Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі


—2005 жылдарға арналған ақша-несие



жүктеу 2.65 Mb.
бет12/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2003—2005 жылдарға арналған ақша-несие

саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы




Көрсеткіштер

2002

(бағалау)



2003

2004

2003

1.

2.

3.



 

4.


Инфляция

жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру

жылдың соңына

Алтын-валюта резерві

млн АК,Ш доллары

өзгерістер, %

Ақша баэасы

млрд теңге

өэгерістер, %



6

7,5


3008

16

207



18,1

4-6

6-7


3355

11,5


237

14,8


4-6

5-6,5


3541

5,5


268

12,9


3-5

4,5-6


3673

3,7


304

13 9


170

Банк жүйесі

-----------------------------------------------------------------------------------------

6-кестенің жалғасы

 

 



 

 

 



 




Көрсеткіштср

2002 (бағалау)

2003

2004

2005

5.

 

6.



 

 

 



7.

 

 



8.

 

9.



Ақша массасы

млрд теңге

өзгерістер %

Банк жүйесіндегі резидент-

тердің депозиттері

млрд теңге

өзгерістер, %

Экономикаға беретін

банктің несиелері

млрд теңге

өзгерістер, %

Халыктың теңгедегі мер-

зімді депозиттерінің орташа

өлшенген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілген

теңгедеп несиенің орташа

өлшенген мөлшерлемесі, %


707

22,7


 

544


22,3

 

 



439

58,8


 

13

 



17,5

865

2,4


 

671


23,3

 

 



571

30,1


 

11,0


 

16


1008

16,6


 

788


17,4

 

 



718

25,7


 

9,0


 

15


1168

15,9


 

910


15,5

 

 



866

20,8


 

7,5


 

13,5


6-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 — 2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты — 2003—2004 жылдары орта жылдың инфляцияны 4—6% және 2005 жылы 3—5% шегінде ұстау.

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне “ашық нарықтағы операция”, оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттың банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004—2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

171

6-ТАҚЫРЫП



2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылы аяқталады деп күтілуде.

Осы жылы Ұлттың банк Процессингтік орталық базасында “Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін” енгізу жұмыстарын қолға алуда.

Банк секторы саласында Ұлттың банк тәуекелдері басқару жүйесін өндіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде.

2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.

Ұлттың банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

2003 — 2005 жылдары Ұлттың банк қаржы есебінің халы-қаралық стандартына өтуді көздеп отыр.



Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы банктер қай жерде және қалай пайда болды?

2. Банк дегеніміз не?

3. Банк қызметіне нелер жатады?

172

4. АҚШ банк жүйесінің құрылымы неден тұрады?



5. Германия банктер жүйесінің басты ерекшелігі неде?

6. ҚР-дағы банк жүйесінің құрылымы неден тұрады?

7. Ұлттық банктің басқару құрылымы қандай?

8. Ұлттық банктің қызметтері қандай?

9. Ұлттық банк операцияларына не жатады?

10. Ақша-несие саясатының қандай құралдарын білесің?

11. Ұлттық банктің 2003—2005 жылға арналған ақша-несие сая-сатының басты бағыттары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. “ҚР-дағы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы. 31.03.1995.

2. “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңы.

30.08.1995.

3. ҚР Ұлттық банктің 2002—2004 жылға арналған ақша-несие

саясаты.


4. ҚР Ұлттық банктің 2003—2005 жылға арналған ақша-несие

саясаты.


5. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.

6. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

7. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробо-зиной Л.А. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

8. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, 1995.

9. Штайн Ю. Немецкая банковская система. — Банк-Ферлаг Кельн, 1993.

7. Долан Э.Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кре-дитная политика. — М.: — С.-Петербург, 1993.

173

7-ТАҚЫРЫП

Коммерциялық банктер



7.1. Коммерциялық банктер,

олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдын қалыптасуына қарай:

— мемлекеттік;

— акционерлік;

— жеке;


— пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

— аралас (шетел капиталының қатысуымен).



2. Операцияларыныц түрлеріне қарай:

174


Коммерциялық банктер

---------------------------------------------------------------------------------

әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;



3. Аумақтық белгісіне қарай:

— халықаралық;

— мемлекетаралық;

— ұлттық;

— аймақтың;

4. Салалық белгісіне қарай:

— өнеркәсіптік банктер;

— сауда банктері;

— ауыл шаруашылық банктері;

— құрылыс банктері;

— басқа.


5. Филиалдар санына қарай:

— филиалсыз;

— көп филиалды.

ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100%

тиесілі банктер, оларға: Ңазаңстан даму банкі мен Эксим-банк, ал

шетел капиталының қатысуымен (100% — 10 банк, 50% — аса — 4 банк) құрылған банктерде саны — 14, оның ішінде, еншілес банктер — 10.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция -— оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне қоғамды

175

7-ТАҚЫРЫП



басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғам-ның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам бан-кроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылың құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтың формасына бай-ланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жар-ғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жар-ғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жар-ғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.

7.2. Коммерциялық банктер

қызметін ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдың бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің

176


Коммерциялық банктер

--------------------------------------------------------------------------------

қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік банктерді басқару құрылымы 13-суретте берілген.





ІЗ-сурет. Коммерциялық банктің басқару құрылымы.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

177


7-ТАҚ'ЫРЫП

— банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

— банктің жарғылық капиталын өзгерту;

— банктің Кеңесін сайлау;

— банктің жылдық есебін бекіту;

— банктің табысын бөлу;

— банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:

нормативтік актілерді бекітеді;

— Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы — бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) — атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

— банктің стартегиялық мақсатын анықтау;

— банктің саясаттарын жасау;

— жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;

— комитеттерді құру;

— ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:

— банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;

— барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішіндеі шетелдік банктерде банк қызметіне қатыс-ты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;

178 Коммерциялык, банктер

---------------------------------------------------------------------------------

-— банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;

— банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;

— еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлға-ларымен келісімдер (контрактілер) жасасу.



Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.

Несиелік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:

— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

— несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

— несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

— несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

— несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);

— берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

— банктің несиелік стратегиясын жасайды;

— несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

— несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.

Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департа-менттер мен бөлімдер жатады. Мысал ретінде, “Темірбанк” АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы келесі бетте 14-суретте берілген.

179

7-ТАҚЫРЫП



180


Коммерциялық банктер

---------------------------------------------------------------------------------------



7.3. Коммерциялық

банктердің операциялары

7.3.1. Банктің пассивтік операциялары

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жи-нақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммер-циялың банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құры-латындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: “пассивтік операциялар бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруга арналған банктің өз ресурсын құру операциялары”, — делінеді.

Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтін арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

• коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

• банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;

• басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

• депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың

181


7-ТАҚЫРЫП

бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ — заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

банктің меншікті қаражаттары;

банктің, тартылған қаражаттары.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 %-ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты — бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Банктің меншікті қаражаттары банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:

— банктің жарғылық капиталы;

— банктің резервтік капиталы;

— қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

182


Коммерциялық банктер

-----------------------------------------------------------------------------------------

— сақтандыру резервтері;

— бөлінбеген пайдасы.



Банктің жарғылық капиталы — банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

• акционерлік банк;

• шетел капиталының қатысумен.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.

Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталың, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мелшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.

183

7-ТАҚЫРЫП



Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.

Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.



Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90 %-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.

Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

184

Коммерциялык. Банктер



--------------------------------------------------------

1 топ депозиттер;



II топ депозиттік емес тартылған қаражаттар. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит — бұл клиенттердін (жеке және занды тұлгалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдың емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі ком-мерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

талап етуіне дейінгі депозиттер;

мерзімді депозиттер;

жинақ салымдары;

бағалы қағаздар.

185


7-ТАҚЫРЫП

Талап етуіне дейінгі депозиттер бұл салым иелерінін бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады :

—- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шот-тарындағы сақталатын қаражаттары;

— әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

— есеп айырысудағы қаражаттар;

— жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шот-тарындағы қаражаттар;

— басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатта-лады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, ша-руашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі — бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

— ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

— шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

— банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қара-жаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

186

Коммерциялық банктер



-----------------------------------------------------------------

— талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет