Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет10/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

11-сурет. ФРЖ-ның ұйымдастырылу құрылымы

139


6-ТАҚЫРЫП

1978 жылы ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің оларға несие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттігін алады.

Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялары әр резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізіледі.

Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 — ФРЖ-ның басқару кеңесінің мүшелері, 5 — федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью-Иорктің федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі жүктелген.

Федералдың кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес беру (консультациялық) кеңесі ФРЖ-ның қызметтері: ақша-несие саясатына, алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды эмиссиялау және шетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет көрсетеді.

ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады. Бұл банктер және олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда орналасқан. АК,Ш аумақтарында ФРЖ-ның құрылуы туралы заңға сәйкес 12 федералды резервтік округке бөлінген. Федералды резервтік банктер орталың банктің банкноталарды эмиссиялау және басқа да қызметтерін жүзеге асырады.

Әр резервтік банкті 9 директордан (6 директор ФРЖ-ға мүше банктердің өкілдері, ал 3 директор — ФРЖ-ның Басқару кеңесінен) түратын Кеңес басңарады.

140


Банк жұйесі

-------------------------------------------------------------------------------------

Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы және С классы. А және В класының директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады, екі кластың да бір-бір директоры ұсақ банктерден, біреуі — орташа, біреуі ірі банктерден сайланады. С класының директорларын ФРЖ-ның Басқару кеңесі тағайындайды.

Федералды резервтік банктердің 9 директорының әрқайсысы 3 жыл мерзімге сайланады, сөйтіп әр кластағы директорлардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. Әр резервтік банкті директорлар кеңесі сайлайтын және ФРЖ-ның басқару кеңесі бекітетін президент және бірінші вице-президент басқарады.

Федералды резервтік банктер мынадай қызметтерді атқарады:

• чектер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды (чектердің клирингін) жүзеге асырады;

• айналысқа жаңа банкноттарды шығарады және айналыстан тозған ақша белгілерін алып отырады;

• несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;

• резервтік округтер төңірегінде банктерге есептік несиелер береді;

• ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге

асырады;

• штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шаруашылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды;

• ақша-несие саясаты туралы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар мен бюллетеньдер шығарады.

Федералды резервтік банктер ақша-несие саясатын дайындауға қатынасады.

Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000-ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штат-

141


6-ТАҚЫРЫП

тағы банктерден құралады. Ұлттың банктер федералдың аудан-дардың (округ) шегінде қызмет етеді. Штаттардың банктері штаттағы заңдардың негізінде қызмет етеді және олардың қызметтерін қадағалауды штаттағы билік ұйымдары жүзеге асырады.

“ФРЖ-ні құру туралы” заңға сәйкес барлық ұлттың банктер ФРЖ-ның мүшесі болуға тиіс. Штаттардың банктері ФРЖ-ға мүшелікке ену талаптарына сай келген жағдайларда ғана оның құрамына кіре алады; яғни ол ФРЖ-ның мүшелері санының 15% мөлшерін құрайды және шығу барысында алдын ала 6 ай бұрын хабардар етеді. ФРЖ-ға мүше банктер өз резервтерін нақты ақшада немесе өз округтеріндегі федералды резервтің банкте депозиттер формасында ұсатуға міндетті. Сол сияқты олар паритеттері бойынша барлық толық құнды чектерді сатып алуға да және ФРЖ-ның клирингтік операцияларына қатынасуға міндетті.

ФРЖ-ға мүше болудың басты бір артықшылығы — ол банктің федералды резервтік банктің клиенті болумен қатар оның қызметтерін пайдалану мүмкіндігі болады. Егер де жеке банктен алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлемімен шектелетін болса, ал ФРЖ-ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеуге кез болмайды. Себебі, федералды резервтік банктің ФРЖ-ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ-ның мүшесі болып табылмайды, бірақ та олар ФРЖ-ға мүше банктермен іскерлік қарым-қатынаста болған жағдайларда ФРЖ-ның несие, чек айналысы, клиринг және т.б. қызметтерін жанама түрде пайдаланады.

“Аутсайдерлер” банктері мен ФРЖ-нің арасындағы мұндай байланыстардың болуы, ФРЖ-ға клирингтік операцияларды жүргізуге құқылы арнайы “клирингтік банктерді”

142


Банк жүйесі

--------------------------------------------------------------------------------

құруға мүмкіндік береді. Сонымен, ФРЖ-ның ұйымдастырылу және функционалдық жағынан, ФРЖ орталықтандыру элементтерін ескере отырып, жергілікті жерлерде өзіндік дербестікті сақтайды.

6.3. Германияның банк жүйесі

Германияның бүгінгі банк жүйесінің құрылымы бірден қалыптасқан жоқ. 1875 жылы наурыз айында Прусск банкісінің негізінде Райхсбанк құрылып, оған райхсканслер, банк президенті және банк басқармасы жетекшілік жасаған. 1924 жылы қабылданған заңға сәйкес, Райхсбанк Үкіметтен бөлініп шықты.

1933 жылы Үкіметке ұлтшыл-социалистердің келуімен Гер-манияда Орталың банктің Үкіметке бағынуы біртіндеп қайта қалпына келтірілген.

1939 жылы қабылданған “Райхсбанк туралы” арнайы заң банкті райхсканслерге толық бағынышты етті. Райхсбанк және оның еншілес институттарын фашистер ешқандай да материалды қамтамасыз етілмеген басқыншылық маркаларды өздерінің аумақтарында шығару үшін пайдаланды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңес басқыншылығының аймағында Райхсбанктің қызметі тоқтатылды, ал батыс аумақтарда екі сатылы банктік жүйе енгізілді.

Германияның әр жерлерінде бұрынғы Райхсбанк бөлімшелері негізінде орталық банктер құрылып, олардың қызметі 1948 жылы ақпан айынан бастап, Немістің жер банкілерінің тәжірибелеріне сүйене отырып жүзеге асырылды.

1957 жылы қабылданған Немістің федералды банкі (Бун-десбанк) туралы заң негізінде орталық банктер Бундесбанктің

143

6-ТАҚЫРЫП



бас басқармалары бола отырып, бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді.

Іс жүзінде Бундесбанк Үкіметтің экономикалық саясатын жүргізгенімен де ол заңды тұлға болып саналады. Несиелік мекемелер үшін, ол “соңғы сатыдағы қайта қаржыландыру көзі” немесе басқаша айтқанда “банктердің банкі” болып табылды.

Германиядағы банктік жүйенің басты буынын коммерциялық банктер құрайды. Оларды, ең бастысы, үлкен бір әмбебаптық дәрежелері ажыратып тұрады. Іс жүзінде олар айналыспайтын банктік операцйялар жоқтың қасы десе болады. Олардың үлесіне Германияның несиелік институттары жүзеге асыратын операциялардың жалпы көлемінің 3/4 бөлігі тиеді.

Бүгінгі таңда Германияда жоғарғы деңгейде бақылау ұйымдастыру жүйесі қалыптасңан. XIX ғасырдың соңына қарай

ірі акционерлік банктер үшін арнайы есепке алу енгізілген. Бақылау бойынша банк заңдылықтарының жетілдірілуіне экономикалық дағдарыстар қатты ықпал етті. 1929—1933 жж. дүниежүзілік дағдарыстан соң, Германия банктік аяға қойылатын бақылауды күшейтті. Сол уақыттарда алғашқы мемлекеттік бақылау ұйымдары құрылды. 1961 жылы қабылданған Несие жүйесі туралы жаңа заң несиелік жүйеге қадағалау жасайтын арнайы құрылған Федералдық ведомствоға бақылауды жүзеге асыруды жүктеді.

Ақша айналымы капиталын үздіксіз қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жеке шаруашылықтарды қар-жыландыру, қаражат жинақтаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін жасау банктердің маңызды мәселелерінің біріне айналуда.

Тиімді нарық экономикасын құру орталық банк қызметтерінің шегін белгілей отырып, коммерциялық банктердің

144


Банк жүйесі

----------------------------------------------------------------------------------

қызметін ажырататын екі сатылы банк жүйесіндегі несиелік істің жетілдіруін талап етеді.

Экономиканың өсуін ынталандыратын, бірақ инфляциялық процестерге әкелмейтін ақша массасының мөлшерін белгілеу орталық банктің басты қызметін білдіреді. Коммерциялық

банктер секторы меншіктің формаларына қарамай, капиталды орта-лықтан басқаруға тәуелді болмай, өзінде бар қаражат көлемін тиімді де, ұтымды пайдалануға қадамдарын жасауда. Себебі, капиталды дұрыс пайдаланбау, яғни несиелер беру барысына көңіл аудармау коммерциялық банктерді пайдасыздыққа әкелері сөзсіз.

Есеп айырысу және басқа да қызметтерге қарағанда несиелік қызметі бойынша банк көбіне тәуекелге барады. Банктердің маңызды міндеттеріне несиелік тәуекелді басқарумен қатар, несиелерді берілу мерзімдеріне қарай трансформациялау жатады. Салым иелерінің көпшілігі өздерінің капиталдарын қысқа мерзімге салғанды тиімді санайды. Ал экономикадағы күрделі қаржыны қаржыландыру өз кезегінде ұзақ мерзімді капитал жұмсалымын талап етеді. Сондықтан банктер капиталдың әр түрлі мерзімдерде берілуін ыңғайластырып отыруға тиісті.

Сонымен қатар банктердің келесі бір міндеті — берілетін капитал шамаларының өзара сәйкес келуіне көңіл аудару болып табылады.

Несиені тәуекелдік дәрежесіне, берілу мерзіміне және шамасына қарай трансформациялау банктердің негізгі қызметін білдіреді.

Банктердің келесі бір маңызды экономикалық қызметіне ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

Германия банктік жүйесінің өнеркәсібі жағынан дамыған басқа елдердегі банк жүйелерімен салыстырғандағы ерекшелігі оның құрылымында жұмыс істейтін әмбебап несиелік мекемелердің басым болуынан көрінеді.

145

6-ТАҚЫРЫП



Германияның банк жүйесінің құрылымы 12-суретте келесі бетте берілген.

Германиядағы 4000-ға жуық жұмыс жасайтын несиелік мекемелер, олардың қызметінің түрлеріне қарай әмбебап және мамандандырылған банктерге немесе оларды құқықтық фор-маларына байланысты жеке және қоғамдың-құқықтық несиелік мекемелерге бөлінеді.

Жеке коммерциялық банктер секторы 350-ге жуық немесе олардың 7000-нан астам филиалдарын және 200 мыңдай қызметкерлерін қамтиды. Бұл секторға үш ірі банк, 200-дей аймақтық банктер, 80 жеке банкирлер және 60-қа жуық шетел банктерінің филиалдары кіреді.

Жеке коммерциялық банктердің ортақ маңызды белгісі — қысқа мерзімді несиелік келісім істерімен айналысу. Соңғы кездері ұзақ мерзімде несие беру келемі де артып келеді. Әсіресе, жеке коммерциялық банктер бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау саласында кеңес беру, мүлікті басқару барысында қарқындылық танытуда. Шамамен, тұрақты пайызды бағалы қағаздардың барлығының төрттен үш бөлігі — инвестициялық сертификаттар және акциялар — осы жеке банктердің бағалы қағаздарына арналған депо шотында болып табылады. Сауда-саттық қатынастарындағы төлем есеп айырысуларын орындаудағы және шетелмен капиталдар айналымы төңірегіндегі жеке банктердің қызметі өте маңызды. Олардың қолдарында 3/4 — жоғарғы мөлшерде шетел банк-корреспонденттерінің жұмыс баланстары (Wогkіпg Ьаlапсе) бар және сондай-ақ шетелмен жасалатын барлық коммерциялық төлем операциялары жеке банктердің шоттары арқылы өтеді. Әрине жеке несиелік мекемелермен, жеке коммерциялық банктер топтары арасында бірқатар айырмашылықтар жоқ емес, оларды кәсіпорын, ұйымдарға, қызметтерінің географиялық облысына және маман-дануына байланысты байқауға болады.

146

Банк жүйесі



------------------------------------------------------------------------------



12-сурет. Германияның банк жүйесінің құрылымы.

147


6-ТАҚЫРЫП

Үш ірі банк: Дойчебанк, Дрезднербанк және Коммерцбанк (1871 жылы империя түсында іргетасы қаланған) немістің белгілі және ірі несиелік мекемелерін құрайды. Осы үш банк те акционерлік қоғамдар формасында құрылған. Әр банктің 200000-нан 300000 дейін акционерлері бар, олардың белігін банктің қызметкерлері алады.

Бұл банктер кең көлемде қызметтер көрсететін әмбебап банктер болып саналады. Әсіресе, сыртқы сауданы қаржыландыруда, эмиссиялың келісімістерде және клиенттердің бағалы қағаздарын басқару саласында бұл банктердің маңызы жоғары.

Жан-жақты қызмет көрсету барысында, бұл үш банк өздерінің барлық Германияны жаулап алған, саны 4000-нан жоғары фи-лиалдарына арқа сүйейді. Соның негізінде, оларға “көп филиалдары бар банктер” деген атақ берген.

Аталған банктер экономика және халықпен тығыз байланыс жасайды. Жалпы алғанда бұл үш банктің концерндер саласында 20 млн-ға жуық клиенттері бар. Ірі банктердің ауқымды халықаралық қызметтері елдің ішіндегі, шетелмен байланысты операцияларды жүзеге асыратын мықты банк бөлімшелерінен және барлық әлемге тараған еншілес ұйымдарынан, сол сияқты басқа елдердегі филиалдары мен өкілдіктерінен көрінеді. Үш банктен басқа да 200-ге жақын аймақтың банктердің және басқа да несиелік мекемелердің қызметтері акционерлік қоғамдар, акционерлік коммандиттік серіктестіктер және жауапкершілігі шектеулі қоғамдар формасында жүзеге асырылады.

Бұл топтың біршама ірі банктері өздерінің іскерлік қызметтерін жоғарыда айтылған филиалдары көп банктер сияқты әмбебап түрде атқарады. Мұндай банктер қатарындағы кейбірінің: Байерише Ферайнсбанк АГ және Байерише Хипотекен унд Вексель — Банк АГ-дың халықаралық беделі өте жоғары болғандықтан да, олардың филиалдары елдің ішінде және шетелдерде көп тараған.

148


Банк жүйесі

---------------------------------------------------------------------------------

Жеке банкирлер де немістің банк ісінің дәстүрлі саласын құрайды. 20-ға жуық жеке банкирлер өздерінің қарамағындағы бірнеше жүз жылдар бойы қалыптасып келген 80-ге жақын банкирлер үйіне ие.

Жеке банкирлер тобына: ашық сауда-саттық қоғамдары және коммандиттік серіктестік формасында құрылған банктер кіреді. Жеке банкирлер өздерінің іскерлік құрылымына қарай бір-бірінен ажыратылады. Ережеге сай олардың филиалдары болмайды.

Сонымен қатар, жеке коммерциялық банктер қатарын шетелдік банктердің филиалдары толықтырады.

Бүгінгі таңда 50-ден астам елдердің 300-ден асатын шетелдік несие мекемелері, 1000-ға жуық филиалдар торабы Германияға қаржы нарығында жұмыс жасайды. Олардың қызметтері көбіне еншілес несиелік мекеме формасында жүзеге асырылады.

Соңғы 50 жыл ішінде 700-ден астам жинақ кассалары мен жироцентралдардан тұратын қоғамдық-құқықтық коммерциялық банктер топтары біршама ұлғая түсті. Барлық коммерциялық банктердің жалпы көлеміндегі олардың үлесі жартысына жуығын құрайды. Олардың ертедегі қызметтері жинақтау және нақты құндылықтарды кепілдікке ала отырып несиелеу болатын. Бүгінгі таңда олар әмбебап қызмет көрсететін коммерциялық банктер сипатына ие болуда. Жироцентралдармен біріге отырып, жинақ кассалары қолма-қол ақшасыз есеп айырысу операцияларын жүргізетін үлкен жиро жүйені құрайды және 19000 филиалдары негізінде банктік торапты қамтамасыз етеді.

12 жироцентралдар сол облыстық жинақ кассаларының орталық ұйымдары ретінде банктік қызмет көрсетуге байланысты операцияларды жүзеге асырады. Жироцентрал банктер өздерінің құрылу тарихына байланысты коммуналдың және феодалдық жер банктері болып табылады. Кей жағдайларда

149

6-ТАҚЫРЫП



олар ипотекалық банктер қызметін де атқара отырып, жеке ипо-текалық банктер сияқты нарыққа капитал шығарады.

Жинақ кассаларымен қатар жироцентралдар да қоғамдық құқықтық мекемелер болып саналады. Жироцентралдардың міндеттемелері үшін федералдың жергілікті үкімет, жинақ кассалары және олардың аймақтың одақтары жауап береді. Бұл үшін жауапты жергілікті министрлер Мемлекеттік бақылау жүргізеді.

3000-дей кооперативтік несиелік серіктестіктер қалаларда Фольксбанк және ауылдың жерлерде Райфайзенбанк деген атпен кездеседі. Бұл жерде соңғы жылдары бірігу себептеріне байланысты біртіндеп саны азайып бара жатқан ауылдағы шағын кооперативтік несиелік серіктестіктер жайлы да айтады. Осыдан 125 жыл бұрын Германияда “өзіне-өзі көмек беретін”, яғни өзін-өзі басқаруға және жауап беруге негізделген кооперативтік несиелік серіктестіктер құрылып, жұмыс жасаған. Бүгінгі күнгі кооперативтік несиелік мекемелер өз қызметінде мерзімсіз жинақ салымдарын тарта отырып, өздеріне мүше ұйымдарға қысқа және орта мерзімге несие берумен қатар, басқа да әмбебап қызмет түрін көрсетуде.

Ертеректе мұндай серіктестердің мүшелері тек қолөнершілер, өнеркәсіппен шұғылданатындар және фермерлер болса, ал бүгінгі таңда оның 11 миллионнан аса мүшелері халықтың орташа деңгейіндегілерден, яғни шенеуніктерден тұрады. Жекелеген кооперативтік несиелік серіктестердің арасындағы есеп айырысу операциялары аймақтық орталық банктер арқылы жүзеге асы-рылады. Соңғы жылдардағы қосылулар мен бірігулердің сал-дарынан бұл топ бүгінгі таңда төрт мекемеден тұрады. Кооперативтік банктік топтың жоғарғы ұйымы — ДГ банк — Дойче Геноссеншафтсбанк АГ болып табылады және ол қоғамдық құқықтық корпорация болғандықтан, заңға сәйкес оның басты міндеті — немістің кооперативтік ісін ұйымдастырумен

150

Банк жүйесі



----------------------------------------------------------------------------------

байланысты келеді. Сонымен қатар ол әмбебап коммерциялың банк ретінде акция шығаруға және басқа да операциялардың түрлерін жүзеге асыруға толық құқылы.

Германияда әмбебап коммерциялық банктермен бірге ма-мандандырылған банктер қатары да жұмыс істейді. Маман-дандырылған банктердің негізгі тобын жер бөлімшелеріне несие беру және коммуналдық несие беру бойынша 30-ға жуық ипотекалық банктер мен мамандандырылған банктер құрайды. Олар тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін және тұрғын үй ғимараттарын қайта жаңғырту барысында жер бөлімшелерін пайдалану құқығын кепілдікке ала отырып, ұзақ мерзімге несие береді. Бұл несиелік мекемелердің екінші бір басты қызметі коммуналдық несиелер беру болып табылады. Мұндай несиелер жергілікті үкімет немесе муниципалиттерге, басқа да корпо-рацияларға және қоғамдық құқықтық мекемелеріне беріледі. Соңғы он жылдағы қоғамдық бюджеттердің ұзақ мерзімді қаржыландыру қаражаттарына деген сұраныстың жоғарлауы салдарынан коммуналдық несиелердің маңызы артуымен қатар, олар тұрғын үй құрылысына берілетін несиелерден біршама жоғарғы дәрежеде болып отыр. Осы топқа кіретін екі несиелік мекеме ипотекалық банктер ретінде кеме жасау саласына орта және ұзақ мерзімді несие берумен айналысады. Бұл ипотекалық банктер несиелеуді жүзеге асыру үшін қажетті қаражаттарды капиталдар нарығында кепілдікке алған қағаздармен коммуналдық займдық облигацияларды сату есебінен жинақтайды.

10-ға жуық қоғамдық құқықтың ипотекалық несиелік мекемелер мен жеке ипотекалық банктер ипотекалық және коммуналдық несие беруге маманданған. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл несиелік мекемелер өздерінің бастауын XVIII ғасырдағы жер иеленушілердің арзан ауыл шаруашылық несиелерін алу мақсатында құрылған қоғамдық құқыңтық бірлестіктерді білдіретін “Ландшафтардан” алады.

151

6-ТАҚЫРЫП



30-дан аса жеке және қоғамдық құқықтық жинақ кассалары өз қызметтерін жеке меншік үйлер және пәтерлерге ұжымдық қаражаттар жинақтау қағидасы бойынша қаржыландыру барысында жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылысы үшін қаражат жинақтаудың артықшылығы жинақталған қаражат негізінде тұрғын үй құрылысы үшін төменгі және тұрақты пайызбен несие алуға құқық берумен байланысты.

Несиелеу барысында кепілдік беретін 30-ға жуық банктер және кепіл беру қоғамдары орта кәсіпорындарға өздерінше көмек беретін несиелік мекемелер болып табылады. Бұл несиелік мекемелердің негізгі міндеті — ұсақ және орта кәсіпорындар үшін бәсеке аумағында орын алатын қолайсыз жағдайларды қалыпқа келтіру.

1990 жылдың басынан есеп айырысу жүйесі және салым операциялары саласында мамандандырылған банк ретінде пошта банктері өздерінің коммерциялың қызметтерін жасады. Бұған дейін екі пошта-жинақ мекемесі және 14 пошта жиромекемелері құқықтың тұрғыдан алғанда немістің федералдың пошталарының дербес емес кәсіпорындары болып табылатын. Бүгінгі таңда мұндай қоғамдық кәсіпорындардың 20000-нан астам бөлімшелері жұмыс жасайды.

Арнайы міндеттері бар жеке құқықтық формада қызмет көрсететін 20 несиелік мекемелердің екеуі — АКА Аусфурк-

редит-Гезельшафт М&Х және қайта қалпына келтіру (КҒW) несие мекемелері — дамушы елдердегі экспорттық ерекшеліктерді қаржыландырумен және Германияның экономикалық жағынан нашар дамитын аймақтарында күрделі қаржы жұмсалымдарына несие берумен айналысады. Ал баска да мекемелер өнеркәсіптерді, әлеуметтік тұрғын үй құрылысын, ұсақ және орта кәсіпорындарды, ауыл шаруашылығы және өзге салаларды мемлекеттік бағдарламаларға сай қолдау жасап отырады.

152


Банк жүйесі

-------------------------------------------------------------------------------------



Германияның орталық банкі немістін фсдералдық банкі Бундесбанк болып табылады. Ол Франктфурт-на-Майнедегі орталық басқармасы мен 9 жергілікті орталық банктерден (1992 жылға дейін он бір болған) және 200 бас бөлімшелері мен филиалдарынан тұрады.

Федералдық банктің компетенциясы мен міндеттері жайлы арнайы заң жұмыс жасайды. Федералдың банк капиталы мемлекетке тиесілі болатындықтан, ол мемлекеттік банк болып саналады. Федералдық банк өзіне берілген құқықтарға сай федералдық үкіметтің нұсқауларын орындауға міндетті емес. Ол тек федералдық үкіметке экономикалың саясат облысында кемек береді. Банктің орталың Кеңесі мен федералдық үкімет арасындағы өзара ынтымақтастың, көбіне ақша-несие саясатына федералдық банк президентінің араласуына байланысты қалыптасңан. Ал федералдық үкімет өз жағынан банктің орталық Кеңесінің барлық мәжілістеріне қатынаса алады. Оның дауыс алу құқығы жоқ, бірақ та кейбір кеңес шешімдеріне өзінің өтінішін жасай алады.

Шетелдің басқа да орталық банктері сияңты немістің фе-дералдың банкі банкнотты шығаруға монополиялық құқыққа ие болумен қатар валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатта федералдың банктің ақша айналымын реттеу және экономиканы несиелеу мүмкіндігі бар.

6.4. ҚР-дағы банк жүйесі

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

ҚР Ұлттың банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді. „



12 “ҚР-дағы банктер және банктік кызыет туралы” ҚР заңы. 31.08.1995.

153


6-ТАҚЫРЫП

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) — екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдың тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат — отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.

6.4.1. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және

операциялары

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші үйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз аңша массасы жатады.

Ұлттық банк — бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қыз-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет