Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет6/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1. Тұтыну несиесі бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

9 Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер қатарына жатқыза отырып, провизия (резерв)құру ережесі. ҚР Ұлттың банктің № 465 қаулысы.

16.11.2002.

78

Несие


---------------------------------------------------------------------

2. Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

3. Овердравт несиесі — клиенттіц шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдык, бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

4. Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

5. Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.



6. Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін несиесі.

7. Аомбардтық несие — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

8. Лизингтік несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.



9. Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

10. Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржы-ландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

VIII. Несиелеу объектісіне қарай:

• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

• материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:

• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

• азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

79

4-ТАҚЫРЫП



• ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

• • театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;

• күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

• тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтың өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстың құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі — бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешу-

80

Несие


-------------------------------------------------------------------------------

ге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің эконо-микасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.

Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

автомобилдік несие;

— ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

• жиһаз;


• сантехника;

• аудио-видео және тұрмыстың техникалар;

• компьютер және оргтехника;

• басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк — Казкоммерцбанктің тұтыну несиесін беру шартын 2-кестеден көруге болады.

81

4-ТАҚЫРЫП



2-кесте

Казкоммерцбанктің тұтыну несиесінің түрлері

мен шарттары

82


Несие

---------------------------------------------------------------------------------------



12-кестенің, жалғасы

* Казкоммерцбанктің 2003 ж. жарнамалың материалынан.

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

1. Қарыз алушының анкетасы.

83

4-ТАҚЫРЫП



2. Жеке куәлігі (көшірмесі).

3. СТТН (көшірмесі).

4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа {табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.

5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.

6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма).

7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).

8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.

Келесі бір дамып отырған несиеге ипотекалық несиені жат-қызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:

• Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау

құнының 85%-на дейін.

Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау

құнынан 15%-ға дейін.

• Несие үшін төлем: айына: 1,3% (АҚШ долл.), 1,7%

(теңгемен).

• Несие валютасы: АКЩ долл. немесе теңгемен (егер

1 жылдан аспаса).

• Несие мерзімі: 10 жылға дейін

• Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын

тұрғын үй.

Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуын қолдау мақсатында соңғы жылдары “Қазақстан Ипотекалың компаниясы” бірқатар жұмыстар жасап жатыр.

4.4. Ипотекалық несиелеудің үлгілер?

Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру жүйесінің шетел тәжірибелерінде әрекет етіп отырған негізгі үлгілері бар.

84

Несие


--------------------------------------------------------------------------------

Ипотекалық несиелеудің біршама қарапайым және біршама жетілген үлгісі шартты түрде айтсақ, “қарапайым ашық үлгі”. Бұл үлгінің бастапқы принциптік сипатына тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердің жалпы өтініші банктің меншікті және сырттан тартылған қаражаттары: депозиттерде жатқан клиенттердің қаражаттары; банкаралық несиелер және т.с.с. есебінен қамтамасыз етіледі.

Қарапайым ашық үлгінің екінші бір принциптік сипаты ипо-текалық ссудалар бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлері елдегі несие-қаржы нарығындағы жалпы жағдайға тікелей тәуелді болып табылады. Бұл тәуелділік банктердің ипотекалық несиелеуге байланысты олардың активтеріне және ауқымына мәнді әсер етеді.

Бұл үлгі негізінде ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру, әсіресе қаржы нарығы мен бағалы қағаздар нарығы толық қалыптасып болмаған көптеген елдерде іс жүзінде кеңінен таралған.

Бұл қарастырылған үлгіден ажыратылатын келесі үлгі “кеңейтілген ашық үлгі” деп аталады. Бұл үлгі бойынша банктердегі ипотекалық несиелеу жүйесі үшін несиелік ресурстардың қалыптасуы арнайы ұйымдастырылатын, жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз етілген екінші реттегі бағалы қағаздар нарығы арқылы жүзеге асырылады. Кеңейтілген ашық үлгісі тек кеңейтілген ипотекалық нарық құрылымының құрылған жағдайында, екінші нарықта айналыста жүретін бағалы қағаз-дардың эмиссиясына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін және жиі бақылауға алу жағдайында ғана іске асырылады. Бұл үлгі іс жүзінде тұрақты экономикасы бар елдерде кеңінен таралған. Әсіресе, бүл үлгінің дамуы АҚШ-та қанат жайды. Осындай себептерге байланысты бұл үлгіні көбіне “ипотеканың американдық үлгісі” деп атап кеткен. Бұл үлгі 9-суретте көрсетіледі.

85

4-Тақырып



О 15-30 жыл

Р — нарықтан тұрғын үйді сатып алу бағасы;

Р — несиені есепке алғандағы тұрғын үйдің нақты құны.

Абсцисса өсінде — баға, ординат өсінде — жылдар.

9-сурет. Инотекалық несиелеудің американдық үлгісі.

Американдық үлгінің қағидасы бойынша әр жылда белгілі бір табысы бар адам тұрғын үйдің құнын жартылай нақты ақшамен, ал қалған бөлігін клиенттің иелігінде бар немесе сатып алғалы отырған жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, берген арнайы ипотекалық банктің ссудасы есебінен төлеп, бірден тұрғын үй ала алады. Мұндай несиенің қайтарылуы ипотеканың типіне және қарыз алушының әр жылдық табысына байланысты 15 — 30 жылдық ішінде жүзеге асырылады.

Бұл тұрғын үйді қаржыландыруды ұйымдастыру үлгісінің дамуы берілген ипотекалық салынған мүлік актілерін сатуға мүмкін болатын нарықтық болуын талап етеді. Американдың үлгі ипотекалық эмиссиондық компаниялар үшін ұзақ мерзімді қаржы тәуекелі мәселесін шешетін қолайлы тәсіл ретінде көптеген банктерді өзіне тартады.

86


Несие

--------------------------------------------------------------------------------

Қарапайым ашық және кеңейтілген ашық үлгілердің сипатты белгісі олар таза нарықтық ипотекалық несиелеу механизмін білдіреді. Мұндай жағдайда ақшаға деген сұраным мен ұсыным балансы және ауқымы көбіне екі өзара байланысты көрсеткіштермен реттеледі: 1) ссудалар бойынша банктік пайыз мөлшері және екінші нарықта орналасқан бағалы қағаздардың табыстылығына байланысты анықталатын несиелік ресурстар бағасымен; 2) сақтандыру компанияларын қоса алғандағы ипотекалық нарықтық барлық кәсіби қатысушыларының қызметтеріне төленетін аударымдар мөлшерімен.

Ипотекалық несиелеудің келесі бір үшінші үлгісі — бұл “балансталған автономды үлгі”. Бұл үлгінің ең басты белгісі оның қызметінің жинақ-ссуда принципіне негізделуінен көрінеді. Мұндай принцип барысында банктердің жиынтық несиелік портфелі капиталдардың ашық нарығынан қарызға алу арқылы емес, оның орнына өзара кассалық көмек принципі бойынша болашақ қарыз алушының қаражаттарын тарту есебінен құралады. Бұл үлгі бойынша қарыз алушы алдын ала өзінің уақытша бос қаражаттарын сұрайтын несиенің жартылай сомасы мөлшерінде жинақтағаннан кейін ғана ссуда алуға құқылы.

Мұндай шектеулілік алдындағы қарастырылған үлгілермен салыстырғанда басты кемшілік болып табылады. Өйткені. бұл үлгі нақты қарыз алушының жылжымайтын мүлікті сатып алудағы мүмкіндігін кешеуілдетеді.

Бірақ та бұл балансталған автономиялық үлгінің өзіндік артықшылығы да бар, яғни бұл үлгі өзінің автономиялылық

күшіне байланысты жалпы қаржы-несие нарығының жағдайына тәуелсіз. Балансталған автономиялы үлгінің іске асырылуы барысында ипотекалық банк үшін қай жерден және қандай

бағада несиелік ресурс табу сұрағы мазаламайды, банкке тек өзінің көрсететін қызметі үшін ақыл-ойға сыйымды маржаны белгілеуі ғана қажет. Құрылыс қаражаттары салымы бойынша табыс мөлшері және



87

4-ТАҚЫРЫП

несиені паидаланғаны үшін төленетін пайыз мөлшері еркін жағ-дайда белгіленеді. Банк мақсаты жинақтарға табыс төлемей-ақ сол төленетін табыс мөлшерінде несиенің бағасын қысқарта белгілеуіне болады. Мысалға айталық жинақтарға төленетін табыс 10 /о, ал несиеге қойылатын пайыз мөлшері 13 /о десек, онда банк жинаққа төленетін табысты несие бағасынан шегеру арқылы маржаны 3 /о деп хабарлауы мүмкін.

Демек, бұл үлгі қарызға алатын ақшалардың нарықтың бағасына да, сол сияқты бұл бағаның жалпы деңгейіне тәуелсіз болып табылады. Балансталған автономиялық үлгінің бұл сапасы экономикасы тұрақсыз елдерде ипотекалық несиелеудің дамуы үшін аса маңызды. Бірақ та бұл жерде барлық өзара есеп айырысулар еркін алмастырылатын валютада жүргізілгенді қалайды. Сондай-ақ аталған үлгінің тағы да бір артықшылығы мұңда несие беруші несиенің қайтарылуында ең төменгі тәуекелге барады.

Қазіргі кезде Германияда бұл үлгі іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Мұнда қорлану (құрылыс қаражаттары) механизмімен нақты азаматтарды несиелеу механизміндегі сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға мақсатты қаражат жинақтау және пайдаланумен байланысты болатын азаматтардың инициативасына қаржылық қолдау көрсетуге байланысты мемлекеттік механизмдердегі сәйкестіктерді ескеретін, барлық елді қамтыған “құрылыс жинақтарының жүйесі” құрылған.

Тұрғын үй алғысы келген азамат, тұрғын үйді сатып алатын уақыттан бұрын, яғни 2—10 жыл бұрынырақ арнайы қаржы-несие жүйесімен өзара қатынасқа түседі. Өзінің мүмкіндігіне қарай арнайы банктерге немесе жинақ кассаларына (Ваиsрагkаssе, SсһwаЬіsсһ Наll және т.б. құрылымдарға кіретін) болашақта сатып алатын үйдің 45% жинақтайды. Содан кейін барып, ол мемлекеттік дотация алуға (үйдің құнының 10% шамасында)

88

Несие


--------------------------------------------------------------------------------------

және қалған төлейтін бөлігінің шамасында банктен жеңілдікпен 10 —15 жылға несие алуға құқылы болып табылады. Германияның үлгісі 10-суретте берілген.





0 2—10 жыл тұрғын үй сатып 7—8 жыл

алу уақыты

Р — нарықтан тұрғын үйді сатып алу бағасы;

Р — несиені есепке алғандағы тұрғын үйдің нақты құны.

Абсцисса өсінде — баға, ординат өсінде — жылдар.



10-сурет. Германияның құрылыс қаражаттарын жинақтау үлгісі.

Бірінші кезеңде мақсатты салымдар есебінен жинақталған қаржылың ресурстарды банк бұл осы жүйемен ертерек қатынас орнатып, несие алу кезеңіне өткендерге, яғни ссуда сұрап отырған клиенттер үшін пайдаланады. Басқаша айтқанда, Германияның құрылыс қаражаттарын жинақтау үлгісі жылжымайтын

89

4-ТАҚЫРЫП



мүліктердің салынған мүлік туралы актілермен қамтамасыз етіліп шығарылатын бағалы қағаздардың екінші нарығымен байла-ныспайды және оған тәуелді емес.

Германияның құрылыс қаражаттары жүйесінің ең басты бір артықшылығы — оның шегінде пайдаланылатын мақсаты құрылыс қаражаттарына, берілетін несиеге байланысты есептелетін пайыз мөлшері автономиялық болғандықтан да, несие-қаржы нарығының жалпы жағдайына тәуелсіз болып табылады. Бұл сызбаның басты сипаты оның шектеулігін көрсетеді, яғни несиенің берілу көзі ретінде құрылыс қаражаттарын жинақтау келісім-шартына қатынасушы-салым иелерімен жинақталатын қаражаттардың қолданылуынан байқауға болады. Бұл жүйені пайдаланатын банктер мақсатты салымдар бойынша нарықтан төменгі жағдайда, пайыз төлеумен қатар, нарықтан төменгі жағдайда несиелер беру мүмкіндігі бар.

Германияда құрылыс жинақ жүйесіне мемлекет тарапынан қолдау бар. Мемлекет меншікті капиталдық жинақталуына тұрғын үй құрылысына сыйақылар беру немесе салықтың жеңілдіктер жасау арқылы ынталандырып отырады. Салым иесінің ынталандыру түрін таңдау құқы бар. Егер ол сыйақы (субсидия) жолын таңдаса, онда оның жинағы 300 неміс маркасына (жалғыз бастылар үшін) немесе 1600 маркаға (отбасылар үшін) жеткенде мемлекеттен 10% көлемінде қосымша сыйақы алады.

Құрылыс қаражаттарын жинақтау жүйесіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс. Мемлекет өз тарапынан тұрғын үй құрылысына дотация беру арқылы немесе салықтық жеңілдіктер арқылы меншікті капиталдық жинақталуын ынталандырып оты-рады.

Қазақстандағы жаңадан құрылған Тұрғынүй-құрылыс банкі тәжірибесінде Германияның үлгісін қолдану қарастырылған.

90

Несие



------------------------------------------------------------------------------------

Бақылау сүрақтары;

1. Несие дегеніміз не?

2. Несиенің құрылымы неден тұрады?

3. Несие, ақша, қаржы, ссудаұғымдарының өзараайрымашы-лығы неде?

4. Несиенің қандай формалары бар?

5. Коммерциялық несие мен банктік несиенің өзара айырма-шылықтары неде?

6. Тұтыну несиесі жайлы не білесіз?

7. Ипотекалық несие дегеніміз не?

8. Банктік несиенің басқа қандай түрлерін білесіз?

9. Ипотекалық несиелеудің қандай үлгілерін білесіз?

10. Құрылыс жинақтары жүйесінң ерекшеліктері неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Активтер мен шартты міңдеттемелерді жіктеу және оларды күмәңді және үмітсіздер қатарына жатқыза отырып, провизия (резерв) құру ережесі. ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 465 қаулысы. 16.11.2002.

2. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялы-ғымен. - Алматы: Экономика, 2001.

3. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.

4. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

5. Общая теория денег и кредита / Гіод ред. Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, 1995.

6. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. — М.: ИКЦ ДИС, 1997.

7. Гагарин С.В. и др. Межбанковский кредит: дилинговые

операции на рынке “Коротких денег”. - М.: Принтлайн, 1995.

8. Словарь банковских терминов. Уткин Э.А. и др. - М.: Ака-лис, 1997.

91

5-ТАҚЫРЫП

Несие жүйесі және

оның Қазақстандағы дамуы



5.1. Революцияға дейінгі дамуы

(1917 жылға дейін)

Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.

Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары

92

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



---------------------------------------------------------------------------

дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей импе-риясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер фи-лиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.

Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі — Орталық банк болып саналады және оның айналысңа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.

Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Қызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып, жұмыс жасады.

Ірі коммерциялық банктер қатарында саналатын Сібір сауда-банкісінің (1872 ж. құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, яғни Омбыда (1894 ж.), Семейде (1898 ж.), Қызылжарда (1905 ж.), Верныйда (1908 ж.) Ақмолада (1909 ж.) Қостанайда (1911 ж.) және Керекуде (1916 ж.) орналасты.

Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің (1916 ж.) бөлімшелері де Қызылжарда (1904 ж.), Қостанайда (1908 ж.), Оралда (1909 ж.) және Омскіде (1916 ж.) ашылды.

93

5-ТАҚЫРЫП



Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия банкісінің (1910 ж.) филиалдары Омбыда (1898 ж.), Верныйда (1903 ж.) және 1907 ж. Семейде құрылды.

Екіден филиалдары бар Қазақстанда сыртқы сауда үшін Орыс банкі мен Волжекамский коммерциялық банкі жұмыс істеді. Осылардың біріншісі Омбы (1909 ж.) мен Керекуде (1909 ж.), ал екіншісі Омбыда (1905 ж.) және Семейде (1907 ж.) өз бөлімшелерін ашты.

Қызылжарда, Семейде және Оралда Ярослав-Костромскі жер банкісінің агенттіктері ашылып, қызмет көрсетті.

Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің — 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялың банктердің 18 филиалдары, 12 — өзара несие беру қоғамдары, 8 — қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.

Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналың палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген вексельдер бойынша комиссиялың және есептік төлемдерді алу; жай және шартты ағымдық шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер — бұл мемлекеттік банктер болды және олар мынадай операцияларды жүзеге асырды:

• вексельдерді есепке алу;

94

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



----------------------------------------------------------------------------------

• тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;

• тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;

• ауыл шаруашылыққа ссуда беру;

• бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру;

• қайта есеп жүргізу;

• вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;

• бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;

• ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру;

• барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;

• меншікті бағалы қағаздар шығару;

• салымдың және ағымдағы шоттар ашу.

Вексельдерді есепке алу операцияларымен айналысу мемлекеттік банктің 1960 ж. жарғысына сай көзделген. Вексельдерді есепке алу төлеу уақытынан 6 ай бұрын мерзімде жүргізіледі. Әрбір несие алушыға несие беру кезінде оларды вексельді есепке алу немесе вексель бойынша арнайы шоттардағы қарызы есепке алына отырып, берілетін несиенің сомасын азайту немесе арттыру жайлы сүрақтарды банк мекемелерінде болатын есептік және ссудалық комитеттер өзара талқыға салып шешті. Сонымен қатар, олар клиенттердің несиелік қабілетіне қарай жіктей отырып, оларға берілетін несиенің шекті көлемін бекітті. Мысалға: III разряд —

10 мыңға дейін, II разряд — 20 мыңға дейін, ал I разряд 30 мың сомға дейінгі несие алуға мүмкіндік берді.

Вексельдік несиелердің ең көп мөлшері сауданың үлесіне тиді. Сол кездері сауданың.үш түрі болған: айырбас, жәрмеңке және стационарлық. Бұлар шаруашылықтың үш типіне: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылыққа сай қалыптасты.

Қазақстандағы коммерциялық банктердің филиалдарының қызметі активтік операциялары бойынша: вексельдерді есепке алу; тауарларға және тауарлық құжаттарды есепке ала отырып, ссуда беру; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар қамтылды.

95

5-ТАҚЫРЫП



Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асты:

1) Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар банк мөрімен басыла отырып сақталынды немесе оларды жауапты адамдардың сақтауында қалдырды.

2) Жеке-заттай, яғни бұл жағдайда тауарлар кепіл берушінің жауапты сақтауында болды. Қаншалықты Мемлекеттік банктің өзіндік сақтау қоймалары болмағандыңтан да, тауарларды ескере отырып, ссуда беру көбіне осы екінші формасында жүзеге асырылды.

Сонымен коммерциялық банк активтеріндегі вексельдерді есепке алу 30—36%, ал тауарларды есепке ала отырып, ссуда беру 23—28 % үлеске ие болды.



Жергілікті коммерциялык, банктер.

1909 —1913 жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында Мемлекеттік және акционерлі-коммерциялың банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды. Олар несие жүйесіндегі ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ буржуазияларға тікелей қызмет еткен.

Қазақстанда Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара несие беру қоғамы кеш пайда болды.

Өзара несие беру қоғамының қаражаттары: мүшелік жарна қосудан, ағымдық шоттардағы қаражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл қоғамның басты мақсаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның жарғысына сай, әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе көлемінде несие алуға құқылы болды. Бұл қоғамның мүшелеріне саудагер, үй иеленушілер, шенеуніктер т.б. сол сияқты ұсақ және орта буржуазиялар жатты.

96

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



------------------------------------------------------------------------------------

Қызметінің сипаты жағынан өзара несиелеу қоғамдарының коммерциялық банктерден айырмашылықтары болмады. Олар да салымдар қабылдап, ағымдық шоттар ашты, вексельдерді есепке ала отырып, ссуда берді және тауарлармен байланысты операциялармен айналысты. Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарын несиелеу барысында, олар мемлекеттік және акционерлік-коммерциялық банктердің қаражаттарын пайдаланды.

Жарғысына сәйкес өзара несие қоғамдарының капиталы мынадай үш кезден құралды:

1. Айналым капиталынан (мүшелердің қосқан жарнасынан);

2. Босалқы капиталдан (түскен пайдадан 10 /о мөлшерінде аудару негізінде);

3. Арнайы капиталдардан.

Меншікті капитал басқа банктердегідей екінші дәрежелік рөлді ойнайды, яғни ол банк қаражаттарының басты көзі — салымдарға жол берді. Бірақ та олардың акционерлік банктерден айырмашылығы, оларда салымдар басқа адамдар қаражаттары болып табылса, мұндай қоғамдарда салымдар екі топқа бөлінді:

1) қоғам мүшелерінің салымдары;

2) сырттан келушілердің салымдары. Вексельдік несиелеудің ашылу сомасының:

55.8% — сауда және өнеркәсіп клиенттері;

15.9 /о — ауыл шаруашылық клиенттері;

13.7/0 — үй иеленушілерге;

9.7% — шенеуніктердің үлесіне тиесілі болды.

Мұндай қоғамдардан несие алу қарыз алушыларға біршама арзанға түсті. Орташа есеппен ссудалық пайыз мөлшері — 9 —10 /о, ал салымдар бойынша төленетін пайыз мөлшері 4—5% құрады.

97

5-ТАҚЫРЫП



Қалалық қоғамдық банктер.

Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдары сияқты тауар өндірісінің өсуі және сауда-өнеркәсіп буржуазия-ларының арзан банк иелігіне деген сұранысынан туындады.

Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдарынан айырмашылығы, олардың ұйымдастырылу құрылымына байланысты қалыптасты. Олар негізінен қалалық басқарманың негізінде жүргізіліп және олардың қадағалауында бола отырып, олардың алдында есеп берді. Қалалық қоғамдық банктерге негізінен сауда және өнеркәсіп буржуазиялары мен үй иеленушілер қожалық етті. Бұл банктердің жарғылық қорының ең төменгі мөлшері 10 мың сом шамасында, ал міндеттемесі негізгі және қосымша капиталдан бес мәрте мөлшерінде қалыптасуға тиіс болған.

Осындай банктердің бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық капиталы бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі құрылды. Оның басты операцияларына: салымдар қабылдау; вексельді есепке алу; бағалы қағаздар, тауарлар, бағалы заттар және жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып ссуда беру жатты. Банктің негізгі клиенттер қатарының: 78,6% — саудагерлер мен өнеркәсіпшілер, 25,1% — үй иеленушілер, сол сияқты 21,4 /о ауыл шаруашылығы клиенттерінің үлесіне тиді.



Ұсақ несие беру мекемелері және жинақ кассалары.

Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға өтуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда болды.

Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп қарауға болады:

98

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



---------------------------------------------------------------------------------------

Бірінші кезең: XIX ғ. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.

Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен бай-ланысты несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.

Несиелік кооперативтердің ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды және олардың құрамы таза қазақтардан құралды. Несиелік кооперация негізінен шаруа шаруашылығында ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті. Несиелік кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі, қосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.

Сонымен қатар, Қазақстанда ұсақ несиелік мекемелерінің бір түрі ретінде “қырғыздың ссудалық кассалары” қызмет көрсетті. Олар негізінен жазық дала төңірегінде XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болып, олардың айналым капиталдары: ішкі істер министрлері қаражаттарынан алым-салықтардан және пайдадан құралды.

“Қырғыздың ссудалық кассаларының” жарғысына сай ссуданың берілуі екі жақты:

а) қысқа мерзімді — 12 айдан аспайтын мерзімге, яғни “ұсақ шаруашылық қажеттерін қанағаттандыруға” арналған;

ә) ұзақ мерзімді — 5 жылдан аспайтын уақытқа, халықтың басынан кешкен зияншылық жағдайларына берілген.

Қысқа мерзімді ссуда (3 сомнан 30 сомға дейінгі мөлшерде) уездің бастықтарының рұқсатымен берілсе, ал ұзақ мерзімді ссудалар (200 сомға дейін) облыстық басқарманың шешімімен берілді.

XX ғасырдың басында Қазақстан аумағында жинақ

кассалар кеңінен дамыды. Жинақ кассалары ақшалай қаражаттарды тартумен қатар, салым иелері үшін тартылған қаражаттар есебінен мемлекеттік пайыздық қағаздарды сатып ала отырып, оларды

99

5-ТАҚЫРЫП



сақтауға қабылдаған. “Жинақ кассаларында жинақталған ақшалар қайтадан ұлттың банктер арқылы ссудаға берілген”.

Салым иелерінің біршама бөлігі (13,4%) — жағдайы бар бай клиенттер, қалғанының бәрі ең төменгі топтағыларды құрайтындар, яғни олардың кітапшаларында не бары — 6,5 рубль сом болса, ең жоғарғы топтағылардың салымдарында — 122 есе жоғары мөлшерде болған.

Жинақ кассаларына жинақталған едәуір ақша қаражаттарын мемлекеттік облигацияларға және теміржолшылардың за-йымдарына, сол сияқты жер банктерінің закладты қағаздарына патшалық өкіметпен бақылаусыз жағдайларда ауыстыра отырып пайдаланылды.

5.2. Кеңес үкіметі түсындағы несие жүйесінің дамуы

1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялың ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиселі салалық және аумақтың банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ— кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.

1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақса-тында қызмет керсетті.

100

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



-------------------------------------------------------------------------------

1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдың қызмет атқаруына рұқсат беріледі.

1922 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығыс банкі және шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің коммерциялың банкі құрылды.

Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл ша-руашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының қызметтері 1922 —1925 жылдары құрылған мемлекеттік салалық банктерге: Өнеркәсіп банкісіне, Цекомбанкке, Всекомбанкке және Орталық ауыл шаруашылық банктеріне өтті.

1930—1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалык банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды.

Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы “Құрылыс банкі” болып құрылды.

Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған “Ауыл шаруашылық банкі” 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі.

101


5-ТАҚЫРЫП

Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі.

Коммуналдың және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.

Бұл құрылған салалық банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.

Ал КСРО-ның Мемлекеттік банкісінде халық шаруашылы-ғының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелеу қызметі шо-ғырланды. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің рөлі орталық және барлық несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан әрі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдың шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады.

Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалың мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін орталықтандыру қағидасына сай сақталады.

Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша әр кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп айырысу немесе ағымдық шотын ашуға тиісті болды. Демек, олар осы банкте өз қаражаттарын сақтай отырып, банктерден несие және нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.

5.3. КСРО-дағы қайта құру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет