Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында адамдар мен көлік кептелісі байқалады. Ұлттық қауіпсіздік қызметі мұны Наурыз мейрамымен байланыстырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығатын адамдар мен көліктердің шоғырлануы байқалады”, – делінген бейсенбі күні тараған ақпаратта.

ҰҚК бұл жағдайды Наурыз мейрамына Қазақстаннан шетелдіктердің көптеп кететінімен түсіндіреді. Сондай-ақ, кезек "Қапланбек", "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" бақылау-өткізу бекеттерінің бірқатарын қайта құрумен байланысты.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу әдеттегідей жүргізілуде, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау шаралары қабылданды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.