Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет14/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Факторинг операциясы жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:



1. Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) — өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2. Клиент ('тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3. Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы-фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң, факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1 — 2 апта

200

Коммерциялық банктер



----------------------------------------------------------------

ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2—3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 16-сурет көрсетілген.



16-сурет. Факторингті уйымдастыру сызбасы.

 

Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отындық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.



“Форфейтинг” сөзі француз тілінде “а forfаіt”, аударғанда, “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Форфейтинг — та-

201


7-ТАҚЫРЫП

уарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.



Форфейтинг операциясы форфейтордың яғни ком-мерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:



\. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.



17-сурет. Форфейтинг мәмілесінің техникасы.

1 — мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2 — тауарын несиеге береді; 3 — аудармалы вексельді (5—7 жылға) жазып береді; 4 — аудармалы вексельді қайта сатады; 5 — аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді; 6 — мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 — вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл.

202


Коммерциялық банктер

----------------------------------------------------------------------

Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:

• еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);

• импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5-тен 6%-ға дейін жылдың мөлшерде ауытқиды;

несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0,5%-ға дейін жылдық);

міндеттеме үшін алынатын комиссия (1 —1,5% жылдық).

Бақылау сұрақтары:

1. Коммерциялық банктердің қандай түрлерін білесің?

2. Банктің пассивтік операциясы дегеніміз не?

3. Банктің меншікті қаражаттары қандай баптардан құралады?

4. Депозит дегеніміз не?

5. Банктің активтік операциясы бар қалай түсінесің?

6. Активтік операциялардың қандай түрлерін білесің?

7. Қаржылық операциялардың қандай түрлері?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңы. 30.08.1995.

2. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002

4. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

5. Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1998.

203

7-ТАҚЫРЫП



6. Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапиду-

са М.Х. - М., 1996.

7. Маркова О.М. и др. Коммерческие банки и их операции. —

М.: Банки и биржи, 1995.

8. Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие.— Алматы: Ирбис, 2000,

9. Гвоздев Б.З. Факторинг. — М.: Ассоциация авторов и изда-телей, Тандем, Экмос, 2000.



8-ТАҚЫРЫП

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



8.1. Валюталық жүйе және оның түрлері

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруа-шылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі ба-рысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

205

8-ТАҚЫРЫП



Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономи-калық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипло-матия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттың және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін керсетеді.

Капиталдық шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын керсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валютальщ қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.



Валюталық жүйе — ұлттық зандылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

• Ұлттық валюталық жүйе.

Дүниежүзілік валюталық жүйе.

206

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

-----------------------------------------------------------------------

Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе — елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежүзілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мем-лекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

15-кесте

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің,

Элементтері

 


Ұлтгық валюталык жүйс

Дүнисжузілік валюталық жүйе

1) Ұлттық валюта

1) Резервтік валюталар

2) Ұлттың валютаның алмастырылу шарты

2) Валюталардың өзара алмасты-рылу шарты

207

8-ТАҚЫРЫП



15-кестенің жағасы

Ұлттық-валюталық жүйе

Дүниежүзілік-валюталық жүйе

3) Ұлттың валюта паритеті

3) Валюталық паритеттерінің ортақ режимі

4) Ұлттық валюта бағамының режимі

4) Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы

5) Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

5) Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

6) Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу

6) Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын паидалануды регламент-теу

7) Халықаралық несиелік айналыс кұралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы

8) Елдің халықаралық есеп айыры-суларын регламенттеу

8) Халықаралық есеп айырысудың негізгі формаларының біртұтастығы

9) Ұлттың валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі

10) Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары

10) Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төнірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғам-дастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет валюталық, бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.

ХВК, жарғысы бойынша валюталың паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

208


Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

------------------------------------------------------------------------------------

Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервениия жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдынғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро).

Валюталың бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттың валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

2) дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;

3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

Төлем балансының, жағдайы. Егер де төлем балансыны-

209

8-ТАҚЫРЫП



ның жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттың валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттың валюта бағамын төмендетеді.

Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдық халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капи-талдық шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық

 

операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралык, есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60 — 70% операцияларын А)Ш ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

Халықаралық төлемдердің, жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.

Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

210


Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

---------------------------------------------------------------------------------

8.2. Дүниежүзілік валюталық жүйе

эволюциясы

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер (дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруа-шылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.

Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің ұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:

I кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы-шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

II кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе ұрылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:

1. Париждің валюталық жүйесі (1867 ж.)

2. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)

3. Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 ж.)

4. Ямайск валюталық жүйесі (19761978 жж.)

5. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж.)

211


8-ТАҚЫРЫП

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандарты формасында, яғни алтын монометаллизмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 ж. Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды, яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:

— оның негізі алтын монета стандарты болып табылады; —- әр валютаның өзіндік алтынға шаққандағы құрамы

белгіленеді (Ұлыбритания — 1816 ж., АҚШ — 1837 ж., Германия — 1875 ж., Франция — 1878 ж., Ресей 1895 ж. белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;

— нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, валюталар-дың еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарыстан кейін алтынға және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.

Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валюта-сындағы төлем құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйеге заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық экономикалық кон-ференциясында қол жеткізілді.

Генуэз валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті:

212

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



---------------------------------------------------------------------------

— оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезеңде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа негізделді. Ұлттық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды. Бірақ та соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді;

— алтын валюталардың құрамы сақталды;

— еркін валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді;

валюталық реттеу, валюталық саясат халықаралық кон-

ференциялар, мәжілістер формасында жүзеге асырылды.

1922—28 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:

— Алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын монометаллизмінің қысқарған формалары енгізілуі;

— Валюталарды тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;

— Валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта қалпына келтірілді;

— Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды.

Бұл валюталық тұрақтылық та 30-жылдардағы дүниежүзілік “дағдарыстың әсерінен құлдырады. 1929 — 36 жж. дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері мынадай:

— циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;

— құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;

213

8-ТАҚЫРЫП



— ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;

30-жылдардағы дағдарыс нәтижесінде Генуэз валюталық жүйесі өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа ұшырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсіп, соғыс жылдарында 1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.

БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АКДі) 1944 ж. болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік және қаржылық қаты-настарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халықаралық валюталық қордың (ХВК,) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің мынадай қағидаларын анықтады:

• алтынға және екі резервтік валютаға — АКШ доллары және фунт стерлингке негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді;

• Бреттон-Вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт формасын қарастырды:

а) валюталардың алтын құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да тіркеу енгізілді;

ә) алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді;

б) АҚШ өзінің валюталық-экономикалық потенциалының және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта мәртебесі талап етілді;

в) осы мақсатта АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің алтындарына ауыстыра бастады, ол кезде

214


Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

--------------------------------------------------------------------------------

АҚШ долларының алтындың құрамы 1 троиск ункциясы 31,1035г = 35 долларға тең болатын.

валюталардың бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы долларға бейнеленген валюталық құрамы негізінде жүзеге асырылды.

• бірінші рет тарихта халықаралық валюталық-несиелік ұйым-дар: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және Даму банкісі (ДКДБ) құрылды.

60-жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-Вудс валюталың жүйесі дағдарысқа ұшырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері мынадай:

— Экономикалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;

— Инфляцияның ұлғаюы, әлемдік бағаларға және фирма-лардың бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;

— Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);

~ Бреттон-Вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі;

— Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір бөлігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд доллар).

1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына өзгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:

— Алтын-девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп жаңа халықаралық валюталық есептесу бірлігін енгізу туралы 1967 жылы қол қойылған болатын;

215


8-ТАҚЫРЫП

— Алтынды демонетизациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын қүн өлшемі қызметін атқармайтын болды;

~ Елдерге кез келген валюталық бағам режімін таңдауға құқық берілді;

~~ ХВҚ Бреттон-Вудс жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейтуге шақырды.

СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:

1) эмиссиялау және бөлу; 2) қамтамасыз ету; 3) бағамды анықтау әдісі; 4) СДР-дің пайдалану ауқымы;

1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:

• АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы;

• доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстыр-ғанда 15—30%-ға жоғарлауы;

• АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі;

Инфляцияның ұлғаюы;

• АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі. Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастың елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.

216

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



----------------------------------------------------------------------------

Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялану процесін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернацио-нализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық тұрақсыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастың — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтың интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957ж. наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.

1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия мен Испания қосылған.

ЕҚ-тың мақсаты:

1) шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында эко-номикалық және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;

2) Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы монополияларымен күресуде позиция-ларын нығайту;

3) Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.

Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15 —16 мемлекетке жетті. Болашаңта ЕК,-ңа Шығыс және Орталың Еуропа елдері (ЕК,-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.

217


8-ТАҚЫРЫП

Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:



Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ. жоғарғы ұйымы болып табылады).

Министрлер кеңесі — заң шығарушы орган.

ЕҚ комиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.

Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚ бюджетін бекітеді.

ЕҚ соты — құқықтың нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы.

Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар өкілдерінен құралған кеңес беруші орган.

Үшіншіден, интеграциялық процестің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған валюталық саясаттың шоғырлану процесі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе қағидалары мынадай болды:

ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалық валюталық бірлікке негізделеді (1999 ж. дейін). ЭКЮ-дің шартты құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталардың қоржынының әдісі бойынша анықталды.

ЕВЖ-дегі мемлекетаралың аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.

218

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



---------------------------------------------------------------------------

8.3. Валюталық қатынастарды реттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет