Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет15/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағ- дайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

• нарықтық реттеу;

• мемлекет тарапьшан реттеу;

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы XX ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Нарықтық және мемлекеттік валюталың реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ын-

219


8-ТАҚЫРЫП

таландыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтың бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.

Валюталық саясат бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақ-саттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыс-сыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде валюталың саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.

220

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



----------------------------------------------------------------------

Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы ва-люталық реттеу болып табылады.



Тікелей валюталық реттеу — заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құқына экономикалық валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:

1) құрылымдық валюталық саясат;

2) ағымдық валюталық саясат.

Құрылымдық валютпалық саясат дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.

Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.

Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:



1) Дисконттық валюталық саясат.

2) Девиздік валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары болады:



а) валюталық интервенция;

ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;

б) валюталық шектеу;

в) валюталардық алмастырылу дәрежесін реттеу;

221


8-ТАҚЫРЫП

г) валюталық бағам режимі;

д) девальвация;

з) ревальвация.



Дисконттық (есепке алу) саясаты бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктін есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

Девиздік саясат мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валюта-сын ұлттың валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат кебіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде

222

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



-------------------------------------------------------------------------

мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валюталық институт құрылды (1994 ж)



Валюталық резервтерді диверсификациялау бұл

халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенщия жүргізу және валюталық шығындардан сақау мақсатында әр валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттін және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттық дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын шетел валюта-ларына қатынасы бойынша төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.

Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:

мұндағы


Б — ескі бағам;

Б — жаңа бағам. Ревальвация пайызын есептеу формуласы:



223


8-ТАҚЫРЫП

Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:



Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын анықтайық, 1 фунт ст. = 2.8 доллар.

X = 1 доллар

Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0.35 функ стерлинг тұрса, ал девальвациялаудан кейін, ол 0.41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:



Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.



В алют алық шектеу резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына занды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.

Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:

— төлем балансын теңестіру;

— валюталық бағамды қолдау;

— ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін

224

Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



-------------------------------------------------------------------

мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:

— Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;

— Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (ли-цензия) берілуі;

— Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

— Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.

8.4. Валюталық нарық



Валюталық нарқ бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пай-даланатын санына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық аумақтық және ұлттық (жергілікті).

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Иорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, То-киодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумас-тырылады, мысалы: Сингапур — доллары, Сауд — риалы, Кувейт — динары т.б. орналасқан банктер ез клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.

Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функционалдық көзқараспен қарасаң, валюталық нарық халықаралық есеп айырысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардын жиынтығы.

225

8-ТАҚЫРЫП



Институтционалдық жағынан қарасақ валюталық нарық

Үкіметтің банктердің, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлік конторалардың және шетелдік банктердің жиынтығы.

Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ валюталық нарық банктерді халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердін жиынтығын білдіреді.

Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:

1) Орналасу аумағына қарай:

• халықаралық;

• ішкі;

• аумақтық.



2) Валюталық шектеуге қатысты:

• еркін нарық;

• еркін емес.

Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты — еркін емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталың нарық деп атауға болады.

3) Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:

• бір ғана режимді;

• қос режимді.

Бір ғана режимді валюталық нарық — бұл еркін валюталық бағамға негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада белгіленеді.

Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жылы 5 сәуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған дейін тіркемелі бағам қолданылып келді.

Тіркемелі бағам — Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтау-

226


Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

--------------------------------------------------------------------------



да валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесінде анықталатын бағам.

Еркін өзгермелі бағам бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.

Еркін өзгермелі бағам арқылы Казақстанның қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы анықталады. Осы биржада Рейтер (Rеиtег) агенттігінің кросс-бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы анықтайды.



Кросс-бағам бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кросс-бағамының (Кб) есебін мынадай формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу:





Теңгенің долларға қатысты бағамы

Валюталық бағамның бағалануына қарай: тікелей бағам және жанама бағам бөлып бөлінеді. Мұндағы тікелей бағам — шетел валютасына ұлттық валютаға қатысты бағамы. Мысалы, 1 АҚШ доллары = 147,50 теңге. Ал жанама бағам — бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамы. Бірақ мұндай бағам түрі біз сияқты мемлекеттерде қолданылмайды.

8.5. ҚР-дағы төлем балансы

Төлем балансы елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.

Еліміздегі төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:

227

8-ТАҚЫРЫП



А. Ағымдағы шот.

В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.

С. Қателер мен қалып қойғандар.

Д. Жалпы баланс.,

Е. Қаржыландыру.

Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:



1) Сауда балансы:

• Экспорт;

• Импорт.

2) Таза қызметтер:

• жүк тасымалдау;

• адамдар тасымалдау;

• байланыс қызметі;

• туризм;

• басқа.


3) Табыстар:

• займдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру);

• резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру);

• басқа да.



4) Ағымдағы трансферттер.

5) Гуманитарлық көмектер.

6) Техникалық көмектер.

7) Гранттар.

Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында мыналар көрсетіледі:



1) тікелей инвестициялар;

2) портфельдік инвестициялар;

3) мигранттардың трансферттері (кетуі және келуі);

4) сауда (коммерииялық) несиелері;

5) займдар;

6) басқа инвестициялар (депозиттер, валюта және т.б.).

228


Валюталық жүйе және валюталық қатынастар

---------------------------------------------------------------------



Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса “көлеңкелі бизнесті” есепке алады.

Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын, капиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта резервтерінің қозғалысын құрайды.

Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік және пассивтік операциялары бірыңғай шаманы құрады.



Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:

1) Қазақстан Ұлттық банкінің резервтік активтері;

2) Монетарлы алтын;

3) Шетел валютасы;

4) ХВҚ несиелері.

Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының басты ерекшелігі — мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзім ішіндегі өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшек-тер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.

Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата білу қажет.

229


8-ТАҚЫРЫП

Есеп айырысу балансы елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.

Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта және басқа да) және жеке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген несиелер, қаржы және қаржы емес корпорациялардың міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айырысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер қамтылады.



Бақылау сурақтары;

1. Валюталық жүйе дегеніміз не?

2. Париж валюталықжүйесінің құрылымдық қағидалары қандай?

3. Генуэ жүйесі туралы не білесіз?

4. Бреттон-Вудс валюталық жүйесінің ерекшелігі неде?

5. Ямайка валюталық жүйесі неге құрылды?

6. Еуропалық валюталық жүйе қалай құрылды?

7. Валюталық реттеу нені білдіреді?

8. Валюталық саясаттың формалары мен құралдары қандай?

9. Валюталық нарық пен бағам өзара қалай байланысады?

10. Төлем балансының құрылымы неден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.

2. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

3. Международные валютно-кредитные и финансовые отноше-ния/ Под ред. Красавиной Л.Н. — М.: Финансы и статистика, 1994.

4. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. — Алматы, изд. 2-е, перераб. и доп. Қаржы-қаражат, 1997.

Сөздіктер



Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операциялар.

Аккредитив — бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жаб-дықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарт-тарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Акция — бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Ақша — барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшаның қозғалысы.

Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі.

Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемі.

231


СӨЗДІКТЕР

А

Ақша базасы — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшалар.

Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша жүйесі — бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген, ақша айналысын ұйымдастыру фор-масы.

Ақша рыногы —қысқа мерзімді депозиттік-қарыздың операциялар жүзеге асырылатын қарыз капиталдар рыногының бір бөлігі, ақшалай қаражаттарды сатып алу-сату қарығы.

Ақша мультипликаторы — ақша-несие жүйесіндегі са-лымдарды ұлғайту немесе қысқарту нәтижесінде қанша мелшерде ақша ұсынысының көбеюін немесе азаюын көрсететін сандық коэффициент және оның шамасы ақша-несие жүйесінде пайда-ланылатын резервтеу нормасына кері пропорционал болып келеді.

Ақша механизмі — ақша жиынындағы өзгерістер арқылы экономикаға ықпал ету тәсілі.

Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы білгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Б

Банк — бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы ком-мерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие.

232


Банк құпиясы — банк клиенттерінің шоттары мен салымдары және банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар.

Банктік консорциум — бірлесіп несиелік операцияны жүргізуге және қарыз алушының төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығынды азайту мақсатында уақытша біршама банктер арқылы ұйымдастырылған банктер тобы.

Банкнота — орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы қанша бірліктері.

Банктің меншікті қаражаттары — банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайдасы.

Банкаралық несие — бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Биметаллизм — жалпыға бірдей балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендті телегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

В

Валюталық жүйе — ұлттың заңдылықтармен немесе мем-лекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынас-тарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталык нарық — бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу опера-циялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валготалық интервенция — ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден,

233


СӨЗДІКТЕР

шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро).



Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық паритет — валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас.

Валюталық саясат — бұл елдің ағымдың және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет