Кештің тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!



жүктеу 126.58 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі126.58 Kb.


Кештің тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!
Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер,табиғат көріністері, сурет, гүл, шарлар

Барысы:
Жүргізуші: Аяулым

Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар №14 мектеп-гимназиясы жаратылыстану пәндері апталығының «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты қорытынды кешіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші:Әділ

Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!



Оқушы (8 сынып):
Қазақстан Еуразия континентінің орталығында орналасқан және аудан алқабы 2724,9 мың км2 жерімен дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Қазақстан шығыс, солтүстік және солтүстік-батыс қиырында Ресеймен шекаралас болып, оңтүстігінде Өзбекстан; Қырғызстан, Түркменстан елдерімен, ал оңтүстік- шығыс алқабы Қытаймен шектеледі. Қазақстан шекарасы Каспий теңізінің жағалауымен Еділ бойы даласынан Орал таулары бөктеріне көтеріліп, әрмен қарай шығыс  жаққа ұласқан Батыс-Сібір жазығынан Алтайға жетеді. Шығыс бағытында шекарасы Тарбағатай мен Жоңғар қырларынан, оңтүстікте Тянь-Шань таулары және Тұран ойысынан Каспий теңізіне ұласады.

Оқушы (8 сынып): Қазақстан жерінің  бедері әр-қилы - 58 пайызы шөл және шөлейттен тұрады, 10 пайызын алған таулы алқаптар. Республиканың солтүстігінде ай дала мен орманды дала басымды, елдің 23 % жер жыртуға, 70 % мал бағуға бейімделген.

Қазақстанның ең төмен нүктесі Маңғышлақ түбегіндегі Қарагие ойысы – ол дүние жүзі мұхитынан 132 метр төмен орналасқан. Ең биік нүктесі 6995 метрден асқан Хан-Тәңір шыңы.



Жүргізуші:Әділ

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.



Оқушы (8 сынып):

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Оқушы (8 сынып)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Оқушы (8 сынып)

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Жүргізуші:Аяулым.

Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!


Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!
- Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Еліміздің әр бөлігінің өз ерекшелігімен орын алған қасиетті даласың.ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.

Оқушы (8 сынып)

Алматы- жері жайсаң облыс,

Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,

Атырау-мол қазақстан мұнайы,

Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.

Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.

Қарағанды-қара алтынның қоймасы.

Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,

Қызылорда-күрішті сыр сағасы,

Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.

Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар- қара Ертістің саясы,

Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.


Ақмола- Арқада ыстық алқабы,

Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.

Жүргізуші:Әділ

Балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз - Қазақстан кең байтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ. Ән «Өз елім» - орындайтын 5 «ғ» сынып оқушысы Сапарбек Мәди



Жүргізуші:Аяулым.

Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде.



Оқушы Димаш 6 ә:

Қазақстан – туған өлкем,


Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.
Жүргізуші: Аяулым

Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы. Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.


Айтулы: Армысың, алтын күн!
Диас: Көгілдір көк аспан!
Бақыт: Бармысың, құстарым!
Ұлан: Қанатты достарым!
Ботагөз: Суларым таза ма?
Әділ: Талдарым аман ба?
Гүлнұр: Бас ием тауларға
Ақжігіт: Жамылған қарларға,
Диана: Жайқалған даланы,
Архат: Табиғат - Ананы
Аяна: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біздер балаңыз!
Жүргізуші:Әділ.

Жердің көркі жасыл саялы,


Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді.

Би 8 сынып қыздарының орындауында



Оқушы 6 ә :
Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.
Нәзік гүлдер - әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.
Гүлдер деген жыр – аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.
Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып.
Өсе берсін, гүл - қыздар,
Биге қостық нұр қылып.

Жүргізуші:Аяулым. Қазір қалада,далада көктем келіп,барлық тірі табиғатқа жан бітіп,ұйқыдан оянды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Көрініс «Гүлдер» 5 сынып оқушылары
Бақыт(Күн): Оу, Раушан, түрегел! Әлемге жарық жайылды, құстар да оянды.
Айтулы(Раушан): Қазір күн көке,.... қазір ақ сәуле.
Бақыт(Күн): Жауқазын, аш көк аспандай көгілдір көзіңді! Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Гүлнұр(Жауқазын): Қазір ашайын көзімді қазір...
Бақыт(Күн): Қызғалдақ көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалын жұрт.
Ботагөз(Қызғалдақ): Жарайды, қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын.
Бақыт(Күн): Қырмызы шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Мөлдір(Қырмызы): Қазір, алтын Күн!Әлемдегі ең әдемі гүл – менмін ғой!!!!!!
Гүлдер:
Күніміз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Бәрі: - Гүлдеріміз жақсы өссін!
Жүргізуші:Әділ Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің! - дей келе 10 сынып оқушыларын ортаға өздерінің әзілдерімен шақырамын.
Оқушы 6 ә
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстандай туған ел!
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан.
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы.

Бақытты елде туған соң


Бақытты өмір сүреміз.
Ризамыз саған біз
Ұлы Отан анамыз.
Жүргізуші:Аяулым.
Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Индира: Қызыл түс нені білдіреді?
Селин:Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.
Индира: - Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? Селин: Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
Аружан:1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.
Төрехан: Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек!
«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту. Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.
Дастан: Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Диана Б: Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Аяжан: Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Айдар: Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
Селин: Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді.
Индира: Қазақстанда он қорық бар.
Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.
Жүргізуші:Әділ Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Жүргізуші:Аяулым.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...-дей отырып, табиғатты қорғау, оны сақтау туралы мақалдар мен нақыл сөздерге кезек берейік.Мақалдар алдынғы бөлігін мен айтамын,ал жалғасын сіздер жалғастырасыздар..
1.«Бір тал кессен, он тал ек»
2.«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
3.«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
4.«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
5.«Бұлақ көрсең, көзін аш»
6.«Жылап жүріп арық қазсаң,Күліп жүріп су ішерсің»
7.«Туған жерге туыңды тік»
Жүргізуші:Әділ Тамаша,балалар.Келесі кезекті шаршағанымызды басатын тамаша әнге берейік. Мектебіміздің мақтанышы Бағдат,Нұрболат,Сұлтанәліні ортаға шақырамын.
Жүргізуші:Аяулым. Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ еді.
Қатира 9 сынып: Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Махаббат 9 сынып:
Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы  осьінен тайдырын  жібере  жаздады.   Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес. Нариман 9 сынып:
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.
Жүргізуші:Әділ

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,


Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Алина 9 сынып:

Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химия элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 аңның, 150 құстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бай өлкені шын

мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек .

Ерсаят 9 сынып:

Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын қайнататын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 1930 — 40 жылы Ақтөбе химиялық комбинат, “Аралсульфат” комбинат, ірі фосфорит кені — “Қаратау” комбинат, Қарағанды синтетикалық каучукҚостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды.



Аида 9 сынып:

1950 — 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі қаланды.  Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа,Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады.



Гүлзат 9 сынып: Соңғы жылдары химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті. 2013 жылы химия өнеркәсібі орындары 74,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Ақтау - пластмасса зауыты,

Шымкент - ең үлкен “Химфарм” зауыты  

Ақтау  - полистирол зауыты

Атырау  - полиэтилен мен полипропилен зауыты

Қаратау мен Жаңатас - фосфоритті  шығарады.

Степногор мен Ақтау - уран алатын орталықтарда



Саран - резеңке бұйымдарын

Ақтөбе - хром қосылыстары зауыты орналасқан.



Жүргізуші:Әділ

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.


Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің деп сахнаға 5 «ә» сынып оқушысы Мазбаева Диананы «Астана» әнімен шақырамыз.

Жүргізуші:Аяулым.

Адамдар еңбектен нәр алған,


Үйреніп әр құстан, әр аңнан.
Жүруге, жүзуге, жүйткуге,
Және де самғауға жаралған.
Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды

үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.



Жүргізуші:Аяулым. Сен неткен Отан – Анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отан – Ұлы Отан – Қазақ елім!
Бүгінгі №14 мектеп-гимназиясы жаратылыстану пәндері апталығының «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты қорытынды кешін жабық деп жариялаймыз.Келесі кездескенше!!!!!!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет