Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізі



жүктеу 79.82 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі79.82 Kb.

Мусин Қ.С. – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің

Конституциялық және халықаралық құқық

Кафедрасының доценті, PhD докторы

Аушахимов Д.Б. – магистрант
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізі
Коммерциялық ұйымдардың өзін жоғары қоюы деп оның монополистік пиғылмен бағаны аспандатып жіберуін айтады. Бұл өзі кеңінен таралған құбылыс. Бұзылған немесе дауға түскен азаматтық құқық сотпен қорғалады. Бұл орайда сот әртүрлі тәсілдерді қолданады. Бұл жағдайда сот кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екендігін, кімнің құқығына жөнсіз қиянат жасалғанын анықтайды. Мұрагерлік жөніндегі дауда мұрагердік біреуі өзгесінің құқығын мойындамаса, онда сот мұрагерлікке құқықты тану жөнінде шешім шығарады. Бастапқы жағдайда қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу. Оған мысал ретінде затты заңсыз иеленушіден алып беру құқығын, сондай-ақ оны бұрынғы заңды иесіне қайтаруды айтуға болады. Егер сіз затыңызды жоғалтып алып, оны біреуден көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды қайтара аласыз. Егер тараптарға оның құқығын бұзу арқылы залал келтірсе, онда ол құқық бұзушыдан толық түрде өтемін талап етуге құқылы. Залал бұл арада келтірілген материалдық зиянның ақшалай көрінісі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде заладың екі түрі қарастырылады. Біріншісі - нақты нұқсан келтірілген залал, яғни мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, немесе бұзылған құқықты қалпына келтіруге кететін шығын. Екіншісі – алынбай қалған табыстар (айырылып қалған пайда) яғни дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстарды егер ол түскен болса, онда құқық бұзылмаған болар еді. Міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне-көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейді, сондықтан да ол құқығын бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына орнына келтіруге мәжбүр етуге құқыңыз бар.

Тұтынушылардың құқығын қорғау дегеніміз жеке тұлғалар мен тұтынушылардың, тауар өндіретін, дайындайтын, қызмет көрсететін не сатушылық қызмет атқаратын кәсіпкерлердің арасындағы қоғамдық қатынастарға бағытталған мемлекеттің реттеу. Қоғамдық өмірде күн сайын тұтынушы ретінде әртүрлі қатынастарға жиі түсіп жүрміз. Тұтынушы бола отырып, дүкендерден зат сатып аламыз, интернет арқылы тауарларға тапсырыс береміз, медициналық қызметтерді, коммуналдық қызметті пайдаланамыз, қоғамдық көліктерде жүреміз не такси жалдаймыз т.б.

Осы кезде кейде алданғаннан, кей жағдайда білмегендіктен тұтынушылық құқықтармыз жиі бұзылып жатады. Әрине, қоғам болған соң, онда әртүрлі деңгейдегі адамдар өмір сүреді. Біреуі адал, кейбіреуі жеңіл жолмен пайда тапқысы келетіні анық. Тұтынушы ретінде құқықтарымыз бұзылмасын десек, құқықтармызды қорғайтын заңдарды білу маңызды болып табылады. Тұтынушылардың құқығын қорғау дегеніміз жеке тұлғалар мен тұтынушылардың, тауар өндіретін, дайындайтын, қызмет көрсететін не сатушылық қызмет атқаратын кәсіпкерлердің арасындағы қоғамдық қатынастарға бағытталған мемлекеттің реттеу тетігі. Бұл саладағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қатарына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV заңы және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексі жатқызамыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда тұтынушылар мен сатушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар толық, әрі нақты белгіленген[1]. Әсіресе, тұтынушылардың алдында сатушылардың жауапкершілігін көтеру мақсатында олардың міндеттері көбірек айтылған. Бірақ ескерте кететін бір мәселе. Тұтынушылар көбінесе тауарды сатып алған кезде тауарға жауапты сатушы деп ойлап қалады. Алайда, тауарға жауапты сатушы емес, өндіруші, жасаушы тұлға екенін ескертеміз. Мәселені көтермес бұрын тұтынушы ұғымына тоқталып және оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу шеңберін анықтап алайық.

ҚР«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV заңға сәйкес, тұтынушы дегеніміз – өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тауарға тапсырыс беру немесе иелену ниетi бар не тапсырыс беретiн, оларды иеленетiн және пайдаланатын жеке тұлға[1].

Ал, «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын» қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмде тұтынушы - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес, тек жеке (тұрмыстық) мұқтаждықтарына арналған тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниетi бар тапсырыс берушi, сатып алушы немесе пайдаланушы азамат - деп көрсетілген. Бұл анықтамалардан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды. Тұтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал, жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады және олардың құқықтары ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес бірдей дәрежеде қорғалады. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы азаматтық заң шығармашылығы нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (адвокаттар, заңгерлер және т.б.) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады. Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Мысалы, адам сатушыдан тауарды көрсетуді және ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі. Адам тұтынушы болып есептелуі үшін тауар (жұмыс, қызмет) оған міндетті түрде ақылы жолмен өтуі керек және бұл тұтынушыға қойылатын үшінші талап. Егер тауар басқа жолмен өтсе (мысалы, айырбастау, сыйға тарту) онда мұндай қатынастарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайды. Тұтынушылар өздерінің бұзылған құқықтарын бірнеше жолдармен қорғай алады. Ең алдымен тұтынушы өз құқығын екі жақтың келісімі арқылы да шешуге болатынын білгені жөн. Бірақ мұндай жағдайлар көбінесе аз кездеседі. Сондықтан тұтынушыға өзінің құқықтарын басқада жолдармен қорғау ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылғандай сот арқылы құқығын қорғай алады. Мемлекеттік органдарға жүгіну арқылы және тұтынушылар ұйымдарына жүгіну арқылы бұзылған құқықтарын қорғай алады. Өкiнiшке қарай, осы аталғандардың бiркелкi жұмыс iстемеуiнiң кесiрiнен қазақ қоғамында тұтынушы құқығы аяққа жиi тапталады.

Әрине, құқығын заңмен қорғауға қатысты азаматтар пiкiр әзiр түбегейлi өзгерген жоқ. Қоғамды дендеп алған жемқорлық, соттарға деген сенiмсiздiк, сатушылардың мәдениетi мен қызмет көрсету сапасының төмендiгi тұтынушыларды кемшiлiктерге көзжұмбайлықпен қарауға мәжбүрлейдi. Тұтынушыларға құқықтық көмек ретінде біраз кеңес беріп, мәселелердің басын ашып алайық. Тауарды сатып алу үшін өз қалауыңызбен базарға, дүкенге немесе басқа жерге келген сәттен тұтынушы боласыз. Ал сапалы тауар сатып алу үшін тұтынушы ретінде өз құқытарыңызді біліп оларды еркін қорғаныңыз дұрыс. Бірінші кезекте, тауарды сатып алған кезде сатушыдан тауар жайлы бүкіл қажетті, толық және шынайы ақпаратты талап етуіңіз керек. Тауар сатып алғанда құжаттарға қол қоярдың алдында үнемі мұқият қараңыз, тауармен бірге келетін құжаттарғады асықпай оқыңыз, содан кейін қолыңызды қойыңыз. Себебі, ол құжаттарда тұтынушы ретінде құқықтарыңызға қайшы келетін ережелер болуы мүмкін. Тауармен бірге келетін құжаттарда (не тауар сертификаты) болатын тауардың жарамды мерзімі, сақтау мерзімі және кепілдік мерзімі туралы мәліметтерден хабардар болуыңыз қажет. Тауарды сатып алғанда оны куәландыратын фискалды чекті талап етіңіз. Сізге міндетті түрде фискалды чекті беруге тиіс. Өйткені, Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары қолма-қол ақшамен жүзе асырылғанда ақшалай есептер фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдануымен жүргізіледі [2].

Кейбір кезде тәжірибеде тауар, осы тауарды дайындаушымен ешқандай байланысы жоқ тұлғаларға зиян келтіретін жағдайлар да кездеседі. Мысалы, теледидар жанған кезде залал тек теледидар иесіне ғана емес, сонымен бірге басқа тұлғалардың, мысалы көршісінің мүлкіне де келуі мүмкін. Бұл жағдай заңда да көрсетілген, соған сәйкес залал келтірушімен шарттық қатынаста болған, болмағанына қарамастан кез келген залал шеккен тұтынушының сапасыз өнімнен келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 2-тармағы заңының талаптарына сәйкес тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залал толық көлемде өтелуге жатады. Азаматтың өміріне және денсаулығына келген залалды өтеу ережесі азаматтық заңдарда көрсетілген. Денсаулыққа зиян келген жағдайда жойылған еңбек ақысы не оның бір бөлігі, емделуге кеткен қосымша тамақтануға, санаториялық-курорттық емделуге және денсаулыққа зиян келуге байланысты кеткен өзге де шығындар өтелуге жатады. Егер тұтынушының мүлкіне зақым келсе не жойылса, онда бұл мүлік қалпына келтірілуі тиіс. Егер оны қалпына келтіру мүмкін болмаса, онда тұтынушыға дәл сондай түрдегі және сападағы мүлік берілуі тиіс [3].

Егер мұны да істеу мүмкін болмаса тұтынушыға келген зиянның орны толтырылуы тиіс. Осы аталған құқықтар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен жеке-жеке анық көрсетілседе, олар күнделікті өмірде жиі бұзылуда. Бұған сатушы тұтынушы алдындағы өз міндетін білмеуі не олардың құқықтық нигилизмді пайдалануы не тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған заңдарды елемеуі себеп болуы мүмкін. Бірақ бұл себептерді субъективтік сипаттағы себептерге жатқызуға болады. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына, оны тудыратын объективті себептерде негіз болуы мүмкін ғой.

Мұндай объективті себептер біздің жағдайымызда, біріншіден, біздің нарықтық экономикамыздың қожайыны әзірше монополист. Қатаң бәсекенің болмауы себепті оған әрбір клиент үшін күресу қажет емес, сондықтан ол нарықта өз талаптарын қоюда. Екіншіден, Республикамыздағы халықтың әлі де болса құқықтық жетілмеуі. Біздің құқықтық сауатсыздығымыздан халықтық көпшілігі әлеуметтік жағынан енжар. Егер біз, яғни, тұтынушылар, біздің қандай құқықтарымыз бар екенін білмек түгіл «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның бар екенін естімесек, сатушы бізбен қалай санаспақ? Сондықтан біздің айтарымыз, құқықты қорғау осы құқықтарды білуден басталады. Өйткені тұтынушы – тек тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының не тапсырыс берушінің жай атауы ғана емес, бұл - нарықтық жағдайда сіздің соңғы емес, керісінше ең бірінші және басты тұлға екендігіңізді растайтын азаматтық - құқықтық статусыңыз. «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңымыздың 3-бабында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады деген нормаға тоқталсақ. Бұл нормадағы сөздер заңмен жақсылап танысуға мүмкіндік бермейді, өйткені бұл заңды тиімді пайдалану үшін басқа нормативтік - құқықтық актілердің барлығын пайдалану қажет болып қалады. Мәселен, басқа заңдарға тиіспегеннің өзінде тұтынушыларға қатысты заң қарапайым халыққа нақты жол көрсететіндей болу қажет емес па? Қазіргі қоғамдағы ең құқығы көп бұзылып жатқандар қарапайым халық, яғни әртүрлі әлеуметтік топты құрайтын адамдар – тұтынушылар екені баршаға мәлім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі




  1. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы. // www.zakon.kz

  2. ҚР Азаматтық кодексі. //www.zakon.kz

  3. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы. 2014.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет