Кештіѕ таќырыбы: Ќос ќанаты – батырлыќ пен єашыќтыќ



жүктеу 82.53 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі82.53 Kb.



Қосаман Дархан Қосаманқызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

Байғанин орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Кештің тақырыбы: Қос қанаты – батырлық пен ғашықтық

(Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш)



Мақсаты:

Білімділік - оқушыларды ақынның өмірімен, шығармашылығымен кеңірек таныстыру,

өлеңдернің мазмұнын, мәнін, идеясын ашу, түсіндіру;

Тәрбиелік – жас жеткіншектерді туған елін, жерін, тілін сүюге тәрбмелеу;

Дамытушылық – ой өрісін кеңейту, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, мәнерлеп оқуын

дамыту.


Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара

Көрнекілігі М.Шахановтың портреті, слайдтар, ақынның өз даусы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Кешке қатысатын оқушыларды түгендеу, залды безендіру, музы-

калық аспаптар т.б. жұмыстарды ұйымдастыру

Кештің барысы:

Жүргізушілер: Қаршығин Ұланбек, Аймұрат Әйгерім

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер!

2-жүргізуші: Жыр сүйер қауым!

1-жүргізуші: Қазақстан халық жазушысы,

2-жүргізуші: Қырғыз халқының халық ақыны,

1-жүргізуші: «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағының,

2-жүргізуші: БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының ,

1-жүргізуші: Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомалы сыйлықтарының,

2-жүргізуші: Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық

сыйлығының,

1-жүргізуші: Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият» клубы,

2-жүргізуші: Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр» клубы,

1-жүргізуші: ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының,

2-жүргізуші: Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік

әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері

1-жүргізуші: 20-дан астам шетелдік академиялардың, университеттердің құрметті

докторы, профессоры.

2-жүргізуші: «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы

1-жүргізуші: қоғам қайраткері

2-жүргізуші: республикалық «Жалын» журналының бас редакторы

1-жүргізуші: азамат ақын, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың 70 жылдық мерейтойына

арналған жыр кешіне хош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ұланбек, біз екеуміз бірнеше мемлекеттің ақын атамызға берген сыйлықта-

рын атадық , соның ішінде Қазақстан халық жазушысы дегеннен басқа Қазақстан

деген сөз айтылды ма? Бұл қалай? Шет мемлекеттер оның таланттын, адамзат

үшін еткен еңбегін ескеріп, елеп, осыншама атақ беріп жатқанда, біздің мемлекет

ешбір атақ бермегені ме?

1-жүргізуші: Берген.

2-жүргізуші: Берсе қайда?

1-жүргізуші: Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық қаҺарманы»

атағынан, орден, медальдарынан жүйелі түрде бас тартқан.

2-жүргізуші: Неге?

1-жүргізуші: Ол оны былай деп түсіндіреді: «Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз ана-

сына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзент-

терін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір

елімізде кез келген заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ұрылардың ең кемі

екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында болғым келмейді».

2-жүргізуші: Онда шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды неге алған?

1-жүргізуші: «Ал шет мемлекеттердің ұсынған сыйлықтарын алған себебім,- дейді ақын, -

ел перзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болса республи-

камыздың рухани мәртебесін өсіреді».

2-жүргізуші: Жерлес ақын ағамыз Есенбай Дүйсенбаев:

Ұлылықты үндемеу деп ұққан бар.

Ұлт перзенті бола алмайды бұққандар.

Жалаңаштап тартып алға жүрегін,

Ақиқатты айтып өткен Мұхтарлар.

Сенің үлкен рухыңа іні – мен,

Жалаңаш төс жалпақ қазақ ділім ең,

«Танакөздей» мөлдір сезім жырынан

Бір батырлық шығатынын біліп ем.

Сол мінез ғой әркім аңсап сағынар,

Азаматсың жүк артатын жаны – нар.

Қос қанаты – батырлық пен ғашықтық

Саған біткен ақындықтың бағы бар,- деп,ақынға жыр шумағын арнаған екен.

1-жүргізуші: Ендеше, 10-сынып оқушылары дайындаған ұлт жанашыры, ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Қос қанаты – батырлық пен ғашықтық» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Кешіміздің «Батырлық» немесе «Ақындықтың міндеті мен азабы» деп аталатын 1-бөлімінде тыңдайтындарыңыз ақынның патриоттық, ұлтжандылық, азаматтық көзқарасын ашып айтқан өлеңдері.

«Көкірегімде төрт сәуле бар, төрт бақыттан тұратын» жатқа айтатын Шопыр Назерке.

1-жүргізуші: «Қасымды қабылдамаған адам қақында» жатқа айтатын Ідірісова Жадыра.

2-жүргізуші:

Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі.

Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу Һәм күлкілі.

Дәуірі мен билігіне саналғанмен алымды,

Ұлтын сатқан ақындар бар, бірақ жыры дарынды...

1-жүргізуші:

Нағыз ақын әр кезеңде өзін қағып үлестен,

Ұлттық рухи мүдде шыңы – шындық үшін күрескен.

Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,

Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан.

2-жүргізуші: «Нарынқұм зауалы» І бөлімі «Махамбеттің соңғы сөзі» (үзінді):

Баз бір адамдарда болашағын елден ерек сезіну, түйсіну күші болатынын ғы-

лым жоққа шығармайды... Махамбет ақын өлерінен екі күн бұрын айналасында-

ғыларға өзінің жан шошынарлық сұмдық түс көргенін, түсінде иығынан үзіліп

түскен өз басы өзіне қоштасу айтып тұрғанын әңгімелеген.

1-жүргізуші: Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,

Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,

Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.

Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,

Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда

Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.

Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,

Бостандыққа шақырып ем,

Сенің заңғар ақылың-ем,

Едім әрі өлшемің,

Жанашырың, жақының ем

Және қайсар ақының ем мен сенің.


Туған елім – арман, мұңым,

Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің бассыз қалғандығым

Сенің бассыз қалғандығың болмағай!


Иә, шындықтың ащы даңқы,

Шындық үшін жалғыз түстім егеске.

Ақындықтың басты шарты –

Басты алса да, шындықты айту емес пе?

2-жүргізуші: ІІ бөлімі «Әке үкімі»

Әке мен бала рөлінде Тәжіғос Абзал мен Қалмұрат Мерей

2-жүргізуші: Кім таныса Махамбетті шындығынан танысын.

Халқын мұңға қалдырғанмен,

Сатқынға бас алдырғанмен,

Еңкейтпестен сақтай білді ол ұлтының өр намысын.

Жұрт сондықтан пір тұтады Махамбеттей арысын!..

Күрес әлі жүріп жатыр шындық үшін, ар үшін...

1-жүргізуші: Иә, оған дәлел - 1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматыда сол кездегі

Брежнев, қазіргі Республика Алаңындағы жастардың ереуілі.

2-жүргізуші:

Кешегі Желтоқсан көтерілісі кезінде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағатта жазықсыз құрбан болған жандардың жоқшысы болып, ең алғаш Мәскеуде өткен съезде басын бәйгеге тігіп, бүкіл Одаққа Желтоқсан көтерілісі жайлы шындықты жариялаған, бұл ұлттық патриоттық іс екенін айтқан Мұхтар Шаханов болатын.

1-жүргізуші:

1990 жылы 17 желтоқсанда Желтоқсан көтерілісінің 4 жылдығын атап өту жиынында

оқыған өлеңі «Төрт жыл кешіккен шындық». Жатқа айтатын - Байбоз Бұлдырап.

2-жүргізуші: «Желтоқсан алаңы» Жатқа айтатын - Өтес Гүлімай

1-жүргізуші: Күрес әлі жүріп жатыр шындық үшін, ар үшін...

Шындығы жоқ пенделерді басар уақыт көшкіні.

Даңққа мойын созғанымен,

Том-том өлең жазғанымен,

Шындығы өлген ақындардың ақын емес ешбірі!

Басшыларға жағымпаздық бұл кезеңде дара күш,

Содан ақынсымақтардың көбі «туфли жалағыш».

2-жүргізуші: «ТЖ-лар – туфли жалаушылар» Жатқа айтатын – Қади Ақерке

1-жүргізуші:

Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы»

атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас

тудырды. Оның шығармалары дүние жүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылды.

2-жүргізуші:

«Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния ғылым,

индустрия, білім және өнер академиясының Альберт Эйнштейн атындағы Алтын

медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем

ақыны» атағы берілді. Нобель сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында

өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобельшілердің халықаралық конгресінде

«Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

1-жүргізуші:

«Өркениеттің адасуы» атты романынан үзінді «Компьютербасты жарты адамдар»

Жатқа айтатын - Бекқайыр Қарлығаш

2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов – ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе

жатқан қайсар тұлғалы ақын. Арал қасіретіне күллі әлем назарын бұрған да,

«Наурыз» мерекесін Колбинмен жағаласып жүріп тірілткен де – Мұхтар Шаханов.

Енді тіл мәселесі ауқымында «ертең ұлт болып қаламыз ба, қалмаймыз ба?» деген

зарлы күдік алдымызды ораған сәтте тағы да Мұхтар Шаханов орнынан көтерілді.

1-жүргізуші: «Төрт ана». Жатқа айтатын - Табынбай Гүлжазира

2-жүргізуші:

Кешіміздің «Ғашықтық» немесе «Айналайын, ұлы достық, айналайын атыңнан!» деп аталатын ІІ бөлімінде махаббат тақырыбына жазған өлеңдері мен әндерін тыңдауға шақырамыз.

1-жүргізуші: Қарап тұрсақ, ақын шығармашылығының басты тақырыбы, негізгі арқауы –

достық.

Достық деген – ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатап кете алады,

Қиын шақта досын сатқан адамдар.

2-жүргізуші:

«Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деп ақиық ақын Мұқағали айтқандай, Мұхтар поэзиясының ендігі бір құдіретті қозғаушы күші – махаббат. Бұл тақырыптағы шоқтығы биік шығармасы – «Танакөз» поэмасы. Кейіпкерлері – Танакөз, Мұрат және лирикалық «мен» , яғни автордың өзі. Рөлдерде: Автор – Көздібаев Асқар, Танакөз – Шауқарбай Аймереке, Мұрат – Құлғарин Аршат.

«Танакөз» поэмасы сахналау (сюжетін сақтай отырып қысқартылып алынған).

Қойылым барысында орындалатын әндері:


  1. «Әке туралы жыр» Әні Нұрғиса Тілендиевтікі.

Орындайтындар: Нұрлыбек Ернар, Құлғарин Аршат.

2. «Гүлдәурен» Әні автордікі. Орындайтын – Жолдыбай Сырым.

3. «Туған күн кешінде» Әні автордікі. Орындайтын – Құлназар Альбина.

4. «Ақ бантик» Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

Орындайтындар: Қаршығин Ұланбек, Жолдыбай Сырым

5. «Мен саған өкпелемеймін» Әні Марат Ильясовтікі. Орындайтын – Мұқанова Мәдина.

6.«Кешікпей келем деп ең» Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

Орындайтын – Шауқарбай Аймереке.

7.«Мен саған ғашық едім» Әні автордікі. Орындайтын – Қаршығин Ұланбек. (гитара)

8. «Айналайын» Әні Ескендір Хасанғалиевтікі.

Орындайтындар: Аймұрат Әйгерім, Қаршығин Ұланбек.

9. «Қуаныш вальсі» Әні Шәмші Қалдаяқовтікі. Орындайтын – Кенжетай Мейрамгүл.

10. «Өмір - өзен» Әні Шәмші Қалдаяқовтікі. Орындайтын – Құлназар Альбина.

2-жүргізуші: «Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай

өзгеше ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ» - деп бағалады

заманымыздың заңғар жазушысы, ақынның аға-досы Шыңғыс Айтматов.

1-жүргізуші Қазақ тарихында, әлем әдебиетінде өз орны бар, бүкіл өмірі күреспен өтіп

келе жатқан поэзияның қас шебері, өмірдің қас батыры азамат ақын, ұлт жанашыры



Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Қос қанаты – батырлық пен

ғашықтық » атты жыр кешіміз аяқталды.
2- жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Шаханов. «Дара талғам қасіреті» Алматы «Раритет» 2007

  2. С.Абдрахманов «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды»

Қазақ поэзиясының антологиясы ІІ том. Алматы «Раритет» 2007

  1. «Аңыз адам» №12 (48) маусым 2012 жыл



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет