Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет1/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

КӘСІБИ ӨСУДІҢ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

Мақыш Серік Биханұлы

Ақша айналысы

және несие

Сын-пікір жазіандар:

э.г.д., профессор Р.Е. Елемесов,

э.г.д., профессор А.Б. Зейнелғабдин,

э.г.к., доцент Б.Б. Мананов

Баспаға әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық, университетінің

Экономика және бизнес факультетінің

Ғылыми кеңесі ұсынған

МАҚЫШ С.Б.

Ақша айналысы және несие. Оқу құралы/Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. - Алматы: ИздатМаркет, 2004. - 248 бет.

Аталмыш оқу құралында ақша, несие, банк және валюта категорияларының теориялық және практикалық мәселелері, олардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы атқаратын қызметтері мен рөлі жан-жақты

қарастырылған.

Оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына, оқытушыларына, сонымен қатар ақша айналысы және несие мәселелері қызықтыратын жалпы оқырманға арналған.



Мазмұны

Алғы сөз

1-ТАҚЫРЫП. Ақша теориясы.

1.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі.
1.2 Ақшаның түрлері .

1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі.

2-ТАҚЫРЫП. Ақша айналысы және ақша жүйесі.

2.1. Ақша айналысы Және оның заңы.
2.2. Инфляция.

2.3. Ақша массасы және ақша базасы

2.4. Ақша жүйесі.

3-ТАҚЫРЫП. Казақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру.

3.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары .
3.2. Банктік шоттар ашу тәртібі .

3.3 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары.

3.4. Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі.

4-ТАҚЫРЫП. Несие .

4.1. Несиенің мәні және қажеттігі.
4.2. Несиенің қызметтері.

4.3. Несиенің формалары және олардың жіктелуі .

4.4. Ипотекалық несиелеудің үлгілері.

5-ТАҚЫРЫП. Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы.

5.1. Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін) .
5.2. Кеңес үкіметі тұсындағы несие жүйесінің дамуы.

5.3. КСРО-дағы қайта құру жағдайындағы дамуы.

5.4. ҚР-дағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы .

5.4.1. 1995 жылғы банк реформасы .
5.4.2. 1996—1998 жж. банктік реформалар .

5.5. КР-дағы несие жүйесі .

5.6. Банктік емес мекемелер.

6-ТАҚЫРЫП. Банк жүйесі.

6.1. Банктердің мәні және қызметтері.
6.2. АҚШ банк жүйесі.

6.3. Германияның банк жүйесі.

6.4. КР-дағы банк жүйесі .

6.4.1. ҚР Ұлттык банкі: қызметтері мен операциялары .
6.4.2. Ақша-несие саясаты .

7-ТАҚЫРЫП. Коммерциялық банктер .

7.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі.
7.2. Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру.

7.3. Коммерциялық банктердің операциялары .

7.3.1. Банктердің пассивтік операциялары.
7.3.2. Банктердің активтік операциялары .

8-ТАҚЫРЫП. Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

8.1. Валюталық жүйе және оның түрлері.
8.2. Дүниежүзілік валюталың жүйе эволюциясы.

8.3. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат .

8.4. Валюталық нарық.

8.5. ҚР-дағы төлем балансы.

Сөздіктер.

АЛҒЫ СӨЗ



Екінші рет қайта өңделіп баспаға ұсынылып отырған “Ақ

ша айналысы және несие” атты оқу құралы “Ақша, несие, банктер” пәнінін жұмыс бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілде дайындалған теориялық, пән болып табылады. Оқу құралы автордың қазіргі Т. Рыскулов атындагы Қазақ Экономикалық университетінін “Банк ісі” және әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінін “Қаржы және аудит” кафедраларында оқытушы ретінде қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған, бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалған.

Оқу құралында ақша мен несиенің, шығу тегінен бастап, Қазақстандағы банктік капиталдың, қалыптасу ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі ақша-несие қатынастарының дамуы толығырақ қамтылған. Сонымен қатар, бұл оқу құралының өзіндік ерекшелігі, ол тек қана ақша мен несиеге арналмайды, сол сияқты банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің. нарықтық экономикадағы рөлі мен қызметтеріне арналады. Банктерді тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай, оларды тарихи даму тұрғысынан көрсетеді. Оқу құралында халықаралық валюталық қатынастар мен дүниежүзілік валюталық жүйелердің, даму кезеңдері, сол сияқты төлем балансы, оның отандық тәжірибедегі құрылымы мен жағдайы қарастырылады.



Оқ құралы тек қана акш және несие қатынастарын теориялық ба-ғытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Оқу құралы негізінен сегіз тақырыптан және бірнеше тақрыпшалардан, бақылау сұрақтары мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тақырыпта ақша теориясы, ақша түрлері мен қызметтері зерттелген. Мұнда металл акшаның, қағаз және несие, сондай-ақ электрондық ақшалардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайы қарастырылады.

Екінші такырыпта ақша айналысы мен ақша жүйесін ұйымдастыру мәселелері қастырылады. Мұнда инфляция ақша айналысы заңының бұзылу салдары және оған қарсы шаралар берілген.

3

Үшінші тақырыпта Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру, оның ішінде қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары, құралдары, шот ашу және жүргізу тәртібі, сондай-ақ банкаралық есеп айырысу негіздеріне атысты мәселелер қамтылады.

Төртінші тақырыпта несие теориясы мен практикасы берілген. Мұнда несиенің экономикадағы мәні және атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен катар несие берушілер мен қарыз алушылардың өзара қатынасында пайдаланылатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық банктер тәжірибесінде толық қамтылады.

Бесінші тақырып Қазакстандағы несие жүйесінін даму тарихына және банк жүйесінің, қалыптасуы мен даму кезеңдеріне арналады. Бұл жерде ҚР-дағы банк жүйесіне қатысты реформалар, олардың нәтижелері баяндалады.

Алтыншы тақырып банк жүйесі және банктер теориясы мен практикасына арналады. Мұндай дамыған елдердегі банк ісін ұйымдастыру тәжірибелері ескеріледі. ҚР Ұлттық банктің ұйымдастырылуы, қызметтері және операциялары, қазіргі ақша-несие саясатының бағыттары қарастырылады.

Жетінші тақырып коммерциялық банктер түрлері, олардың ұйымдастырылу құрылымы, пассивтік және активтік операциялар туралы мәселелерді толық сипаттайды.

Сегізінші тақырып валюталық қатынастар, валюталық жүйелер, олардың құрылу және қызмет ету қағидалары, валюталық саясат, оның формалары, халықаралық есеп айырысу формалары, сондай-ак, ҚР-дағы төлем балансының құрылымы қарастырылған.

Оку құралына қатысты мамандар мен оқырмандар тарапынан бағалы ұсыныстар мен түзетулер енгізуге болатыны байқалса, оны автор құптайды және келешекте қайта өңделіп, түзетулер енгізу кезінде міндетті түрде ескереді, сондай-ақ ондай тілек білдірушілерге автор ықылас білдіре отырып, алдын ала алғысын айтады.

4

1-ТАҚЫРЫП

Ақша теориясы

1.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = = балта), яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және та-

5

1-ТАҚЫРЫП



ғайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортак негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек коғамдың еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құңының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айыр-бас құнының (1 мал = 1 кап бидайға) ұғымы туындайды.



Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.

Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:

Алғашқы формасы — өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне

6

Ақша теориясы



--------------------------------------------------------------------------------

тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.

Екінші формасы — бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалы:

1 қап бидай ~ 1 қойға

= 1 балтаға

= 1 құмыраға және т.б.

Үшінші формасы — бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), түз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттык жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулык қой пайдаланылған. Бірақ аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.

Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар — ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.

Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Акшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналы-

7

1-ТАҚЫРЫП



сының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша — бұл тауар айна-лысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да бо-луы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша — өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;

• айырбас күнының дербес формасы;

- еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдың бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

1.2. Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге белінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.



8

Ақша теориясы

-----------------------------------------------------------------

Толық құнды ақшалар номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы — бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны гурт деп аталады.

“Монета” сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “топео” — “кеңес беремін, көңіліңнен шығамын” дегенді білдіреді.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX — Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті кажеттіліктері болған:

• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;

• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;

• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

2 О чем рассказывают монеты/Под ред. Игнатенко А.П. Изд. 2-е. — Минск, 1978. —

9

1-ТАҚЫРЫП



Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғыска дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақ-сатында құнның қағаздай белгілерін ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін акшалар.

Оларға мыналар жатады:

• құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

• құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге белінді: қағаз ақшалар және нешелік ақшалар.



Қағаз ақшалар бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта

олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай3:

• металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдың құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.



3 Общая теория денег и кредита/Под ред. Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, 1995. — 68 с.

10

Ақша теориясы



---------------------------------------------------------------------

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АКШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналың билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991 — 92 жж. және Казақстандағы 1993 ж. акша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.



Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.



Несиелік ақшалар тауар өндірісінін дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудын уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу опера-цияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; қағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

11

1-ТАҚЫРЫП



Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

“Вексель” сөзі ағылшынша Ьіll поtе — міндеттеме шоты дегенді білдіреді.



Вексель белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

Вексельдің түрлеріне “КР-дағы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында4 мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тпрагпта) — вексельде көрсетілген соманы білгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстау-шыға (ремитентке) телеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель — коммерциялык вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде5 вексельді

12

Ақша теориясы



-----------------------------------------------------------

мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, брон-залык.



Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық векселъ кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық векселъ нақты қамтамасыз етілмеген қарыздың міндеттемені білдіреді.

Вексельдің мынадай өзіне тән қасиеттері бар:

дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;

даусыздық яғни протест туралы актіні нотариуспен жаса-ғаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;

айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АКДІ долларындағы “астық” вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқа астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлік компаниясы 5000 АК,Ш долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында телем құралы ретінде пайдаланды.

13

1-ТАҚЫРЫП



Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде “Қазақстан темір жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы, “домицилиант” — векселъде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселъде делдал ретінде қатысатын банк6.



Банкнота (ағыл. сөзінде “Вапk-поtе” аударғанда “банк билеті”) — орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:



мерзімділгіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздың міндеттеме болса (3 — 6 айлық), ал банкнота — мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.



Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

6 Екінші деңгейдегі банктердің аудармалы және жай вексельдермен операцияларын жүргізу ережесі. 15.11.1999 ж. ҚҰБ Басңармасының № 397 қаулысымен бекітілген.

14

Ақша теориясы



------------------------------------------------------------

• қайтарылуына қарай — классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік камтамасыз етілуі де қүрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.



Жай банкнота бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлың немесе несиелік негізі саңталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде ҚР Ұлттык банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:

• Шаруашылықты несиелеу жолымен;

• Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздың міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 — 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық 1995 — 1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 /о-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттың банктің Үкіметке берген несиелері

15

1-ТАҚЫРЫП



есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;

• ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа косымша ақша эмиссиялау жолымен.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялың банктердің құрылып, олардағы ағымдың шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет