Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі



жүктеу 2.65 Mb.
бет9/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

* Сандың мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюллетснінен алынған. № 6 (103). 2003 маусым.

** Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

4-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100 /о қатысуымен құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктік сек-

120


Несие жұйесі және оның Қазақстандағы дамуы

------------------------------------------------------------------------------

торында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктік емес мекемелер санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.

5.6. Банктік емес мекемелер

Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды.

Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы — олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсетеді.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серік-тестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.

Ломбардтар бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.

Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге



(30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50 — 80% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.

Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі — мұнда несиелік шарт және кепіл міндеттемелері болмайды.

121

15-ТАҚЫРЫП



Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғанды-ғын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.

Несиелік серіктестік өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.

Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшеліктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктердің мүшелеріне коопе-ративтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктердің басты пассив операцияларына — салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына — ссудалық комиссиондық, сауда-делдалдык, операциялары жатады.

Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі — ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалыңтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі — олардың қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілдіктер болады.

122


Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы

-------------------------------------------------------------------------------------



Несиелік одақтар бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтың белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б.

Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдың және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.

Өзара несие қоғамдары шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.

Бұл қоғамдар Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Қазақстан аумағында жеке өнеркәсіпшілер мен сауда-герлерге несие-есеп айырысу қызметін көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан жарналарынан қалыптасады.

Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:

ломбардтар;

несиелік серіктестіктер;

микрокредиттік ұйымдар;

жинақтпаушы зейнетақы қорлары;

пошта-жинақ мекемелері;

123

5-ТАҚЫРЫП



ипотекалық компаниялары.

Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтың мекемелер мен несиелік серіктестіктер кеңінен дамып келеді.

ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314 “Ломбард туралы” ережесіне сәйкес, ломбард — банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің, берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ондай операцияларға мыналар жатады:

ломбардтық операииялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды;

бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжат-тарын, құндылыңтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;

• келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;

• заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату. Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына

жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.

Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлік қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асы-рады.

“Несиелік серіктестік туралы” ҚР заңына сәйкес несиелік серіктестік бұл оның қатысушыларынын бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылык, көмек көрсе-

124

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



------------------------------------------------------------------------------------

ту барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операиияларын жүзеге асыратын занды тұлға.

Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:

1) несиелік-депозиттік серіктестік — заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.

2) ауыл несиелік серіктестігі — өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

3) несиелік серіктестік — коммерциялық ұйым. Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарын-дағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алады:

коммандиттік серіктестік;

толық серіктестік;

жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

акционерлік қоғам.

Өткен жылы елімізде несиелік серіктестіктер туралы заңмен қатар, “Микрокредиттік ұйымдар туралы” заң қабылданды. Бірақ мұндай ұйымдар әзірге дами алмай отыр.

Микрокредиттік ұйымдар — бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары екі түрге: мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді. Қазір 16 зейнетаңы қоры болса, оның 1-уі мемлекеттік, ңалғандары — жеке меншік зейнетақы қорлары.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс жасайтын адамдардың жалақысынан белгілі мөлшердегі аударымдарды жи-

125


5-ТАҚЫРЫП I

нақ ретінде қабылдап, оларды зейнет жасына жеткенде беріп отырады. Олардың активтерін басқаратындарды “Зейнетақы қорларының активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар” деп атайды. Бұл ұйымдар олардың активтерін белгіленген нор-мативтерге сәйкес әр түрлі бағыттарда орналастырып, оларда табыстар алады. Сөйтіп, ондай табыстарды зейнетақы қорында жинағы бар салымшылардың шотына есептейді.

Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне — пошта-жинақ мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері — ұсақ салымшылардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі де болса кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің рөлін атқаратын Казпошта мекемесі жұмыс жасауда.

Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ, банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.

Ипотекалық компаниялар Қазақстанда ипотекалық несиелеудің дамуына үлес қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар екінші деңгейдегі банктер тарапынан құрылуда. Мысалы, Тұран-Әлем банктің ипотекалық компаниясы бар және т.с.с

Бақылау сүрақтары;

1. Революцияға дейінгі Қазақстандағы несие жүйесінң дамуы несімен ерекшеленеді?

126

Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы



-------------------------------------------------------------------------------

2. Кеңес үкіметі тұсында несие жүйесінің құрылымы неден тұрды?

3. Қайта құру тұсында несие жүйесінде қандай өзгерістер орын

алды?


4. Тәуелсіздік тұсындағы банк жүйесінің қалыптасуы неше ке-

зеңге бөлінеді?

5. 1995 ж., 1996-1998 жж. реформалардың қандай нәтижелерін

білесіз?


6. ҚР-дағы несие жүйесінің құрылымы қандай элементтерден

құралады?

7. Банктік емес мекемелерге нелер жатады?

8. Қазақстанда дамып отырған қандай банктік емес несиелік мекемелерді білесіз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Фридман Ц.Л. Банки и кредит в дореволюционном Казах-стане. — Алма-Ата, 1974.

2. Тулебаев Т. Т. и др. Социалистические преобразование кре-дитной системы и ее развитие в Казахстана. — Алма-Ата: Казах-стан, 1978.

3. Ақша, несие, банктер. Ғ.С.Сейтқасымовтың жалпы ред. -Алматы: Экономика, 2001.

4. 1995 жылға арналған Қазақстандағы банк жүйесін реформалау бағдарламасы.

5. 1996-1998 жж. Қазақстандағы банк жүйесін әрі қарай ре-формалау бағдарламасы.

6. ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314 “Ломбард туралы” ережесі.

7. “Несиелік серіктестік туралы” ҚР заңы. 2002 ж.

8. Микрокредиттік ұйымдар туралы ҚР заңы. 2002 ж.

9. ҚҰБ-нің статистикалық бюллетені. № 6 (103). 2003, маусым.



127

6-ТАҚЫРЫП

Банк жүйесі

6.1. Банктердің мәні және қызметтері

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.

Ежелп ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-

128

Банк жүйесі



------------------------------------------------------------------------------

қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.

Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

Өкінішке орай, “банк” сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.

Банк” сөзі “Ьапсо” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айыр-бастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қара-жаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттар-

129


6-ТАҚЫРЫП

да дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.

Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құнды-лықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлың еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.

Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап

130


Банк жүйесі

----------------------------------------------------------------------------------

ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін керсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.

Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің ма-нуфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.

Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.

Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк “ірі несиелік мекеме”10 ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына ете отырып, барлың операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орта-



Ожегов С.И. Словарь руского языка. — М., 1978. — С. 36.

131


6-ТАҚЫРЫП

лыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің

мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.

Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне маман-дандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рүқсат етілмеген. Тарихшы-лардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек ңана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату және басқа да операцияларды орындаған11.

Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.

Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдың мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, “банктік операциялар” ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.

Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы аның-тайды.



1 Эвелин Кленгель-Бандт. Путешествие в Древний Вавилон. — М.: Наука, 1979. — С. 107.

132


Банк жүйесі

------------------------------------------------------------------------------------

Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.

Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына “кәсіпорын” деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.

Ежелгі Русьте “кәсіпорын” деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге “банк — бұл кәсіпорын” деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұны-мен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі “кәсіпорын” бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.

Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.



Банктін ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі ма-териалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, ягни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорын-дардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі

133

6-ТАҚЫРЫП



өнімі “несие” болғандықтан, банкті “несиелік мекеме” деп атаған.

Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмис-сиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.

Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтың емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі түсіндіріледі.

Сонымен қазіргі түсінікте “коммерциялық банк” бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

“ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.

Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шот-тарын ашу және жүргізу;

— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

134


Банк жүйесі

-------------------------------------------------------------------------------------

— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

— заңды және жеке тұлғалардың металдың шоттарын ашу және жүргізу;

— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштың міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

— сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

— сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

— ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

135


6-ТАҚЫРЫП:

— төлем карточкаларын шығару;

— банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкас-сациялау және жөнелту;

— шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден бас-қаларын);

— чек кітапшаларын шығару;

— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

— аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

— ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

6.2. АҚШ банк жүйесі

АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап пайда болды. АҚШ-та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол Конгрестен ақшаны эмиссиялау құқығын ала отырып, коммерциялық банктердің бірқатар қызметтерін қатар атқарған.

“Орталың банктің құрылуы туралы” 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш

деңгейлі Басқарушылар кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік жүйеніц (ФРЖ) негізі қаланды.

АҚШ-тың ФРЖ-сы басқару және ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен ерекшеленеді. ФРЖ 12 федералдың резервтік банктерден

136

Банк жүйесі



--------------------------------------------------------------------------------------

және ФРЖ-ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады.

ФРЖ-ның құқықтық мәртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі және қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде мемлекеттік институт болып табылмайды. ФРЖ-ның жарғысына сәйкес, оның капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан құралады. ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі тұрғысындағы тәуелсіздік қағидалары қарастырылады. Бұл қағидалар ФРЖ-ның ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда да көрініс тапқан.

ФРЖ-ның Басқару кеңесі — бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен ұзақ уақытқа (14 жылға) тағайындалатын (Сенаттың келісімінен соң) 7 негізгі мүше кіреді. Олар Президенттің рұқсатынсыз қызметтен босай алмайды.

Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган — Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, сауда және банктік монопо-лиялардың өкілдерінен сайланады.

ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдың кешенін құрайтын 5 буынға бөлінеді (келесі беттегі 11-суретті қараңыз):



1. ФРЖ-ның басқару кенесі;

2. Ашық нарық тағы операциялар жүргізетін федералды комитеті;

3. Федералдық кенес беру кеңесі;

4. 12 федералдық резервтік банктер;

5. ФРЖ-га мүше 6000 коммерциялык, банктер.

Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін

бақылауға ФРЖ-ның саясатының басты бағыттары бойынша

137


6-ТАҚЫРЫП

шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құ-рылған.

ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі — ақша-несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.

Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған (жеке несиелеу туралы, тең несиелік мүмкіндік туралы және тұрғын үй ипотекалары бойынша ашық ақпараттар туралы) федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады. ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-ға мүше басқа да резервтік округтерде, сол сияқты шет елдерде филиалын құруы туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді.

Кеңестің төрағасы халықаралық валюта — қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп оты-ратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүшесі болып табылады.

ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді:

— федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді;

— барлық 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін бекітеді және қайта қарайды;

— ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды;

— бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.

138

Банк жүйесі



-------------------------------------------------------------------------------

ФРЖ-нын, басқару кеңесі

(7 адамнан түратын):

— резервтік талаптарды

белгілеп, ақша және несие,

каржы саясатының

компоненттері ретінде






Федералды резервтік

банктер (12 округтен):

Дисконттық пайыз

мөлшерлемесінің көлемін

үсынады;


— депозиттік

дисконтты пайыз саясатын

бекітеді;

— ФРЖ -ға мүше банктер

мен банктік холдингтік

компаниялардың кызметін

бақылайды және реттейді;

— Банк кызметін тұтынушы-

ларды корғайтын қаулыларды

дайындап және оны іске

асырады;


— федералды резервтік

банктер қызметін бақылайды.



 

 

Жалпы



жетекшілік

жасайды


мекемелердің резервтік

қалдықтарын сақтап

оларға ссуда береді;

— айналысқа нақты

ақшалар шығарады;

— депозиттік мекемелер

үшін чектерді инкассациялау және ақшаларды

аударуды жүргізеді;

— АҚШ Үкіметінің

карызына және кассалық

нақты ақшаларына

жетекшілік етеді.



Мәжілістік







қызмет атқарады

Кұрайды

Тұтынушылардың мүдделік

сұрақтары бойынша

мәжілістік кеңес.

Федералдың кеңес беру кеңесі.

Жинақ мекемелері бойынша

мәжілістік кеңес.






Ашық нарықтағы опера-

циялар бойынша Федералды комитет (ФРЖ- ның басқару кеңесінің мүшелері және федералды резервтік банктердің 5 президенті).

Ашық нарықтағы опера-

цияларға жетекшілік етеді.

(АҚШ Үкіметінің бағалы қағаздарын сатып алады

және сатады).



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет