Кіріспе Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды



жүктеу 84.25 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі84.25 Kb.

Кіріспе
Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелгенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе, халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру еді.

Жұмыстың мақсаты:

«Алаш» ұлттық саяси партиясының құрылуы мен бағдарламасының мәнін ашып көрсету.



Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер орындалады:

  • «Алаш» партиясының құрылуы мен алғышарттарына талдау жасау;

  • «Алаш» партиясы өкілдерінің еңбектерінің мазмұны мен маңызын көрсету;

  • «Алаш» партиясының үстем етуші билікпен қарым – қатынасын зерттеу;

  • «Алаш» ұлттық партиясының бағдарламасына талдау жасау.

Жұмыстың тарихнамасы:

Мамбет Қойгелдиев өз зерттеулерінде: «Уалияттық автаномия болса, оның өз алдына, ақшасы, темір жолы, почтасы, телеграфы, әскері болмайды. Мемлекеттік думаға уәкілдерін жібереді. Өз думасы жалпы мемлекеттік думада шыққан заңға қайшы келмейтіндей заңдар шығаруға иқтиярлы борлады.Уалияттаға барша жергілікті істердің билігі өз қолында болады....» - деп, Алашордашылардың негізгі бағыттарын айқындап көрсетеді. Күлаш Ахметованың «Алаш партиясы туралы бірер сөз» деген еңбегінде: «...партияға «Алаш» деген атаудың қалай берілгендігі жайында Қазақ газетінің 244 – санындағы хабарын аударып берген Мартыненконың дерегіне сүйенсек, Досмұхаммедовтың хатын көлденең тартады. «Съезд қаулысы баршаға белгілі. Сондықтан уақыт оздырып жатпастан партиямызды аталарымыздың ұраны «Алаш» атымен атаймыз...» - деп келтіріп өтеді.



Тақырыптың өзектілігі:

«Алаш» партиясына 100 жыл толуына орай, партияның құылуы, оның тарихи негіздері, саяси- әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны әли де өз деңгейінде жүргізіле қоймады. ХХ ғасырдың басында құрылған «Алаш» паритясы туралы қазіргі кезде көптеген көзқарастар бар. Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезектегі саяси - әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы кадеттердің ұстанған бағыты мен тоғысқандығы тарихи факт. Қазақ зиялылары партия құру іс -әрекетін алғашқы орыс ревалюциясы жылдарында –ақ қолға алғаны мәлім. Алаш зиялыларының бұл әрекетін кеңес тарихшылары «буржуазиялық, ұлтшылдық» көрінісі есебінде баға берді.


«Алаш» ұлттық саяси партиясының құрылу тарихы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт- азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, «Алаш» партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси -әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысты білдіре отырып, саяси партия құру әрекетін бірінші орыс ревалюциясы жылдарында қолға алынды. Бірақ белгі объектівті себептерге байланысты, ол әректтерінен ештеңе шықпады. Қазақ зиялылары тарапынан осы мазмұндағы әрекеттің нышандары 1913 жылы қайтадан бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. 1905 -1907 жылдардағы бас көтеруден кейін қазақ облыстарында орнаған жандарымдық тәртіп жағдайында ондай съезді өткізіп, оның шешімдерін іске асырудың мүмкін еместігін жақсы түсінген А. Байтұрсынов пен Ә.Бөкейханұлы бастаған топ жалпы қазақ съезін шақыруға үзілді –кесілді қарсы шықты[1]. Жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға аруға қажетті алғышарттар тек ақпан ревалюциясынан кейі ғана қолға алынды.

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстыққазақ съезінде қабылданып, съезд оны дайындауды Ә.Бокейханұлы мен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан тұрған айрықша бюроға тапсырылған. Міне, осы бюро облыстық қазақ съездерінің аяқталуын күтіп жүрген мезгілде Мәскеуде 1-11 мамыр аралығында бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтіп, оған өкіл ретінде қатысқан бір топ қазақ зиялылары жалпықазақ съезін шақыру туралы «Қазақ» газетінде өз ұсыныстарын жариялайды. Арасында: К.Тоғысов, А.Досжанқызы, Ғ.Қарашаев бар бұл топ съезді 1-10 тамыз аралығында Ташкентте өтуін және оған әр облыстан бір өкілден қатысуы керектігін айтады. Мұсылмандардың Мәскеу съезі ресейлік мұсылман істерін жүргізуші «Шораи ислам» аталатын 30 адамнан тұратын орталық кеңес сайланып, оның ішінен 12 адамнан тұратын атқару комитетін құру туралы шешім қабылдайды. «Шораи исламнан» 5 орын қазақ өкілдеріне ұйғарылады. Ал, оның іс жүргізетін орталығы болып, Петроград белгіленеді. Бұл, Бүкілресейлік мұсылман халықтарының қоғамдық – саяси істерінің бір орталықтан басқаруға ұмтылушылықтың көрінісі болатын[2]. Бұл жағдай қазақ демократиялық интелегенциясы мен мұсылмандық қозғалыс ара жігінің ашылуына түрткі болады. Бірінші Бүкілресейлік мұсылман съезінің шешімдері мәлім бола салысымен Ә.Бөкейханұлы мен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ қайраткерлері «Қазақ» газеті арқылы мәлімдеме жасап, онда: «...Шораи исламға» сайланған қазақ ағзаларын халық тарапынан сайланған ағзалар дей алмаймыз һәм олардың қазақ атынан деп істеген істерін, сөйлеген сөздерін халықтікі демейміз» - деген сөздері бар болатын[3]. Мұндай мәлімдеме жасауға негіз жеткілікті болатын, өйткені, «Шораи ислады» сайлау тәртібі сын көтермейтін еді. Көп ұзамай Орынбордағы жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы екінші рет мәлімдеме жасап, онда 20 шілдеде ашылатын екінші жалпы мұсылман съезіне қазақ елі атынан өкілдер жібермеу туралы шешім қабылдағандарын білдіреді. Мұндай шешімге негіздеме ретінде:«Әуелі қазақ көшін оңға бастайтын болсақ, кіммен жолдас болуымыз қашпас. Өзді - өзіміз ауыз біріктірмей тұрып, дүрмекке шаба беруден пайда аз» - деген тұжырым келтірілген еді[4].



Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 11 маусымдағы санында арнайы мәлімдеме жасап, съезд 1 тамызда Орынборда ашылып, оған әр уезд екі кісіден өкіл жіберсін деді. Аталған күн мен өкілдер саны тағы да өзгерді. Шілде айының алғашқы күндері Орынбордағы «Қазақ» басқармасына Петроградтағы «Шораи ислам» төрағасы А.Салихов пен сондағы қазақ өкілдері У.Танашев, Ж.Ақбаев және Ж.Домұхаммедовтан жеделхат келіп, онда: «Учредительное собрание сайлау 17 қыркүйекте болатын болды, депутаттар списогі бір ай бұрын, яғни 17 тамызда тапсырылмақ болды. Соның үшін жалпықазақ съезін соңға қалдырды. Қазанда ашылуға ұйғарылған жалпы мұсылман съезінің күні де солай өзгерді» - делінеді[5]. Осы екі ортада Петроградтан Құрылтай жиналысына дейін халық өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді талқыға салып, ел болып ортақ тұжырымға келу, құрылтай жиналысында сол тұжырымдарды өткізуге күш салу еді. Съезді ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24 маусым санында съездің күн тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты өз тұжырымдарын ұсынады. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бюроның түсінігі бойынша, сзезде қаралуға тиісті ең негізгі мәселе, әрине, дербестік мәселесі еді. Олай болса, бюро мүшелері өздері сұраған ұлттық автономия мазмұнын қалай түсінді ? Бұл сауалға біз тезистерден жауап аламыз: «...Қазаққа мемлекеттік автономия ма, әлде, уалияттық автономия ма ?... бұл екеуінің арасындағы айырмасы: мемлекттік автономия болса, өз Г.Думасы болмақ. Өзіне керек заңдарды сол дума шығарады. Ақшасын өзі шығарады, шаруашылық ісі, темір жол, почта - телеграф сияқты істерінің бәрі де өзінде болады. Жер – суының билігіде өзінде болмақ. Өз алдына әскер ұстайды. Жалғыз, шет мемлекеттерімен қарым – қатынасы жалпы мемлекет көлемінде жүргізіледі. Жалпы, мелекттік автаномияда уәкілі ғанна тұрмақ. Уалияттық автономия болса: оның өз алдына ақшасы, темір жолы, почта –телеграфы, әскері болмайды, жалпы, мемлекеттік Г.Думасына өкілдерін жібереді. Жер – судың билігі жалпы мемлекет қолында болады»[6].

Cъездің күн тәртібінде еңгізуге ұсынылған мәселелердің бірі «Қазақ саяси партиясын құру » мәселесі болды. Бұл мәселеге байланысты бюро: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Қай партияның болсын программасы түп - түгел қазақ мақсаттарына сай келмейді. Сондықтан, біз қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасамайынша болмайды. Қазақ мақсаттарын теріп, программа жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастыратын қазақ партиясын қалай жасау, қандай программа түзеу, қандай жол тұту оны һәм осы жалпықазақ съезінде кеңесуіміз керек»[7]. Тарихи деректермен толық таныс емес кейбір авторлар «Алаш» партиясы шілдедегі жалпықазақ съезіне дейін құрылды деген тұжырымдарын бұл құжаттар толық жоққа шығарады. 1917 жылғы жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған, ұлттық интелегенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал, бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті. Екіншіден бұл аталған тұжырым «Алаш» партиясының саяси мәнін кеміту мақсатында оны ресейлік кадеттер партиясының филиалы есебінде бағалаушылар пікірінің негізсіз екендігін көрсетеді. Империялық езгідегі қазақ қоғамы жағдайында «Алаш» партия ретінде өзінің идеалогиялық негізі етіп, әрине, жалпы ұлттық мүддені, қазақ шындығы алуға тиіс болды. Бұл толық тарихи құбылыс және басқаша болуы мүмкін емес еді. Съезд ұйымдастырушылары өз тұжырымдарын талқыға ұсына отырып, тек, біздің ғана айтқанымыз оң деген ойдан аулақ болды. Олар: «Съезд бюросы жоғарыда айтылған мәселелер турасында съездге доклад етпекші, бірақ жалғыз бюроның докладына қарап тұрмай, әр облыс, әр уезден келетін өкілдер де барша көрсетілген мәселелер тұрасында елдің пікірін білдіргендей докладтар жасап келтірулері керек »[8] – деп қорытып, шынайы демократия принциптерін ұстанатындықтарын көрсетті. «Еуропа жұртында съезге келген өкілдер елден шығарда елмен кеңесіп, ел болып қорыиқан пікірлерді съезд кеңесіне салады. Сондықтан олардың съездері 2-3 күнде тамам болады. Жалпықазақ съезіне келетін өкілдер жоғарыда айтылған съезде қаралуға тиісті болған мәселелерді жерінен қорытып, съезде көптің алдына салып, бата қылдыруға дайындап алулары керек... Съездге қазаққа пайдалы іс тілейтін адамдар ған келу керек даярлықсыз келген адамдардан қазаққа келер түк пайда жоқ »[9] - деп тезистерде жазады. Тезистерде келтірілген пікірлер жалпықазақ съездерінде тек дала аристократиясының өкілдері ғана шақырылды, жалпықазақ съездері байлар мен ұлттық буржуазияның жиналысына айналды дген пікірді қаншалықты дәлелсіз екендігін айғақтаса керек. «Қазақ» газетінің 4 шілдедегі санында Ә.Бөкейханұлы қазақ жұртынан депутат болатын жігіттердің атын, олардың сайлау тәртібі туралы және депутат саны сол кездегі адам санына тәуелді екендігін атап өтеді. Ә. Бөкейханұлы: «Құрылтай жиналысына 200 мың адамнан 1 депутат сайланады...» - деп халыққа жан –жақты түсіндіріп береді. Қазақ халқының 1917 жылдың орта тұсындағы жалпы санына тән мынадай қызықты фактілері келтіріледі: 1897 жылғы санақ бойынша қазақ тілін ана тілім деген адам 4 млн. 84 мың еді. Бір жылдағы өсім 200 – ге 3 адам болды. Осы есепке салса біздің 9 облыс, 1 губерниядағы қазақ 5 млн. 400 мың болса керек. Қазақ депутаты 27 болуы керек. Бұларға 13-14 кандидат сайланбақ. Сонда депутаттар саны 40-41 болмақ[10].

Ә. Бөкейханұлы: «Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт – махабат жолына түсті. Кейінгі ұрым –бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар , жұртым қазақ! » - деп көрсетіп, бюроның депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап , халықтың талқысына ұсынады. Олардың арасында: Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Х.Досмұхаммедов, Р.Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап, А.Кежин, С.Сабатаев, М.Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жандар, Уақытша үкімет комиссарлары мен қатардағы мұғалімдер, дәрігерлер, шығармашылық интелгенйия өкілдері бар. Міне, осылардың бәрі, отарлық езгі мен феодалдық тоқыраудың қойнауынан енді ғана бас көтерген қазақ қоғамы үшін мәдениет пен демократияның алдғашқы сабақтары болатын. Ал, ол сабақты бастап жүргізуші жас қазақ демократиялық интелегенция өкілдері болатын.



Сонымен, жалпықазақ тұңғыш съезі 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей облыстарынан барлығы 14 мәселе қойылып, олардың арасында: мемлекетті билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел теңдігі және басқа мәселелер бар еді. Өкінішке орай, бізге мәлім декреттерде съездің хаттамасы сақталынмаған. Соған байланысты, жасалған баяндамалар мен пікір алмасу барысында сөйлеген сөздер туралы бірдеме айту мүмкін емес. Біздің қолымызда бары, тек, съезде қабылданған заңдар ғана. Ол «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31 шілдедегі санында жарияланған[11]. Съезде қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік парламенттік республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс..» болды. Демек, съезд пікірі бойынша, бұл кезде қазақ автономиясы бүтін қазақ жерін негізге алып емес, «қоныс-ұлт жігіне қарай» жариялануға тиіс еді. Бұл арада ,әрине, дүдәмәл жағдайлардың көп екенедігі түсінікті. Басқа да деректерді саралай отырып, , қазақ демократиялық интелегенциясының мемлекеттік автономияға байланысты көзқарасы 1917 жылдың күзіне қарай айқындала түскеінін аңғаруға болады.
Каталог: uploads -> 2018 -> post01
post01 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
post01 -> Оқу ісінің меңгерушісі 2014 ж Пән аты: Информатика
post01 -> Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі
post01 -> «Доптар мектебі» Білім беру саласы
post01 -> Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы
post01 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
post01 -> «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»
post01 -> Кайып Акбота Баймураткызы Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет