Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет3/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асы-рылады:

жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;

— қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;

деноминация, яғни “нолдерді қысқарту” әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:



Дефляциялық саясат — бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің жиын-тығы.

Табыс саясаты — бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Біздің елімізде бағаға бақылау ҚР монополияға қарсы саясат комитеті арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық сая-саттың бұл түрі ете сирек қолданылады.

Индексациялау — ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.

Бұл әдіс 1999 жылы 5 сәуірде Қ Үкіметінің шешімімен “еркін өзгермелі валюта бағамына” өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуінен туында-

32

Ақша айналысы және ақша жүйесі



----------------------------------------------------------------------------

ған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші денгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.

Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық Жинақ банкісі арқылы қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2.3. Ақша массасы және базасы

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мем-лекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналы-сының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (бан-кноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдык шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық

33

2-ТАҚЫРЫП



банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасы Ұлттың Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстың шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттың банктің 12.01.1995 ж. Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген “Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі, сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне” сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) бұл міңдеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:

МВ = СІС + КК + БСВ,

мұндағы СІС — айналыстағы нақты ақшалар;

RR — міндетті резервтер;

ОСВ — екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қоршоттағы қаражаттары.



СІС = L (Н + С),

34

Ақша айналысы және ақша жүйесі



-----------------------------------------------------------------------

мұндағы Н — айналысқа шығарылған банктік билеттер;

С — айналысқа шығарылған монеталар.

Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы

1-кесте соңғы жылдарға арналып жасалған.

1-кесте

Ақша агрегаттары

млн теңге

кезеннің соңына

 


Ақша агрегаттары

12.00

12.01

12.02

1.Ақша базасы (резервтік ақша)

оның ішінде:

1.1. Ұлттың банктен тыс қолма-

қол ақша

1.2. ЕДБ-дің және басқа ұйым-

дардың Ұлттық банктегі депозит-

тері


2.МО (айналыстағы қолма-қол

ақша)

3.М1

оның ішінде:

3.1. халықтың теңгедегі аударма-

лы депозиттері

3.2. банктік емес заңды тұлғалар-

дың теңгедегі аудармалы депо-

зиттері

4М2

оның ішінде:

4.1. халыңтың теңгедегі басқа да

депозиттері және шетел валюта-

сындағы аудармалы депозитері

4.2. банктік емес заңды тұлғалар-

дың теңгедегі басқа да депозит-

тері және шетел валютасындағы

аудармалы депозиттері


134416

116335


 

18081


106428

195442

 

15245



 

73769


290643

 

 



21662

 

 



73539

174959

145477


 

29482


131175

224234

 

1912



 

91148


337980

 

 



48876

 

 



64870

208171

177899


 

30272


161701

287293

 

17799



 

107792


498071

 

 



61442

 

 



149336

 

35

 



2-ТАҚЫРЫП

 

1-кестенің жалғасы



 

Ақша агрегаттары

12.00

12.01

12.02

5

М3

оның ішінде

5.1. халықтың шетел

валютасындағы

басқа да депозиттері

5.2. банктік емес заңды

тулғалар дың шетел

валютасындағы басқа да

депозиттері


397015

 

 



51573

 

 



54999

576023

 

 



134077

 

 



102967

764954

 

 



171439

 

 



95443

Сандың мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюллетенінен алынған, № 6 (103), маусым,2003

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);

М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Мұндағы,

Аудармалы депозиттер — 1) эрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;

36

Ақша айналысы және ақша жүиесі



3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы де-позиттер қысқа ақша массасының бір белігін құрайды.

Басқа депозиттер — негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялык операцияларда біраз қолайсыздың туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша муль-типликаторы (А ) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жылмен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр.

2.4. Ақша жүйесі

Ақша жүйесі бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:

- металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей

37

2-ТАҚЫРЫП



айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

/. Биметаллизм жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

— қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

— қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.

Биметаллизм XVI—XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғ. дами бастады. Бірақ та биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

2. Монометаллизм бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет етпетін ақша жүйесі.

Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—-1852 жж., Индияда 1852—1893 жж., Голландияда 1847 —1875 жж. қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің

38

Ақша айналысы және ақша жүйесі



-------------------------------------------------------------------------

типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 ж. заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871 —1873 жж., Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 ж., Францияда 1876 — 1878 жж., Австрияда -—1892 ж., Ресейде және Жапонияда — 1897 ж., АҚШ-та — 1900 ж.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

— алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

— алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);

— толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

— алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларының көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқта-тылады және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-

39

2-ТАҚЫРЫП



ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде қалпына келтіре алмады. 1924-29 жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.

Алтын құйма стандартының, алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы 215 мың франке тең болды.

Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.

Сонымен, 1929 —1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып (мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АКДІ-та — 1933 ж., Францияда — 1936 ж.), оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.

Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементтерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялың жүйе.



Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі.

40

Ақша айналысы және ақша жүйесі



-------------------------------------------------------------------------------

Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 функ стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі — 100 копеекке, Қазақстанның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.

Қазақстанның ақша бірлігінің — “тенге” деп аталауы, менің ойымша, оның тарихымен тығыз байланысты болуға тиіс. Айталық таяуда жарық керген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында8 теңгенің тарихы былай баяндалады: “Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V—VI ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI — VIII ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі — сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі — үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 — 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде “Түргеш қағанаты теңгесі” немесе “Түркінің көк ханының теңгелері” деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын

41

2-ТАҚЫРЫП



кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 — 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан “Кебек хан теңгесін” айналымға енгізді. Ақшаның салмағы — 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. “Кебек хан теңгесі” Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халыңтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды”.

Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы — теңге қайта айналымға шығып отыр. Сол теңгенің шыққанына биыл 10 жыл толды. Соңғы уақыттары теңге ТМД мемлекеттерінің ішінде біршама тұрақты валютаға айналып отыр.



Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлың банк билеттері; 100 долларлың қазыналық билеттер; 1 долларлың, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік

42

монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунт стерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар. Ал Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металлдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.



Эмиссиондык, жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та бан-кноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда ҚР Ұлттың банкі айналысады. Ұлттың банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) мен монета жасайтын — Монета сарайы (Өскеменде) бар.

Бақылау сүрақтары:

1. Ақша айналысы дегеніміз не?

2. Ақша айналысы құрылымына не жатады?

3. Ақша айналысы заңы нені баяндайды?

4. Инфляция дегеніміз не?

5. Инфляцияның пайда болу себептері қандай?

6. Бағаның өсуіне байланысты инфляцияның неше түрі бар?

7. Инфляциямен күресу жолдары қандай?

43

2-ТАҚЫРЫП



8. Ақша массасының құрылымы неден тұрады?

9. Ақша базасына не жатады?

10. Ақша жүйесінің типтері қандай?

11. ҚР ақша жүйесінің элементтері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. “ҚР-да ұлттық валютаны енгізу туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.

2. “ҚР-ның ақша жүйесі туралы” ҚР заңы. 13.12.1993.

3. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялы-ғымен. — Алматы: Экономика, 2001.

4. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

5. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, 1995.

6. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. — Алматы, 1998.

44

3-ТАҚЫРЫП



Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша

айналысын ұйымдастыру

3.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақша-ларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақша-лармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

45

3-ТАҚЫРЫП



• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;

• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;

• банк несиелерін алу және қайтаруда;

• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;

• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;

• басқа да банкаралық есеп айырысуларда. Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері

арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк — бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу — бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байла-нысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет