Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі


Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі



жүктеу 2.65 Mb.
бет4/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген телеушілердің жауапкершілігі;

Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу-

46


Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру

----------------------------------------------------------------------------------

лардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.

Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлың тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.

Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:

төлеу орны — банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;

төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мүнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;

төлеушінің келісімі (акцепт) — төлеудің негізіне жатады;

төлеу көзі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;

• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

47

3-ТАҚЫРЫП



Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.

Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:



Бірінші қағидасы барлық шаруашылык, субъектілердін ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылың жүйедегі бірінші қағидадан айыр-машылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі — бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.

Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға

48

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



------------------------------------------------------------------------------------

ғана қатысты болғандығын айта кету керек.



Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын тандаудағы еркін және оларды банктін араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында бекітуді көздейді.

Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдың жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен “Казақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:



1) төлемнің мерзімділігі;

2) төлемнің қамтамасыз етілуі.

Төлемнің мерзімділік қағидасы шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдык, шарттарда және ҚР қаржы министрлігінін нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.

Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат

49

3-ТАҚЫРЫП



алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.

Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.

Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;

• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;

• сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін — қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

Мерзімінен бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

50

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



---------------------------------------------------------------------------------

Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы —бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.

Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, телеушіде бірінші класстың өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.

Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).

Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.

Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардын тәлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

51

3-ТАҚЫРЫП

3.2. Банктік шоттар ашу тәртібі

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.

Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттың банк Басқармасы бекіткен “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” № 266 нұсқаулығына сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулықа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.

Жоғарыдағы ережеге сәйкес ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерде шот ашу мынадай құжаттарды талап етеді:

/. Резидент-заңды тұлғалар үшін:

• Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

Статистикалық карточка;

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;

• Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);

• Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.

52

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



---------------------------------------------------------------------------------

ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:

• Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

• Статистикалық карточка;

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Филиалдар мен өкілеттік үшін бейрезидент-заңды тұлғаның басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.

ІІІ. Шаруа (фермер) шаруашылыгы:

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Жерді пайдалануға жер белімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.

IV. Жеке кәсіпкерлер үшін:

• Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

53

3-ТАҚЫРЫП



• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.

V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:

• ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккреди-тациясын растайтын құжаттың кешірмесі;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.



VI. Жеке тұлғалар үшін:

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• СТТН көшірмесі;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.



3.3. Қолма-қолсыз есеп айырысу

құралдары

“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударым-дарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқар-масының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлың есеп керсеткішінен асатын, яғни 3488000 = (4000 X 872) теңге сомасынан жоғары мелшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес

54

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



-------------------------------------------------------------------------------------

қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжат-тарының түрлеріне мыналар жатады:

төлем тапсырмасы;

төлем талабы-тапсырмасы;

инкассалық үкім;

чекпен есеп айырысу;

вексельмен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:

1) төлем құжатының атауы;

2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;

3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік иден-тификациондық коды;

7) төлемнің тағайындалу коды;

8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;

9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);

10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН).

Төлем құжаттары қағаз және электрондың жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы” ҚР

55

3-ТАҚЫРЫП



Ұлттың банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы мынадай:


І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮІІІ

ІХ

Х

мұндағы I — ақшаны аударушының резиденттік белгісі;

II — ақшаны аударушының экономика секторы;

III — бенефициардың резиденттік белгісі;

IV — бенефициардың экономика секторы;

V, VI, VII — валюта және бағалы металдар коды;

VIII — операция түрі;

IX — төлемнің сипаты;

X — төлемнің ашып көрсетілуі.



Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталың заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:

“1” — резидент;

“2” — бейрезидент.

Экономиканың секторының коды мынадай:

0 — Халықаралық ұйымдар;

1 — Орталық Үкімет;

2 — Аймақтың және жергілікті басқару органдары;

3 — Орталық (ұлттық) банктер;

4 — Басқа депозиттік ұйымдар;

56

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



-----------------------------------------------------------------------------------

5 — Басқа қаржылық ұйымдар;

6 — Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

7 — Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

8 — Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;

9 — Үй шаруашылықтары.

Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:

0 — Зейнет ақы және жәрдем ақы;

1 — Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық ауда-рымдар);

2 — Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;

3 — Депозиттер;

4 — Займдар;

5 — Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына инвестициялар;

6 — Қазакстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;

7 — Тауарлар мен материалдың емес активтер;

8 — Көрсетілетін қызметтер;

9 — Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:

төлем тапсырмасы;

төлем талабы-тапсырмасы;

салық, (кеден) органдарының инкассалық үкімі;

аударуға берген өтініш;

57

3-ТАҚЫРЫП



Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді тәлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке ко-миссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстың төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны тол-тырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.





1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

1 — тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді

58

Қазақстандағы қолма- қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



----------------------------------------------------------------------------------

төлем — бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-суретті қара); тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-суретті қара); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы,

оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.



2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер)

үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

1 — алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісімшарт жасау; 2 — төлем тапсырмасын банкке

беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5— тауарды (қызметті) жабдықтау.

59

3-ТАҚЫРЫП



Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқа-рылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3-сурет):





3-сурет. Тәлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы.

60

Қазақстандағы қолма- қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



-----------------------------------------------------------------------------------

1 — тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2 — төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жіберу; 3 — есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4 — төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып,

ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5— бенефициардың банкіне қаражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6 — бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет