Кәсіподақ мүшелері мен балалардың 2017 жылғы жазғы демалысы мен сауықтырылу қорытындысы туралы АҚпарат



жүктеу 138.71 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі138.71 Kb.

Кәсіподақ мүшелері мен балалардың 2017 жылғы

жазғы демалысы мен сауықтырылу қорытындысы туралы

АҚПАРАТ
Сала қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық қорғау саласындағы білім және ғылым салалық кәсіподағының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі болып табылады.

Педагогикалық жұмыс ерекшеліктеріне байланысты, сала кәсіподағы мүшелерін сауықтыру жөніндегі шаралар негізінен жазғы каникул кезінде жүзеге асырылады. Егер 2016 жылы мүшелік ұйымдар сауықтыруға 645 882 207 теңге бөлсе, оның ішінде – 18974 кәсіподақ мүшесін сауықтыруға - 555 162 101теңге, балаларды сауықтыруға - 90 720 106 теңге, ал 2017 жылы 22713 қызметкер 595 млн.теңгеден астам, 10 162 бала 87,9 млн.теңгеден астам сомаға сауықтырылды. Кәсіподақ мүшелері мен балаларды сауықтыруға жалпы шығын сомасы 683 млн. теңгеден астам құрайды.

2017 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша , өткен жылғыдай кәсіподақ ұйымдарымен ең көп сауықтырылған қызметкерлер саны Шығыс-Қазақстан облысында – 4972 адам, Жамбылда –4457, Оңтүстік-Қазақстанда – 3833, сондай-ақ Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетімен – 1394 адам және Семей аумақтық комитетімен – 980 адам.

Шипажайларға жолдамалар алуға Оңтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымымен 176 млн.теңгеден астам, Жамбыл – 89 млн.теңге, Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымы – 35 млн.теңге, Қызылорда ұйымымен – 28 млн.теңге бөлінген.

2017 жылы сауықтырылғандардың жалпы санынан білім қызметкерлері 6110 адам немесе 26,9% Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясының шипажайларында 499 млн.теңгеден астам сомаға демалды. Қызметкерлердің басым көпшілігі «Мерке» шипажайында демалған – 1228 адам, «Манкентте» - 987, «Жаңақорғанда» - 987, «Сосновый борда» - 720, «Көктемде» - 742 және «Мойылдыда» -587 адам.

Кәсіподақ ұйымдары сала қызметкерлерін сауықтыру үшін ҚРКФ шипажайларынан басқа аймақтардағы ведомстволар, кәсіпорындар мен ұйымдардың шипажайларын, демалыс үйлері мен базаларын белсенді пайдаланады. Алматы облысында - «Жаркент Арасан», «Ақ-Қайың», Т.Рысқұлов атындағы шипажайлары; Ақтөбеде – «Арман» шипажайы; Шығыс-Қазақстан облысында – Бұқтырма су қоймасындағы «Прибой» демалыс базасы; Павлодарда – «Сибирь», «Энергетик», «Жасыбай», «Баянауыл», «Терасса Парк» шипажайлары; Жамбылда – «Самал», «Ақ ниет» шипажайлары; Қарағандыда - «Арман», «Жартас», «Тасбұлақ» шипажайлары мен демалыс базалары; Семей аймағындағы - «Барлық Арасан» шипажайы.


Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты кәсіподақ ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен, білім беру органдарымен, жұмыс берушілермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.

Ақмола облыстық ұйымы 753 кәсіподақ қызметкерлерінің демалысы мен сауықтырылуына 21 млн.теңге шамасында қаражат жұмсады. ҚРКФ шипажайларында 429 кәсіподақ қызметкері 34 млн.теңгеден астам сомаға демалып, өз денсаулықтарын жақсартты: «Сосновый борда» - 265, «Меркеде»- 65, «Мойылдыда» - 56, «Манкентте»- 43. Сондай-ақ «Зеленый бор», «Турист», «Сарыағаш» шипажайларына жолдамалар алынды. Кәсіподақ бюджетінің қаражатынан қызметкерлердің жазғы демалысына жұмсалған жалпы қаражат 21 млн.теңгеден астам соманы құрады.

Балалардың жазғы демалысы үшін «Дискавери», «Сокол», «Звездный» балаларды сауықтыру орталықтарына 6,9 млн.теңге сомаға 513 жолдама сатып алынды. Балалар жолдамасы 40% жеңілдікпен берілді.



Алматы облыстық кәсіподақ ұйымында жазғы демалыспен 392 кәсіподақ мүшесі қамтылып, 14 млн.теңгеден астам бөлінді.

Облыс бойынша барлығы жазғы мерзімде білім беру қызметкерлерінің 222 баласы сауықтырылып, бұл мақсатқа 3млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Білім беру қызметкерлері үшін кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына жолдамалар алынды, барлығы 6,7 млн.теңгеден астам сомаға 79 жолдама: «Щучинскийге» - 34, «Көктемге»- 22, «Жаңақорғанға»- 19, «Меркеге» -4. Басқа шипажайларға 7,8 млн.теңгеден астам сомаға 313 жолдама алынды.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін жалпы құны 3 млн.теңгеден астам сомаға «Место встречи» жазғы лагеріне – 167 жолдама, «Рахат» - 25 және «Надежда» - 30 жолдама алынды.

Кәсіподақ қаражатынан кәсіподақ мүшелері мен балалардың демалысына жалпы шығын сомасы 17,7 млн.теңгеден астам құрап отыр.

Салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жөнінде Ақтөбе облыстық ұйымы тұрақты жұмыс жүргізеді. 2017 жылы 330 адам 17 млн.теңгеден астам сомаға сауықтырылды. Кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына 238 кәсіподақ мүшесі үшін 19 млн.теңгеден астам сомаға жолдамалар алынды: «Мерке» - 148, «Көктем» - 25, «Манкент» - 22, «Сосновый бор» - 21, «Жаңақорған» - 19 , «Щучинский» - 3. Сонымен қатар Оңтүстік-Қазақстан облысының «Арман», «Сарыағаш» шипажайларына, Ақтөбе облысындағы «Юкон» және «Шипагерге», Ақмола облысының «Бурабай» курорттық аймағына, Ресей Федерациясының Соль-Илецк қаласына және Башқұртстан Республикасының «Красноусольск» шипажайына жолдамалар алынды.

Жазғы каникул мерзімінде облыстық кәсіподақ ұйымының қаражатынан 103 үздік педагог шипажайларда емделу және демалу үшін жіберілді.

Шығыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді «Сарыағаш», «Көктем», «Мойылды», «Мерке» шипажайларында, «Қарғалы», «Қазақстан» пасионаттарында, Бұқтырма су қоймасындағы «Прибой» демалыс базасында, «Алакөлде» және т.б. сауықтырады.

ҚР кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына жалпы сомасы 13 млн.теңгеден астам қаражатқа 165 жолдама алынды: «Көктем» - 82, «Қарғалы» - 48, «Мойылды» -18, «Мерке» - 10, «Манкент» - 5, «Жаңақорған» - 2.

Облыстық кәсіподақ ұйымы 4972 кәсіподақ мүшесін 21 млн.теңгеден астам сомаға сауықтырды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған білім қызметкерлері облыстық Спартакиадасының жеңімпаз командалары үшін қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымдары «Алакөл» және «Мыс Доброй Надежды» демалыс базаларына 469000 теңгеге тегін жазғы демалыс ұйымдастырды.

Мұғалімдер мен оқушыларға Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге туристік саяхаттар ұйымдастырылды. Көрмеге Глубокое, Зырян, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Тарбағатай, Зайсан аудандық және Өскемен қалалық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелері мен балалары барды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелері мен балалардың сауықтырылуы мен демалысына 28 млн.теңгеден астам, оның ішінде мұғалімдер мен педагогтардың демалысына 21 млн.теңгеден астам қаражат бөлді.



Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымында мұғалімдер мен педагогтардың жазғы демалысы Қырғызстанның «Ыстықкөл» демалыс базасында өткізіледі, ағымдағы жылы мұнда білім саласының 1090 қызметкерінің демалысы ұйымдастырылды.

