«Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 38.81 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі38.81 Kb.
түріРегламент

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 14 қаңтардағы

25 бұйрығына



2-қосымша

 

 



«Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12839 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 681 бұйрығымен бекітілген «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.



Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат.

 

 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін


қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл жүргізу тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (әрекетінің) басталуына осы Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне тіркелген құжаттары (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің мазмұнына кіретін әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) мазмұны:

1) жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы сертификаттарды қабылдау комиссиясының техникалық хатшысына тапсырады - күнтізбелік 1 күн;

2) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы сертификаттарды беру тізіліміне көрсетілетін қызметті алушының қол қоюы арқылы сертификаттарды береді - күнтізбелік 1 күн.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімдерінің нәтижелері келесі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болады:



1) құжаттар топтамасын қабылдау - 15 минут;

2) өтініш бланкілерін сканерлеу және «Талапкер» деректер базасын құру - күнтізбелік 1 күн;

3) рұқсаттамаларды басып шығару - 2 сағат;

4) желілік ЖОО бойынша өтініштерді қабылдау туралы статистикалық деректерді «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына телекоммуникациялық желі арқылы беру - 2 сағат;

5) кешенді тестілеуден өту - күнтізбелік 1 күн;

6) тестілеуден өткеннен кейін кешенді тестілеуден өткені туралы сертификатты беру - күнтізбелік 1 күн.

 

 



3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде жоғары оқу
орнымен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:



1) ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы;

2) ЖОО қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

3) ЖОО қабылдау комиссиясының программисті;

4) «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:



1) құжаттар топтамасын қабылдау - 15 минут;

2) өтініш бланкілерін сканерлеу және «Талапкер» деректер базасын құру - күнтізбелік 1 күн;

3) рұқсаттамаларды басып шығару - 2 сағат;

4) желілік ЖОО бойынша өтініштерді қабылдау туралы статистикалық деректерді «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына телекоммуникациялық желі арқылы беру - 2 сағат;

5) кешенді тестілеуден өту - күнтізбелік 1 күн;

6) тестілеуден өткеннен кейін кешенді тестілеуден өткені туралы сертификатты беру - күнтізбелік 1 күн.

 

«Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы



сертификат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

 

 



Әр рәсімнің ұзақтығы көрсетілген әр бір әрекеттің
(рәсімнің) өтуі мен рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін
сипаттау Блок-сызбасы

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет