Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет7/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

жағдайындағы дамуы

Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы дамуы КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформаға (1987 — 1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері

102

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



-----------------------------------------------------------------------------------

негізінде — КСРО Өнеркәсіп- құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде — КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде — КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.

Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.

КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сон-дай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйым-дастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.

Сыртқы экономикалық банк, экспорттың және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.

Мамандандырылған банктер қүрылымы әкімшіл-аумақтың қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтас рес-публикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдас-тырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі

103

5-ТАҚЫРЫП



әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа маман-дандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.

Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылау-сыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.

Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни мұнда бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни сапасыз ссудалар қатары арта түсті.

Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банкінің рөлі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.

104

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



---------------------------------------------------------------------------------------

Мұндай жағдайда банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.

1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:

• вексель айналысының болмауы;

• кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шар-уашылығына қатысты;

• шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу опе-рацияларының байқалуы;

• банк мамандандырылуының жойылуы;

• кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;

• пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;

• экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;

• бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.

1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің моаополиясын бірнеше банктер монополиялары ауыс-тырды.

1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсаң:

• банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;

• олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;

• реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;

• кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;

105


5-ТАҚЫРЫП

• клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;

• ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;

• банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;

• ағымдық және ссудалың шоттарды бөлу барысында “банктік соғыс” шыға бастады;

• қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.

Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.

Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.

Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы на-рығының құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.

1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге — Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерцбанк және т.б. жатады.

106

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



-----------------------------------------------------------------------------------------

5.4. ҚР-дағы банк жүйесінің қалыптасуы



және дамуы

5.4.1. 1995 жылғы банк реформасы

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жария-лағаннан бастап нарықтың қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО-дағы банктер және банктік қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

Бұл банктік реформа Ұлттың банктің 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

1 кезең. 1988 1991 жж. (КСРО-ның түсында) — мемлекеттік салалың мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашңы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

107

5-ТАҚЫРЫП



ІІ кезең 1992 жылдын аяғы 1993 жылдары — рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Ұлттык, (орталық) банк қызметіне байланысты:

• мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғыр-лануы;

• коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;

• екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;

• валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

• макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;

• осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттың банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтың экономика талаптарына сай келмеуі;

108


Несие жұйесі және оның Қазақстандағы дамуы

-----------------------------------------------------------------------

• Ұлттық банк жүйесіндегі еңбекақының төмендігінен кадр-лардың кету деңгейінің жоғарылығы.

ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:

Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

• қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;

• шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;

• орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;

• прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

• банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.

Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансынан Қаржы министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.

109


5-ТАҚЫРЫП

Екінші кезекте, Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттың банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі — 35 /о құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.

Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтыды:

Бірінші кезеңде (1995 жылдың 1-ші жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 /о мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

Екінші кезеңде (1995 ж. екінші жартысында және 1996 ж.),

Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды

енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

Үшінші кезеңде (1997 ж. ішінде), Халық банкісінің ал-

дында Ұлттың банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге

сәйкес 01.01.1998 ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық

кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас

сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекеше-

лендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.



Төртінші кезецде әмбебап банк — Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сәуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

110


Несие жүйесі жене оның Қазақстандағы дамуы

Бесінші кезеңде әмбебап банк — Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі — 40,3% мөлшерінде (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.

Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады.

Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдар-ламасын іске асыру шегінде Экспортты-импорттық банк (Эк-симбанк), Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.

Мемлекеттік даму банкі — бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.

Экспортты-импорттың банк (Эксимбанк) — бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.

Тұрғын үй құрылыс банкі — бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Медетші банк (траст) — бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен “Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталъ” ретінде

111


5-ТАҚЫРЫП

құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.

Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.

Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқта-тылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттың банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталың реттеумен айналысуға көшті.

1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жарты-сында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаз-дардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттың банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.

1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету ар-қылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9%-дан, қыркүйек айында — 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210%-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

112

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



----------------------------------------------------------------------------------

5.4.2. 1996—1998 жж. банктік реформалар

Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996 —1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.

Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты — ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.

Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттың банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:

— ақша-несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;

— елдің қаржы нарығына Ұлттың банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;

— валюталың реттеуді дамыту және алтын валюта резервін басқару;

— банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін түбірімен өзгерту;

— бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;

— Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктерімен және басқа да қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;

— Ұлттың банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және тех-никалық әл-ауқатын нығайту;

— екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;

— төлем жүйесін дамыту;

— елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтың қамтамасыз етілуін жетілдіру.

Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттың банкі ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық-

113

5-ТАҚЫРЫП



құралдарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталың нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай-ақ Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру жатады.

Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24%-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттың банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996 —1998 жж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтың несиелеу, “репо” операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.

Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, Қаржы министрілігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттың банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін бюджеттің тап-шылығының 80 /о-ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен жабылып келгендігін айта кету керек. Мұны да осы реформаның бірден-бір нәтижесі деп санауға толық болады.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті өндірісті іске қосу республикамыздағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгерістерге әкелді. Осыған байланысты қолма-қол ақша айналымын басқаруда 1992—1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығынан енгізілген директивтік саясаттың орнына экономикалық реттеу әдістерін пайдаланудың алғышарттары жасалды.

Сөйтіп, осы реформа нәтижесінде кәсіпорындарды және

114


Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы

------------------------------------------------------------------------------

екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшамен жасалатын кассалық операцияларының лимиті алынып тасталды.

Ұлттың валютаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында Ұлттық банк шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, теңгенің жүйелі валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отырды. Алтын-валюта резервін басқаруда Ұлттық банк мынадай екі портфелді құру қажет деп таныды: стратегиялық инвестициялық портфель және тактикалық өтімділік портфелі.

Мұндағы, тактикалық өтімділік портфелі валюталың бағамды реттеу саясатын жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет. Өтімділік портфелінің негізгі құралдарына ақша қарығының құралдары жатты.

Стратегиялық инвестициялың портфель құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі) міндеттемелерінен тұрды.

Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар қарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар қарығының басқа да құралдары жатқызылды.

Банктік қадағалау жүйесін реформалаудың басты мақсаты банктік қадағалау әдістері мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату болып табылды. Осыған сәйкес, Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктерге капиталдану талабын қойды. Мұндағы мақсат — бәсекелік ортада қызмет көрсететін банктерді тәрбиелеу және біршама тұрақты банктерді анықтау болып табылды. Осындай талаптың негізінде Ұлттық банк капиталы жеткіліксіз банктердің өзара бірігуін немесе жойылу шараларын ұйымдастырды. Реформа нәтижесінде көптеген банктер таратылды немесе бірігу процесін басынан кешті. Осындай шараларды ең бастысы,

115

5-ТАҚЫРЫП



мамандандырылған банктер басынан кешті. Өйткені олардың барлығы дерлік бастапқыда бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналады. Сөйтіп, кейбіреуі өзара бірігіп жұмыс жасауға мәжбүр болды. Айталық Мемлекеттік даму банкі Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылыс банкі Центр-кредитбанкпен қосылып, ал Медетші банк — Медетші қор ретінде қайта түрлендірілді. Мұндай түрлендіруге Ұлттық банк тарапынан банк жүйесіне жүргізген кейінгі реформалар себеп болды.

Ұлттық банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау 1996—1998 жж. әрі қарай жал-ғасып, нәтижесінде Ұлттың банктің халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екінші деңгейдегі банктер қызметіне толығымен енгізілді.



Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау — нарықтың экономика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық принциптер мен стандарттарды банктердің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.

Бұхгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай мерзімдерді қамтыды:

— Ұлттық банк бойынша:

1996 жылы қосымша және бас бухгалтерия бойынша нұсқаулық материалдар дайындап, оларды баспадан шығару. 1997 жылы

1996 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары мен нұсқаулық материалдарға өзгерістер енгізу, Ұлттық банктің қызметіне байланысты халықаралық аудит жүргізу, банк мекемелерінде ескі шоттар жоспарынан жаңаға өтуді аяқтау шаралары жүзеге асырылды. 1998 жылдың бірінші жартысында қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа пакетін әзірлеу

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы

116

және екінші жартысында Ұлттық банктің бюджетін жоспарлау әдісін жасау.



Екінші деңгейдегі банктер бойынша:

1996 жылы екінші деңгейдегі он банктер бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп, ай сайын осы жоспарға сәйкес жиынтық балансын алу.

1997 жылдың екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің стандартын жасау, барлық екінші деңгейдегі банктер бойынша үшінші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.

Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нәтижесі — бұл банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады.

5.5. ҚР-дағы несие жүйесі


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет