«Киев орта мектебі» кмм құзыреттілік тапсырмалары



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/5
Дата18.01.2018
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5


«Киев орта мектебі» КММ




Құзыреттілік тапсырмалары

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Жанайдарова Салтанат Кинайқызы

Алғысөз

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.

Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс.

Олай болса, жас түлектің құзырлылық қабілеттерінің артуына, өзін-өзі дамытуына, жаңалық ашып ізденуіне педагогтің құзыреттілік қасиеті маңызды роль атқарады.

Құзыреттілік – бұл танымда пайда болған мәселені өз бетінше шешу үшін қажетті, өз беталысын анықтауға, адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі. Бала өз жұмысын өзі жоспарлап, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуі тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балада әлеуметтік-мәдени тұрғының ауысуында қабілетінің еркіндік қимылы қалыптасуы тиіс.

Білім сатылары бойынша « Қазақ тілі» пәнінен құзыреттілік түрінде күтілетін нәтижелер анықталып беріледі. «Қазақ тілі» пәнінен күтілетін нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.

1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі: әр түрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады,сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады; өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талдай алады. Тілді қарым-қатынастық, танымдық, экспрессивтік қызметтеріне сай қолданады.Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.

2. Ақпараттық құзыреттілігі: ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды; тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады; логикалық операцияларды еркін қолдана отырып, ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады; мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады; ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып , шығармашылық жұмыстарды орындайды.

3. Коммуникативтік құзыреттілігі: сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады; оқу материалдары бойынша дискуссияға қажетті дағдыларды меңгереді; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді; ауызша, жазбаша және компьютерлік сөйлеу тілдерінде тілдік сезім мен қажетті коммуникативтік сапарларды қолданады; пікірталас түрлеріне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады және өз пікірін қорғай алады; ұсынылатын тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсай алады; ұлттық- мәдени ұғымдарды ажырата алады, әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлейді; сөз дұрыстығы талаптарын меңгереді

Мұғалім алдында отырған әр оқушы «ақ парақ» деп есептесек, сол парақтардың толтырылуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.Алдымызда отырған баланы оқуға, білімді өз бетімен алуға, шығармашылыққа, алған білімді практика жүзінде қолдана білуге үйретуіміз керек. Мұғалім, ең алдымен, оқушының дарындылық қасиетін ашуы керек. Ол үшін мен жоба бойынша оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.

1. Өз есіміңнің немесе әр түрлі сөздердің шығу тарихына, мағынасына үңілу, зерттеу;

2. Мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттау және соларға ұйқастырып ойдан мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар құрастыру;

3. Дайын ұйқасқа өлең шығару;

4. Аяқталмаған ертегі, әңгімелерді өзіндік шығармашылықпен аяқтау;

5. Оқушылардың бір –біріне немесе шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруі;

6. Түрлі заттар атынан ой-толғаулар жазу.

Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады.

Бағдарламада көрсетілген білімді меңгерту барысында құзіреттілікті қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар оқушылардың жасы мен ақыл-ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте-бірте күрделеніп, тереңдетіле беріледі.Мұғалім бұл тапсырмаларды оқушылардың тілді білу дәрежесіне ,білім деңгейіне ,мүмкіндігіне қарай пайдалана алады.

Уақыт талабына сай, оқушылардың білім мен біліктілігін арттыруда оқытуды жаңаша ұйымдастыру,әрбір пәннің ғылыми сипатын арттырып қана қоймайды,тұлғаның өзін-өзі өзектілендіру,біреуден үйрену.біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау,салыстыру,

дәлелдеу дағдылары білімді сапалы меңгертеді.Осыдан келіп оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.

Оқушының бір тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алуына жағдай туады.

Бағдарламада көрсетілген білімді меңгерту барысында құзіреттілікті қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар оқушылардың жасы мен ақыл-ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте-бірте күрделеніп, тереңдетіле беріледі.Мұғалім бұл тапсырмаларды оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеуде,білік дағдыларын қалыптастыру мақсатына орай,білім деңгейіне ,мүмкіндігіне қарай пайдалана алады.

Көркем әдебиет туындыларын меңгере отыра ғылыми-зерттеу тілін,күнделікті ақпарат құралдарының зор мүмкіншіліктерін меңгеру қажеттілігі туып, оқушы жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасады.

Мұғалімнің дайындаған құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына, өзара пікір алысуға дағдыландыра отырып, сөздік қорын байытуға, ауызекі сөйлеу мен жазба тілін дамытуға, мәтінмен дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тапсырмалардың тақырыптары осы заманға сәйкес келеді. Балалардың салауатты өмір салтын ұстануға өз әсерін тигізе алады.

Қазақ тілін терендетіп оқытуға әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады.

Әдістемелік – нұсқаулық нормаларына сай.

Оқушылардың құзыреттіліктерін игеру мақсатта қазақ тілінің әр саласы бойынша берілетін тапсырмаларды ұсынамыз. Көбінесе бұл ҰБТ-ға дайындалу кезеңінде немесе қорытынды сабақтарда қолданылатын тапсырмалар.
Фонетика





Дыбысқа сипаттама

Қандай дыбыс ?

1

жіңішке , езулік , ашық




2

қатаң , тіл арты , шұғыл




3

жуан , еріндік , қысаң




4

жуан , езулік , ашық




5

ұяң , тіл арты, ызың




6

үнді , тіл арты , шұғыл




7

жіңішке , езулік , қысаң




8

қатаң , көмей , ызың




9

жіңішке , еріндік , қысаң




10

жуан , еріндік , ашық




11

қатан , тіл алды , ызың




12

жіңішке, езулік , ашық




13

үнді , тіл алды , діріл




14

үнді , еріндік , шұғыл




15

үнді , тіл ортасы , ызың




16

жіңішке , еріндік , ашық




17

қатаң , ерін мен тіс , ызың






Кесте бойынша тапсырмалар:

  1. Кестені толтыр

  2. Кесте бойынша үш тірек-схема жаса:

ә) дыбыстар

а) дауысты дыбыстар

б) дауыссыз дыбыстар

3. Дыбыс болмайтын әріптерді ата (кестеде жоқ)

4. Тән дыбыстарды ата (кесте бойынша)

Фонетика. Тест.

1. Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

A) ң , и

B) а , ы

C) е , ң

D) у , ң

E) і , о

2. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

A) б , в , п , й

B) р , т , к , қ

C) р , н , л , м

D) щ , ш , х , ц

E) у , т , з , ж

3. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

A) тұз

B) ана

C) ақ

D) көк

E) нан

4. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

A) ә , ө , і

B) а , ә , е

C) ы , і , и

D) э , о , ү

E) о , ө , у

5. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.

A) Б , В , Р, Л

B) Д , Ж , С , В

C) Б , В , Ғ , З

D) П , У , Х , В

E) П , Ғ , В , К

6. Тек ашық буынды сөзді анықтаңыз

A) Кеше

B) Батыс

C) Тағам

D) Даңғыл

E) Ертең
7. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Ұлытау , қуғыншы

B) қыстыгүні , кітаптар

C) емхана , арбакеш

D) игілік , ержүрек

E) Кенесары , өнерпаз

8. «Ы» әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.

A) М...нез

B) Жазғ....

C) Кәр...

D) Бөр...к

E) Д...мді

9. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін көрсетіңіз.

A) 9

B) 7

C) 4

D) 5

E) 8

10. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

A) Ад+ам

B) Жо+лау+шы

C) Қа+йық

D) Жа+рай+сың

E) Құ+мырс+қа

11. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар санын көрсетіңіз

A) 10

B) 9

C) 25

D) 15

E) 30

12. Жіңішке, жуан дыбыстары араласып келген сөздерді табыңыз

A) Қараша

B) Қазір

C) Жұмысшы

D) Есенгелді

E) Дүйсенбі

13. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз

A) у , н , ң , л

B) б , г , ғ , д

C) л , ч , ж , й

D) қ , к , т , с

E) п , ф , ғ , г

14. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз

A) Ойбай

B) Алтай

C) Шағала

D) Қарағай

E) Өзге

15. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөздерді белгілеңіз

A) Сабақ

B) Ел

C) Жаздыгүні

D) Күндіз

E) Бүгін

16. Ұяң дыбыстарды көрсетіңіз

A) ч , ш

B) й , л

C) қ , к

D) б , в

E) р , у

17. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз

A) Марал , қант

B) Арқа , көңілге

C) Бұғы , ұлт

D) Өрт , ас

E) Жоқ , от

18. Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөзді көрсетіңіз

A) Келешек

B) Аласа

C) Емхана

D) Білімпаз

E) Декан

19. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз

A) Б , В , Г

B) Ф , Х , Ч

C) Б , Л , Қ

D) Ж , Р ,С

E) Р , У , Н

20. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз

A) Ар-ман

B) Ба-ла-мен

C) Қа-ла-ға

D) Өрт

E) Дәп-тер



Лексика.

І . Сипаттама бойынша омонимдерді жаз.




Сипаттама

Омонимдер

1.
2.

Бірі – ағаш кесу құралы ,

Бірі – шырынды бал бұлағы.

Біресе - белгілі аурумын балалардың ,

Біресе - қант берер өсімдікте бола аламын.





ІІ. Фразеологизмдерге сәйкес сөздерді аудармасымен жаз:

далеко, тихий, талантливый, выделиться, жестокий, стыдиться, испугаться, умереть, быстро, обманывать




Фразеологизмдер

Сәйкес сөздер

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

Ит өлген жер

Сегіз қырлы, бір сырлы

Қара бет, тас бауыр, тас жүрек

Төбе шашы тік тұрды

Көзді ашып-жұмғанша

Дүниеден өтті

Жерге кіргендей болу

Көз бояу

Көзге түсу

Қой аузынан шөп алмас

далеко - алыс

Каталог: uploads -> doc -> 10b5
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
10b5 -> Қазақстан тарихы пәнінен 9 сыныпқа арналған оқу тапсырмалары және оны бағалау
10b5 -> Астана қаласының Білім басқармасы «Астана дарыны» ӨҒпо №38 мектеп-лицей Жұмыстың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет