Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет2/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Чек — ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдың шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:



ақшалай чек — банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

атаулы чек — аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

ордерлі чек — бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ ин-доссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құның береді;

мәлімдеуші чек — чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырысу чегі — заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі — туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек — банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайын төлем құралы.

Чектің экономикалың жаратылысы мынадай:

• біріншіден, ол банктен наңты ақшаны алуға қызмет етеді;

• екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқа-

рады;

16

Ақша теориясы



• үшіншіден, ол қолма-колсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

Электрондық ақшалар компьютер торабының ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:



Дебеттік (төлем) карточка банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартка сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка онын эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Казақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға “Еиrосагdі”, “Маstег Сагd”, “Vіsа”, “АLТҮN”, “Маезtrо” және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда 17

1-ТАҚЫРЫП

1.3. Ақшаның қызметтері және



экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

1) ңүн өлшемі және баға масштабы;

2) айналыс (айырбас) құралы;

3) төлем құралы;

4) қорлану және қор жинау құралы;

5) дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей

балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: “мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыс-тыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру”7 қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдык қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдың еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданган және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық (алтын) баға белгілеу процесіндегі

7 Капитал. I том. — 109 с.

18

ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндың өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.



Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы кызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдык рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) А (ақша) — Т (тауар).

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақша-

19

лар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар ат-қарады.



Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

Акщаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек накты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) — М (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) — Т (тауар).

Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздың міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

Ақша телем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлык ақшалай төлемдерді мынадай түрде топта-стыруға болады:

20

• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем мін- деттемелері;



• мемлекетке қатысты каржылық міндеттемелер;

• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бо-йынша қарыздық міндеттемелер;

• сақтандыру міндеттемелері;

• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер:

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни

қағаз және несиелік ақшалар атқарады.



Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Акшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:

1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық

21

1-ТАҚЫРЫП



байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындагы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттың ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: “Ақша өзінің ұлттың киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді”,— деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АК,Ш доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы — еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалың қауымдастың елдерінде жаңа валюта “Еуро” енгізілді. Еуропалың валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, “Еуро” қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. “Еуро” банкноты мен монеталары 2002 жылдық

22

Ақша теориясы



-----------------------------------------------------------------------

1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық

одаққа мүше елдердің ұлттык ақша бірліктері 2002 ж. 1

шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.



Бақылау сұрақтары:

1. Ақшаның пайда болу себебі неде?

2. Ақша дегеніміз не?

3. Толық бағалы ақша және толық бағалы емес ақшалар жайлы не білесіз?

4. Қағаз ақшалардың шығуына не себеп болды?

5. Несие ақшаның түрлерін айтыңыз?

6. Электрондық ақшалардың қандай түрлері бар?

7. Ақшаның атқаратын қызметтерін атаңыз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялы-ғымен. — Алматы: Экономика, 2001.

2. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

3. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дро-бозиной Л.А. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

4. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, 1995.

23

2-ТАҚЫРЫП



Ақша айналысы және

ақша жүйесі

2.1. Ақша айналысы және оның заңы



Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдык еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және жалпы ұлттың және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтык қоғамдың енім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ

24

Ақша айналысы және ақша жұйесі



несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.



Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты акшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10 /о-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма- қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар чектер, пластикалық карточкалар электрондык аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдың формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын та-

25

2-ТАҚЫРЫП



уарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардын санын (А ) анықтайды.

Бұл жерде бір айта кететіні, акшаның төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.

Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бей-нелеуге болады:

мұндағы А — айналысқа кажетті ақша саны;

С — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;

Н — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

М — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;

Ө — өзара өтелетін төлемдер сомасы;

А — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылыңтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

26

Ақша айналысы және ақша жүйесі



-----------------------------------------------------------------------

Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:

• несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

• қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

• ақша айналысының жылдамдығы.

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның казына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналыска шығырылып отырады. Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшанын құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

2.2. Инфляция



Инфляция (латын. іпflаtіо, аудармасы — “қабыну”, “ісіну”) — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасынын төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ, онын сатып алу қабілетінін төмендеуі.

27

2-ТАҚЫРЫП



Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:



1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылыктың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың канат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.



Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:

• әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың аза-маттың салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

• мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

• несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің ком-мерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

• ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

28

Ақша айналысы және ақша жүйесі



------------------------------------------------------------------------

Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

• еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлды-

рауы;

• көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;



• бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

• энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтың құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттың валютаның бағамы төмендейді.

Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:



1) Инфляциялық процестін сипатына қарай:

ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады;

инфляциялық, шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.



2) Таралу орнына қарай:

локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

28

2-ТАҚЫРЫП



3) Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10 10%о-ға өседі;

орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

— ұшкыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.

Казақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түрі көрініс табады. Мысалы, 2002 жылдың соңында статистикалык мәліметтер бойынша инфляция мөлшері —- 5,9 %-ды (2001 жылы — 8,4%) құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттык банкінің 2002 — 2004 жылдарға ар-налған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға сай болып келеді.

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларынын индексі көмегімен анықталады.

Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:



Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:

• баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;

30

Ақша айналысы және ақша жүйесі



-------------------------------------------------------------------------------

• баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;

• баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы баға базалыққа қарағанда 20 /о-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.

Инфляцияның тигізетін элеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге болады:

халық топтары, өндіріс сферасы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлінуі;

• халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақта-рының және мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;

• бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс процесіндегі теңсіздіктің орын алуы;

• жұмыссыздықтың өсуі;

• халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;

• амортизациялық қорлардың құнсыздануы;

• бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;

• көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;

• ұлттың валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;

• қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі.

Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.

Инфляциялық процестің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.

31

2-ТАҚЫРЫП



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет