Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет11/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

154

Банк жүйесі

-------------------------------------------------------------------------------

мет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттың банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттың банктен несие ала алады.



Ұлттық банк бұл ақшалай. резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдас-тырудың әр түрлі мынадай құқылың формалары кездеседі:

— мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

— акцияның бір бөлігі қоғам формасында (Жапония, Белгияда);

— орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялың банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттың банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылың қордың мөлшері — 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан,

155


6-ТАҚЫРЫП

ал айналым ңорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Ұлттың банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылың қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толқтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.

Ұлттың банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттың банкісінің басты міндеті — ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сол сияқты Ұлттың банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;

— ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталың ңатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;

— ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамта-масыз ету;

— банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

156

Банк жұйесі



--------------------------------------------------------------------------------

Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:

меншікті қаражат есебінен;

— басқа банктерден тартылған және Ұлттың банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

— ҚР төңірегінде қаражаттардан;

— арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.



Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:

— мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

— банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

— Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

— банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;

— жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге ли-цензиялар беру туралы шешім қабылдау;

— банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

— алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;

— ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

—ҚҰБ жұмыс туралы жылдың есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;

157

6-ТАҚЫРЫП



— ҚҰБ-нің жылдың балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

— ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге

де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтың актілерді бекіту;

— банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

— еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мелшерін анықтау және бекіту;

— ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

— Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

— бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Үлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттың банктің Басқармасының құрамына:

— ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды ұлғалар; 5

ҚР Президентінен бір өкіл;

— ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттың банктің оперативтік басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттың банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдың бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

— Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

158


Банк жүйесі

--------------------------------------------------------------------------------

— ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

— ҚҰБ-нің жылдың есебін К,Р Президенті бекітеді;

— Ұлттың валютаның — теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

— ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отырады.

Ұлттың банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстың басқармасы Ау\маты қалалық филиалы арқылы атқа-рады. Бұл филиал Ұлттың банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

Ұлттың банктің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

• зерттеу және статистика департаменті;

• шетел операциялары департаменті;

ішкі операциялар басқармасы;

• монетарлық операциялар департаменті;

• сыртқы байланыстар бөлімі;

• заң қызметі департаменті;

• әкімшілік департаменті;

• қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;

• инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

• бухгалтерлік есеп департаменті;

• есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

• операциондық басқарма;

• төлем жүйесі басқармасы;

• қаржылық қадағалау департаменті;

159


6-ТАҚЫРЫП

• бақылау және аудит департаменті;

• персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;

• халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

• мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі. Сонымен қатар ҚҰБ құрылымына мынадай дербес

бөлімшелер де кіреді:

• Мемлекеттік сақтау қоймасы;

• Ресей Федерациясьшдағы Ұлттың банк өкілеттігі;

• Банкноттық фабрика;

• Монета сарайы;

• Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (КБЕО);

• Қазақстан ипотекалық компаниясы;

• Процессингтік орталық;

Актуарлық орталық;

• Банктік сервистік бюро;

• Ұлттық ақ параттар технологиясы;

• Автобаза.

Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары. Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

— айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлардың монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

— ҚР Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;

— Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;

— белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмис-

160


Банк жүйесі

--------------------------------------------------------------------------------------

сиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;

— банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдың нормативтер белгілейді;

— ҚР-да несиелер бойынша сыйаңы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады;

Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

— бірінші кластың эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

— мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

— депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

— депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

— қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

— қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

— чектерді жазып, вексельдерді береді;

— жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

6.4.2. Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттың банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.



161

6-ТАҚЫРЫП



Ақша-несие саясаты бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінін қызметін реттеуге бағытталган шаралар жиынтыгы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне эконо-микадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

/. Рестрищиялық ақша-несие саясаты;



2. Экспанцондык, ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты несие беру көлелйн кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қам-тамасыз ету. Бұл маңсатқа жетуде Ұлттың банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Үлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;

• Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашың нарықтағы операцияларды жүргізу;

Банктерге және үкіметке несиелер беру;

Валюталық нарық та интервенциялау;

162


Банк жүйесі

----------------------------------------------------------------------------

Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттың банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

— “овернайт” займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, К,Р Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.



Ресми есептік (дисконттык,) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларын-да қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі

163


6-ТАҚЫРЫП

Банк жұйесі

------------------------------------------------------------------------------------

қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді

және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолда-нылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағ-дайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жо-лымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.



Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 5-кестемен беруге болады.



5-кесте

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері

пайыздар, кезеңнің соңына



Сыйақы мөлшерлемеснің| түрлері

12.200ж

12.2001ж

12.2002ж

1.

2.

3.



4.

Қайта қаржыландыру

Есептік (дисконттық)

Овернайт займдары бойынша

РЕПО операциялары бойынша,

оның ішінде:

овернайт


1 жұма

2 жұма


14

12,5


20

 

-



6,5

5,5


9

8

12



 

5

5



5,5

7,5

8

9



 

5,5


5,5

5,5


' Сандық мәліметтер К,¥Б статистикалық бюллетенінен алынған. № 6(103), 2003, маусым.

164


Банк жүйесі

--------------------------------------------------------------------------------------



Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2000 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ен төменгі резервтік талаптар.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, ком-мерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы” нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдың нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің ете жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі

165


6-ТАҚЫРЫП

тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын керсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялық қызметіне бақылау

жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табыладзы деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынта-ландыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пру-денциалдық нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттың банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50%

166


Банк жүйесі

-------------------------------------------------------------------------------------

көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LLVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Ашық нарықтағы операциялар.

Ашық нарықтағы операциялар бүл Ұлттык, банктің айналыстағы ақша массасынын көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттін бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігін және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмис-сиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттың банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олар-дың өтімділігін саңтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аума-ғында, яғни Ұлттың банктің республикалың бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын

167

6-ТАҚЫРЫП



қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аук-циондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбард-тың несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенция.

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операиияларға араласуын айтады.

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Біздің тәжірибемізде валюталық интервенция алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылуда.



Алтын валюта резерві.

Алтын валюта резерві ұлттық валюта — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын валюта резевтері мыналардан тұрады:

• құйма алтыннан;

• Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;

валюталық құндылықтардан;

• шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден;

• шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;

• басқа да сыртқы активтерден.

• Алтын валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

• монетарлық алтынды сатып алу;

• резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;

168


Банк жүйесі

-----------------------------------------------------------------------------

• депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік опера-циялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;

• Ұлттық банктің монетарлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металдармен жасалатын операция-ларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;

• Ұлттық банктің кеңес беру, ақпараттың — баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.

Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:

• ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;

• өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттың және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және Ұлттың банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;

• басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;

• Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;

• құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялың таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

169

6-ТАҚЫРЫП



Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа

елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола

алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

2003—2005 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 6-кестеде беріледі.

6-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет