Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет13/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мерзімді салым (депозит) белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемеи қалуға толық құқылы.

Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:

— есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

— шоттағы қаражат баяу айналады;

— тұрақты пайыз төленеді;

— пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;

— ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

— бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі — жинақ са-лымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:

— ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

187


7-ТАҚЫРЫП

— шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

— ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

— мерзімді жинақ салымдары;

— қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

ұтыс салымдары;

— ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

— мақсатты және ағымдың салымдар;

— алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

— валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына баққа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Қосымша жарна қосатын салымдар — бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде (жаңа жылдың салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланы-латын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

188


Коммерциялық банктер

-------------------------------------------------------------------



Депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оган есептелетін пайызды алуға құқык, беретін және онын шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

1. Атаулы сертификаттар;

2. Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертифи-каттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

1. Аударылатын;

2. Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен

189


7-ТАҚЫРЫП

бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сер-тификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.

Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.

Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

—- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;

— бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;

— салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куәландырылған чектер шоттары — бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.

Куәландырылған чектер — бұл банктің, шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.

Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.

Оның мынадай ерекшелігі бар:

• ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшер-лемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;

• шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;

• салымдардың сақтандырылуы;

• иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі

190


Коммерциялык, банктер

---------------------------------------------------------------

чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.

Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге бөлінеді:

— кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облигациялары;

— банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облигациялар;

— шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен құндылықтар.

Отандық банктеріміздің тартылған қаражаттары ішінде банкаралық несиенің де рөлі жоғары.



Банкаралық несие бұл коммерциялық банктердін бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

Овернайт банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтын пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.



Күндізгі заем банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақщалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

191


7-ТАҚЫРЫП

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайда-ланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

— депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

— депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

— депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тар-тылуына көңіл белу;

— салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

7.3.2. Банктердің активтік операциялары



Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

192

Коммерциялық банктер



----------------------------------------------------------------------

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және та-ғайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

ссудалық (несиелік) операциялар;

инвестициялық операциялар; '

депозиттік операциялар;

қаржылық операциялар;

басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Ссудалық операциялар банктің ресурстың базасын орна-ластыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80 %-ға жуық) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді. Банктің беретін ссудалары туралы 4-тақырыпта жазылған.

Банктің 'инвестициялық операциялары — несиелік опера-циялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптасты-руының екі мақсаты болады: біріншісі — банкке табыс әкелу, екіншісі — өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

1) Мемлекеттің бағалы қагаздары;

2) Корпоративтік бағалы қағаздар.

193


7-ТАҚЫРЫП

ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздар түрлері 14-кестеде берілген.

14-кесте І£Р-дағы мемлекеттің, бағалы ңағаздарының түрлері

Түрі

Шығару

мақсаты


Орналастыру

тәсілі


Айналыс

мерзімі


Номинал

құны


1

2

3

4

5

Ұлттық банктің

қысқа мерзімді

нотасы


Айналыстағы

ақша массасын

реттеу


Аукцион/сату

7 күннен

90 күнге


дейін

100 теңге

Ұлттық банктің

арнайы валюталық



Еркін өзгермелі

валюта бағамына



Ноталар

портфелін жинақ зейнетақы

жинақ

зеинетақы



35 күн

100 АКШ

доллары


нотасы

өтуге байланысты

жинақ зейнет- ақы қорлардың

активтерін қорғау





қорларымен

айырбастау






Арнайы валюталық мемлекеттік

облигациялар

(АВМЕКАМ)


Жинақ зейнет-

ақы қорлардың

активтерін қорғау


Мемлекеттік

облигациялар

портфелін жинақ

зейнетақы

қорларымен

айырбастау



5 жыл

100 АКДІ

доллары


Мемлекеттің

арнайы қазына-

шылық

міндеттемесі



(МЕАКАМ)

Ұлттық банкке

Үкіметтің

қарызын


Қайта ресімдеу

10 жыл

1000 теңге

Мемлекеттің

қысқа мерзімді

қазынашылық

валюталық

міндеттемесі

(МЕКАВМ)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

3, 6, 9 және

12 ай


100 АКДІ

доллары


194

Коммерциялық банктер



14-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Мемлекеттің

индексацияла-

натын қазынашылы

міндеттемесі

(МЕИКАМ)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

3 ай және

одан


жоғары

1000 теңге

Мемлекеттің орта

мерзімді


қазынашылық

міндеттемесі

(МЕОКАМ)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

2 және 3

жыл


1000 теңге

Мемлекеттің

қысқа мерзімді

қазынашылық

міндеттемесі

(МЕККАМ)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

3, 6, 9 және

12 ай


100 теңге

Мемлекеттік

ішкі займдық

ұлттың жинақ

облигациялар

(ҰЖО)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Жазылу

жолымен


364 күн

1000

теңге


Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

Дисконттық мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100 75 = 25 теңге немесе

25 теңге : 75 теңге (бастапқы салынған

инвестиция) х 100% = 33,3%

195

7-ТАҚЫРЫП

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3% : 91 күн = 0,3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659% X 364 күн = 133,19% тең.

Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 — 4 ретке дейін төленеді.

Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің ин-вестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

акциялар;

облигациялар;

депозиттік және жинақ сертификаттары;

ипотекалық куәліктер;

депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

Акция бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне

196


Коммерциялық банктер

қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Дивиденд тәлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жинылысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы — қоғам борыштың тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).

Облигация онын иесінін ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттін осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

Купондық облигация — инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

Дисконттық облигация — инвестор банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Мысалға, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі — 10%, онда облигацияның ағымдағы табысын мынадай түрде есептеуге болады.

197


7-ТАҚЫРЫП

Купон/баға х 100 = 10/100 х 100 = 10%.

Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағым-

дағы табыс:

10/150 х 100 = 6,66%.

Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер, оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

“Лизинг” сөзі “tо Іеаsе” ағылшын етістігінен аударғанда, “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизинг бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.



1. Шұғыл лизинг — бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

198


Коммерциялық банктер

--------------------------------------------------------------



2. Қаржы лизингі — бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылы-ғын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқтал-ғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизинг операцияларының техникасы 15-суретте көрсетіледі.



15-сурет. Лизинг операциясының сызбасы.

1 — банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 — лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 — жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 — лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 — жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 — лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 — лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

199

7-ТАҚЫРЫП



Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі — факторинг.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг — клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін телеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.

“Фактор” сөзі ағылшын тілінен “fасtог”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда — бұл делдалдық операция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет