Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі


Валюталық резервтерді диверсификациялау



жүктеу 2.65 Mb.
бет16/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Валюталық резервтерді диверсификациялау — бұл ха-лықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық ин-тервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақса-тында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.

Валюталық шектеу — резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салу.

Валюта биржасы — шетел валютасымен валюталық опе-рацияларды жүзеге асыратын, сұраныс пен ұсыныс негізінде ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының ағымдағы бағамын белгілейтін ұйым.

Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексель дисконты 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу; 2) вексельдерді есепке алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы.

234


СӨЗДІКТЕР

Д

Делистинг — құнды қағаздарды олардың қамтамасыз ету денгейінің төмендігі анықталғаннан кейін қор биржасындағы сауда-саттың тізімінен шығарып тастау.

Демонетизация — несиелік ақшалардың банк билеттерінің (банкнота), қолма-қолсыз ақшалардың, чектердің кеңірек қол-данылуына байланысты ақша құралы ретінде бағалы металдарды, соның ішінде, алтын мен күмісті пайдалануды қысқарту, яғни олардың ақша қызметтерін атқармауы.

Дефляция — инфляцияның қарқынын төмендету және ай-налыстағы ақша массасының өсуін тежеу мақсатында айналыстағы ақша массасының бір бөлігін алу. Дефляция салықтарды ұлғайту, еңбеқақының өсуін тежеу, мемлекеттік бюджет шығыстарын қысқарту жолымен, мемлекеттің бағалы қағаздарын сатуды ұлғайту есебінен жүзеге асырылады.

Дивиденд — акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және ак-ционерлер (акция иелері) арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт — қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Дүниежүзілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мем-лекетаралық құқықтық нормалар кешені.

Девальвация — ұлттың валютаның бағамының шетел ва-люталарына қатысы бойынша төмендеуі.

Дисконттың (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты рет-теуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

235


СӨЗДІКТЕР

Девиздік саясат — мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Дефляциялық саясат — бұл ақша және несие механизмі арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін жоғарлату, ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы.

Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Домицилиант — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельге делдал ретінде қатысатын банк.

Депозиттік сертификат — бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Е

Еркін өзгермелі бағам — бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтың бағамды білдіреді.

Есеп айырысу балансы — елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.

236

СӨЗДІКТЕР



Еуропа валюталық жүйесі — Еуропа қауымдастығына кіретін бірқатар елдермен қабылданған, елдер арасындағы экономикалық қатынастарды жеңілдететін, олардың экономикаларының бірігуін ынталандыратын, валюталарының тұрақтануына ықпал ететін валюталық қатынастар мен валюталар айырбасын ұйымдастырудың нысаны.

Ж

Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге бай-ланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Жинақ кассасы — жинақ салымдары түрінде халықтың ақшалай қаражаттарын тартатын және оларға пайыз төлейтін несиелік мекеме.

И

Инфляция — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-аң оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Индексациялау — ақшаның құнсыздануы, инфляцияның нәтижесінде болған зиянның орнын толтыру әдісі.

Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Инкассалык өкім — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассо — банк клиенттің тапсырмасы бойынша төлеушіден төлемді немесе төлемге беретін келісімді алуға міндеттеме алатын банктік операцияның түрі.

237


СӨЗДІКТЕР

К

Кепілденген чек — чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

Кепілдендірілмеген чек — чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек.

Корреспонденттік шот — бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауары.

Коммерциялық банк — бұл ерекше өнім шығарумен ай-налысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.

Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

Күндізгі заем — банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Кросс-бағам — бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кредиттік карточка — оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не ңолма-ңол ақша алуға арналған карточка.

Куәландырылған чектер — бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.

238


СӨЗДІКТЕР

------------------------------------------------------------------------------



Қ

Қағаз ақшалар — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мем-лекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қаржы лизингі — бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Қазыналық вексель — бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылған, оның қарыздық міндеттемесі.

Қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу — бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына баи-ланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысулар.

Л

Ломбардтар — бұл жылжитын мүліктерді (өтімді активтерді) кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретш несиелік мекеме.

Ломбардтың несие — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие.

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

239


СӨЗДІКТЕР

М

Маусымдың несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі болып бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Мемлекеттік даму банкі — бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты.

Мерзімді депозит — белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияңты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Микрокредиттік ұйымдар — бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар.

Н

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несиеліік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несие жүйесі — жалпы банктердің (ұлттың және ком-мерциялың) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.

Несиелік одақтар — бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Несиелік серіктестік — бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында

240


СӨЗДІКТЕР

---------------------------------------------------------------------------

заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттың банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Овернайт — банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Облигация — оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қазаз.

Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.

Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие — кредитордың-алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.

П

Пассивтік операциялар — бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары.

Пайыз тәуекелі — берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

241

СӨЗДІКТЕР



Рамбурстың несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамының шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлауы.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

С

Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер.

Сенім несиесі банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

Т

Талап етуіне дейінгі депозиттер — бүл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі ңүжаттар арңы-лы ңолма-ңол аңшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қара-жаттары.

242


СӨЗДІКТЕР

-------------------------------------------------------------------------------



Төлем балансы — бұл халықтың белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.

Тіркемелі бағам — Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесінде анықталатын бағам.

Телеграфтың инкассо — жабдықтаушының тауар құжаттарын инкассоға қабылдағаны туралы жабдықтаушы банкісінің жіберген телеграммасына қарсы сатып алушының төлемі жасалатын инкассоның ерекше нысаны.

Тұтыну несиес” — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Тұрғын үй құрылыс банкі — бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін құрылыс-жинақ шоттарын қалыптастыру және ипотекалық не-сиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың телеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Толық құнды ақша— номиналдың құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Толық құнсыз ақша номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

243


СӨЗДІКТЕР

---------------------------------------------------------------------------------------



Ү

Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

Ұ

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығы.

Ұлттың банк — бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Ф

Факторинг операциясы — жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы — форфейтордың, яғни ком-мерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.

Форс-мажор жағдаіы — экономикалық келісімшарттарға қатысушылардың әр түрлі төтенше жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы.

Ч

Чек — ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

244

СӨЗДІКТЕР



------------------------------------------------------------

Э

Экспортты-импорттың банк (Эксимбанк) — даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға кепілдеме беретін банк.

Электрондық ақшаларкомпьютер торабының, ақпа-

раттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын бай-

ланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олар-

дың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы



төлемдер жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен бай-анысты шаралар.

245
Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет