Сыртқы істер вице-министрі Назира Нұрбаева таяуда "Қазақ деген ұлт болмаған" деп мәлімдеме жасаған ресейлік тарихшының сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған скрин

Сенаттың жалпы отырысынан соң БАҚ өкілі министр орынбасарынан "Ресей тарихшысы Михаил Смолин 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған" деп мәлімдеме жасаған еді. Осы жағдайға қатысты сыртқы істер министрлігі қандай пікір білдіреді? Өйткені, Өзбекстан тарапы бұл мәселеде өз ұстанымын айтып, тиісті жауабын бері. Алайда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі реакция білдірмеді. Даулы мәлімдеме жасаған адамды еліміз қара тізімге енгізе ме?”,-деп сұрады.

Вице-министр ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің бұл мәлімдемесін елемеуге шақырды. Оның еш мәні жоқ, негізсіз екенін айтты. Сөзінше, кейбір азаматтар қазақстанның тарихына қатысты әртүрлі пікір айтады. 

“Менің ойымша, жеке тұлғалардың пікіріне түсінік берудің қажеті жоқ. Оның заң және тәжірибе тұрғысынан да еш мәні жоқ”- деді министр орынбасары сенат кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік тарихшы Михаил Смолин "Вездений" ток-шоуында 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар да, өзбектер де ұлт ретінде болмаған деп айтқан еді. 

Ресейлік журналист Тина Канделаки да Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді. Сондай-ақ ол  қазақтарды "мәңгүрт" деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды. Оның осы мәлімдемелерінен кейін Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды. 

Ресейлік режиссер Тигран Кеосаян “Қазақстан ешқашан мықты мемлекет болған емес" деп атап,  ашық қоқан-лоққы жасап, балағат сөздер айтқан болатын. Кеосаянға да Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілді. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.