Кәсіподақ ұйымдарының мәліметтері бойынша кәсіподақ мүшелерін сауықтыру «Мерке», «Жаңақорған», «Манкент» кәсіподақтар Федерациясының, сондай-ақ «Сарыағаш», «Самал», «Ақ ниет» және басқа шипажайларда жүзеге асырылды. ҚР кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына 41 млн.теңгеден астам қаражатқа 530 жолдама алынды.

Облыстық кәсіподақ ұйымының мүшелері жаз мерзімінде Қазақстанның ішкі туризмі аясында Астана қаласында, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде, Түркістан қаласында болып, «Бурабай» курорттық аймағында демалды, сонымен қатар еліміздің тарихи жерлеріне барды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы 4457 кәсіподақ мүшесінің сауықтырылуы мен демалысына кәсіподақ бюджетінен 89,9 млн.теңгеден астам, 214 бала мен жасөспірімді сауықтыруға 2,3 млн.теңгеден астам қаражат бөлді.



Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы. 2017 жылы білім қызметкерлері үшін 27 млн.теңгеден астам қаражатқа 295 жолдама алынды: «Сарыағаш» - 123, «Көктем» - 90, «Мойылды» - 79, «Кенгир» шипажайы - 3.

Кәсіподақ мүшелерін ынталандыру үшін Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 700 мың теңгеге билеттер алынды.

Жазғы каникулда қалалар мен аудандар мектептерінің базаларында толық күн тәртібіндегі 332 мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс жасады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі қызметті әдістемелік қолдау үшін, мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдар қызметін үйлестіру және бақылау мақсатында оқушылар Сарайының базасында «Жаз-2017» орталықтары қызмет жасап, барлық жазғы мерзімге іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.



Батыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелері – қызметкерлерді сауықтыру үшін 17 млн.теңгеден астам сомаға 441 жолдама бөлді.

Балалардың жазғы демалысы үшін 2 млн.теңгеден астам қаражатқа 58 жолдама бөлінді: Бөрлі ауданындағы педагог қызметкерлердің 20 баласы «Евразия» лагерінде 700 мың теңгеге демалды, Зеленов ауданындағы педқызметкерлердің 6 баласы «Жас натуралист» слетіне – 45 мың теңгеге барып келді, Ақ жайық ауданынан 12 бала және Бөкей орда ауданынан 20 баланың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баруына 1,2 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды.



Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы «Жаз-2017» жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері жөнінде қалалық, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кеңестер өткізді.

Барлығы жаз мерзімінде білім қызметкерлері үшін кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына 5 млн.теңгеден астам сомаға жолдамалар алынды. Кәсіподақ мүшелері мен балалардың демалысы үшін кәсіподақ қаражаты есебінен шыққан жалпы сома 31 млн.теңгеден астам қаражатты құрайды.

Кәсіподақ ұйымы жазғы демалыспен 7 мл.теңгеден астам қаражатқа 1638 баланы қамтыды. Қалалық, аудандық, бастауыш кәсіподақ ұйымдары балаларды қала сыртындағы мектеп жанындағы лагерьлерде, спорттық-сауықтыру алаңдарында сауықтырды. Балаларды зияткерлік, дене тәрбиесіне дамытуға, тәртіпке, табиғатқа сүйіспеншілік пен ұқыпты қарауға тәрбиелеуге көңіл бөлінді.

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баруға үздік кәсіподақ қызметкерлеріне тегін жолдамалар бөлінді, кәсіподақ бюджеті қаражатының есебінен көрмеге 1,1 млн.теңгеден астам сомаға 1083 кәсіподақ мүшесі барса,1035 кәсіподақ мүшесі үшін көрмеге баруға 1,3 млн.теңгеден астам сомаға жартылай төлем жасалды.



Қостанай облыстық ұйымы өз қызметінде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының демалысы мен сауықтырылуына үлкен мән береді. Биыл сауықтырылумен 693 білім қызметкері және 264 бала қамтылды. Барлығы кәсіподақ бюджетінен 13 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

263 білім қызметкері «Сосновый бор», «Мерке», «Увельды» шипажайларында демалды.

Кәсіподақ инновациялық көрмелерге, табиғат қорықтарына, Бурабайға, Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баруға 255 мұғалім үшін саяхаттар ұйымдастырды.

Республиканың басқа аймақтарындағы әріптестерімен байланыс нығайтылған және кеңейіп келеді. Жазда облыстың 100 білім қызметкері Ыстықкөлде, сондай-ақ Павлодар облысындағы әріптестерімен «Бурабай» шипажайының «Жансая» базасында демалып қайтты.



Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты ҚР Үкіметінің 11.05.2016ж. №36 өкіміне, сондай-ақ аталған мәселе бойынша Қызылорда облыстық әкімдігінің өкіміне сәйкес жүзеге асырады.

Балалар мен оқушылардың демалысы мен сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап келіссөздер жүргізілді және «Мерке», «Сарыағаш», «Жаңақорған», «Манкент», «Алтын Қарғалы» шипажайларымен, сонымен қатар Көкшетау қаласындағы «Лесная сказка» және Оңтүстік-Қазақстандағы «Таң нұры» балалар демалыс лагерьлерімен шарттар жасасты.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2017 жылы облыстың білім қызметкерлерін сауықтыру үшін 28 млн.теңгеден астам қаражатқа 1394 жеңілдікті жолдамалар бөлінді.

Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің, «Алтын белгі» иегерлерінің еңбектері мен үлестерін ескере отырып, 104 қызметкерге 3 күнге тегін жолдама бөлінді.

Жаз мерзімінде білім саласы қызметкерлерінің 1620 балалары өз демалыстарын қала сыртындағы демалыс лагерьлерінде өткізді, бұл мақсатқа кәсіподақ комитетімен 26 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Балалар мен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен өткізуде Сырдария, Жаңақорған, Қазалы аудандық кәсіподақ комитеттері белсенді жұмыс жүргізді.

Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша облыстың кәсіподақ ұйымының қызметін насихаттау жөнінде мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілді. БАҚ-та 29 мақала, репортаж жарияланып, олар үнемі салалық кәсіподақтың сайтына да орналастырылды.

Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы ағымдағы жылдың 15-қыркүйегіне 14 млн.теңгеден астам қаражатқа 318 сала қызметкерін сауықтырды. Есеп беру мерзімінде 87 бала мен жасөспірімді сауықтыруға кәсіподақ бюджетінен 2 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Кәсіподақ мүшелері үшін «Мерке», «Жаңақорған», «Манкент», «Көктем», «Щучинский», «Сосновый бор» ҚР кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына 8 млн.теңгеден астам қаражатқа 122 жолдама алынды. Сонымен қатар, республиканың басқа шипажайларына 96 жолдама алынды. Барлығы жалпы құны 13 млн.теңгеден астам қаражатқа 218 жолдама сатып алынды.

Кәсіподақ қызметкерлеріне Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баруға 3,6 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымы қызметкерлер мен балалардың жазғы демалыс маусымына дайындықты 2016 жылдың аяғында бастады. Әлеуметтік әріптестермен, шипажайлар мен демалыс үйлерінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, қызмет көрсету жөнінде шарттар жасасқан. Тұрақты серіктестікті ескере отырып, шипажай-курорттық емделу мен демалыс «Энергетик», «Көктем», «Мойылды» «Сарыағаш» шипажайларында жүзеге асырылады. Келіссөздер мен тұрақты серіктестік барысында, «Зеленый бор», «Демалыс-К» шипажайлары, «Жан» демалыс үйі жолдамалар құнын 30% төмендетті. Белокурихадағы «Сибирь» шипажайымен бірінші рет жарт жасалды.

Ағымдағы жылы шипажайларда барлығы білім саласының 651кәсіподақ мүшелері сауықтырылса, оның ішінде 50 кәсіподақ мүшелері – қызметкерлердің балалары.

Кәсіподақ мүшелері мен балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыруға 24 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалса, оның ішінде 12,2 млн.теңге облыстық кәсіподақ бюджетінен және 12 млн.теңге– бастауыш ұйымдардың бюджетінен шығарылған.

«Жаз-2017» облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары зор үлес қосты. Барлығы облыс бойынша мектеп жанындағы, палаталық, ағаш үй, бейіндік, туристік сияқты түрлі бағыттағы 761 сауықтыру лагері жұмыс жасады.

Білім қызметкерлерінің, әсіресе аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары үшін сауықтыру лагерьлеріне және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне билеттер алынды. Облыстық, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бюджетінен 4,4 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Солтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымында балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және демалтуды ұйымдастыру мәселелері салалық келісімде, кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарттарында қарастырылған.

2017 жылдың жаз мезгілінде 13 қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері жұмыс жасап, онда мектеп жасындағы 9645 бала қамтылды.

Облыстың жалпы білім беру мектептерінің жанында тамақтандыру көзделген сауықтыру лагерьлері ұйымдастырылып, оларда 47000 оқушы демалды, оның ішінде 836 жетім балалар тегін, аз қамтылған отбасының 5913 балалары - жеңілдікті жолдамамен демалды.

Кәсіподақ ұйымы 360 баланы сауықтыруға 5,2 млн.теңгеден астам қаражат жұмсады.

Облыста барлығы кәсіподақ мүшелері мен балаларды сауықтыруға және демалуға 21 млн. астам теңге бөлінсе, оның ішінде 16 млн.теңгеден астам қаражат қызметкерлердің, мұғалімдер мен педагогтардың демалысына жұмсалды.

ҚР кәсіподақтар Федерациясының шипажайларына 16,6 млн.теңгеден астам қаражатқа 213 жолдама алынды: «Сосновый бор» -196, «Мойылды» - 8, «Щучинский» - 4 , «Көктем» - 3, «Мерке» - 2.



Семей аумақтық кәсіподақ ұйымы қызметкерлерін ҚР кәсіподақтар Федерациясының шипажайларында сауықтыруға 189 жолдама алды: «Мойылды»-130, «Көктем»-25, «Мерке»-6, «Қарғалы»-12 және «Щучинский»-16. Кәсіподақтың жеңілдікті жолдамалары бойынша 243 білім беру қызметкері, «Алакөл» және Бұқтырма су қоймаларының демалыс базаларында – 690 адам демалды.

Түрлі типтегі жазғы сауықтыру лагерьлерінде (қала сыртындағы, мектеп жанындағы, еңбек және басқа) 9,5 мың шамасында балалар демалды немесе оқушылардың жалпы санынан 98%.

Кәсіподақ ұйымы қаражатының есебінен 47 кәсіподақ белсендісі Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып қайтты.

Жеңілдікті жолдамалар бойынша кәсіподақ ұйымдарымен 632 бала сауықтырылып, оған кәсіподақ бюджетінен 1,2 млн.теңге жұмсалды.

Жалпы қызметкерлерді сауықтыруға кәсіподақ бюджетінен 14,4 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Талдықорған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өз кәсіподақ мүшелері үшін демалу мен сауықтыруға барлық жағдай жасайды. Шипажайларға жалпы құны 8,5 млн.теңгеге 230 жолдама алынды, соның ішінде: «Сарыағашқа» - 65, «Жаркент-Арасанға» -100, «Қараталға» - 35, «Алтын Чажаға» -20, «Манкент» -«Ақжанелге» -8.

Сонымен қатар, аудандық және қалалық комитеттер мен кәсіподақ комитеттері кәсіподақ мүшелеріне жолдамалар алу үшін кәсіподақ қаражатын бөлді: Панфилов ауданы – 323 жолдама, Ұйғыр ауданы – 93 жолдама, Ескелді ауданы – 60 жолдама, Кербұлақ ауданы – 30 жолдама, Қаратал – 31 жолдама, Ақсу – 29 жолдама. Аймақ бойынша барлығы 649 жолдама алынды.

Барлығы ағымдағы жылы жолдамалармен 915 білім қызметкері демалды, оған аумақтық кәсіподақ бюджетінің қаражатынан 11,7 млн.теңгеден астам, аудандық кәсіподақ бюджетінен - 30 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Талдықорған аймағында 2017 жылдың жаз мезгілінде барлық шаралармен қамтылған балалар мен жасөспірімдер саны 87 мыңнан асып отыр. Бұл мектеп жанындағы, пәндік бейіндік, шатырлы, спорттық-сауықтыру, дебат лагерьлерінің жұмысы.

Барлығы аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерімен балалар үшін қала сыртындағы лагерьлерге 5,7 млн.теңгеден астам сомаға 265 жолдама алынды. Сонымен қатар, бюджет, демеушілер, жұмыс берушілер, ата-аналар есебінен түрлі лагерьлерде 9590 бала демалды.

Аз қамтылған отбасыдан шыққан кәсіподақ мүшелерінің 25 баласына 1,2 млн.теңгеден астам қаражатқа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне, педагогикалық еңбектің 36 ардагеріне 2,5млн.теңгеден астам қаражатқа саяхат ұйымдастырылды. Бұл шаралардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.



Оңтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымында 2017 жылы 3833 кәсіподақ мүшесі, соның ішінде Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының шипажайларында 1180 адам сауықтырылды. Жолдамалар жеңілдікті негізде (өз құнынан 50%) мына шипажайларға бөлінді: «Манкент» - 425, «Жаңақорған» - 375, «Мерке» - 300, «Қарғалы» -80.

Барлығы облыс бойынша кәсіподақ мүшелері мен балаларды сауықтыру мен демалтуға 185 млн.теңгеден астам қаражат бөлінсе, оның 176 млн.теңгеден астамы қызметкерлердің, мұғалімдер мен апедагогтардың демалысына жұмсалды.

2017 жылдың жазғы мерзімінде Астана қаласының «Әділет» білім қызметкерлерінің кәсіподағымен балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруға 17 млн.теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Мойылды», «Мерке», «Манкент», «Көктем» және «Сосновый бор», «Жаңақорған», «Қарғалы» шипажайларында 340 білім қызметкері 31 млн.теңгеден астам сомаға сауықтырылды.



Л.Н.Гумилев атындағы еуразия Ұлтттық университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 133 адам сауықтырылумен қамтамасыз етілді.

«Мойылды», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинский», «Сосновый бор», «Көктем», «Сарыағаш» шипажайларына жолдамалар алынды.

Кәсіподақ мүшелері мен балаларды сауықтыруға 4,6 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалса, оның ішінде 4млн.теңгеден астамы қызметкерлердің демалысына жіберілді.

Кәсіподақ мүшелерінің 15 баласы 562500 теңгеге «Дискавери» балаларды сауықтыру орталығында 50 пайыз жеңілдікпен демалды.

Ақмола облысының Зеренді ауылында «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығы жұмыс жасайды, онда жыл бойы ЖОО түрлі спорттық шаралары өткізіледі.

«Ұстаз» Алматы қалалық кәсіподағы 2017 жылы «Көктем» және басқа шипажайлармен шарт жасасып, кәсіподақ мүшелері үшін мына шипажайларға 512 жолдама алынды: «Көктем» - 277, «Сарыағаш» - 114, «Мерке» - 22, «Аққайың» - 99.

Барлығы кәсіподақ мүшелерін сауықтыру мен демалтуға кәсіподақ бюджетінен 20 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстық, сондай-ақ Жезқазған, Талдықорған аумақтық кәсіподақ комитеттерінің қорытынды ақпараттарында толық көрсетілген.

2017 жылғы сауықтыру қорытындысы жөніндегі есептерде мүшелік ұйымдар кәсіподақ бюджетінің қаражаттары мен кәсіподақ мүшелерінің қаражатын бөлудің неғұрлым дәл саралануын көрсеткенін айта кеткен жөн.



Жалпы, көпшілік мүшелік ұйымдардың қаралатын мәселе бойынша ұсынған ақпараттары толық емес, олар бұрынғыдай кесте материалдарында көрсетілген сандық деректерді көрсетумен шектелген, қызметкерлер мен балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастырудағы проблемалар мен шешілмеген мәселелер жарияланбайды.
Қарауға ұсынылды.
Төрайым орынбасары А.Мұқашева



Каталог: uploads -> Исполком -> 27.10.17 -> каз.%20вариант
Исполком -> Инструкция по отчетам и выборам
Исполком -> Ќазаќстан республикасы білім
каз.%20вариант -> Ќазаќстан республикасы білім
Исполком -> Ќазаќстан республикасы білім
Исполком -> Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысы туралы
каз.%20вариант -> Кәсіподақ органдары мен ұйымдарында ақпараттық жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар мен жұмыс жағдайы туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет