Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет5/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Инкассалың “кім зан актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінін келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны ауда-рушының банктік шотынан, онын келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат келемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжат-тың келесі бетіне “жартылай төленді” деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат со-масы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.



Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында

61

3-ТАҚЫРЫП

төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

• егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

• сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқ-сандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:

Кепілденген чек чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттын көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

Кепілдендірілмеген чекчек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;

• Қамтамасыз етілген чек банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;

• Қамтамасыз етілмеген чек депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.

Ережеге сәйкес, чек бұл чек берушінің, чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән мынадай көрсеткіштері болады:

1) “Чек” деген атауы;

2) Чек номері мен сериясы;

3) Чектің қызмет ету мерзімі;

4) Чек берушінің аты-жөні;

5) Чек берушінің СТТН-і;

6) Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;

62

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



---------------------------------------------------------------------------------

7) Чек ұстаушының аты-жөні;

8) Чек ұстаушының СТТН-і;

9) Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;

10) Чек беруші банктің жеке банктік коды;

11) “Бұйрық бойынша төлеңіз” кестесі;

12) “Төлемнің тағайындалу” кестесі;

13) Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орны.

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютамен жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттың банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды.

Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген (4-сурет).



4-сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы.

63

3-ТАҚЫРЫП



1 — төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 — банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотка аударады; 3 — бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 — тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5— бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны бенефициар шотына түсіреді.

Векселъмен қолма-қолсыз есеп айырысу бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі — төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланылатын вексельдің түрлеріне I тақырыпта тоқталғанбыз.

Енді жай және аудармалы вексельдің айналысы процесіне мән берелік. Ол көрініс 5-ші және 6-шы суретте берілген.



5-сурет. Жай вексельдің айналыс процесі.

1 — сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды

(кызметті) сатушыға ұсынады; 2 — сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға (тапсырыс берушіге) тауарын, өнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3 — сатушы вексельде көрсетілген, яғни төлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 — сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.

64 . Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру

---------------------------------------------------------------------------------

1 — вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) тауарын және оған қоса аудармалы вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 — төлеуші (трассат) ақцептелген вексельді вексель берушіге (трассантқа) қайтарады; 3 — вексель беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке (аудармалы вексель бойынша қаражатты алушыға) жібереді; 4— вексельде келісілген төлем мерзімінде ремитент вексельді трассатқа төлеуге ұсынады; 5 — трассат вексельді төлейді және сонымен бірге вексельдің келесі бетінде төлегені туралы белгісін салады.



Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының,) банкісінін жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

өтелген және өтелмеген;

• қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) — бұл эмитент банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві (7-суретте берілген).

Өтелмеген (кепілденген) — бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты

65

3-ТАҚЫРЫП



шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды (8-суретті қараңыз).

Кепілденген аккредитивті эмитент банк сатып алушымен келісімшарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонденттік қарым-қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.





7-сурет. Алдын ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы.

1 — алдын ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара келісімшарт жасасу; 2 — банкке аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 — қаражатты жабдықтаушының банкіне аудару және оны “Аккредитив” шотына есептеу; 4 — жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 — тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 — келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және “Аккредитив” шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 — есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 — құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

66

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



----------------------------------------------------------------------------------



8-сурет. Банктік кепілдемені пайдалану арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы.

1 — банк кепілдемесін беру арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара келісімшарт жасасу; 2 — банк кепілдемесінің негізінде банкке аккредитив ашуға өтініш жасау және аккредитивтің ашылуын “Банктің кепілдемесі және тапсырмалары” деген баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 — аккредитив ашылғаны және аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4 — жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 — тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 — келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызмет көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және жабдықтаушының шотына қаражатты есептеу; 7 — есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, онда сатып алушының шотынан қаражат шегеріледі, шотында қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие береді; 8 — құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның шотынан қаражатты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.



Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің өмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады.

Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем телеушінің келісімімен жүзеге асырылады, яғни оған

67

3-ТАҚЫРЫП



аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісімшарттағы жағдай-лардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

3.4. Банкаралық есеп айырысуды



ұйымдастыру негізі

Шаруашыльщтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды.

Банкаралық есеп айырысулар, егер де төлеуші мен қаражатты алушы әр түрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда туындайды. Мұндай есеп айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.

Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық езгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.

Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі варианты бар:

68

Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



----------------------------------------------------------------------------------

I варианты — орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің бір-бірімен корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі;

II варианты — орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар Ұлттың банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.

Корреспонденттік шот бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердін бір-бірінде ашатын шоты.

Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның клиенттерінің несиелік, есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:

• банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;

• банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа ұйымдармен есеп айырысулары;

• клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;

• банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;

• ҰБ-пен кассалық операциялар;

• берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа та-быстар;

• депозиттік шоттар бойынша пайыздар телеу;

• банктің өзінің бюджетке телемдері (салық);

• банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар т.б. жатады.

Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжат-тарды Ұлттық банкке табыс етеді:

• корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;

• банк жарғысының көшірмесі;

• банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;

69

• қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған).



Бақылау сүрақтары:

1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидаларын білесіз бе?

2. Қолма-қолсыз есеп айырысу құжаттарына нелер жатады?

3. Банктік шот ашу тәртібі қандай?

4. Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы неден тұрады?

5. Экономика секторларының кодын білесіз бе?

6. Төлемнің тағайындалу кодын қалай түсінесіз?

7. Банкаралық есеп айырысу деген нені білдіреді?

8. Корреспонденттік шотты ашу үшін не қажет?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы.

29.06.1998 ж.

2. “Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударым-дарды жүзеге асыру ережесі” ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 179 қаулысы. 25.04.2000 ж.

3. “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқау-лық” ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 266 қаулысы. 02.06.2000ж.

4. “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының № 388 қаулысы.

15.11.1999 ж.

5. Банковское дело / Под ред. Сейткасымова Г.С. — Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

6. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

70

4-ТАҚЫРЫП

Несие

4.1. Несиенің мәні және қажеттігі

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар. мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы — бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын әкономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта

71

4-ТАҚЫРЫП



қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір са-найтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.



Несие бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қам-тамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар ара-сындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік ңатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара

72

Несие



---------------------------------------------------------------------------------

байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.



Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл ете ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құры-лымының элементіне берілетін объекті дс жатады. Беру объектісі — бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

4.2. Несиенің қызметтері

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы нессие экономикалық

категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

• қайта бөлу;

айналыс шығындарын үнемдеу;

73

4-ТАҚЫРЫП



айналыстағы нақрты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

капиталдың шоғырлануын жеделдету;

ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық эко-номикасынық толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің

бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар

мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруа-шылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

74

Несие


------------------------------------------------------------------------------------

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенін ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

4.3. Несиенің формалары және

олардың жіктелуі

Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының олардын негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақтпаалатын көрінісін білдіреді.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

75

4-ТАҚЫРЫП



Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қол-дануынан туады.

Коммерциялық несие бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты — тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме — вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:

• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;

• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;

• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;

• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;

• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін аңы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған

76

Несие


--------------------------------------------------------------------------------

несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты



1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

• мақсатты қорларға;

• банктерге;

• қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

• өнеркәсіп салаларына;

• ауыл шаруашылығына;

• саудаға;

дайындау ұйымдарына;

• жабдықтау-сату ұйымдарына;

• кооперативтерге;

• жеке кәсіпкерлерге.



3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер. II. Мерзіміне қарай:

қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

• орта мерзімді (1 жылдан 3—5 жылға дейін);

• ұзаң мерзімді (5 жылдан жоғары).

ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:

77

4-ТАҚЫРЫП



• негізгі қорларға жұмсалатын;

• айналым қаражатына жұмсалатын.



IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

Қамтамасыз етілген:

• кепілхатпен,

• кепілдемемен;

• кепілдікпен. Сақтандырылған. Қамтамасыз етілмеген:

• сенім (бланктік)несиесі.

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1) Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2) Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне9 сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай:

ұлттық валютамен;

• шетел валютасымен.

VII. Берілу шартына қарай:


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет