайырымдылық шаралары арқылы

Округ әкімшілігі

Мектеп


Базалық-техникалық сапасын арттыру

-

2

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлме ашу

2018

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі


Қоғамдық ортаға бейімдеу




Инженерлік инфрақұрылым

1

Шілікті ауылына су тарту

2018

Республикалық бюджет

Округ әкімшілігі

Аудан әкімшілігі



Халықты сумен қамту

5

2

Жалши ауылынан қатты қалдықтар төгетін орын салу

2018

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі


Тазалықты сақтау

1

3

Шілікті ауылындағы Жастар саябағын қоршау

2018

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі


Көшені жақсаруы

-

4

Мал өлексесін тастайтын орынға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

2018

Аудандық бюджет

Округ әкімшілігі

Аудан әкімшілігі



Экологиялық ахуал

1

5

Әлеуметтік нысандарға (мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, емхана) интернет желісін тарттыру

2018

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі


Жылдам ақпарат алу

-


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет