«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы»



жүктеу 85.72 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі85.72 Kb.


«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ


р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесі




5-тармақ


5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының тиісті қаржы жылына арналған лимитін айқындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдар борышының жоспарланатын кезеңнің басындағы жай-күйі туралы деректері пайдаланылады.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының тиісті қаржы жылына арналған лимитін айқындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдар борышының жоспарланатын кезеңнің басындағы жай-күйі туралы деректері пайдаланылады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 17 маусымдағы № 82-ө өкімімен бекітілген Жарлықты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар (жол картасы) жоспарының
15- тармағын іске асыру мақсатында.



6-тармақ


6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылған жағдайларда борыш лимиті жоспарланатын қаржы жылында қарыз алуды және қаражат көлемін ескере отырып қалыптастырылады;

6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылған жағдайларда борыш лимиті жоспарланатын қаржы жылында қарыз алуды және қаражат көлемін ескере отырып қалыптастырылады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 17 маусымдағы № 82-ө өкімімен бекітілген Жарлықты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар (жол картасы) жоспарының
15- тармағын іске асыру мақсатында.



7-тармақ


7. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру мақсатында ішкі нарықтағы айналым үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықтағы айналым үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылған жағдайларда:

1) борыш лимиті жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың


15 тамызына дейінгі мерзімде бюджетті атқару және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған жоспарланатын қаржы жылында қарыз алу және өз борыштарына дербес қызмет көрсету және оларды өтеу мүмкіндігінің есептемелері ескеріле отырып қалыптастырылады;

2) лимитті есептеу жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде есепке алынған, түзету коэффициенттерін ескере отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламаларының болжамына негізделе отырып жүзеге асырылады.




7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру мақсатында ішкі нарықтағы айналым үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықтағы айналым үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылған жағдайларда:

1) борыш лимиті жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың


15 тамызына дейінгі мерзімде бюджетті атқару және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған жоспарланатын қаржы жылында қарыз алу және өз борыштарына дербес қызмет көрсету және оларды өтеу мүмкіндігінің есептемелері ескеріле отырып қалыптастырылады;

2) лимитті есептеу жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде есепке алынған, түзету коэффициенттерін ескере отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламаларының болжамына негізделе отырып жүзеге асырылады.



«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 17 маусымдағы № 82-ө өкімімен бекітілген Жарлықты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар (жол картасы) жоспарының
15- тармағын іске асыру мақсатында.



8-тармақ


8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған лимитін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың
15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде белгілейді.

8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған лимитін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың
15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде белгілейді.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 17 маусымдағы № 82-ө өкімімен бекітілген Жарлықты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар (жол картасы) жоспарының
15- тармағын іске асыру мақсатында.



2 қосымша


Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау формулалары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

Lslg = Dlg + BdefLg + Ss - Plg, мұнда

Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы;

BdefLg – бюджет заңнамасына сәйкес жоспарланатын қаржы жылында белгілі бір мақсаттарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен берілетін қарыздар;

Ss – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында шығаруы болжанатын мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі;

Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында борышты өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.

2. Айқындалатын лимит мынадай талапқа сәйкес болуға тиіс:

Lslg < MaxL*k, мұнда

Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы өзінің жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларының болжамына қатысты лимиті;

MaxL – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті, ол жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламалары болжамының 100%-ын құрайды;

k – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті (k=0,8, республикалық бюджеттен бюджеттік субвенциялар алатын өңірлер үшін; k=1, республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюларды аударатын өңірлер үшін).



Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау формулалары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

Lslg = Dlg + BdefLg + Ss - Plg, мұнда

Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы;

BdefLg – бюджет заңнамасына сәйкес жоспарланатын қаржы жылында белгілі бір мақсаттарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер;

Ss – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында шығаруы болжанатын мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі;

Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында борышты өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.

2. Айқындалатын лимит мынадай талапқа сәйкес болуға тиіс:

Lslg < MaxL*k, мұнда

Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы өзінің жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларының болжамына қатысты лимиті;

MaxL – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті, ол жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламалары болжамының 100%-ын құрайды;

k – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы үшін түзету коэффициенті (k=0,8, республикалық бюджеттен бюджеттік субвенциялар алатын өңірлер үшін; k=1, республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюларды аударатын өңірлер үшін).



«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 17 маусымдағы № 82-ө өкімімен бекітілген Жарлықты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар (жол картасы) жоспарының
15- тармағын іске асыру мақсатында.



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет